154
ежелден ортақ мүдде деп түсiнiлген. Біздiң болашағымыз артта өсiп келе жатқан жас
жеткіншектер мен жасөспiрiмдер. Баламен тiл табысып, оның бойына бiлiм ұрығын себетiн
басты тұлға – тәрбиеші. Қазіргі кезде білім беру ісінде, жеке тұлғаны жан-жақты жетілдіріп,
танымдық іс-әрекеті мен ой-санасын дамытып, қалыптастыру барысында білім берудің
ұлттық, педагогикалық, психологиялық негізін айқындау керек. Елімізде болып жатқан
әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени өзгерістерге байланысты оқу-тәрбие процесін
ұлттық сипатта ұйымдастыру – өмір талабы.
Әр халықтың ұлттық-тарихи, салт-дәстүрі, оның азаматтық білім берудегі мәдениеті
мен дидактикалық білімі осы оқу-тәрбие процесіне тікелей байланысты. Сондықтан біздің
көтеріп отырған мәселесіміз біріншіден – ұлт, екіншіден – тәрбие мәселесі.
Ендеше Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың: «Қазақтың сана-сезiмi өткендегi, қазiргi және
болашақтағы тарихтың толқынында өзiнiң ұлттық «Мен» дегiзерлiк қасиетiн түсiнуге
тұңғыш рет ендi ғана мүмкiндiк алып отыр. Бiрақ бұл мүмкiндiк қана: ол шындыққа, тек
қазақтардың ғана емес, барлық қазақстандықтардың жаппай санасына орныққан фактiге
айналуы қажет», - деп жазуында өмiрлiк мәнi бар шындық жатыр» [2].
Ұлттық «менді» қалыптастырудың жолдары мен әдіс-тәсілдері сан алуан екендігі
белгілі. Соның ішінде жетекші орынды тәрбие алатынына ешкім күмән тудырмайды. Себебі,
тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі
қасиеттерін жеке тұлғаның бойына сіңіру, оның қоршаған ортаға қарым-қатынасын,
дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сәйкес мінез-құлқын қалыптастыру
болып табылып, дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті,
парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да ізгі қасиеттер қалыптасқан
адамды тәрбиелеу мақсатын көздейді.
Қазіргі балабақшада ұлттық тәрбие беру мәселесі өз шешімін таппаса, білім беру
саласында жүргізіліп жатқан реформалар түпкі нәтижеге қол жеткізуі мүмкін емес. Ол үшін
ұлттық тәрбие беру барысында басшылыққа алынатын талаптарды анықтап алудың да
маңызы зор:
- біріншіден, ұлттық тәрбие бір ұлттың мұратын ұлықтаумен қоса, басқа ұлттардың
тарихын, дәстүрiн, этникалық ерекшеліктерін есепке ала отырып, оларға қуат беретiн
факторға айналуын қамтамасыз ету қажет;
- екіншіден, ұлттық тәрбие үздіксіз болу керек. Елдiң iшiндегi, жер-жаhандағы нақты
ахуалға байланысты оның көздегенi өзгерiп, нақтыланып отыратыны айтпаса да түсiнiктi
жайт. Уақыт өткен сайын ұлт мұратындағы осынау айырмашылық ұлғаймаса, қабыспайтыны
ақиқат.
Қ.Бөлеевтің пікірінше: «Ұлттық тәрбие терминiн ендiру педагогика ғылымында өз
шешiмiн тапқан жоқ. Ол этнопедагогика ғылымында ендiрiлуi тиiс. Өйткенi этнопедагогика
– ұлттық тәлiм-тәрбиенi жинақтайтын, оны қорытындылап, жүйелейтiн теориясымен
сипатталатын ғылым саласы [3].
Ұлттық тәрбие – жеке тұлғаның ұлттық сана-сезiмi мен мiнез-құлқының, ана тiлiн, ата
тарихын, төл мәдениетiн және ұлттық салт-дәстүрiн меңгеруi негiзiнде қалыптасқан
этнопедагогиканың саласы.
Ұлттық тәлiм-тәрбиенi балабақшаның оқу-тәрбие жұмыстарында жүзеге асырудың
тиiмдiлiгi – бiлiктi тәрбиешiлердi даярлау және қайта даярлау мен жетiлдiру жұмыстарына
арналған арнайы бағдарламалар мен нақты шараларды қолға алу арқылы іске асырылады.
Ұлттық тәрбие, ұлттық салт-дәстүр – болашақ қоғамымыздың құрылысшыларын
дайындайтын дарынды, парасатты, жоғары мәдениеттi, жан-жақты дамыған жеке тұлғаларды
қалыптастырудың негiзi болуы шарт. Ұлттық тәрбиенiң тәлiмдiк негiздерi Адам атадан
бастау алып, бүкiл өмiрi – өлеңге, өлеңi – өмiрге айналған жыраулар арқылы жалғасын
тауып, ұрпақтан-ұрпаққа жетiп отырды.
К.Ж.Қожахметова ұлттық тәрбиені этникалық тәрбиеге қарағанда кең ұғым деп
қарастыра отырып, мынадай анықтама береді: ұлттық тәрбие – жалпы халықтықты ұлттық
155
сипаттармен біріктіре алатын ұлттың азаматтарын, мүшелерін қалыптастыру: олар тілді,
мәдениетті білумен қатар қазіргі заманға сай білімді де игеруі қажет [4].
Әр халықтың тәлiм-тәрбиелiк мұрасының түпнамасы – оның ұлттық құндылықтармен
мың ғасырлық байланыстығының тұтастығында екенi анық. Халық педагогикасындағы
ұрпақтың жан-жақты дамып-өсуiне, таным кеңiстiгiнiң ұлғаюына зор ықпал жасап келгенiн
педагогика ғылымы жоққа шығармайды.
Қазақ халқы елін, жерін, оның табиғи, мәдени байлығын, өнері мен тілін, тарихын,
салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын сақтап, қорғап, рухани-адамгершілік тағылымдарын ұрпағына
мұра етіп қалдырған. Қазіргі кезде балабақшаның тұтас педагогикалық процесінде халық
педагогикасын пайдалану бойынша мол тәжірибе қалыптасқан.
Негізгі мақсат – жас ұрпаққа қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-санасын, ұлттық
өнерін, дәстүрлерін меңгерте отырып, оларды оқушылардың бойына дарыту, ұлттық мінез-
құлық, қадір-қасиетін қалыптастыру. Өйткені еліміз үшін жас ұрпақтың өнерлі, іскер,
жігерлі, намысты өсуі айрықша маңызды болып табылады.
Халықтық педагогика мыңдаған жылдар бұрын пайда болып, қазіргі кезеңнің өзінде
педагогика
ғылымының
басты
мәселелерінің
бірі
болып
табылады.
Халық
педагогикасындағы озық идеялар қай халықтың болсын тіршілік тынысымен, ұлттық тәрбие
дәстүрімен тығыз байланысты туып, өсіп-өркендеп, дамып және ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып
жетіп отырған. Бірде-бір адамзат қоғамы өзінен бұрынғы аға буынның ақыл-ойын, тәрбиелік
тәжірибесін пайдаланбай өмір сүрген емес.
Ғасырлар бойы әдет-ғұрып дәстүрге айналып, ұрпаққа ақыл-сана беретін, атадан-
балаға тұрмыс-тіршілігіне өнеге болып, ауызша жалғасып келе жатқан қазақтың қанына
сіңген тәрбиелік қағидасын халықтық педагогика дейміз. Халықтық педагогика жас ұрпаққа
өмір тәжірибесінен халықтың сенім, наным-танымынан жинақтап, әдеп пен өнеге беру үшін
атадан-балаға ауызша жалғасып келе жатқан қағида, оны жасаушы – халық.
Қазақ халқының тәлімдік мәні зор ой-толғаныстары бесік жыры мен батырлық
эпостарда, ертегілер мен мақал-мәтелдерде, аңыздарда, шешендік сөздер мен айтыс
термелерде көптеп кездеседі. Мұндағы ұрпақ тәрбиесінің негізгі түйіні – адамгершілік-
имандылық, ақыл-ой, еңбек, эстетика, дене, отбасы тәрбиесіне байланысты мәселелерге
келіп тіреледі.
Халық қалыптастырған әдеп (этика, этника) ұлттық қолданысқа айналады да ол дәстүр
болып қалыптасады. Яғни, әдеп халықтың мәдени ерекшелігі болып, өмір қолданысына
заңды түрде енеді де, оның орындалмауы заңсыздық, өмірге керіағар болып көрінеді. Ондай
заңдылықты бұзу – кінә, айып, қылмыс ретінде танылады. Сөйтіп дәстүр салтқа (заңға,
заңдылыққа) айналады. Оны салт-дәстүр дейміз.
Салт- дәстүрлердің ұлттық санаға айналған биігі – салт-сана деп аталып. Дәстүр, салт-
дәстүр, салт-сана ұлттық болмыстың мәдени сәулеті болады. Яғни, ұлттық салт- санасы сол
ұлттық мәдениетінің биіктік деңгейін көрсетеді.
Халық мұрасының танымдық мәні – ұлан-ғайыр дүние. Ол тұтастай алғанда жас ұрпақ
үшін ғана емес, адам өмірінің барлық кезеңінде мәнді, адамзаттың рухани-эстетикалық
қуатының қайнары. Оның ішінде тікелей бала тәрбиесіне байланысты, баланың жан-
дүниесінің қалыптасуына негіз болатын дәстүрлер көп-ақ.
Халық өз бойындағы ең жақсы қасиеттерін жеткіншек ұрпаққа күнделікті тұрмыста
үйретіп, бала бойына сіңіріп отырған. Халықтың тілін, салтын, дәстүрін бойына дарытқан
ұрпақ тәрбиелеу үшін халық педагогикасын оқу-тәрбие жұмысына негіз етіп алуға болады.
Халық педагогикасын келер ұрпаққа айтар ақылы, ұсынар үлгісі, берер тәлім-тәрбиесі
сол елдің күй, би, музыкасы, фольклорлық шығармалар арқылы ежелгі ойын-той думанында
салт-саналық дәстүрлерінде насихатталған. Яғни, әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіне тән
дәстүрі ұлттық мұра арқылы көрініс береді.
Ұлттық тәрбиеге ықпал жасайтын әлеуметтік факторлар сан қырлы. Оған ұлт тарихы,
ұлттық материалдық және рухани мәдениет, халық фольклоры, дәстүрлер мен салт-