Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы


 Интерактивті оқыту технологиясының моделі



жүктеу 0,53 Mb.
Pdf просмотр
бет15/17
Дата23.05.2018
өлшемі0,53 Mb.
#16655
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

4.3 Интерактивті оқыту технологиясының моделі  

 

Интерактивті  оқыту  технологиясының  моделі:  проблемалық  шығарма 

әдістері,  презентация,  пікірталас,  топпен  жұмыс,  миға  шабуыл  әдісі,  сыни 

тұрғысынан  ойлау  әдісі,  викториналар,  мини  зеттеулер,  іскерлік  ойындар, 

рөлдік ойындар, тренинг т.б.  

Шығармашылық  жұмыс  –  оқушылардың  ойлау  қабілетінен,  ақыл-ой 

және іс-тәжірибесінен туындайтын оқу, тану әрекеті. «Шығармашылық» сөзінің 

төркіні  «шығару»,  «іздену»,  «ойлап  табу»  деген  ұғымдарды  білдіреді.  Демек, 

бұрын  тәжірибеде  болмаған  жаңа  нәрсені  ойлап  табу,  жетістікке  қол  жеткізу 

дегенді білдіреді. Шығармашылық тапсырмаларды оқушының қабілетіне, пәнге 

деген сүйіспеншілігіне байланысты оқуға қойылатын талаптарды басшылыққа 

ала отырып жүргізген жөн. Шығармашылық тапсырма кез келген интерактивті 

әдістің  негізін,  мазмұнын  құрайды.  Шығармашылық  тапсырмалар  (әсіресе 

практикалық,  оқушы  өміріне  жақын)  оқушылардың  қызығушылығын 

арттырады.  Өзінің  жеке  тәжірибесіне,  әріптесінің,  досының  тәжірибесіне 

сүйене  отырып,  өз  тарапынан  белгісіз  нәрсенің  шешімін  табу  оқу  үдерісіне 

қатысушылардың  ынтымақтастығының,  қатынасының  іргетасын  қалауға 

мүмкіндік береді. Шығармашылық тапсырмаларды таңдаудың өзі мұғалім үшін 

шығармашылық тапсырма болып табылады. Шығармашылық тапсырмалардың 

белгілері мынандай:  

– 

жауаптың немесе шешімнің бір мағыналы болуы; – оқушы үшін пайдалы 



және  оның  өмірімен  байланысты  болуы;  –  оқушылардың  қызығушылығын 

туғызатындай болуы; – оқыту мақсатына барынша қызмет етуі.  

Егер  оқушылар  шығармашылықпен  жұмыс  істеуге  дағдыланбаған  болса, 

алдымен жеңіл, қарапайым жаттығулармен жұмыс жасап, содан кейін біртіндеп 

жаттығуларды күрделендіруге болады.  

Пікірталас.  «Дискуссия»  термині  латынның  «discussio»  (талқылау, 

зерттеу) сөзінен шыққан. Дискуссия интеракивті оқыту әдісі ретінде Батыстың 

оқу орындарында табысты қолданылып келеді. Соңғы жылдары біздің де білім 

беру  жүйемізде  кеңінен  қолданыла  бастады.  Пікірталас  -  талас  түрі,  нақты 

проблема  төңірегінде  пікір  алмасу,  яғни  оның  аясында  өзара  келісіп  шешу 

мақсатында қандайда бір мәселе қарастырылады, зерттеледі, талқыланады. Бұл 

– 

өз көзқарасында тұруға, басқаларды тыңдай білуге үйрететін белсенді тәсіл. 



Ереже бойынша, пікірталасқа қатысушылардың талқыланатын мәселе бойынша 

білімі  болуы  керек  және  олардың  шешім  қабылдауға  немесе  қай  шешімді 

қабылдау  жөнінда  ұсыныс  айтуға  толық  құқығы  бар.  Көп  жағдайда 

пікірсайыстың  тақырыбы  қатысушылардың  дайындалуына  мүмкіндік 

беретіндей  ол  басталмай  тұрып  алдын  ала  белгілі  болады.  Таластың  басқа 

түрлеріне  қарағанда  пікірталас  өзінің  мақсаттылығымен  және  қолданылатын 

құралдарымен  ерекшеленеді.  Кез  келген  пікірсайыстың  мақсаты  – 

қатысушылардың талқыланған мәселе бойынша келісімге келуі. Оның нәтижесі 

объективті  түрде  пайымдау,  яғни  барлық  қатысушылардың  немесе 

қатысушылардың көпшілігінің қолдауымен шығарылады.  

Әдетте  пікірталас  кезінде  ойлау  арқылы  оппонент  пікіріне  жауап  туады, 

38 


 


сондықтан  әртүрлі  ойдан  пікірталас  туындайды.  Немесе  керісінше,  айтыс-

тартыстардан ой туады. Пікірталас сонымен бірге оқу материалын саналы түрде 

меңгеруді қамтамасыз етеді. Пікірталас әдісі сабақтың топтық түрінде қолданы-

лады.  Пікірталас  оқушылардың  алдын  ала  дайындығын  қажет  етеді.  Бұған 

оқушылардың терең білімімен қатар, олардың өз ойын жеткізе білуі, сұрақтар-

ды  нақты  қоя  білуі,  дәлелдер  келтіре  білуі  де  қажет.  Оқу  пікірсайыстары 

оқушылардың  сол  тақырып  аясындағы  білімдерін  кеңейтіп,  сөздік  қорларын 

молайтады, байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастырады.  



Шағын топтармен жұмыс. Бұл барлық балаларға (тіпті ұялшақ балаларға 

да) жұмыс түрлеріне қатысуға, ынтымақтастық, тұлға аралық қатысым (белсене 

тыңдай білу, туындаған қайшылықтарды шешу, ортақ пікірге келу) дағдыларын 

қалыптастыруға  мүмкіндік  береді.  Бұлардың  үлкен  ұжымда  мүмкін  болмауы 

жиі кездеседі. Шағын топтардағы мозаика, жарыссөз т.б. сияқты жұмыс түрлері 

– 

интерактивті  әдістердің  ажырамас  бөлігі.  Сонымен  қатар  шағын  топпен 



жұмыс көп уақытты қажет етеді.  

Топтық жұмыстарды оқушы мәселені өз бетімен шеше алмаған жағдайда 

бірігіп  шешу  мақсатында  пайдаланған  дұрыс.  Топтық  жұмыстарды  асығыс 

бастауға  болмайды.  Егер  өзңіздің  немесе  оқушылардың  тәжірибесі  болмаса, 

алдымен жұпты ұйымдастыруға болады. Шағын топта жұмыс істеуге қабілеті 

төмен  оқушыларға  ерекше  көңіл  бөлу  керек.  Оқушы  жұппен  жұмыс  істеуге 

икемделсе, үш оқушыдан құрылған топпен жұмыс істеуге көшіңіз. Топтың өз 

бетімен  жұмыс  істей  алатынына  көзіңіз  жетсе,  біртіндеп  басқа  оқушыларды 

қосыңыз.  Шағын  топ  мүшелерінің  санын  бес  адамнан  асырмауға  тырысыңыз. 

Тәжірибелі  әдіскерлер  топты  әртүрлі,  яғни  күшті,  орташа,  әлсіз  оқушылардан 

құруды  ұсынады.  Мұндай  топтарда  шығармашылықпен  ойлау  және  пікір 

алмасу қарқынды өрбиді. Оқушылар уақытының көбін өз көзқарастарын білдіре 

отырып,  мәселені  бүге  -  шігесіне  дейін  талқылауға  жұмсайды  және  мәселені 

жан-жақты  қарастыруға  машықтанады.  Мұндай  топтарда  қатысушылар 

арасында неғұрлым сындарлы қарым-қатынас орнайды.  

Миға шабуыл әдістемелік тәсіл ретінде фактілік материалдармен жұмыс 

істегенде бар білімдерін белсендіру мақсатында қолданады. Бұл әдістің атауы 

басқару  жүйесінде  және  ғылыми  зерттеу  саласында  дүниеге  келді.  Ол 

экономикалық  басқару  қызметінде,  менеджментте  кеңінен  қолданылады. 

Мамандардың  күрделі  мәселенің  жауабын  іздеу  барысында  ойына  келген 

идеяларды, болжамдарды, жорамалдарды, кездейсоқ ұқсастықтарды (аналогия) 

қарқынды жеткізуі негізінде туындаған. Яғни, «миға шабуыл» әдісі – туындаған 

мәселені  шешу  үшін  аз  уақыт  ішінде  жеткілікті  ұсыныстар  жинау.  Миға 

шабуылдың  негізгі  ережесі  бойынша,  басқарушылар  және  бағынушылар 

болмайды,  қатысушылардың  тарапынан  айтылған  нәрселер  талқыға 

салынбайды,  сыналмайды,  керісінше  кез  келген  идеяларын  айтуға  мүмкіндік 

жасалады. Мұндай психологиялық бостандық өзін барынша емін- еркін ұстауға, 

ыңғайсыз  жағдайға  қалудан,  күлкілі,  ақымақ  боламын  деуден  қорықпауға 

мүмкіндік  береді.  Мұндай  жағдайда  небір  төтенше  идеялар  туады.  Әртүрлі 

мазмұндағы  идеялар  неғұрлым  көп  болса,  соғұрлым  мақсатқа  жақындау 

мүмкіндігі  мол  болады.  Қатысушылар  өз  ойларын  қысқа  және  жүйелі  түрде 

39 

 



жүктеу 0,53 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау