Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



жүктеу 0,53 Mb.
Pdf просмотр
бет10/17
Дата23.05.2018
өлшемі0,53 Mb.
#16655
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17

отырып, мынандай жағдайларға көңіл бөліңіз: оқушылардың топтық жұмысты 

орындауға  білімі  мен  іскерліктерінің  жететіндігіне  көз  жеткізіңіз.  Өз 

нұсқауларыңызды  мейлінше  анық  жасаңыз.  Оларды  тақтаға  немесе 

карточкаларға  жазып  қойыңыз.  Тапсырманы  орындауға  жеткілікті  уақыт 

беріңіз.  Тапсырманы  басқа  топтардан  бұрын  аяқтаған  топтың  немен 

айналысатынын  да алдын  ала ойластырыңыз.  Сіздің  бағалау  және  марапаттау 

тәсілдеріңіздің  топтық  жұмысты  қолдануға  қалай  әсер  ететінін  де  ойлаңыз. 

Топтың  күшімен  жеткен  жетістікті  топтық  марапаттаумен  қамтамасыз  етіңіз. 

Топішілік  басқару  мәселесін  де  назардан  тыс  қалдырмаңыз.  Егер  бір  оқушы 

топтың жұмысы туралы есеп берсе, әділ шешім жасаңыз. Топтың әр мүшесінің 

бір-бірінің  құқығын  қалай  сыйлайтынына  көңіл  бөлуге  тырысыңыз.  Бірігіп 

әрекет  етуге  тән  жұмыс  барысындағы  шуларға  дайын  болыңыз.  Шағын 

топтардағы жұмыстарға тапсырма дайындау барысында әр топтан күтілетін оқу 

нәтижесін ойластырыңыз.  

1. 

Оқушыларды  тапсырма  түрімен  олар  топқа  бөлінбей  тұрып 



таныстырыңыз.  

2. 


Тапсырманың түсінікті екендігін оқушылармен бірге талқылаңыз.  

3. 


Топта жұмыс істеу ережесін естеріне түсіріңіз.  

Интерактивіті оқыту әдістері мынандай мүмкіндіктер туғызады (1-сурет):  



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-

сурет – Интерактивті оқыту әдістерінің мүмкіндіктері  



Интерактивті оқыту 

әдістерінің 

мүмкіндіктері 

Шығарма-


шылық пен 

қиял 


Білімнің 

беріктігі 

Коммуни-

кативтілік 

Сөз 

бостандығы 



Белсенді 

өмірлік 


ұстаным 

Командалық 

рух 

24 


 


Интерактивті әдістер жетістікке жетудің сенімді тәсілі болып саналады.  

Оқушылардың  табысқа  жетуіне  жағдай  жасау.  Интерактивті  оқыту  – 

танымдық  әрекетті  ұйымдастырудың  арнайы  формасы.  Ол  нақты  және 

болжанған  мақсаттарды  көздейді.  Осындай  мақсаттардың  бірі  –  оқушы  өзінің 

табыстылығын,  ой-өресінің  қаншалықты  биіктігін  сезіне  алатындай,  оқуға 

жайлы  жағдай  жасау.  Интерактивті  оқытудың  мәнісі  –  оқу  үдерісін  барлық 

оқушыларды  практикалық  тұрғыда  таным  үдерісіне  жұмылдыратындай  етіп 

ұйымдастыруда.  Оқушылардың  таным  үдерісінде  бірлесе  әрекет  етуі,  оқу 

материалын  меңгеруі  бұл  үдеріске  әрқайсысының  өзіндік  жеке  дара  үлесін 

қосатындығын,  білімдерімен,  идеяларымен,  әрекет  тәсілдерімен  бөлісетіндігін 

білдіреді.  Бұл  оқушылардың  жаңа  білім  алып  қана  қоймай,  танымдық 

әрекеттерін дамытуға мүмкіндік туғызатындай бір-біріне тілектестік, бірін-бірі 

өзара  қолдау  жағдайында  өтеді  және  бірлесу  мен  ынтымақтастықтың  аса 

жоғары формасына айналады.  

Қуаныш және оған бөлену сәтін күту оқушының өмірі мен оның әрекетінде 

үнемі  орын  алуы  тиіс.  Тіпті  ересек  адамдар  үшін  де  қуанышты  сәтті  күту  – 

оның  ісінің  алға  жылжуының  қайнар  көзі  болып  табылады.  Қуанышқа  адам 

табысқа қол жеткізгенде бөленеді және ол адамды қанаттандырады. «Дефицит 

радости  познания  порожден  дефицитом  радости  преподавания»  [20]. 

Сондықтан  мұғалім  әрекетінің  мәні  –  әр  тәрбиеленушінің  табысқа  жетуіне 

жағдай жасау. Олардың әрқайсысының өз табысына қуануына, өз мүмкіндігін 

сезінуіне,  өзіне  сенуіне  мүмкіндік  жасауы  керек.  Баланың  табысқа  жету 

жолындағы  бір  сәттік  күйзелісі  оның  психологииялық  көңіл  күйін  түп  - 

тамырымен  өзгертуі де,  тұлғаның  болашақ іс-әрекетінің,  қиындықтарға  қарсы 

күш қуатының, оқуға деген құштарлығының артуының қозғаушы тетігі болуы 

да мүмкін. Оқушылардың табысқа жетуінің шарттары:  

1) Айналасындағылардың тілектестігі: оқушылардың жайғасуы, бір - біріне 

күлімдеп,  достық  қатынаста  болуы,  тапсырманың  орындалуы  мен  күтілетін 

нәтижеге деген қызығушылық – осының бәрі психологиялық қыспақты жойып, 

сәтсіздік  қорқынышын  азайтып,  субьектінің  белсенділігін  арттырады. 

Субьектінің белсенділігін «Бұл бізге өте қажет, өйткені...», «Бұл сен үшін өте 

маңызды,  өйткені  ...»  деген  сөздермен  арттырып  отыру  керек.  Оқушы 

әрекетінің  маңыздылығын  баса  айту  тұлғаның  өзіндік  мәнін  арттырып,  өз 

күшіне деген сенімін туғызады.  

2) Қорқынышты сейілту – бұл табысқа жетуді көздейтін және сәтсіздіктен 

қорқатын әрбір оқушы үшін ең қажетті әрекет. Сондықтан педагог «Бұл онша 

қиын  емес  ...  Тіпті  жүзеге  аспаса  да  ештеңе  етпейді,  біз  басқа  тәсілдерді 

іздейміз  ...»  немесе  «Біз  бәріміз  саған  көмектесеміз»  дегенді  айтып  отыруы 

керек.  


3)  «Жасырын  нұсқау»  –  бұл  әрекет  етудің  басқаша  түрі,  яғни  адамға 

бүркеме  көмек  көрсету.  Мұнда  оқушы  толықтай  өзінің  ресурстарына  сүйене 

отырып,  ешқандай  көмексіз  жұмыс  істеуге  үйренуі  тиіс.  Тәжірибесі,  икемі 

болмағандықтан алғашында істей алмауы да мүмкін. Педагог мұндай жағдайда: 

25 

 



«Есіңде  ме,  әрине,  мынадан  бастау  керек...»,  «Мына  жағынан  кіріскен 

ыңғайлы...» немесе «Мұнде ең бастысы... » деген сөздермен қолдау көрсетеді. 

Жасырын  нұсқау  оқушы  санасына  елес  береді,  ол  өз  әрекетінің  барысына 

қажетті картинаны көреді.  Аталмыш елес субьектінің өзіндік қадам жасауына 

негіз болады.  

4)  Достық  жағымды  берік  қатынас  –  бұл  адамның  әлі  ашылмаған  жақсы 

жақтарының  айналасындағылар  арқылы  ашылуына  негіз  болады.  Мысалы; 

«Сендей ақылды (күшті) адамның қолынан бәрі келеді» деген сияқты сөздермен 

қасындағылардың демеу көрсетуі.  

5) «Жеке ерекшелік»: бұл операция «Тек сенің ғана қолыңнан келеді...., біз 

саған  ғана  үлкен  сенім  артамыз»  деген  сөздер  арқылы  субьектінің 

жауапкершілігін арттырып, тез әрекет етуіне ықпал етеді.  

6) Педагогикалық иландыру - тәрбиеленушіні сендіру, нандыру тәсілі. Бұл 

көп жағдайда бүтіндей педагогикалық шеберлікке байланысты.  

7) Педагогикалық операция жүйесі бала әрекетінің нәтижесін бағалаумен 

аяқталады.  Ол  баланың  жеткен  табысына  қаншалықты қуанғанын  анықтайды. 

Бағалау тұтастай емес, нақты болуы керек. «Маған көбірек ұнағаны, сенің...», 

«Әсіресе  саған  орайы  келгені...»,  «Мына  көрініс  таңқалдырды...»  деген 

мадақтаулар арқылы әр оқушының жетістігін жеке дара бағалаған дұрыс.  

Білім берудің инновациялық технологиялары мұғалімнен терең теориялық, 

психологиялық,  әдістемелік  білімді,  педагогикалық  шеберлікті,  оқушылардың 

жан  дүниесіне  терең  үңіліп,  оны  ұғына  білуді  талап  етеді.  Инновациялық 

технологиялар  оқытудың  интерактивті  әдістерін  ұтымды  қолданумен 

байланысты.  

Оқушылар  белгілі  тақырыпта  сұхбаттаса  отырып,  нәтижесінде  сыни 

ойлауды,  тиісті  ақпарат  пен  белгілі  жағдайды  талдау  негізінде  күрделі 

мәселелерді  шешуді,  балама  көзқарастарды  салыстыруды,  ақылды  шешім 

қабылдауды,  пікірсайысқа  қатысуды,  кез  келген  тілдік  ортада  интерактивті 

қатысым  жасауды  үйренеді.  Интерактивті  оқыту  технологиясы  орыс 

мектептерінде  қазақ  тілін  оқытуда  коммуникативтік-танымдық  құзіреттілігін 

дамыту бағытын ұсынады. Қазақ тілін интерактивті оқыту субъектілерінің бір-

бірімен  ынтымақтастық  қарым-қатынаста,  бір  бағытта  бірлесе  отырып  өнімді 

еңбектенуі,  эмоционалдық  және  рухани  құндылықтарының  үндесуі  негізінде 

сипатталады.  Тіл  үйретудің дәстүрлі әдістерімен  салыстырғанда,  интерактивті 

оқыту технологиясында мұғалім мен оқушы арасындағы оқу әрекеті кезектесіп 

ұйымдастырылады:  мұғалім  белсенділігі  қазақ  тілін  үйренуші  оқушының 

белсенділігіне  орын  береді.  Мұғалім  тарапынан  ұсынылатын  деңгейлік 

тапсырмалар олардың бастамасы үшін жағдай жасаушы болады.  

Тіл үйрету сабақтарында интерактивті қатысым жасауға бағытталған жеке, 

жұптық және топтық жұмыс түрлері ұйымдастырылады, интерактивті ойындар 

қолданылады,  түрлі  ақпараттармен  шығармашылық  жұмыс  жасайды. 

Интерактивті  оқыту  технологиясы  мұғалімнің  жоспарлы  ұйымдасқан 

жетекшілігі арқылы тіл үйренушілердің тілдік бірліктерді меңгеріп, оны тілдік 

26 


 


жүктеу 0,53 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау