Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi еуразия гуманитарлық институты



жүктеу 10,08 Mb.
Pdf просмотр
бет72/211
Дата24.12.2019
өлшемі10,08 Mb.
#24860
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   211

              142 

 

бүгінгі  күннің  өзекті  міндеттерінің  бірі  –  жас  ұрпаққа  экологиялық  білім  беріп  қоршаған 



табиғи ортаны қорғауға, аялауға тәрбиелеу.  

Экологиялық  білім  беру  педагогика  ғылымдарындағы  бағыт  жастарға  жалпы  орта 

білім берудің құрамдас бөлігі болып саналады. Қазіргі кезде мектептер жастардың бастауыш 

сыныптан  бастап,  өз  іс-әрекетінің  саналы  болуына,  экологиялық  білімінің  білім  мазмұны 

арқылы экологиялық танымның оңтайлы болуына қолайлы жағдай туғызылуы көзделеді. Бұл 

білім-біліктіліктің  түп-тамыры  балалардан  бастау  алатындығына  да  жете  назар  аударыла 

бастады.  Алғашқыда  экологиялық  білімнің  қосымша  сабақ  ретінде  жүргізілуі  туралы  ой 

қозғаса,  кейіннен  экологиялық  білімнің  көпшілікке  міндетті  бағыт  екендігі  алға  тартылды. 

Аталып отырған мәселе бірден елімізде де өріс алғандығын, балаларға туған табиғатты тану, 

экологиялық  ахуалды  терең  түсіну  бағытында  тәрбие  жұмыстары  ғылыми  негізде, 

белгіленген  бағдарламалар  бойынша  жүзеге  асырылып  келеді.  Сонымен,  ғылыми-

зерттеулерге  жасаған  талдауларда  авторлар  өздерінің  зерттеу  нысанына  қарай  педагогика 

ғылымына  айтарлықтай  үлес  қосқанын,  олардың  зерттеу  нәтижелерінің  практикада  кең 

көлемде  қолданылып  жүргенін,  сондай-ақ,  олардың  тұжырымдарын  қолдай  отырып,  біздің 

зерттеу  проблемамызға  қатысты  қажетті  бағыттарды  аңғаруға  болады.  Жастарға 

экологиялық  білім  мен  тәрбие  беру  мәселелерін  зерттеу  барысында  экологиялық  білім 

берудің  негізі 

бастауыш  сынып  оқушыларының  түсінігін  парасатты  іс-әрекетке 

бағдарлаудың  табиғи  жолы  жеткілікті  зерделенбегені  байқалды.  Біз  парасатты  дамытарлық 

экологиялық  білімді  жетік  білуге  және  оның  даму  барысына  жете  көңіл  бөліне  бермегені 

бүгінгі  күннің  проблемасын  туғызды  демекпіз.  Тәуелсіздікке  қолымыз  жеткеннен  бастап 

табиғитты  қорғау  жолындағы  жасандылықтан  қорғаудан  табиғилық,  ұлттық  мәртебеден 

туған  экологиялық  парасатты  іс-әрекетке  көшуге  мемлекет  тарапынан  қолайлы  жағдайлар 

жасалып  келеді.  Бірақ  бұл  мәселе  экологиялық  білім  беру  үдерісінде  уақыт  талабына  сай 

жетілдірілуге  тиіс.  Іс-тәжірибемде  бастауыш  сынып оқушыларына  табиғатты  аялау,  қорғау, 

көзіміздің  қарашығындай  сақтау  керек  екендігін  бірінші  сыныптан  бастап  айтып  және 

шығармашылық тапсырмалар арқылы, өлең шумақтары арқылы немесе табиғатқа қамқорлық 

жасау  туралы  сурет  көрмесін  ұйымдастыру  арқылы  оқушыларға  табиғатты  аялау  керек 

екендігін барынша жүректеріне жеткізіп түсіндіруге тырысамын. Мысалы: екінші сыныптың 

«Өзін-өзі  тану»  пәнінің  ІҮ-тарауында  «Табиғат  –денсаулық  мекені»  атты  тақырып  бар.  Сол 

тақырыпта  оқушыларға  табиғаттың  денсаулыққа  тікелей  әсері  туралы  түсінік  беремін. 

Өйткені  табиғат  таза  болса  адамдардың  да  денсаулығы  мықты  болады.  Ал  егер  табиғат  лас 

болса,  онда  адамның  да  денсаулығының  нашарлай  түсетіндігін  мұғалімнің  көмегімен 

шығармашылық,  топтық  жұмыспен  сахналау  немесе  постер  қорғау  арқылы  оқушылар 

табиғаттың денсаулыққа тікелей әсер ететіндігі жайлы түсінік алады. Сонымен қатар үшінші 

сыныпта  ІҮ  тарауда  «Табиғат  сыйы»  атты  тақырыпта  табиғаттың  адамға  берері  көп  және 

оны  ауызбен  айтып  беру  жеткіліксіз  екені  жайлы  ой  қозғалады.  Бізге  табиғат  өзінің  таза 

ауасын,  суын,  жемістерін,  тамағын,  киімін,  әсемдігін  т.б.  барлығын  табиғат  береді.  Ал  біз 

табиғатқа не береміз? Осындай оқушыларға ой тастау, ойлану мүмкіндіктерін бере отырып, 

олардың  ішкі  жан  дүниесін  ашу  керек,  тіпті  ақындық  қасиеті  бар  оқушылар  өлең 

шумақтарын да шығаруы мүмкін.  

Ал  төртінші  сыныпта  «Табиғатқа  қамқорлық»,  «Жер-Ана»,  «Су-өмір  көзі»,  «Таза 

болса  табиғат-аман  болар  адамзат!»  атты  тақырыптар  бар.  Бұл  тақырыптарда  оқушылар 

табиғатқа  қамқорлық  жайлы  эссе  жазып,  әңгімелер  жазады  немесе  ертегі  де  құрастыруы 

мүмкін.  Қаншалықты  табиғат  пен  адамның  бір-бірінсіз  өмір  сүре  алмайтындығы  жайлы, 

табиғатсыз  тіпті  өмір  сүру  мүмкін  емес  екендігін  көз  алдарына  елестетіп,  қамқор  болуға 

барынша  тырысады.  Бірақ  мәселе  тек  ауызбен  ғана  айтқанда  шешілмейді.  Сол  себепті 

оқушылармен  бірге  іс-тәжірибе  арқылы,  яғни  еңбек  ету  арқылы  түсіндіруге  болады. 

Мысалы:  көктемде  ағаш,  гүлдер  отырғызу,  оларды  күтіп-баптау  немесе  құстарға  ұя  жасап, 

оларға  жем  беру  сияқты  қамқорлықты  олар  өз  қолдарымен  жасаулары  тиіс.  Сонда  ғана 

оқушылардың  табиғатқа  деген  көзқарастары  өзгереді  деп  ойлаймын.  Сонымен  табиғатқа 



              143 

 

үнемшілдікпен қарау, суды мөлшерінен көп пайдаланбау немесе электр қуатын да үнемдеуді 



мектеп табалдырығында білгендері абзал.  

2016-2017  оқу  жылында  қалалық  «Сөзмерген  CUP»  пікірсайысында  «Табиғатты 

қорғау парыз ба, әлде қарыз ба?» атты 9-10 сыныптар арасында қызу пікірталас өтті. Сонда 

жақтаушы  топ  табиғатты  аялау  керек,  өйткені  табиғат  өте  ластанып  экологиялық 

проблемалар  көбейіп  жатыр,  соның  салдарынын  аурудың  да  түрлері  көбейіп,  адамдардың 

денсаулықтары  нашарлауда  делінеді.  Ал  керісінше,  даттаушы  топ  табиғат  пен  адамның 

арасындағы  байланысты  жоққа  шығарып,  ауру  табиғаттың  ластануынан  болмайды  деген 

сияқты  өз  ойларын  білдіреді.  Міне  біз  оқушыларға  осындай  мектеп  табалдырығында 

табиғатты аялау керек екендігін түсіндірсек, мүмкін экологиялық проблемалар да өз шешімін 

табар  деген  ойдамын.  Табиғатты  қорғау  –  бүкілхалықтық  іс.  Оқушыны  айналадағы  табиғи 

орта  жағдайына  жауапкершілік  сезіммен  қарап,  табиғатты  қорғауға  тәрбиелеу  біздің  үлкен 

міндетіміз  болса  керек.  Табиғатты  сақтау  арқылы  ғана  адамзат  өзінің  болашағын  жасай 

алатыны айқын аңғарылды. 

 

Әдебиеттер 



1. «Өзін-өзі тану» республикалық ғылыми-әдістемелік журналы №7, № 9. 2017 ж.  

2. Ақпарат көздерінен. 

 

 

 

 

Д.Қ. Тайкенов 

Т. Толегенов 

Арқалық қ. (Қазақстан) 

 

САЯХАТ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ СИПАТТАМАСЫ 

 

Біздің  елімізде  саяхатқа  шығып,  аралап  көретін  көрікті  жерлер  мейлінше  көп.  Содан 



да болса керек жорықтарға қатысып, таңғажайып орындармен танысуға, тамаша адамдармен 

жолығып  әңгімелесуге,  халықтардың  салт-санасын,  дәстүрін  танып-білуге,  еліміздің  көне 

қалалары мен ескерткіштерін көріп, тамашалауға тілек білдірушілер саны жыл сайын көбейе 

түсіп  отыр.  Бірақ  саяхатқа  шығушыларды  тек  осы  айтылған  жайлар  ғана  қызықтыра  ма? 

Әрине, олай емес. Саяхаттың танымдық қызметімен бірге тәрбиелік, сауықтырушылық және 

спорттық  қызметі  де  бар.  Ол  басқа  спорт  түріне  қарағанда  жұрттың  көбіне  түсінікті  және 

демократшыл.  Ол  адам  бойында  көпшілдік,  достық,  бір-біріне  мейірімділік,  сенімділік  пен 

төзімділік, сабырлылық секілді ең маңызды қасиеттерді қалыптастырады. 

Саяхат маршруттары күрделі жағдайдың түрлі нұсқасын қамти отырып, еліміздің кез 

келген  ауданына  апарар  қозғалыстың  әртүрлі  қабілет-мүмкіндіктерін  пайдалану  арқылы 

жасалуы  мүмкін.  Қозғалыс  түріне  және  жер  бедерінің  сипатына  қарай  белсенді  саяхаттың 

мынандай  түрлерін  белгілейді:  жаяу,  таулы,  суда,  шаңғымен,  атпен,  велосипедпен, 

мотоциклмен және спелеожорық [1]. 

Жаяу жорық – барша адамның қолы жететін жорық. Бірақ жаяу саяхатқа шығушы өзі 

көтеретін  жүк  салмағын  есепке  алуы  керек,  себебі  бұл  жағдай  елсіз  жерлермен  ұзақ  жол 

жүргенде  көп  қиындыққа  душар  етуі  мүмкін.  Ең  негізгі  кедергілер  өзеннен,  батпақтан, 

орман-тоғай белдеулерінен өткенде кездесері  сөзсіз. Жаяу саяхатшының жер жағдайын жіті 

аңғарып,  дұрыс  бағдарлай  алуының,  компасты  пайдалана  отырып,  жазылған  азимут 

бойынша жүруінің маңызы үлкен. 15 тен 20 шақырымға  дейінгі  аралықты  күндіз  жүріп  өту 

(бұл  көрсеткіш  саяхатшылардың  ертелі-кеш  жол  жүріп  шынығуының  деңгейіне  және 

жорықтың  шартына  қарай  өзгеруі  де  мүмкін)  саяхатшылардан  жаяу  жүру  дағдысын  және 

төзімділікті талап етеді. 




жүктеу 10,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   211




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау