Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



жүктеу 0,72 Mb.
Pdf просмотр
бет2/26
Дата30.05.2018
өлшемі0,72 Mb.
#18458
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

  оқу  процесін  арнайы  медициналық-психологиялық-педагогикалық 

қолдаумен  (арнайы    педагог,  логопед,  психолог,  әлеуметтік  педагог, 

медициналық қызметкер) қамтамасыз ету;

 

 

  оқушыны ары қарай дамыту үшін танымдық мүмкіндіктер мен нақты 



оқу жетістіктері бойынша оқушы мен оның ата-аналарына қойылатын талаптар 

мен ұсыныстардың сәйкестігін тұрақты қадағалау; 

  білім  беру  ортасын  ыңғайлы,  ерекше  кеңістіктік  және  уақыттық 

ұйымдастыруды қамтамасыз ету. 

Қазіргі заманда білім беру ұйымының алдына түзете әсер етудің мазмұны 

мен әдістерін анықтау,  балалардың ерекше қажеттіліктеріне байланысты білім 

беруге  жағдай  жасау  міндеттері  қойылуда.  Осыған  орай  ерекше  білім  беруге 

қажеттілігі бар балаларды жалпы білім беру процесіне нәтижелі қосу мәселесін 

шешудің  бір  жолы  білім  беру  ұйымдарында  психологиялық-педагогикалық 

консилиумдарды (ППк) жүйелі түрде жүргізу болып табылады.  

Ұсынылып отырған психологиялық-педагогикалық консилиум ережесінің 

әзірлемесі  түзету-педагогикалық  және  әлеуметтік-психологиялық  қолдау 

бағдарламаларын  әзірлеу  және  іске  асыру,  сондай-ақ  баланың  білім  беру 

қажеттіліктерін  және  жеке  ерекшеліктеріне  білім  беру  ортасын  бейімдеу 

жолымен  отбасының  жігері  мен  педагогтар,  психологтар,  логопед, 

дефектологтар, әлеуметтік педагогтар, медициналық қызметкерлердің әрекетін 

бірыңғай қызмет ететін алгоритмге біріктіруді көздейді.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 





1 Инклюзивті білім беруді ұйымдастыру, қолданыстағы тәжірибені талдау 

 

Соңғы жылдары халықаралық және ұлттық, үкіметтік және үкіметтік емес, 



ресми  және  тәуелсіз  ұйымдар  өздерінің  баяндамаларында  Қазақстандағы 

инклюзивті білім берудің дамуына түрлі көзқарастар мен баға беріп жүр.  

ЮНИСЕФ-тің  Қазақстандағы  өкілдігі  дайындаған  «Мүгедектігі  бар 

балалардың  жағдайына  талдау:  Қазақстан  Республикасында  инклюзивті 

қоғамның  дамуы»  есебінде,  конвенцияны  бекіту  және  заңдарды  қабылдаудан 

кейін, жағдайды түзету қажет пе және қалай түзету қажеттігін көрсететін, ұзақ 

мерзімді  қадағалауды  жүзеге  асыру  механизмдері  мен  ағымдағы  жағдайды 

бақылау  қажет  болатыны  атап  көрсетілген.  Мүгедектігі  бар  тұлғалардың 

құқықтары және ахуалына қатысты ағымдағы жағдай туралы білу, мемлекеттік 

мақсаттар мен ағымдағы прогреске уақытша баға беруге көмектеседі [2]. 

«Инклюзивті  білім  берудің  ресурстық  орталығы  туралы  ережелер» 

жобасында  ресурстық  орталықтар  мен  кабинеттердің  қызметін  зерделеу  және 

талдауында  Ы.Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім  академиясы  инклюзивті 

білім берудің ресурстық орталықтарымен, кабинеттерімен және эксперименттік 

алаңдарымен тығыз байланыс жасайтындықтарын көрсетті 3. Сонымен қатар, 

инклюзивті  білім  берудің  ресурстық  орталықтары  мен  кабинеттері 

эксперименттік алаңдар базасында құрылып және жұмыс істейді. 

Республика  бойынша  эксперименттік  алаңдар  саны  көбеюінің  оң 

динамикасы  байқалады.  Инклюзивті  білім  беру  бойынша  бірінші  (ресми) 

эксперименттік  алаң  2012  жылы  Қарағанды  қаласының  №27  жалпы  білім 

беретін  орта  мектебінде  жұмыс  істей  бастады.  2014  жылы  эксперименттік 

алаңдар саны – 3, 2015 жылы – 4-ке артты, Астана және Алматы қалалары мен 

облыстар  білім  басқармаларының  мәліметтері  бойынша  2016  жылы  жалпы 

білім  беретін  9  мектепте  және  1  мектепке  дейінгі  білім  беру  ұйымында 

эксперименттік  жұмыс  жүзеге  асырылуда.  Олардың  2-уі  Астана  қаласында 

(№23 ОМ, №71 ОМ), Алматы қаласында – 2 (№10 жалпы білім беретін мектеп 

коммуналдық  мемлекеттік  мекемесі  (КММ),  №9  бала  бақша),  Қарағанды 

облысында – 1 (№27 жалпы орта білім беретін мектеп), Қостанай облысында – 

1  (Баннов  орта  мектебі  КММ),  Қызылорда  облысында  –  1  (№264  МЛ)  және 

Павлодар  облысында  –  3  (Ақсу  қаласының  №7  ОМ,  Парамоновка  ауылының 

ОМ, Ю.Гагарин атындағы ОМ).  

Инклюзивті  білім  берудің  дамуына  талдау  жасау,  ерекше  қажеттілігі  бар 

балаларды  толыққанды  білім  беру  процесіне  енгізудің  апробациядан  өткен 

механизмдерін  бөліп  көрсету  мүмкіндігін  берді.  Инклюзивті  білім  берудің 

еліміздегі  қолданыстағы  тиімді  модельдерінің  бірі  –  Қарағанды  қаласындағы 

№27 және Көкшетау қаласының №19  жалпы білім беретін  орта мектептерінде 

пайдаланылып  жүрген  модельді  атап  айтуға  болады.  Бұл  мектептердің 

базасында ерекше қажеттілігі бар балалардың оқуын, тәрбиеленуін, әлеуметтік 

бейімделуін  және  қоғамға  кірігуін  қамтамасыз  ететін  психологиялық-

педагогикалық қолдау қызметі ұйымдастырылған.  




Инклюзивті білім беруді ұйымдастыру бойынша қолданыстағы тәжірибені 

тереңірек зерделеу үшін Қарағанды қаласындағы №27 жалпы білім беретін орта 

мектеп жанындағы эксперименттік алаңның қызметін қарастырайық. 

Бейімдік  мектеп  моделін  құрастыру  міндетін  алған  №27  жалпы  білім 

беретін  мектептің  мақсаты  –  барлық оқушылардың,  сонымен  қатар  мүмкіндігі 

шектеулі  балалардың  да  сапалы  білім  алуға  қолжетімділігін  қамтамасыз  ету, 

арнайы 


психологиялық, 

әлеуметтік, 

түзету-педагогикалық 

қолдауды 

қамтамасыз ету арқылы, олардың ойдағыдай әлеуметтенуі үшін жағдай жасау. 

Даму  мүмкіндігі  шектеулі  оқушыларға  арналған  бейімделу  ортасын  құру 

үшін,  іс-шаралар  жоспары  әзірленді,  жоспарға  сәйкес  Психологиялық-

педагогикалық  қолдау  қызметі  құрылды.  Қызметтің  құрамына  мұғалім-

дефектологтар,  психологтар,  логопедтер,  аймақтағы  жалғыз  прецедент  – 

психиатр-дәрігер  кірді,  сонымен  қатар  жалпы  білім  беретін  мектептердің 

штаттық  кестесімен  дефектолог  мұғалімдердің  қарастырылмағанын  атап  өту 

қажет.  Аталған  мамандық  иелері  мүмкіндігі  шектеулі  баланың  жалпы  білім 

беретін  мектеп  жағдайында  дамуын  сүйемелдеуде  негізгі  «іс-әрекеттегі 

тұлғалар» болып табылады. 

Қызметтің  іс-әрекеті  кешенді  сипатқа  ие  және  жергілікті  нормативтік 

актілермен реттеледі: 

Психологиялық-педагогикалық 



қолдау 

қызметі 


туралы, 

психологиялық-медициналық-педагогикалық  консилиумы  қызметі  туралы 

ережелер; 

Қолдау мамандарының функционалды міндеттері. 



Эксперименттің  басында  мектепте  ПМПК  шешімі  бойынша  даму 

мүмкіндігі  шектеулі  9  бала  білім  алатын.  2012-2013  оқу  жылында  Қызмет 

мамандарының жүргізген кешенді диагностикасы негізінде «қауіп тобынан» 22 

бала  анықталды,  ПМПК  шешімі  бойынша  оларға  «даму  мүмкіндігі  шектеулі 

бала» деген статус берілді. 

Бүгінгі  таңда  мектепте  мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  жалпы  білім  беру 

процесіне  енгізудің  екі  түрлі  жолы  қарастырылуда:  жеке  психологиялық-

педагогикалық  қолдаумен  инклюзивті  білім  беру  сыныптары  және  арнайы 

сыныптар.  

2015-2016 

оқу  жылында  даму  мүмкіндіктерінің  түрлі  шектелуі 

(психикалық дамуының тежелуі, интеллектуалдық жетіспеушілік, ерте жастағы 

балалар аутизмі, естудің бұзылуы, көрудің бұзылуы, тірек-қимыл аппаратының 

бұзылуы) бар 77 оқушы жалпы білім беру процесіне енгізілді.  

2014-2015 оқу жылында білім алу сұранысы жоғары оқушыларды оқытуға 

арнайы  жағдайлар  жасауға  арналған  мектептің  эксперименттік  жұмысын 

жүзеге  асыру  аясында,  лицейлік  екі  сынып  ашылды.  Оқушыларды  лицейлік 

сыныптарға  іріктеу  жұмысы,  негізгі  пәндер  бойынша  кешенді  тестілеу  өткізу 

негізінде жүзеге асырылды. 

2015-2016 оқу жылында лицейлік сыныптар саны үшеуге дейін артты. 

Қарағанды  облысы  білім  басқармасының  2013  жылғы  9  тамыздағы  №308 

және  Қарағанды  қаласы  білім  бөлімінің  2013  жылғы  29  тамыздағы  №612 

бұйрықтарына сәйкес мектеп базасында ресурстық орталық құрылды. 



жүктеу 0,72 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау