12
құндылықтары мен нормаларына сәйкес құрылуы тиіс.
Үздіксіздік принципі – тұлғаны тіршілік әрекетінің барлық кезеңінде жан-
жақты дамыту, оның күші мен қабілетін, кәсіби және жалпымәдени өсуін
барынша толық жүзеге асыруда шығармашылық әлеуеті мен мүмкіндіктерін
байыту.
Табиғисәйкестілік принципі – табиғат дамуының ортақ заңдарының
басымдығы; табиғи және әлеуметтік процестердің өзара байланысы; тәрбие
жұмысында білім алушылардың жынысы мен жас ерекшеліктерін ескеру.
Тұтастық принципі оқу және оқудан тыс қызметтердің кіріктірілуімен
қамтамасыз етіледі: оқу қызметі когнитивті құрамдасты қалыптастырады;
сабақтан тыс қызметте эмоционалды-құндылықты мінез-құлық компоненті
дамиды.
Этникалық принцип – тәрбиені ұлттық сана қалыптастыруға бағытталған
ұлттық мазмұнмен толтыру, барлық азаматтар үшін ана тілінде білім алу және
қарым-қатынас жасау үшін, дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды, рәсімдерді зерттеуге
жағдай жасау.
Тәрбие жұмысының басым бағыттары
Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар тұтас педагогикалық
процестің өзегі бола отыра, тәрбие жұмысының барлық бағыттары арқылы
өтеді.
1.
Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие
2
. Рухани-адамгершілік тәрбие
3
. Ұлттық тәрбие
4.
Отбасы тәрбиесі
5.
Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
6.
Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие
7.
Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі
8.
Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты
Тәрбиенің мақсаттары мен тәрбие жұмысының міндеттері білім беру
процесінде, сабақтан тыс және бос уақытта іске асырылады.
Тәрбие жұмысын іске асыру тиімділігінің өлшеуіші ретінде тұлғаның
қоршаған әлемге, қандай да бір құндылықтарға және қоғамдық құбылыстарға
қарым-қатынастардан байқалатын критерийлер ұсынылды.
Бірінші бағыт – Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие,
құқықтық тәрбие
Мақсаты:
Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және
патриотты; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
мәдениетін; балалар мен жастардың құқықтық санасын, оларда балалар мен
жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын
қалыптастыру.
Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы):
13
-
Отанға, мемлекеттік құрылысқа, мемлекеттік саясатқа, мемлекеттік
идеологияға;
-
ҚР Конституциясы мен заңнамасына, мемлекеттік рәміздерге (елтаңба,
әнұран, ту), құқықтық тәртіпке;
-
елдегі ұлтаралық және конфессияаралық келісімге, халықтар достығына;
-
өз елінің экономикалық және әлеуметтік-мәдени даму саласындағы
жетістіктеріне;
-
басқа адамның құндылықтарына, құқықтары мен бостандығына;
-
өз өлкесінің (ауыл, қала, шағын аудан) табиғатына, мәдени-тарихи
өміріне;
-
құқықтық білімге, заңдылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүріс-
тұрысына;
-
заң талаптарына, құқықтары мен міндеттеріне;
-
әлеуметтік құндылықтарға құрметпен қарау, мақтаныш сезім және
жауапкершілік таныту.
Іске асыру механизмдері
Сабақтар, оқу пәндері, сабақтан тыс іс-әрекеттер, қосымша білім беру. АРБ
бағдарламасы аясында ерлік, намыс және абырой, Отанға адал қызмет ету
тағылымдарын өткізу. Дебат және пікірталас клубтарын ұйымдастыру.
Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікке үндеген патриоттық форумдар,
акциялар. Оқушылардың мемлекеттілік нышандарын және Қазақстан
Республикасының мемлекеттік рәміздерін білуге арналған байқаулар мен
олимпиадалар. Қазақ халқының, Қазақстанда тұратын басқа да этностардың
мәдени мұрасын, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын зерттеу бойынша өлкетану
экспедициялары. Мемлекет, әдебиет, өнер, ғылым қайраткерлерімен, соғыс
және еңбек ардагерлерімен, қоғам қайраткерлерімен, құқық қорғау, әділет
органдары, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
органдары қызметкерлерімен кездесулер. Балалардың және жастардың
бастамашыл жобаларын дамыту. Балалар және жастар қозғалысы қызметін;
қоғамдық қорлармен бірлескен қызметті жандандыру; әңгімелер, дәрістер,
семинарлар, тренингтер; саяхаттар; ақпараттық-құқықтық материалдар тарату;
«
сенім қызметтерін», «Мен және заң», «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз –
қоғам мүддесіне деген опасыздыққа қарсымыз» акциясын ұйымдастыру арқылы
жүзеге асырылады.
Екінші бағыт – Рухани-адамгершілік тәрбие
Мақсаты:
Тұлғаның
қазақстандық
қоғам
өмірінің
жалпыадамзаттық
құндылықтарымен, нормаларымен және дәстүрлерімен келісілген рухани-
адамгершілік және этикалық ұстанымдарын, моральдық қасиеттерін және
көзқарастарын қалыптастыру.
Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы):
-
мораль мен этиканың көпшілік мақұлдаған нормаларына;
-
өзінің қасиетіне, арына және парызына;
-
ішкі бостандығына және адамгершілік шешім қабылдауына;