Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі м. Ж. Еркебаев, Қ. С. Құлажанов, Д. Б. Тəттібаева, А. Ы. Мəуленов



жүктеу 1,24 Mb.
Pdf просмотр
бет9/81
Дата07.02.2020
өлшемі1,24 Mb.
#28563
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   81

27
 
барысында тағам өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды 
міндетті түрде орындау;
– өндіріс кезеңдері жəне айналымы барысында тағам өнімдерінің 
қауіпсіздігіне өндірушілердің (жеткізушілер, сатушылар) жауап-
кершілігі, өндірістік (технологиялық) бақылау жүйесімен бекітілетін 
сапасы жəне қауіпсіздігіне кепілдік беру;
– мемлекеттік нормалау арқылы тағам өнімдерінің қауіпсіздігін 
қамтамасыз ету процестерін реттеуде мемлекеттің жауапкершілігі, 
тағам өнімдерінің өндірісі жəне айналымымен байланысты 
қызмет атқаруға куəлік (лицензия) беру, тағам өнімдерін сертифи-
каттау жəне мемлекеттік тіркеуге алу, мемлекеттік қадағалау жəне 
бақылау, сонымен қатар адам денсаулығы жəне тағам өнімдерінің 
мониторингі;
– тағам өнімдерінің қауіпсіздігі туралы халықты ақпараттандыру, 
бұл саланы мемлекеттік реттеу барысында атқарылған іс-шаралардың 
тиімділігі;
– бекітілген талаптарға сай емес сапасы төмен жəне қауіпті 
тағам өнімдерін, тағам өнімдерімен қатынасқа түсетін азық-түлік 
шикізаты, материалдар жəне өнімдерді еркін қолданыстан шығару 
(тыйым салу) немесе жою сияқты қағидаларға негізделеді.
Көрсетілген мемлекеттік заң жекелеген бөлімдерге топ-
тастырылған 35 баптан тұрады.
Бақылау сұрақтары жəне тапсырмалары
1. «Биологиялық қауіпсіздік» жəне «Азық-түлік қауіпсіздігі» 
түсініктерінің мəні неде?
2. Біріккен Ұлттар Ұйымы халықаралық қауымдастық алдында 
азық-түлік ахуалын жақсарту үшін қандай мақсаттар қояды? Осы 
мақсаттарға жету үшін зандай іс-шаралар жоспарланған?
3. Мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігінің көпдеңгейлі жүйесін 
құрудың негізгі қағидалары қандай?
4. Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін қам-
тамасыз етудің критерилерін атап шығыңыз.
5. Өнімдерді тұтыну қауіпсіздігін қандай параметрлер қамтып 
көрсетеді?
6. Елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде мемлекеттің 
рөлі қандай?


28
7. Елдің азық-түлік қауіпсіздігі жағдайын бақылаудың негізгі 
қағидалары қандай?
8. Салауатты тамақтану саласындағы мемлекеттік саясатының 
мақсаты жəне міндеттерін атап шығыңыз. Оларды жүзеге асырудың 
негізгі бағыттарын көрсетіңіз.
9. Халықтың салауатты тамақтану саласындағы мемлекеттік 
саясатын нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету негізінде қандай 
нормативтік құжаттар жатыр?
10. «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі» Мемлекеттік заңының негізгі 
ережелері қандай?
11. Тұтынушылардың құқығын қорғау саласында жəне адамның 
аман-саулығын қадағалау жөнінде Мемлекеттік қызметтің негізгі 
міндеттері жəне функциялары қандай?
12. Қандай нормативтік-құқықтық актілер тағам өнімдеріне 
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар бекітеді?
13. Өнімге санитарлық-эпидемиологиялық сараптауды жүргізу 
тəртібін жəне мақсаттарын атап шығыңыз. Қандай өнім түрлері 
санитарлық-эпидемиологиялық сараптаудан өтуі тиіс?
14. Қандай критерилер негізінде тағам өнімдері сапасыз жəне 
қауіпті деп саналуы мүмкін. Мұндай өнімдерге қатысты əрекет ету 
тəртібі қандай?


29
 
II БӨЛІМ. 
ТАҒАМДАҒЫ ПОТЕНЦИАЛДЫ 
ҚАУІПТІ ЗАТТАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ ЖƏНЕ 
ОНЫҢ НЕГІЗГІ ЛАСТАНУ ЖОЛДАРЫ
2.1. Потенциалды қауіпті заттардың негізгі көзі жəне 
тасымалдаушысы ретіндегі тағам. 
Тағам қауіпсіздігі
Тағам өнімдері – жүздеген химиялық қосылыстардан тұратын 
күрделі көп компонентті жүйені құрайды. Бұл қосылыстарды негізгі 
үш топқа бөлуге болады.
1. Алиментарлық мəні бар қосылыстар. Бұл ағзаға қажетті 
қоректік заттар: белоктар, майлар, көмірсулар, дəрумендер жəне ми-
нералды заттар.
2. Дəм, хош иіс жəне түстің қалыптасуына қатысатын заттар, 
негізгі қоректік заттардың ыдырау өнімдері жəне ізашарлары, басқа 
да биологиялық белсенді заттар. Мұндай шартты алиментарлы емес 
сипатқа ие топ заттарына сондай-ақ антиалиментарлық (қоректік 
заттардың алмасуына қарсы əсер көрсететін заттар, мысалы, 
антидəрумендер) жəне уытты қасиетке ие заттар (үрмебұршақтағы 
фазин, картоптағы соланин) жатады. 
3. Антропогенді немесе табиғи текті потенциалды қауіпті, бөгде 
текті қосылыстар. Қабылданған терминологияға сəйкес оларды кон-
таминаттар, ксенобиотиктер, бөгде текті химиялық заттар деп атай-
ды. Бұл қосылыстардың химиялық жəне биологиялық текті болуы 
мүмкін.
Тағамды потенциалды қауіпті заттардың көзі жəне тасымал-
даушысы ретінде қарастыра отырып, тағам өнімдерінің фаль-
сификациясына байланысты сұрақтарды жəне тағамның гендік 
модификацияланған көздерден өндірілуіне байланысты проблема-
ларды қарастыру қажет.
Тағам өнімдерінің жəне азық-түлік шикізатының негізгі ластану 
жолдары:
- рұқсат етілмеген бояуыштарды, консерванттарды, тотығуға 
қарсы заттектерді қолдану немесе рұқсат етілген түрлерін жоғары 
дозада қолдану;
- жаңа дəстүрлі емес тағам өнімдерінің технологиясын қолдану 
немесе жекелеген тағамдық заттарды, соның ішінде химиялық 


30
жəне микро биоло гиялық синтез жолымен алынған тағамдық зат-
тарды қолдану
;
– өсімдік зиянкестерімен күресуде жəне жануар ауруларының 
алдын-алу мақсатында ветеринарлық тəжірибеде қолданылатын 
пестицидтермен ауылшаруашылық дақылдарының жəне мал-
шаруашылығы өнімдерінің ластануы;
– өсімдік шаруашылығында жəне малшаруашылығында 
тыңайтқыштарды, суландырғыш суды, өнеркəсіптік сұйық жəне 
қатты қалдықтарды, коммуналды жəне ағынды суларды жəне 
басқаларды қолданудағы гигиеналық тəжірибелерді бұзу;
– малшаруашылығында жəне құс шаруашылығында рұқсат 
етілмеген жемдік қоспаларды, консерванттарды, өсу бел 
сен-
дендіргіштерін жəне емдік-профилактикалық препараттарды 
қолдану немесе рұқсат етілмеген қоспаларды жоғарғы дозада 
қолдану;
– уытты заттардың тағамдық жабдықтардан, ыдыстан тағам 
өнімдеріне көшуі жəне рұқсат етілмеген полимерлік, резина жəне 
металдық материалдарды қолданудың нəтижесінде уытты заттардың 
тағам өнімдеріне көшуі;
– жылулық əсер (қайнату, қуыру, сəулелендіру) жəне басқа 
да технологиялық өңдеу процесі нəтижесінде тағам өнімдерінде 
эндогенді уытты қосылыстардың түзілуі;
– өндіріс технологиясы жəне тағам өнімдерін сақтау барысын-
да санитарлық талаптарды сақтамау, бұл өз кезегінде бактериалды 
токсиндердің түзілуіне алып келеді (микотоксиндер, батулотоксин-
дер жəне басқалар );
– тағам өнімдеріне радионуклидтердің, қоршаған орта – 
атмосфералық ауадан, топырақтан, су қоймаларынан уытты 
заттардың түсуі.
Кең таралуы жəне уыттылығы жағынан алып қарастырғанда, 
аса жоғары уыттылыққа ие контаминаттарға микроағзалар 
токсиндері, уытты элементтер (ауыр металдар), антибиотиктер, пе-
стицидтер, нитраттар, нитриттер, нитрозаминдер, диоксиндер жəне 
диоксинтəріздес қосылыстар, полициклді хош иісті көмірсутектер 
жəне радионуклидтер жатады.


жүктеу 1,24 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   81




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау