Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



жүктеу 0,72 Mb.
Pdf просмотр
бет7/26
Дата30.05.2018
өлшемі0,72 Mb.
#18458
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26

16 

–  арнайы  (психологтың,  логопедтің,  дефектолог  мұғалімнің,  арнайы 

педагогтің  немесе  басқа  мамандардың)  көмекті  қажет  ететін  балаларды 

анықтау,  сонымен  қатар  балалардың  оқудағы  және  мінез-құлқындағы 

ауытқуларының сипатын және себебін анықтау; 

–  психологиялық-педагогикалық  қолдаудың  жеке  бағдарламаларының 

мазмұнын анықтау; 

– оқу және тәрбие бағдарламаларын бейімдеу (қажет болған жағдайда); 

– мамандардың арнайы көмек көрсетуінің тиімділігін бағалау және қарым-

қатынас жасауларын үйлестіру. 

Команданың  құрамына:  білім  беру  ұйымының  әкімшілігі,  мұғалімдер, 

арнайы  педагогтар  (психолог,  логопед,  дефектолог  мұғалім,  әлеуметтік 

педагог),  медицина  қызметкерлері,  ата-аналар,  қоғамдық  ұйымдардың, 

қамқоршылық  кеңестің  және  серіктес  ұйымдардың  өкілдері,  жасөспірімдер  ісі 

бойынша инспектор кіреді. 

Психологиялық-педагогикалық  консилиум  іс-әрекеттің  келесі  бағыттарын 

жүзеге асырады: 

1.  ықтимал  «қауіп  тобын»  анықтау  мақсатында  консилиумның  барлық 

мамандары  білім  алушылардың  скрининг-диагностикасын  жүзеге  асыруды 

ұйымдастырудың іс-шараларын өткізу; 

2.  ықтимал  «қауіп  тобы»  балаларының  ішінен  психологиялық-физикалық 

ауытқулары  немесе  білім  беру  бағдарламаларын  меңгеруде  қиындықтары  бар 

балаларды анықтау; жеке диагностика өткізу және бала проблемасының мәнін 

анықтау; 

3.  даму  ерекшеліктері  бар  білім  алушылар  үшін  жеке  түзете-білім  беру 

бағдарламаларын әзірлеу, білім беру бағытын таңдау; 

4.  қолдаудың  жеке  бағдарламаларын  жүзеге  асыру,  түзете-дамытушылық 

іс-шараларын жүзеге асыру, кеңес жұмысының бағыттарын анықтау; 

5. психологиялық-педагогикалық қолдаудың нәтижелілігін қадағалау.  

Аталған  бағыттар  бойынша  әр  педагог  (сынып  жетекші,  пән  мұғалімдері, 

логопед  мұғалім,  педагог-психолог,  дефектолог  мұғалім,  әлеуметтік  педагог) 

өзінің мамандану саласын ескере отырып жұмыс істейді.  

Психологиялық-педагогикалық консилиум жұмысының қағидалары: 

1.  ППк  жұмысының  негізін  қалаушы  қағидалар:  бала  тұлғасын  құрметтеу 

және жағымды қасиеттеріне сүйену қағидасы болып табылады. Баланы зерттеу 

оның  дамуындағы  мәселелер  туралы  ақпарат  алуға  ғана  бағытталмай,  оның 

бойында  бар  проблемалардың  орнын  толтыруға  негіз  бола  алатын  оң  әлеуетті 

анықтауға да жұмылдырылуы тиіс. 

2. 

Диагностиканың  мүмкіндігінше  педагогикаландырылу  қағидасы 



консилиумның  педагогикалық  міндеттерінің  басымдылығын  анықтайды.  ППк 

жұмысында психологиялық және педагогикалық білімдерді кіріктіру өте қажет 

мәселе. 

3.  ППк  қызметінде  ақпараттың  жабықтығы  қағидасын  ұстану  өте  қажет. 

Аталған  қағида  консилиумға  қатысушы  мамандардың  әдеп  нормаларын  қатаң 

ұстануларын,  әсіресе  баланың  психологиялық-педагогикалық  диагнозына 

қатысты  құпияны  сақтауларын  қарастырады.  Диагноз  немесе  консилиумның 



17 

қорытындысы  тұлғаға  моральдық  нұқсан  (мысалы,  баланың  өзін-өзі 

бағалауының  төмен  болуы,  оның  эмоциялық  жағдайының  нашарлауы,  оның 

үлкендермен  және  өзінің  құрдастарымен  қарым-қатынасының  бұзылуы) 

келтірмеу үшін ППк-дан тыс жерде көпшілік арасында талқыланбауы тиіс.  

4. Өзара әрекеттестік қағидасы. ППк-ның әрбір маманы өз құзыреттілігінің 

аясында баланың дамуы мен жағдайын анықтау, оны ары қарай тәрбиелеу мен 

оқыту  саласында  болжамдар  жасауға  қатысты  сұрақтарын  шеше  отырып, 

жалпы көрініске өз түсінігін енгізеді. 

Консилиумның жұмысын ұйымдастыру үш кезеңде жүргізіледі. 

1-кезең. Дайындық кезеңінде консилиумға дайындықты әр қатысушы жеке 

жүргізеді.  Балаға  кешенді  зерттеу  жүргізу  үшін  жұмысты  бастардың  алдында 

ата-ананың келісімін алу қажет. Ата-аналардың келісімі құжатқа  тіркелуі тиіс, 

бұл  сараптамаға  байланысты  кикілжің  жағдаяттардың  алдын  алуға  мүмкіндік 

береді. 

Бұдан 


әрі 

мамандар 

диагностикалық 

деректерді 

жинақтауды, 

қорытындылауды  жүзеге  асырады,  алдын  ала  шешімдер  мен  ұсыныстарды 

тұжырымдайды. Диагностикалық мәліметтерге аталған нақты мәселе бойынша 

көптеген  көрсеткіштер,  мысалы:  педагогикалық,  психологиялық,  әлеуметтік, 

медициналық, логопедтік, дефектологтық және т.б. арқылы талдау жасалады.  

2-кезең.  Консилиум  жұмысының  бұл  кезеңінде  жүргізілген  зерттеулердің 

қорытындысы  бойынша  алқалы  отырыс  өткізіледі.  Зерттеулер  қорытындысын 

алқалы  талқылау  бала  дамуының  сипаты  мен  ерекшеліктері  туралы  бірыңғай 

көзқарас  қалыптастыруға,  оның  бұдан  әрі  дамуын  жалпы  болжауды  және 

қажетті түзету-дамытушылық іс-шаралар кешенін анықтауға мүмкіндік береді.  

Егер  консилиум  дамытушылық  немесе  түзету  жұмысының  қандай  түрі 

қажет  екендігі  туралы  жалпы  бір  ортақ  пікір  шығармаса,  немесе  күтілетін 

нәтижелер  орындалған  болса,  немесе  дамудың  тұрақты  теріс  динамикасы 

байқалатын болса, бұндай жағдайда білім алушы неғұрлым жоғары деңгейдегі 

кеңеске  жіберілуі  мүмкін.  Баланың  ата-анасы  консилиум  ұсыныстарын 

қабылдамаған, ата-анамен дау-жанжалды жағдаят болған жағдайда да дәл осы 

шараларды қолдану қажет. Неғұрлым жоғары деңгейдегі ұйымның беделі ата-

анаға ықпал етудің оңтайлы компоненті болуы мүмкін. 

3-кезең  –  ППк  шешімдерін  жүзеге  асыру;  жеке  бағдарлама  құру; 

психологиялық  түзету  бойынша  ұсыныстар;  мамандар  іс-әрекетін  үйлестіру; 

қолданыстағы  бағдарламаларды  түзету;  мәселе  бойынша  педагогтар  мен  ата-

аналарға кеңес беру және т.б. 



Консилиумның түрлері 

Мақсаты  бойынша  психологиялық-педагогикалық  консилиумдарды 

алғашқы,  жоспарлы,  жедел  және  қорытынды  деп  бөлуге  болады.  Әр  түріне 

жеке-жеке тоқтала кетейік. 



Алғашқы  консилиум  –  балаларды  ұйымға  қабылдау  және  дамуындағы 

проблемаларды  анықтау  барысында  жүргізілуі  мүмкін.  Аталған  жағдайда 

консилиум  барлық  мамандардың  алғашқы  зерттеулері  аяқталысымен  өткізілуі 

мүмкін.  Негізінен  бұл  психолог,  логопед  (дефектолог),  психиатр,  педагог; 

жекелеген жағдайларда басқа да мамандар шақырылуы мүмкін. 



жүктеу 0,72 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау