Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі м. Ж. Еркебаев, Қ. С. Құлажанов, Д. Б. Тəттібаева, А. Ы. Мəуленов



жүктеу 1,24 Mb.
Pdf просмотр
бет53/81
Дата07.02.2020
өлшемі1,24 Mb.
#28563
түріОқулық
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   81

168
уыттылығы бар заттар кірмеуі керек. Мұндай заттардың тізімін адам 
саулығы жəне тұтынушылардың құқығын қорғауды қадағалау бой-
ынша мемлекеттік қызмет органдары анықтайды.
Қоспалар биологиялық белсенділігі, полимерлі материалдар-
дан орын ауыстыру деңгейіне, ағзаға зиянды əсер етуіне байланы-
сты рұқсат етілетін жəне рұқсат етілмейтін болып екіге бөлінеді. 
Қоспаларды пайдалану токсикологиялық сараптамада анықталған 
гигиеналық нормативтермен регламенттеледі. Мұндай норматив-
терге ОАРЕМ – орын ауыстырудың рұқсат етілетін көлемі, мг/л; 
ТМРЕМ – тəуліктік максималды рұқсат етілетін мөлшер, мг/л – жа-
тады.
Полимерлі материалдарды өндіру технологиясында келесі 
қосылыстар жиі қолданылады:
1. Мономерлер. Типтік өкіліне – стирол (винилбензол) жатады, 
өзіне тəн иісі бар, 146
0
С температурада қайнайтын түссіз сұйықтық, 
ОАРЕМ – 0,01мг/л тең, полистирол алу барысында қолданылады. 
Эпихлор-гидрин – тітіркендіретін иісі бар, 116
0
С температурада 
қайнайтын түссіз сұйықтық, құрамында хлордың болуына байла-
нысты жоғары биологиялық белсенділікке ие, ОАРЕМ – 0,1 мг/л-ге 
тең. Винилхлорид – 13,8
0
С температурада қайнайтын иіссіз түссіз 
газ, ОАРЕМ – 0,01мг/л-ге тең.
2. Полимерлеудің катализаторлары жəне инициаторлары. 
Ережеге сай катализаторлар ретінде бейорганикалық қосылыстар 
қолданылады. Олардың полимердегі қалдықты мөлшері күлділік 
мөлшерімен сипатталады. Тағам өнімдерімен жанасатын полиэти-
лен күлділігі 0,02 %-дан аспауы тиіс. Инициаторлар ретінде оттегі 
органикалық жəне бейорганикалық асқын тотықтар, гидроасқын 
тотығы жəне диазоқосылыстар қолданылады. Олардың полимерлі 
материалдардағы мөлшері 0,2 %-дан аспауы тиіс.
3. Тұрақтандырғыштар полимерлердің қасиеттерін сақтау 
үшін қолданылады, олар антиоксиданттарға, антиозонат, жарық- 
жəне жылутұрақтандырғыштар жəне басқаларға бөлінеді. 
Жылутұрақтандырғыштар арасында кальций, мырыш, барит, 
қорғасын жəне басқа металдардың  стеараттары кең тараған. Каль-
ций жəне мырыш стеараттарының уыттылығы аз, ал басқа белгілі 
стеараттар жоғары уыттылыққа ие.
4. Пластификаторлар. Полимерлі материалдардың созы-
лымдылығын жəне серпімділігін арттыру үшін, полимерлі 
материалдарға мұз-, су-, майға төзімді болу қасиетін беру үшін 


169
 
қолданылады. Глицерин, парафин майы, этаноламиндер, фталь, 
себацин, адипин жəне лимон қышқылдарының эфирлері, төмен 
молекулалы полиэфирлер, стеарин қышқылы жəне оның тұздары 
(кальций жəне мырыш стеараттары), ацетилтрибутилцитрат, этол-
гексилфе-нилфосфат жəне т.б. кеңінен қолданылады. Көрсетілген 
пластификаторлардың уыттылығы жоқ.
5. Толтырғыштарды өңдеуді жеңілдету үшін, беріктік қасиет 
беру үшін енгізеді. Адам денсаулығына қатер төндірмейтін 
уыттылығы аз кремний қостотығы, бор, целлюлоза, ағаш шпоны, 
титан қостотығын қолданады. 
6. Еріткіштер. Полимерлеу немесе поликонденсацияны жүргізу 
процесін-де қолданылады. Оларға дайын полимерлі материалдарда 
шамалы мөлшерде қалып қалатын жəне тағам өнімдеріне көшетін 
толуол, бензол, этилацетат, гексан, бензин, метиленхлорид жəне т.б. 
органикалық қосылыстар жатады. Олардың уыттылық дəрежесі ар-
найы анықтамаларда берілген. 
7. Бояғыштар. Табиғи жəне синтетикалық түрде болуы 
мүмкін. Соңғысы əртекті пигменттерді қосатын органикалық жəне 
бейорганикалық болып бөлінеді. Шығу тегіне қарай бояғыштар 
өздерінің қауіпсіздік деңгейіне байланысты ерекшеленеді. Боя-
ғыштардың зиянсыздық кепілдемесі ОАРЕМ-мен анықталады. 
6.1. Тағам өнімдерімен қатынасқа түсетін 
материалдардың гигиеналық сараптамасы
Тағам өнімдерімен қатынасқа түсетін материалдардың ги-
гиеналық сараптамасына тағам өнімдерімен қатынасы кезіндегі 
жарамдылығын бағалау, сынақ жүргізу тəртібі жəне ережелері 
кіреді. 
Тағам өнімдерімен қатынасқа түсетін материалдардың жа-
рамдылығын гигиеналық бағалау кезінде:
– өнімнің органолептикалық қасиеттері – төзімділік, консистен-
ция, түс, иіс, жəне дəмінде өзгерістердің болмауы;
– мөлшері гигиеналық нормативтерден асып түсетін матери-
ал құрамына кіретін бөгде химиялық заттардың тағам өнімдеріне 
өтпеуі;
– материалдар жəне олардың компоненттерінде микрофлораның 
дамуына ықпал жасайтын əрекеттердің болмауы;
– материалдар жəне тағам өнімдері арасындағы химиялық ре-


170
акциялар немесе басқа өзара байланысқан əрекеттердің болмауы 
сияқты факторлар ескеріледі.
Жүргізілетін сараптама:
1) материалдардың өнімнің органолептикалық қасиеттеріне 
əсерін зерттеу;
2) материалдардан бөлінетін заттардың сапалық жəне сандық 
құрамын анықтау;
3) материалдардан бөлінетін заттардың биологиялық белсенділі-
гін зерттеу сияқты жұмыс кезеңдерінен тұрады.
Кезекті санитарлық қадағалау жүргізу барысында бірінші жəне 
екінші кезеңдерді орындау міндетті болып саналады. Сақтық 
мақсатында санитарлық қадағалау жүргізу барысында жəне 
материалдардың гигиеналық қауіпсіздігін бағалау кезінде үш 
кезеңнің толығымен орындалуын міндетті түрде қадағалау қажет. 
Үлгілер саны жəне оларды зерттеу тəртібі тиісті нормативтік 
құжаттарда бекітілген. 
Органолептикалық зерттеулер жүргізілгеннен кейін су сорын-
дысын (вытяжка) немесе модельді орталардағы сорындыны (вы-
тяжка)
 
жасайды. Модельді ерітінділерді тағам өнімдерін боямалау 
мақсатында дайындайды. Бұл ерітінділердің бөгде иіс жəне дəмдерді 
басатын спецификалық, табиғи өнімдерге тəн иісі жəне дəмі болмай-
ды, Модельді орта бекітілген əдістемеге сай, өнім түріне байланы-
сты дайындалады. 
Модельді ерітіндідегі полимерлі материалдарды құю жəне ұзақ 
мерзімде сақтаудың температуралық режимі материалдардың 
өніммен жанасу жағдайына тəуелді болады. Ұстау уақыты əдетте, 
10 тəуліктен аспайды, консервілермен жанасатын материалдар үшін 
– 10, 30, 60 тəулік жəне одан жоғары болады. Модельдік ортаның 
материалдық көлемі мен материал ауданының арақатынасын 1:1 
өлшемімен алу қолайлы болып табылады.
Сулы сорындыларды (вытяжка) зерттеу. Иісті бағалау 5 
балдық шкала бойынша жүргізіледі. Иісі 1 балдан аспайтын ма-
териалдар оң бағаға ие болады. Дəмін əлсіз, анық білінетін жəне 
күшті деген сөздермен сипаттайды: Дəмі – бөтен, ащы, ашқылтым, 
мұнай өнімдеріне тəн жəне т.б. болады. Стандарттарда қабылданған 
органолептикалық қасиеттерден ауытқуы – тағам өнімдерімен жа-
насатын материалдарды қолдануға тыйым салуға негіз болып табы-
лады.
Санитарлық-химиялық зерттеуге мыналар кіреді:


жүктеу 1,24 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   81




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау