Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



жүктеу 0,53 Mb.
Pdf просмотр
бет13/17
Дата23.05.2018
өлшемі0,53 Mb.
#16655
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

D) 

жартысын.  

 

5. Құмырсқа неге дәнді түгел жемеді?  

А) Ол жалқау.  

В) Ол еңбекқор.  

С) Ештеңе ойламады.  

D

) Ол ертеңін ойлады.  



6. 

Құмырсқа ...  

А) шыдамды.  

В) шыдамсыз.  

С) ақылды.  

D

) сабырсыз.  



 

7. 

Құмырсқа ...  

А) бақытты.  

В) сабырлы.  

С) ақылсыз.  

D

) қанағатшыл.  



 

Бүгінгі  таңда  тыңдалым  әрекетіндегі  интерактивті  әдістердің  бірі  –

динамикалық мультимедиалық құралдарды қолдану, бұл сабақтың тиімділігін, 

ақпараттың  мазмұндылығын,  көрнекілігін,  есте  сақталуын  арттырады. 

Мультимедиалық  бағдарламаларды  пайдалану  арқылы  түрлі  иллюстрациялар, 

кесте,  сызбалар,  анимациялық  және  дыбыстық  сүйемелдеулер  оқушыға  тілдік 

материалдарды  қабылдауын,  түсінуін,  есте  сақтауын  жеңілдетуге,  танымдық 

белсенділігін  ынталандыруға  мүмкіндік  береді.  Әдіскерлер  тіл  үйрену 

барысында  мынадай  динамикалық  мультимедиалық  құралдардың  түрін 

қолдануға болатынын айтады:  

• 

Презентация  –  аудиовизуальдық  құралдарды  пайдалана  отырып 



ақпаратты көрнекті беру. Бұл компьютерлік анимация, графика, видео, музыка 

және дыбыстық құрылғылардың үйлесіп, бір ортаға ұйымдастырылуы.  

• 

Анимация – қозғалыстағы картиналар қатары.  



• 

Ойындар  –  белгілі  бір  дағды  мен  ептілікті  қалыптастыруға,  жағымды 

психологиялық климат туғызуға мүмкіндік береді.  

• 

Бейнефильмдер және бейнетаспалар (күйтабақ ойнатқыш) – қозғалыстағы 



бейнелерді  көрсету  арқылы  шынайы  қатысымдық  әрекетті  дамытады,  оқу 

материалының  қызықты,  проблемалы,  дәлелді  болуын  қамтамасыз  етеді  [17]. 

Бұл  технологиялық  құралдардың  мүмкіндіктері  көп,  олар  арқылы  оқытудың 

мотивациясы  мен  тиімділігін  дамытуға  көмектесетін  түрлі  жұмыстарды 

ұйымдастыруға  болады.  Қазақ  тілі  сабағындағы  тыңдалым  әрекетін  жүзеге 

асыру үшін динамикалық мультимедиалық құралдарды қолданудың негізгі үш 

түрін көрсетуге болады:  

1. Компакт дискідегі дайын бағдарламалық өнімдер;  

33 

 



2. Мұғалімнің тікелей өзінің дайындаған өнімдері;  

3. Ғаламтор желісі ресурстарын пайдалану.  

Материалдар  тез  қабылданып,  есте  сақаталатындай  бейнелі,  көрнекі  етіп 

беруге  мүмкіндік  туғызады  және  оқушыны  шаршатпауға  ықпал  етеді. 

Оқушының  тілді  тыңдау  арқылы  түсінуі  –  сөздің  дұрыс  айтылуына,  сөйлеу 

дағдыларын,  мәнерлеп  оқуды,  басқа  да  грамматикалық  және  лексикалық 

дағдыларды жетілдіруге септігін тигізеді. Тіл үйрету мақсатында динамикалық 

мультимедиалық  құралдарда  пайдалану  мынадай  дидактикалық  міндетті 

шешуге көмектеседі:  

1.  Түрлі  ақпараттың  бір  нысанда  (мәтін,  дыбыс,  видео)  ықпалдасуын 

қамтамасыз ету;  

2. 


Тұрақты мотивацияны қалыптастыру;  

3. 


Оқушының ойлау қабілетін белсенді ету;  

4. Селқос оқушыларды жұмыс істеуге ынталандыру;  

5. Сабақтың көрнекілігін арттыру;  

6. Оқу үрдісін жаңа, қолжетімді материалдармен қамтамасыз ету;  

7. Оқушыны оқу материалдарымен өз бетінше жұмыс істеуге үйрету;  

8. Лезде кері байланыс әрекетін қамтамасыз ету;  

9. Оқу үдерісінің қарқындылығын күшейту;  

Тыңдалым  сөйлеу  әрекетінің  оқылым  әрекетімен  де  байланысты. 

Тыңдалым мен оқылым әрекеттері ақпартты қабылдау мен мағынасын түсінуге 

негізделеді.  



Оқылым оқушының тілдік қатысым дағдысын жетілдіруде маңызды рөл 

атақарады.  Бұл  жайында:  «Оқылым,  біріншіден,  ой  мен  мидың  жұмысына 

байланысты  болса,  екіншіден,  жазылған  графикалық  таңбалардың  тізбегін 

танып  білуге  қатысты.  Үшіншіден,  мұнда  осы  таңбалардың  ішкі  мән-

мағынасын  дұрыс  түсінудің  рөлі  зор.  Осындай  ерекшеліктер  іске  асқан 

жағдайда  ғана  оқылған  материалдан  керек  ақпараттар  жинақталып  алынып, 

оқушының  қажетіне  жарайды»,  -  делінген  [15].  Оқушы  оқылым  арқылы жаңа 

сөздерді  меңгереді,  сөздердің  дыбысталуына  назар  аударады.  Сөз  бен 

сөйлемнің  мағынасын  түсінуге,  сөзді  дұрыс  қолдана  білуге  машықтанады. 

Оқылымның  екі  түрлі  формада  жүзеге  асатынын  әдіскерлер  былай 

тұжырымдайды:  «Іштей  оқу  –  оқылымның  негізгі  формасы,  ол  монологтық 

сипатта болып, көбінесе бір адамға қатысты болады, екіншіден, іштей оқығанда 

адам  мәтіннен  ақпартты  өзі  үшін  алады,  ол  ақпартты  алудың  ең  тиімді  жолы 

болып табылады. Дауыстап оқу – материалды қатты, мәнерлеп, барлық сөйлеу 

аппаратын іске қосып, айналасындағы адамдарға естіртіп, үнмен оқу. Дауыстап 

оқу  белгілі  бір  хабарды  екінші  адамға  жеткізгісі  келгенде  орындалады. 

Дауыстап оқу дыбыстарды дұрыс айтуға, сөйлеу мәнерін жетілдіруге, оқығанды 

есте сақтауға негіз бола отырып, іштей оқуға үйрететін алғашқы қадам болып 

табылады»  [15].  Оқылымның  негізі  –  мәтін.  Оқылымды  меңгеру  лексикалық 

түрлі  жаттығулар  арқылы  жүзеге  асады.  Біздің  тәжірибемізде  бұл  мәтінге 

дейінгі  жаттығулар,  мәтінмен  жұмыс,  мәтіннен  кейінгі  жаттығулар  деп 

34 


 


бөлінеді.  

Мәтінге  дейінгі  жаттығулардың  басты  мақсаты  мәтіннің  лексикалық 

қиындықтарын азайту. Оқушы мәтінмен жұмыс істеуде белгілі бір қатысымдық 

міндеттерді  шешу  үшін  тілдік  материалға  сүйене  отырып,  тілдік  бірліктерді 

жүйелі  қолдана  білуге  үйренеді.  Мәтінге  дейінгі  жаттығулар  интерактивті 

әдістердің  топтық,  жұптық  жұмыс  түрі  арқылы  тақтамен,  таратпа 

материалдармен, мәтіннің үзінділерімен жұмыс істеу арқылы іске асады. Оның 

мақсаты  мәтіннің  мазмұнын  түсіндірудегі  тілдік  қиындықтарды  шешу,  жеке 

сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын талдау, тілдік түсінікті қалыптастыру. 

Мәтінге дейінгі интерактивті әдістерді қолдану мәтінді тікелей оқуға дейін, оны 

тыңдап  қабылдауын  және  түсінуін,  ойлау  дағдысын  белсендіреді.  Оқушылар 

үшін  оқылатын  мәтіннің  мазмұнын  алдын  ала  түсінуге  мүмкіндік  туады.  Бұл 

кезеңде  «Ассоциация»,  «Мәтіннің  ықтимал  атаулары»,  «Ықтимал  сөйлемдер» 

сияқты интерактивті тәсілдер қолданылады.  

«Ассоциация». Берілген түсінікке (мәтіннен кілт сөздер) байланысты оған 

сәйкес келетін 2-3 сөз тауып жазу керек. Оқушылар өздерінің сәйкес сөздерін 

дәптеріне жазып, әрқайсысы дауыстап оқиды. Мұғалім қайталанбаған сөздерді 

тақтаға  жазып,  топтағы  оқушылар  мәтін  мазмұнын  ашуға  сәйкес  келетін 

сөздерді таңдайды. 

«Мәтіннің ықтимал атаулары» -оқушылар жұпқа бөлініп, 

мәтіннің мазмұны не жайында екенін болжап, талқылайды. Әр жұп кезектесіп, 

өз  сөйлемдерін  дауыстап  оқиды.  Мәтін  берілген  соң,  айтылған  ықтимал 

сөйлемдер  мәтіннің  нақты  атымен  салыстырылады. 



«Ықтимал  сөйлемдер». 

Мұғалім оқушыға мәтіннен бірнеше кілт сөздер беріп, 20-30 секундта бірнеше 

сөз тіркестері, сөйлем құрастыруды тапсырады. Әрбір оқушы өзі құрастырған 

сөз  тіркестері  мен  сөйлемдерін  оқиды.  Мәтін  оқылған  соң,  қайсысы  мәтін 

мазмұнына сәйкес екендігі түсіндіріледі.  

Мәтінмен  жұмыс  кезінде  интерактивті  әдістерді  қолдану  семантикалық 

байланыс  түрін  табу  (антоним,  синоним  т.б.),  зат  есім  мен  сын  есімнің 

тіркесімін  екі  бағанадан  табу,  сөйлемді  (фразаны)  аяқтау,  кілт  сөздерді  табу, 

мәтінге  жоспар  құру,  мәтінді  бірге  талдау,  салыстыру  жасау  сияқты  жұмыс 

түрлері  оқушының  сөздік  қорының  молайып,  қазақша  жетік  сөйлеуін 

қалыптастырады,  мәтіннің  лексика-семантикалық  негізін,  мазмұнын  түсінуге 

мүмкіндік береді.  



Мәтіннен  кейінгі  жұмыс.  Мәтін  оқылған  соң,  оқушының  мәтіннің 

мазмұнын  түсінгенін  бақылау  мақсатында  мынадай  интерактивті  тәсілдер 

орындалады:  сұрақ-жауап  жаттығулары,  дифференциалды  мазмұндау,  мәтінге 

жағдаят құру, мәтінге ұқсас әңгіме құру, диалог құру, мәтін мазмұнын кеңейтіп 

және жалғастырып әңгімелеу. Оқылған мәтін жаңа мәтін құруға негіз болады. 

Көркем  шығарма  мәтіні  бойынша  хабарлау  мәтіні,  суреттеу  мәтіні,  талқылау 

мәтінін  құруға  болады. 

«Интервью»  жұптағы  сұқбаттасушы  берілген 

сұрақтарға  байланысты  бір-бірімен  ақпарат  алмасады,  содан  кейін  кезектесіп 

алмасқан ақпарттарын басқа қатысушыларға айтып береді. 

«Қисынды тізбек». 

Әр  оқушыға  сөз,  сөз  тіркесі  жазылған  қағаз  таратылады. Мұғалім  таратылған 

35 

 



жүктеу 0,53 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау