жеткізуге тырысуы қажет. Сабақ барысында қатардан тыс ұшқыр ойлар да
қабылданады. Кез келген ойды дамытуға, кеңейтуге болады. Айтылған ойлар
кілттік сөздер немесе фразалар арқылы белгіленіп жазылады. Олардың көбі
мұқият талдаудан кейін сұрыпталып, күтпеген жерден аталмыш проблеманың
шешілуіне қажетті нәрсенің табылуы мүмкін. Таңдап алынған тақырып
төңірегінде оқушылар өз ойларын ортаға салу арқылы жүйелі сөйлеуге
дағдыланады. Сонымен қатар бұл әдіс өз ойын көпшілік алдында айта
алмайтын оқушыларға көмектеседі.
Сыни тұрғыдан ойлау әдісі. Бұл әдістің мақсаты – жаңа буын
оқулықтарының талаптарын жүзеге асырып, оқушылардың білім деңгейін
көтеру, оларды шығармашылыққа баулу, ойларын еркін айтуға, кез келген
мазмұн, түсінікке сыни тұрғыдан қарап, дұрыс шешім қабылдауға
дағдыландыру. Сонымен қатар көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен
қажеттісін алуға үйретеді. Бұл технологияның бірінші кезеңі оқушының
бұрынғы білетінімен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Сондықтан сабақта
қарастырылатын мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын
анықтаудан басталады. Бұнда ойды қозғау, ояту, ми қыртысына тітіркендіргіш
арқылы әсер ету жүзеге асады. Екінші кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен
танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз
бетімен жұмыс жасап, белсенділік танытуына жағдай жасалады. Үшінші
кезеңде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда,
қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді.
Сын тұрғысынан ойлау сабақтарының алғы шарттары:
1) Сын тұрғысынан ойлауға үйрету үшін уақыт керек.
2) Оқушыларға ойланып толғануға, ойын анық айтуға рұқсат беру.
3) Қиялын дамыту үшін «менің ойымша» деген жауапқа дағдыландыру.
4) Әртүрлі жауапқа бірдей қарау, жақсысын мадақтап, нашарын сынамау.
5) Тіл байлығын дамыту үшін қалайда жауапты соңына дейін тыңдау.
6) Жауап беруге тілек білдірмеген баладан өз еркінсіз қинап сұрамау.
7)
Баланың дүниетанымының кеңейіп, рухани өсуіне әр сабақта жағдай жасау.
8) Жеке тұлға ретінде «мен» деген рөлін көтеру, өз пікірін қалыптастыру.
Сыни тұрғыдан ойлаудың жаңа идеяларды ұсынуда және жаңа
мүмкіндіктерді көруде, мәселелерді шешу кезінде маңызы зор. Сыни тұрғыдан
ойлай білетін адам сұрақ та қоя біледі.
Ойын – интерактивті оқытудың құралы. Мұғалімді толғандыратын
мәселелердің бірі – баланың оқуға, білімге деген деген тұрақты
қызығушылығын қалай дамытуға болады деген мәселе. Әсіресе төменгі сынып
оқушыларының қызығушылығын кейде бағалау кейде мадақтау арқылы
оятамыз. Алайда бұл мотивтердің де шегі болады. Сондықтан мұғалім
танымдық қызығушылығы негізінде оқушының оқу мотивациясын
қалыпастыруы қажет. Сабақта ойын әдістерін пайдалану балалардың бір- біріне
деген ықыласын туғызады. Ойын әр баланың өзін көрсетуіне мүмкіндік береді.
Олар ойын ережелеріне зер салуға және оның орындалуын қадағалауға
үйренеді. Сонымен қатар ауызша сөйлеу дағдылары, шығармашылық және
ойлау қабілеттері дамиды. Оқушының әрекеті өзіне ұнауы тиіс. Ойын сабақты
40
қызықты әрі тартымды өткізуге көмектеседі. Өздерін бір-бірімен тең дәрежеде
сезіну, ойынға берілу балаларға ұялшақтықты, еркін сезіне алмаушылықты
жеңуге, психологиялық кедергілерден, шаршаудан арылуға мүмкіндік береді.
Ойын элементтерін сабақтағы кез келген әрекет түрінде пайдалануға болады,
сонда ең көңілсіз сабақтың өзі тартымды сабаққа айналады. Ойынның адам
үшін төрт түрлі маңызды қызметін атап көрсетуге болады:
–
мотивациялық-қажеттілік саланы дамыту; – еркін мінез-құлықты дамыту;
–
ақыл-ой әрекеттерін дамыту; – таным құралы.
Ойын түріндегі жаттығулар өзінің мазмұны, тағайындалуы, ұйымдастыру
және өткізу тәсілі, материалдық жабдықталуы мен қатысушыларының саны
жағынан түрліше болуы мүмкін. Ойын тәсілін қолдану қажетті дидактикалық
материалдарды дайындау үшін қаншама күшті, уақытты қажет етеді, бірақ оң
нәтиже береді. Ойын тәсілдеріне мысал келтірейік. Сергіту ойындары жеңіл
және балалардың құмарлығын жылдам оятады. Бұған орындау барысында
мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасында іскерлік қарым - қатынас
орнататын ойын-тапсырмалары жатады. Бұл жаттығулар балалардың бір
әрекеттен келесі әрекетке өтуінің көпірі іспеттес.
Лексикалық ойындар - карточка арқылы берілетін ойындар, жұмбақтар,
сөзжұмбақтар. Сонымен қатар «Сөзді тап», «Мақал мәтел құрастыр» сияқты
ойын түрлерін беруге болады. Қарама-қарсы сөздерді, мағынасы ұқсас сөздерді
атау, фразаны аяқтау, тақырыпқа байланысты сөздер табу т.б.
Фонетикалық ойындар - жұмбақтар, ұқсастырулар, жарыстар т.б.
Коммуникативтік ойындар. Бұл ойын түрлері ойынға қатысушыларға
тілдің қарым-қатынас құралы екенін сезінуге мүмкіндік береді.
Сюжеттік-рөлдік ойындар оқушылардың жас шамасына қарай
қызығушылықтарын ескеруге мүмкіндік береді, олардың әрекетінің мәнін
кеңейтіп, диалогтік қатысым жасаудың тиімді құралы болып саналады.
Дидактикалық ойындар балалардың айналасындағылар туралы
түсініктерін жүйелеуге, кеңейтуге, тереңдетуге, қызығушылықтары мен
қабілеттерін дамытуға бағытталған.
Дидактикалық ойындарды ұйымдастыру мен өткізудің жалпы ережесі:
•
Ойын балаларға қуаныш әкелуі керек. Баланы мәжбүрлеп ойнатуға
болмайды, өз еркімен ойнайтындай жағдай туғызу керек.
•
Ойынды ұйымдастыруда ойын барысында өзгертпейтіндей қатаң
ережелер мен ойын әрекеттері белгіленеді.
•
Ойын кезінде қысылып қымтырылмайтындай жағдай жасау керек,
баланың белсенділігін тежеуге болмайды.
•
Ойын барысында ертегілерді пайдаланған жөн. Тақпақтар, өлеңдер,
«сиқырлы таяқ» сонымен қатар ойынға өзгешелік, мерекелік көңіл-күй беретін
нәрсенің бәрін пайдалануға болады.
•
Ойын соңында балаларды бағалау, марапаттау керек, ұжым болып ойын
әрекетін талқылаған да дұрыс. Ойынды өткізу үшін педагогтың тәжірибесі мен
шеберлігінің маңызы зор: ойынға барлық балаларды тарта білуі, белсенділігі
төмен балаларды сергіте білуі, қажет болса көмек көрсетуі,
41