Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі м. Ж. Еркебаев, Қ. С. Құлажанов, Д. Б. Тəттібаева, А. Ы. Мəуленов



жүктеу 1,24 Mb.
Pdf просмотр
бет22/81
Дата07.02.2020
өлшемі1,24 Mb.
#28563
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   81

70
8. Ауылшаруашылық өсімдіктері жəне жануарларын 
генетикалық модификациялауды қандай мақсатпен жүргізеді? 
ГМК-ден алынған тағам өнімдерінде қандай потенциалды 
қауіптілік болады?
9. ГМК-ден алынған қандай азық-түлік жəне тағам өнімдерінің 
қауіпсіздігін тексермеуге болады?
10. ГМК-ден алынған тағам өнімдерінің рекомбинантты ДНҚ-
сын идентификациялау негізінде қандай əдіс жатыр?
11. Полимеразды тізбекті реакция əдісінің негізін құрайтын 
негізгі кезеңдерді атап шығыңыз.
12. ДНҚ спецификалық фрагменттерінің амплификациясын 
қандай мақсатта жүргізеді? Бұл процестің мəні неде?
13. Амплификация процесіндегі праймерлер жəне Taq-
полимеразалар қандай функция атқарады?
14. Амплификация өнімдері қандай мөлшерде жинақталады? Ам-
плификация өнімдерін детектрлеудің қандай əдістері бар?
15. ГМК бар үлгілерді анықтау мақсатында массалық скрининг 
үшін амплификация өнімдерін детектрлеудің қандай əдістері бар? 
Неліктен?
16. Сандық анализ жүргізу үшін амплификация өнімдерін 
детектрлеудің қандай əдістері қолданылады?
17. ГМК-ден алынған өнімдерді идентификациялау əдістері 
қандай нормативтік құжаттарды бекітеді?
18. Қандай жағдайларда ГМК-ден алынған өнімдерді белгілеу 
жəне таңбалау қажет?
19. ПТР-зертханаларын ұйымдастыруға қандай талаптар 
қойылады?


71
 
III БӨЛІМ. 
ТАҒАМ ӨНІМДЕРІНДЕГІ ХИМИЯЛЫҚ ЖƏНЕ 
БИОЛОГИЯЛЫҚ ТЕКТІ КОНТАМИНАНТТАРДЫҢ 
МІНЕЗДЕМЕСІ ЖƏНЕ ОЛАРДЫ АНЫҚТАУ ƏДІСТЕРІ
Шетел зерттеушілерінің мəліметі бойынша қоршаған ортадан 
(тіршілік ету жағдайына байланысты) адам ағзасына түсетін бөгде 
химиялық заттардың жалпы көлемінің 30-80 пайызы тағаммен 
түседі.
Адам ағзасына тағам өнімдерімен түсетін, уыттылығы  жоғары  
бөгде заттарды ластағыштар немесе контаминанттар деп атайды. 
 
Адам  денсаулығына контаминанттардың кері əсер етуіне назар ауда-
ра отырып, уытты ластағыштарды  сонымен  қатар 
ксенобиотиктер 
(сөзбе-сөз аударғанда өмірдегі бөгде зат) деп атайды (3 кесте). 
 3 кесте
Уыттылығы  жоғары  бөгде заттар
БӨГДЕ ЗАТТАР
ХИМИЯЛЫҚ ТЕКТІ
БИОЛОГИЯЛЫҚ ТЕКТІ
УЫТТЫ ЭЛЕМЕНТТЕР: ҚОРҒАСЫН, 
КАДМИЙ, СЫНАП, МЫШЬЯК, 
МЫРЫШ, МЫС, ТЕМІР, ҚАЛАЙЫ, 
ХРОМ, НИКЕЛЬ
ПЕСТИЦИДТЕР: 
ХЛОРОРГАНИКАЛЫҚ, ТРИАЗИНДЕР, 
ФОСФОРОГАНИКАЛЫҚ, 
ПИРЕТРОИДТЕР, 
ТИОКАРБАМАТТАР
АЗОТ ҚОСЫЛЫСТАРЫ:
НИТРАТТАР, НИТРИТТЕР, 
НИТРОЗАМИНДЕР
ГИСТАМИН
ПОЛИАРОМАТТЫ
КӨМІРСУТЕГІЛЕР,
СОНЫҢ ІШІНДЕ 
МИКОТОКСИНДЕР: Вь В2, 
Gb G2, АЛЬФАТОКСИНДЕРІ 
ДЕЗОКСИНИВАЛЕНОЛ 
(ВОМИТОКСИН), Т-2 
ТОКСИНІ, ЗЕАРАЛЕНОН, 
ПАТУЛИН,   А ОХРАТОКСИНІ, 
СТЕРИГМАТОЦИСТИН
АНТИБИОТИКТЕР
МИКРОАҒЗАЛАР:
ІШЕК ТАЯҚШАСЫ 
ТОПТАРЫНЫҢ БАКТЕРИЯЛАРЫ 
(КОЛИФОРМАЛАР):
Е. COLI;
S. AUREUS, ВАС. CEREUS, 
PROTEUS ТУЫСЫНЫҢ 
БАКТЕРИЯЛАРЫ, 
СУЛЬФИТҚАЙТАЛАНАТЫН 


72
3 кестенің жалғасы
БЕНЗ(А)ПИРЕН
ПОЛИХЛОРЛЫ 
БИФЕНИЛДЕР
ГОРМОНАЛЬДЫ 
ПРЕПАРАТТАР
РАДИОНУКЛИДТЕР
КЛОСТРИДИЯЛАР,
ПАТОГЕНДІ МИКРОАҒЗАЛАР (СОНЫҢ 
ІШІНДЕ САЛЬМОНЕЛЛАЛАР), 
АШЫТҚЫЛАР, ЗЕҢДЕР
ВИРУСТАР
ГЕЛЬМИНТТЕР ЖƏНЕ 
ҚАРАПАЙЫМДЫЛАР
ШЫБЫН-ШІРКЕЙ, ҚҰРТ-ҚҰМЫРСҚА-
ЗИЯНДЫ ЖƏНДІКТЕР
3.1. Тағам өнімдерінің қауіпсіздігін бағалау əдіснамасы 
жəне гигиеналық нормалау қағидалары
Тағам қауіпсіздігі ғылымында рұқсат етілетін шекті концентра-
ция (РЕШК), рұқсат етілетін шекті деңгей (ШРЕД), рұқсат етілетін 
тəуліктік тұтыну мөлшері (РЕТТМ) (бір тəулікте рұқсат етілетін 
ішіп жеу мөлшері), рұқсат етілетін тəуліктік доза (РЕТД) ұғымдары 
базисті регламент болып табылады.
Рұқсат етілетін шекті концентрация (РЕШК) – қазіргі жəне 
болашақ ұрпақтың бүкіл өмір ағымына тікелей немесе жана-
ма түрде қолайсыз əсер тигізбейтін, адамның жұмысқа қабілетін 
төмендетпейтін, оның көңіл-күйін жəне өмірінің санитарлық-
тұрмыстық жағдайын нашарлатпайтын химиялық, биологиялық зат-
тар концентрациясы.
Рұқсат етілетін шекті деңгей (РЕШД) – күнделікті өмірде 
халықтың денсаулығына ауру немесе ауытқулар тудырмауы тиіс, за-
манауи зерттеу əдістерімен анықталатын зиянды заттардың немесе 
əсер ететін физикалық факторлардың максималды мөлшері.
Рұқсат етілетін тəуліктік доза (РЕТД) – қазіргі жəне болашақ 
ұрпақтың өміріне жəне денсаулығына зиянды əсері жоқ, бүкіл 
өмір бойы күнделікті пероральды түсетін ластағыштардың зи-
янсыз максималды дозасы (1 кг массаға милиграммен). РЕТД-
ны адам салмағына көбейтіп (60 кг) милиграммен, тəуліктік 
тағам рационының құрамындағы рұқсат етілетін тəуліктік 
тұтыну мөлшерін  (РЕТТМ) анықтайды. РЕТД,  РЕШК жəне 


73
 
тəуліктік рациондағы тағам өнімдерінің орташа жинағын біле 
отырып, өнімдерде болатын ксенобиотиктердің РЕШК-сын 
есептейді.
9-суретте тағам өнімдерінің қауіпсіздігін бағалау технологи-
ясын анықтайтын жұмыстардың негізгі бағыттары көрсетілген. 
Тағам өнімдерінде біруақытта бірнеше ластағыштардың болуы жал-
пы уландыру эффектісіне əсер етуі мүмкін. Теориялық түрде улы 
əсердің төрт нұсқасы болуы мүмкін:
1) эффекттерді жинақтау;
2) уытты эффектісі жинақтаудан асып түскен жағдайдағы асыра 
жинақтау немесе потенцирлеу (потенцирование);
3) жинақтау барысына қарағанда, эффект аз болатын нигиляция;
4) уытты əсер мінездемесінің өзгеруі.
Көп жағдайда, əсіресе, ластағыштар аз дозамен əсер еткенде уытты 
эффекттің жинақталуы байқалатынын Ресей ғалымдары анықтаған. 
Бұл екі немесе одан да көп факторлардың аддитивті эффектісін есеп-
теуге мүмкіндік береді, яғни факторлардың əрқайсысын шектелген 
рұқсат етілетін концентрацияның үлесі ретінде көрсетеді.
Мысалы, егер ауада фтор концентрациясы 0,001 мг/м

(РЕШК-
0,005), бензол-0,16 мг/м
3
 (РЕШК-0,8) құраса, олардың қосындысының 
концентрациясы 1 РЕШК-дан (фтор-1/5 РЕШК, бензол-1/5 РЕШК) 
төмен, яғни осы химиялық заттардың жиынтық əсері мұндай кон-
центрацияда қауіпсіз.


жүктеу 1,24 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   81




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау