Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы


  Психологиялық-педагогикалық  консилиум  шеңберінде  мамандардың



жүктеу 0,72 Mb.
Pdf просмотр
бет6/26
Дата30.05.2018
өлшемі0,72 Mb.
#18458
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

14 

3  Психологиялық-педагогикалық  консилиум  шеңберінде  мамандардың 

өзара әрекеттестігі 

 

Инклюзивті  білім  беруді  енгізу  және  дамыту  жағдайында  заманауи  білім 

берудің  тиімді  дамуы,  әр  білім  алушының  ерекшеліктерін,  оның 

психологиялық-дене дамуының ерекшеліктері мен жеке қажеттіліктерін ескере 

отырып  баланың  жеке  бағытын  және  оны  кәсіби  қолдау  жолдарын  анықтай 

білуді  талап  етеді.  Аталған  міндет  инклюзивті  білім  беру  ортасын  құрудың 

базалық  компоненті  болып  табылуы  тиіс,  оның  орындалуы  мамандардың  көп 

пәнаралық өзара байланыстарын ұйымдастырмайынша мүмкін емес.  

Психологиялық-педагогикалық 

қызмет 


аясында 

мамандардың 

ынтымақтастығы  барысында,  тиімді  байланыс  жасауларының  келесі 

параметрлерін ескеру қажет: 

баланың  ерекшеліктерін  және  даму  деңгейін,  оның  ресурстық 



мүмкіндіктерін есепке алу; 

бейімделу және әлеуметтену міндеттерінің басымдылығы; 





«қажетті  маманның  дер  кезінде»  баламен  жұмыс  істеуге 

«араласуының» қолайлы бірізділігі; 

ата-аналардың  баланың  әлеуметтенуі  мен  білім  алуға  бейімделуіне 



қатысуы, олардың мамандармен серіктестік қарым-қатынасы. 

Құрылған  бейімді  білім  ортасы,  оқу-тәрбие  процесінің  барлық 

мүшелерінің  мінез-құлық  мәдениеті,  толеранттылығы,  әр  білім  алушы  үшін 

білім сапасының жоғары болуы мультипәндік  команда күшінің нәтижесі болып 

табылады. 

Мультипәндік  команданың  іс-әрекеті  әр  мұғалімнің  келесі  қағидаларды 

сөзсіз қабылдауларына негізделуі тиіс: 

–  инклюзияны  бірегей  психологиялық-педагогикалық  идеология  мен 

стратегия ретінде мойындау

маманның  байланысты  пәндерге  қызығушылығы,  білімнің  түрлі 



салаларынан  хабардар  болуға  және  жаңашылдыққа,  жаңа  білімді  меңгеруге 

дайын болу; 

команданың барлық мүшелерін сыйлау, өзара түсіністік, ашықтық, бір-



біріне көмек көрсетуге дайын болу

команданың барлық мүшелерінің білім беру процесіне бірдей қатысуы, 



жалпы жұмыстың нәтижесіне жауапкершілік

команда  мүшелері  арасында  рөлдердің  айқын  бөлінуі,  педагогикалық 



нақты міндеттерді орындауға қатысудың алғышарттарын ұстану. 

Аталған  қағидалар  психологиялық-педагогикалық  қолдаудың  барлық 

кезеңдеріндегі  командалық  жұмысқа  қатысушы  мамандардың  ресурстарын 

оңтайлы қолдану арқылы, бала мен оның отбасының мәселелерін кешенді және 

тиімді шешуге жағдай жасайды.  

1968  жылы  ресейлік  белгілі  психологтар  А.Н.Леонтьев,  А.Р.Лурия, 

А.А.Смирнов  ұсынған  психологиялық-педагогикалық  консилиум  (ППк) 

мамандарының  көп  пәнділік  қағида  жұмысы,  баланың  дамуын  бағалауды 




15 

кешенді  жүзеге  асыру  мақсатында  консилиумның  барлық  мамандарының 

деректері мен пікірлерін бірдей есепке алу қажеттігін болжайды.  

Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, ерекше көзқарасты талап ететін 

балалар  мен  жасөспірімдерге  жан-жақты  және  құзыретті  көмек  беруді 

қамтамасыз  ету  мақсатында,  білім  беру  ұйымдарында  және  командадағы 

мұғалімдердің 

іс-әрекетін 

үйлестіруде, 

психологиялық-педагогикалық 

консилиумдар (ППк) құру ұсынылады. Білім беру мазмұнын жаңарту аясында 

ППк барлық дерлік білім беру ұйымдарында жұмыс істейтінін атап өту қажет. 

Бірақ  оның  қызметінің  жүйесі  барлық  білім  беру  ұйымдарында  бірдей  нақты 

емес.  Кейбір  мектептерде,  бала  бақшаларда  немесе  колледждерде  консилиум 

мамандарының  командалық  кешенді  жұмыс  атқаруына  әкімшілік  тарапынан 

қажетті қолдау көрсетілмейді, сол себепті  ерекше білім беруге қажеттілігі бар 

балаларға  психологиялық-педагогикалық  қолдау  көрсетудің  нәтижелі  болу 

жауапкершілігі  жекелеген  маманға  немесе  мамандарға  (педагог-психолог, 

дефектолог  немесе  логопед)  жүктелуі  мүмкін.  Психологиялық-педагогикалық 

консилиум  –  бұл  ең  алдымен  психологиялық-педагогикалық  қолдау  қызметі 

мамандарының  кәсіпаралық  ынтымақтастығының  түрі,  яғни  білім  алу  және 

тәрбие  процесінде  ерекше  білім  беруге  қажеттілігі  бар  балаға  көмек  көрсету 

стратегиясын бірігіп жасайтын барлық педагогтар ұжымы. 

Кеңесші  орган  ретінде  консилиумның  негізгі  мақсаты  –  жалпы  білім 

беретін  мектептің  оқу-тәрбие  процесіне  енгізілген  балаларды  қолдау 

стратегиясын  анықтап  және  түзету-дамытушылық  жұмыстарын  жүргізудің 

жеке  жоспарларын  әзірлеп  қана  қоймай,  баланың  дәстүрлі  ортаға 

әлеуметтенуіне, неғұрлым жоғары деңгейде  әлеуметтік бейімделуіне арналған 

шаралар мен жолдарды анықтау. 

Консилиум: 

–  білім  беру  ұйымының  барлық  педагогтік  ұжымына  –  бала  тұлғасын 

барлық параметрлерін  (психологиялық және психикалық дамуын, дамуындағы 

әлеуметтік  жағдайды,  денсаулық  жағдайын,  педагогикалық  әрекеттердің 

оңтайлылығын)  есепке  алу  арқылы  қарастыруға,  сонымен  қатар  әр  білім 

алушының  мүддесіне  қарай  оқу-тәрбие  процесіне  қатысушы  субъектілердің 

арасында  міндеттер  мен  жауапкершілікті  бөлу  арқылы  қолдаудың  жалпы 

бағдарламасын белгілеуге мүмкіндік береді; 

– сынып жетекшісіне – қарым-қатынастың ерекше тәсілдерін қажет ететін 

бала  туралы  білетінін,  сол  баламен  қарым-қатынаста  болатын  консилиум 

қатысушыларына жеткізу;  

–  педагог-психологқа  –  оқыту  мен  тәрбиелеудің  неғұрлым  жақсы 

жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында, баланың танымдық және эмоциялық 

жағдайларына  әділ  баға  беру  арқылы  және  оның  білім  алуға  талпынысын 

есепке ала отырып әр педагогқа жеке бағдарлама әзірлеуге көмек көрсету

–  әкімшілікке  –  балаға  көмек  көрсетудің  біріккен  стратегиясын  әзірлеу 

барысында  оқу-тәрбие  процесіне  қатысушы  педагогтардың,  психологтардың 

және басқа да субъектілердің күшін үйлестірге мүмкіндік бередіу. 

Жоғарыда айтылғандардан, ППк келесі міндеттерін анықтауға болады: 



жүктеу 0,72 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау