Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



жүктеу 0,53 Mb.
Pdf просмотр
бет12/17
Дата23.05.2018
өлшемі0,53 Mb.
#16655
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

түсінуді ғана емес, есте сақтау қабілетін де анықтайды.  

2. Тыңдалымның нәтижелі болуы тілдік хабардың көлемі және оны тыңдау 

уақытына  да  байланысты.  Мәтін  көлемі  оқушының  тілді  қаншалықты 

меңгеруіне  қатысты,  егер  мәтіннің  көлемі  үш  минуттан  артық  болмаса, 

оқушының оны қабылдап, қорытындылауына де жеңіл болады.  

Зерттеушілер сабақты мультимедиалық бағдарламасыз өткізуде оқушының 

тыңдалымдық  бірліктерін  дамытуда  мынадай  әдістерді  қолдануды  ұсынады: 

«оқытуды  ұйымдастырудың  (топтық,  ұжымдық)  әдісі,  ақпаратты  берудің 

аудиолық  әдісі,  көрнекілік  әдісі,  диалог  әдісі,  полилог,  т.б.  Бұл  кезеңдегі 

оқушыларға  тыңдалуға  ұсынылатын  мәтін  мультимедиалық  бағдарламадағы 

мәтінге  байланысты  таңдалып  алынады  және  ол  диалогтық  сипатта  болып, 

аудиотаспадан тыңдатылады. Бұл сол тілдік серіктестер топтарына (жұптарына) 

тыңдалған  мәтінді  түсініп-қабылдауға  байланысты  жұмыстар  түрлендіріліп 

берілді.  Жұмысты  оқушылар  топта  (жұпта)  өзара  ақылдаса,  ойласа  отырып 

орындады.  Жұмысты  бұлайша  орындау  арқылы  оқушылар,  біріншіден,  бір-

бірімен өзара әрекет етіп, коммуникативтік қарым-қатынасқа түседі; екіншіден, 

бірінің  білмегенін  бірі  толықтыра  отырып,  бір-бірінен  үйренеді;  үшіншіден, 

топтасып, ұйымдасып жұмыс жасауға дағдыланады. Топтағы (жұптағы) жұмыс 

барысында  берілген  мәтін  мазмұнын  талдау,  саралау,  жіктеу  негізінде  ойлау 

операциялары  орындалып,  нәтижесінде  мәтін  мазмұнын  түсініп-қабылдау 

жүзеге асырылады» [21] Осы пікірді негізге алып, ақпаратты берудің аудиолық 

әдісін қолданып, оқушыларға тыңдалған мәтін негізінде мынадай тапсырмалар 

орындатуға болады.  

1 мәтін. Тыңдаңыз.  

Ертеде бір данышпан құмырсқаның тілін біледі екен. Дән тасып жүргенін 

көріп, алақанына салып:  

–  


Кане, құмырсқа, дәнді қайда алып барасың ? – деп сұрайды.  

–  


Илеуіме апарамын.  

–  


Оны қайтесің?  

–  


Кейінге сақтаймын.  

–  


Көп жинайсың ба?  

–  


Жаздай жұмыс істеп, азығымды жинаймын да, қыста тынығып жатамын.  

Адам құмырсқаны айналдыра қарай бастайды.  

–  

Басың неге үлкен?  



–  

Аз сөйлеп, көп ойлаймын.  

–  

Белің неге қылдырықтай?  



–  

Қомағай емеспін.  

–  

Жылына қанша дән жейсің?  



–  

Бір дән жеймін.  

–  

Соған қанағат етесің бе?  



–  

Одан көп жей берсем, жер бетіндегі құмырсқалар аш қалмай ма? Қанағат 

керек қой.  

 

30 



 


1. 

Мәтінде адаммен ...... әңгімелеседі?  

А) ит.  


В) құрт.  

С) балық.  

D

) құмырсқа.  



 

2. 

Құмырсқа жаздай жұмыс істейді, ....... демалады.  

А) қыста.  

В) жазда.  

С) наурызда.  

D

) көктемде.  



 

3. Адам .... деген сұрақтар қойды?  

А) аузың неге үлкен?  

В) басың неге үлкен?  

С) көзің неге үлкен?  

D

) қолың неге үлкен?  



 

4. 

Құмырсқаның жауабы:  

А) аз сөйлеймін.  

В) көп сөйлеймін.  

С) көп ойнаймын.  

D) 

аз күлемін.  



 

5. Адам «... ..... ... » деп сұрады?  

А) жылына қанша дән жейсің?  

В) жылына қанша ет жейсің?  

С) жылына қанша бидай жейсің?  

D) 

жылына қанша шөп жейсің?  



 

6. 

Құмырсқаның жауабы:  

А) бір дән жеймін.  

В) мың дән жеймін.  

С) мың бір дән жеймін.  

D

) он бір дән жеймін.  



 

7. 

Адамның сұрағы:  

А) бір дән жете ме?  

В) мың дән жете ме?  

С) бір қап дән жете ме?  

D

) бір қап дән аз ба?  



 

8. 

Құмырсқаның жауабы:  

31 


 


А) қанағат жоқ.  

В) қанағатсызбын.  

С) қанағат керек емес.  

D

) қанағат керек қой.  



 

 

 



2 мәтін. Тыңдаңыз.  

Құмырсқаның  ақылдылығына  сүйсінген  Адам  оны  сынамақшы  болады. 

Қорапқа  бір  дән  салады  да,  құмырсқаны  оған  қоса  қамайды.  Сонан  соң  су 

тимейтін бір жайлы жерге орналастырады. Азықты қалай үнемдейтінін білгісі 

келеді.  Бір  жыл  өткен  соң,  қайта  оралады.  Құмырсқаның  өлі-тірісін  білмек 

болып, қорапты ашады. Тірі екен. Жалғыз дәннің жартысын ғана жепті. Мұның 

себебін сұрағанда:  

– 

Айтқаның  дұрыс,  мен  жылына  бір  дән  жеймін,  ол  рас.  Ал  сен  болсаң, 



мені  қорапқа  салып,  қамап  кеттің.  Сыртқа  шыға  алмаймын.  Мені  ұмытып 

кетсең, тағы бір жыл қорапта жатар едім. Бір дәнді түгел жесем, аштан өлетін 

едім.  Соны  ойлап,  қанағат  еттім,  -  дейді  құмырсқа.  Адам  құмырсқаның 

шыдамдылығына  риза  болып,  қиянат  жасағанын  түсініп,  босатып  жіберген 

екен.  

 

1. 

Адам құмырсқаның ..... сынамақшы болады.  

А) батырлығын.  

В) батылдығын.  

С) шыдамдылығын.  

D

) шыдамсыздығын.  



 

2. 

Адам құмырсқаны ..... дәнмен бірге қамап қояды.  

А) бір дәнмен.  

В) үш дәнмен.  

С) бес дәнмен.  

D

) екі дәнмен.  



 

3. 

Адам құмырсқаның ..... білгісі келеді.  

А) үнемшілдігін.  

В) үнемсіздігін.  

С) сараңдығын.  

D) 

ақылдылығын.  



 

4. 

Құмырсқа бір жылда дәннің қаншасын жейді?  

А) түгелін.  

В) бәрін.  

С) екеуін.  

32 

 



жүктеу 0,53 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау