Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



жүктеу 0,53 Mb.
Pdf просмотр
бет11/17
Дата23.05.2018
өлшемі0,53 Mb.
#16655
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17

коммуникацияда  орынды  қолдана  білу  нәтижесін  жетілдіреді.  Мұғалім 

оқушыларды  екі  немесе  бірнеше  топқа  бөліп,  әр  топтың  белгілі  бір  тілдік 

жағдаятқа дискурс жүргізуін ұйымдастырады. Екі оқушының өзара сұхбатына 

басқа  да  оқушылар  қатысып,  сұхбаттың  мазмұнды,  қызықты  әрі  көңілді 

ұйымдастырылуына  ат  салысады.  Сұхбатқа  қарсы  топтың  мүшелері  өздерінің 

сұрақтары  мен  ұсыныстарын,  тақырыпқа  қатысты  тың  деректерін  білдіре 

алады.  Сөйтіп  диалог,  полилогқа  айналуы  мүмкін.  Бұл  оқушылардың  сөйлеу 

мәдениетін  жетілдіріп,  тілді  меңгерудің  қиындығын  жеңілдетуге  көмектеседі. 

Оқушылардың  тілді  меңгеру  қабілеті  әртүрлі.  Сондықтан  мұғалім  жеке 

деңгейлік  тапсырмалар  әзірлейді.  Топтық  әрекетте  артта  қалмас  үшін  тілді 

жоғары  деңгейде  меңгерген  оқушылар  білімі  төмен  достарына  көмектеседі. 

Интерактивті  оқыту  технологиясы  тілді  меңгеруді  бірігіп  шешуді  үйретеді. 

Сонымен  қатар  оқушылардың  бір-бірімен  достық  қарым  -  қатынаста  болуын 

қамтамасыз  етеді.  Қазақ  тілін  интерактивті  оқыту  технологиясының 

дидактикалық, психологиялық талаптар негізінде ұйымдастырылуы мұғалімнің 

шеберлігіне байланысты.  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



27 

 



4

.2 Сөйлесім әрекетінің түрлерін меңгертудің интерактивті әдістері  

 

Интерактивті оқыту әдістері белгілі бір заңдылықтары мен ерекшеліктері 

бар  белсенді  оқу  түрі.  Интерактивті  оқыту  әдістерінің  негізінде  сабақ 

барысындағы  мұғалім  мен  оқушының  және  оқушылардың  өзара 

ынтымақтастықтағы әрекеті жүзеге асады. Оқушының жұптағы, ұжымдағы тіл 

үйрену іс-әрекетін ұйымдастыруда мұғалімнің рөлі ерекше. Мұғалім оқушысын 

пәнге  қызықтыра  отырып,  сабаққа  ынтасын  арттырып,  білім  дағдыларын, 

қазақша ойлау қабілетін дамытып отыруы қажет.  

Қазақ тілі сабағындағы интерактивті оқытудың басты тиімділігі мұғалімге 

оқу  үдерісін  түбегейлі  өзгертуге,  дидактикалық  мақсатты  шешуде  оқытудың 

белсенді  формаларын  қолдануға  мүмкіндік  береді.  Интерактивті  оқыту 

әдістерінің негізгі принциптері деп төмендегілерді көрсетуге болады:  

• 

Лексикалық  (оқу  терминдерін,  кәсіби  лексиканы,  шартты  түсініктерді 



мұқият таңдау);  

• 

Рөлдік  (оқушының  түрлі  рөлдерді  орындауға  қатысты  қызметін 



практикалық мысалдар арқылы жан-жақты талдау);  

• 

Көзбен  шолу  (оқушылардың  барлығын  көзбен  көре  отырып,  берілген 



тапсырмаларды орындауын қадағалап отыру);  

• 

Өзін-өзі  басқару  (әр  сабақта  оқушылардың  біреуі  жетекшілік  жасап, 



тапсырмалардың орындалуына бастамашыл болады);  

• 

Мультимедиалық  (сабақта  презентация,  слайдтар,  фильмдер,  роликтер, 



бейнеклиптер және тағы басқа техникалық құралдарды белсенді пайдалану);  

• 

Интерактивті тақтаның көмегімен оқу материалдарын көрсету;  



• 

Психологиялық  климаттың  болуы  (мұғалімнің  топтағы  белсенді  қарым-

қатынасты  тұрақты  түрде  қолдап  отыруы,  талқылау  кезінде  оқушылардың 

арасында жағымды әрекет туғызу).  



Айтылым – адамдардың бір-бірімен тілдесуі барысында өз ойын, пікірін 

жеткізуі. Сөйлем әрекетінің айтылым түрі қатысым әрекеті арқылы іске асады. 

Тіл үйрену сабағында ұжымдағы, жұптағы оқу іс-әрекетін қатысымдық негізде 

ұйымдастыруда  мұғалімнің  рөлі  зор.  Бұл  ретте  мұғалім  оқушының  жеке 

қабілетін,  мінез-құлқын  ескеру  керек.  Әр  оқушының  ойлау  қабілеті,  білімі, 

жылдамдығы,  ақпаратты  меңгеруі  бірдей  емес.  Бұл  туралы  профессор  Ф.Ш. 

Оразбаеваның  пайымдауы  мұғалімге  де,  оқушыға  да  пайдалы.  «Сөйлесуге 

үйретуде  мұғалімге  оқушының  жеке  басына  тән  өзіндік  қасиеттерін,  мінез-

құлқы  мен  қабілетін  үнемі  ескеріп  отыруға  тура  келеді.  Мұның  өзі  әр 

оқушымен  жеке-дара  жұмыс  істеуге,  әрқайсысымен  қарым-қатынаста  болуға 

мәжбүр  етеді.  Сөйлеуге  үйрету  –  айтылар  ойдың  түпкі  мақсатын  анықтап 

алумен  тығыз  байланысты,  өйткені  сөйлеу  кезінде  сөйлемдер  қалай  болса 

солай, бет алды айтыла берсе, ой жүйесіз, түсініксіз болады. Түсініксіз, жүйесіз 

айтылған  сөз  қарым-қатынас  тудырмайды.  Сондықтан  екінші  біреуге  арнап 

айтылған  ауызша  сөйлеу  оған  түсінікті  болу  үшін,  белгілі  бір  мақсатты 

қатысымдық  мақсат  деп  есептей  отырып,  тілдік  қарым-қатынастың  сапалы 

28 

 



орындалуына  себін  тигізетіндігін  ескерген  жөн»  [15].  Демек, оқушының  жеке 

қасиеттерін  ескере  отырып  жұмыс  істеу  өз  нәтижесін  бермек.  Айтылым 

оқушының  өз  ойын,  алған  ақпаратын  жүйелеп,  екінші  адаммен  ұғынысуға, 

қарым-қатынас  жасауға  үйрету  дедік.  Айтылым  әрекетін  жүзеге  асырудағы 

қолданылатын  интерактивті  әдістердің  барлығы  ұжымдық,  жұптық  әрекет 

арқылы  іске  асады.  Жұптық,  ұжымдық  әрекеттегі  қатысымдық  әдіс  арқылы 

тілдік  әрекеттің  барлық  түріне  жаттығады.  Айтылым  әрекетінде  қатысымдық 

ойындар,  түрлі  пікірталас,  тақырыпқа  сәйкес  жағдаяттық  тапсырмалар, 

проблемалық сұрақтар, топтағы полилогты, жұптағы диалогты ұйымдастыруға 

болады. Оқушылар осы тапсырмаларды бірлесе талқылап, орындау кезінде бір-

бірімен  қатысымдық  әрекетке  түседі.  Оқушы  ақпарат  алып  қана  қоймайды, 

практикалық  сөйлеуге  дағдыланады,  өз  ойын  түсінікті  жеткізуге,  қарсы 

сөйлеушінің  сұрағын,  пікірін  бірден  түсініп,  жылдам  жауап  беруге  үйренеді, 

сондай-ақ  оқушы  алғашқы  күннен  қазақша  ойлауға,  сөздікті  пайдаланбай  өз 

пікірін  жеткізуге,  басқа  да  көмекші  құралдардың  көмегінсіз  еркін  сөйлеуге 

үйренеді. Ұжымда бірлесіп жұмыс істеуге қалыптасады, мұнда ақпарат беруші 

де, алушы да білім алады.  

Сонымен  қатар  айтылымда  жеке  шығармашылық  жұмыс  түріне  де 

интерактивті тұрғыдан көңіл бөлінеді. Мәселен, жобалар жасау әдісі бойынша 

талқылауға  белгілі  бір  көлемді  тақырып  беріледі.  Оқушыларға  кітапханаға 

барып  қосымша  ақпарат  алуға,  тақырып  бойынша  бұқаралық  ақпарат 

құралдарынан  мақалалар,  суреттер  қарастырып,  алынған  мәліметтерін  топ 

болып  талқылап,  жоба  жасайды.  Бұл  әдісте  интерактивті  тақта,  компьютер 

арқылы түрлі слайдтар, бейнефильмдер, роликтер көрсетуге болады. Мұның өзі 

оқушыны  өз  бетінше  жұмыс  істеуге,  шығармашылық  тұрғыдан  ізденуге, 

берілген  тақырыптың  көлемінде  сөздік  қорының  молаюына,  өз  көзқарасын 

еркін жеткізуге машықтандырады.  

Тыңдалым  –  оқушыларды  есту  арқылы  қабылдаған  ақпаратты  түсініп, 

жинақтап,  соған  сәйкес  сөзінің  жауабын  айта  білуге  үйрететін  тілдік 

қатысымның  күрделі  түрі.  Тыңдалымда  оқушының  есту  дағдысы  ескеріледі. 

Әдіскерлер  тыңдалымды  меңгерудің  мынадай  қағидаларын  ұсынады: 

«Тыңдалымды  жете  меңгеру  оған  қатысты  мынадай  белгілерді  үйретумен 

байланысты:  

1.  Басқа  дыбыстардан  тілдік  дыбыс  толқынын,  олардың  ерекшеліктерін 

ажырата білу;  

2. Аудиолық тілдік тұлғалардың мағынасы мәнін дұрыс қабылдай білу;  

3. Мәтіннен қажетті деректі тауып, пайдалана білу;  

4.  Тыңдалымға қатысты  негізгі  көрсеткіштерді жан-жақты  меңгеру»  [15]. 

Тыңдалым  арқылы  оқушыға  сөздердің  дұрыс  айтылуын,  мәнерлеп  оқуды, 

грамматикалық  және  лексикалық  дағдысын  қалыптастыру  көзделеді. 

Оқушының  қазақ  тілін  тыңдалым  арқылы  қабылдап,  түсінуінің  нәтижелі 

болуын анықтайтын факторлар:  

1.  Тілдік  хабардың  қарқыны  тілдік  материалды  нақты  және  жылдам 

29 

 



жүктеу 0,53 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау