Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі м. Ж. Еркебаев, Қ. С. Құлажанов, Д. Б. Тəттібаева, А. Ы. Мəуленов



жүктеу 1,24 Mb.
Pdf просмотр
бет52/113
Дата05.04.2023
өлшемі1,24 Mb.
#42025
түріОқулық
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   113
азык тулык китап

полярографиялық əдістер 


89
кеңінен қолданылады, бұл бірінші кезекте атомдық-абсорбциялық 
спектрометрияға арналған жабдықпен салыстырғанда жабдық 
құнының едəуір төмен болуымен байланысты.
Полярографиялық əдіс бойынша əртүрлі металдар түрлі электр 
потенциалында ерітіндіден катодқа тұнады. Əр металда жарты-
лай толқынның ерекше потенциалы болады, бұл сəйкестендіру 
(идентификация) барысында қолданылады. Толқын ұзындығы 
анықталатын элемент концентрациясының өлшемі болып та-
былады. Бұл əдіс əсіресе, бірнеше ауыр металдарды бір уақытта 
анықтауға ыңғайлы, алайда көп еңбекті қажет етеді жəне сынама-
ны дайындауда, анализді орындау барысында үлкен ұқыптылықты 
талап етеді.
Спектрофотометрия
металдарды анықтау бойынша анализ 
көп жүргізуді талап етпейтін зертханаларда, уытты элементтерді 
анықтау мақсатында кең қолданыс табуда, ал атомдық-абсорбциялық 
спектрометрді алған шығындар ақталмайды.
Спектрофотометриялық əдістердің артықшылығы – қарапайым -
дылығы, құнының арзандығы жəне сезімталдығы жоғары. Əдістің 
кемшілігі – бірқатар жағдайларда анықтау селективтілігі жоғары емес. 
3.3. Тағам өнімдерінің пестицидтермен ластануы
Пестицидтер 
– ауылшаруашылығында мəдени өсімдіктердің 
ауруын тудыратын зиянкестер жəне паразиттер (латынның pesti 
– паразит, caedere – жою деген сөзінен шыққан), шөп-шалаң жəне 
микроағзалардан қорғайтын химиялық қосылыстар.
Пестицидтер қолдану саласына байланысты инсектицидтер (зи-
янкес құрт-құмырсқа, шыбын-шіркейлерге қарсы), гербицидтер 
(арамшөптерге қарсы), фунгицидтер (микросаңырауқұлақтарға 
қарсы), бактерицидтер (бактерияларға қарсы), акарицидтер (кене-
лерге қарсы), ротентицидтер (кеміргіштерге қарсы) болып бөлінеді. 
Ерекше топты дефолианттар (жапырақ жəне сабақтарды жоюға 
қарсы), ретарданттар (сабанды қысқарту үшін) жəне өсімдікті 
реттегіштер құрайды. 
Бүкіл əлемде орташа есеппен жылына 3,2 млн тоннаға жуық 
гербицидтер, фунгицидтер жəне инсектицидтер (орташа алғанда 
ғаламшардың бір тұрғынына 0,5 кг-нан келеді) қолданылады.
Инсектицидтерге негізінен галогенкөмірсутектер (көбінесе, 
хлорланған көмірсутектер), сонымен қатар фосфор қышқылының 


90
органикалық қосылыстары жəне инсектицидтік қасиеті бар табиғи 
заттар жатады.
Галогенкөмірсутектердің ішінде линдан, дильдрин жəне альдрин 
кеңінен қолданылады.
Гербицидтер Еуропадағы (55-70%) өсімдіктерді қорғау 
құралының үлкен бөлігін құрайды. Олар барлығын қамтитын жəне 
селективті (іріктелген) əсері бар препараттарға бөлінеді.
Фунгицидтер ретінде фосфорорганикалық қышқылдардың 
эфирлері, хлорланған көмірсутектер жəне сынапорганикалық 
қосылыстар қолданылады.
Көрсетілген гербицидтер, фунгицидтер жəне инсектицидтерді 
қолдану барысында негізгі үш проблема туындайды.
1. Белгілі пестицидтер, атап айтқанда, сынапорганикалық 
қосылыстар тірі ағзада жинақталуға бейімі бар, олардың концентра-
циясы тағам тізбегімен қозғалу барысында өседі. Бұл құбылысты 
биологиялық күшею эффектісі деп атайды. Биологиялық күшейтілген 
пестицидке қолдануға тыйым салынған ДДТ мысал бола алады. 
Жануар ағзасына ДДТ енгенде (сумен, осындай өсімдіктермен 
қоректенген өсімдік немесе шыбын-шіркей, құрт-құмырсқалардың 
қалдықтарымен) май тіндеріне шоғырланады, себебі ДДТ майда 
ериді. Май тіндерінен ДДТ өте баяу шығады. Бұл жағдайда тағам 
желісіндегі қандай да бір ағза біріншісін жеп, содан соң концентра-
циясы жоғары ДДТ дозасын жұтады.
2. Өңделгеннен кейін пестицидтер ұзақ уақыт бойы топырақта 
немесе мəдени өсімдікте сақталуы мүмкін. ДДТ сияқты хлорланған 
көмірсутектер жəне құрамында мышьяк, қорғасын жəне сынабы бар 
пестицидтер төзімді топқа жатады: олар бір вегетациялық кезеңде 
күн немесе бактерия əсерінен бұзылмайды.
3. Зиянкестер пестицидтерге төзімді болу қабілетіне ие, яғни 
пестицидтердің оларды жоюға күші келмей қалады. Бұл жыл сай-
ын пайда орын алатын сансыз ұрпақтардың арасындағы кейбір 
түрлерінде пайда болатын мутация нəтижесінде болады. Сондықтан 
пестицидтердің концентрациясын жоғарылатуға тура келеді, бұл өз 
кезегінде оның тағам өнімдеріндегі қалдықты мөлшерін ұлғайтады.
Жақында тағы бір проблема анықталды. Топырақ микроағзалары 
пестицидтерге бейімделіп, оларды бұза бастайды немесе пайдала-
нады. Нəтижесінде пестицидтер арамшөптер жəне құрт-құмырсқа, 
шыбын-шіркейлермен күресуге тиімсіз болып қалады, ал олардың 
тұрақты ұлғаятын мөлшері тағам тізбегіне қосылады.


91
Пестицидтер биологиялық белсенді заттар болғандықтан олар-
ды қоршаған ортада сақтауға ерекше талаптар қойылады. Қазіргі 
заманғы пестицидтер тəжірибелік қолданысқа жіберілмес бұрын 
мұқият талдаудан өтеді, бұл жағдайда олардың қоршаған ортадағы 
биотрансформациясын зерттеуге ерекше көңіл бөлінеді. Зерт-
теу нəтижелерінің негізінде оларды қауіпсіз қолдану бойынша 
нұсқаулар əзірленеді.
Гигиеналық талаптарға сəйкес бірінші кезекте адамға уыттылығы 
аз препараттар енгізілуде. Жекелеген жағдайларда əсері күшті 
жəне уыттылығы жоғары заттарды қолдануға рұқсат етіледі, бірақ 
олардың формалары жəне қолдану əдістері адам ағзасының (гра-
нулалар, микрокапсулалар, аппликаторлар көмегімен енгізу жəне 
т.б.) қауіпсіздігіне кепіл болуы тиіс. Зооцидтермен кейбір тұқымды 
улағыштардың қолданысы шектелген, себебі жоғарыда көрсетілген 
талаптарға сəйкес препараттар əзірленбеген.
Ыдырау мерзімі бір жылдан асқан пестицидтерді, сонымен қатар 
ыдырау нəтижесінде түзілген немесе басқа заттармен қосылған 
уыттылығы жоғары, сүтпен бірге шығатын айқын аллергендік 
қасиеті бар жəне жекелеген əсер көрсететін (ісіктер, кемтарлық, му-
тация) заттарды қолдану рұқсат етілмейді. Қауіптілігін бағалау үшін 
пестицидтердің арнайы гигиеналық жіктемелері əзірленген.
3.3.1. Пестицидтердің токсикологиялық-гигиеналық сипатта-
масы жəне гигиеналық нормалануы
Қазіргі уақытта химиялық қосылыстардың түрлі топтарына жа-
татын 300 əрекет ететін заттар негізінде пестицид препараттарының 
600-ге жуығының қолданысы қарастырылған.

жүктеу 1,24 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   113




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау