Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi еуразия гуманитарлық институты



жүктеу 10,08 Mb.
Pdf просмотр
бет73/211
Дата24.12.2019
өлшемі10,08 Mb.
#24860
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   211

              144 

 

Тау  жорығы  –  ол  саяхаттың  ең  қызықты  сонымен  бірге  күрделі  түрлерінің  бірі.  Тау 



соқпақтарымен  өтетін  жорық  маршруттары  көп  уақытты  керек  ететінін,  қырдан одан төмен 

түсу қиындығын ескеріп жасалады. Биіктікте  ауаның жетіспеуінен тыныс алу ауырлайтыны 

мәлім.  Күн  мен  түннің  температурасы  тез  өзгереді.  Ауа  райы  да  құбыла  түседі,  әрі 

соқпақтардан  тыс  жүру  қауіпті,  ал  ағынды  тау  өзендерінен,  құлама  жартастардан, 

шыңдардан,  үйінді  қар  мен  мұздан  өту  одан  да  қауіпті.  Мұндай  жағдайда  саяхатшылар 

альпенистердің  амал  және  айла-тәсілдерінен  таулы  аймақтағы  қозғалыстың  тәсілдерінен 

хабардар  болып,  қауіпсіздік  ережелерін  сақтау  тиіс.  Саяхаттың  ішіндегі  ең  қиыны,  ең 

күрделісі  биік  таулы  аймақтағысы  болып  саналады.  Сөйте  тұра  ол  саяхатшыларды 

құдыретінің ғажайып көріністерімен қуантып, төзімділігін сыннан өткізуге, табиғат күшімен 

күрес барысында ерлігі мен ерік-жігерін шыңдап, тәрбиелеуге мол мүмкіндік береді. Дұрыс 

және  шынайы  дайындық  жасап,  тауда  жүріп-тұрудың  ережелерін  дұрыс  сақтаған  жағдайда 

жорық қауіпсіз болады. 

Сумен  саяхат  жорыққа  шыққан  адамнан  көп  төзімділікті  қажет  етпейді,  бірақ 

саяхатшылардың жүзе білуі, қайықты дұрыс бағыттап, ескек есе алатын болуы міндетті. 

Қайықты  бастапқы  орнына  апарып  қою  немесе  ағаштарды  байластырып,  жүзуге 

дайындау  тәрізді  жұмыстар  су  саяхатының  дамуын  біршама  шектейтіндей.  Сумен  саяхат 

өзіңмен бірге көп жүк алуға мүмкіндік береді, дене жүгін азайтады, саяхатшы дүниетанымын 

тарылтып, өзен жағалауларымен шектейді. 

Жаяу  саяхатқа  қарағанда  сумен  саяхатта  бағыт-бағдар  ұстану  әлдеқайда  оңай,  оны 

өзеннің ағысы арқылы анықтауға болады.  

Сумен  күндіз  саяхат  жасағанда  ең  бастысы  ағыс  жылдамдығына  өзен  бойындағы 

қатты  жыныстар  шоғыры  мен  өзен  қайнарының  терең,  таяздығына  байланысты  10-нан  50 

шақырымға  дейінгі  қашықтыққа  бара  аласыз.  Біздің  елімізде  кездесетін  көптеген  өзен 

бойындағы қатты жыныстар шоғырының күрделі де қауіпті болатыны мәлім, олар жағаларды 

жиі жағалап жүруге, қайықтарды сүйреп, жүктерді тасымалдауға мәжбүр етеді. 

Шаңғымен саяхат – ең күрделі түрлерінің бірі. Ол елімізде жыл өткен сайын кең қанат 

жайып,  дамып  келеді.  Шаңғы  және  таулы  аймақтағы  шаңғы  тебу  тәсілін  жіті  меңгеру 

қажеттігі,  жұқа,  қалың  қарда  жүрудің  қиындығы,  кейбір  қауіптің  болуы  (температураның 

төмендігі, боран және т.б.) саяхатқа қатысушыларға дене тәрбиесінің талаптарын арттыруды 

жүктейді.  

Қыс  күндері  жолды  бағдарлау  күрделене  түседі,  олай  дейтініміз  бағдарлауға 

көмектесетін белгілер қар астында қалады. Әсіресе, елді мекені аз жерлермен саяхатқа шығу 

күрделі,  ол  саяхатқа  қатысушылардан  қысқы  далада  қонуды  ұйымдастыру  тәжірибесін, 

ағзаның  төменгі  температураға  үйренген  болуын,  ұқыптылықты,  өзін-өзі  бақылай  білуді 

талап етеді. 

Шаңғы  жорығы  кей  қиындықтарға  қарамастан  өзінің  қайталанбас  тамашалығымен 

есте қалып, оған қатысушылардың дене құрылысын шынықтыруда зор маңызға ие болады. 

Шаңғы  саяхатына  қатысушылардың  басты  кедергілері:  қар  жауып  тұрған  кездегі 

қозғалыс (әсіресе қары борпылдақ, орманда жұмсақ), биік, ұйлыға өскен бұталар, мұзы әбден 

қатпаған өзендер, жоғары, ылди төмен түсуге мәжбүр ететін биік қия, жоталар. 

Қардың  қалың,  жұқа  түскеніне,  жердің  жазық  немесе  ойлы-қырлы  болуына 

байланысты шаңғымен саяхаттың күндізгі орташа қарқыны 15 – 35 шақырым болады.  

Еліміздің  көптеген  аудандарының  кедір-бұдырлы  даласын  кесіп  өтетін  жақсы  жол 

тораптары велосипедпен саяхат жасау түрін кең дамытуға мүмкіндік береді. Саяхаттың басқа 

түрлеріне  қарағанда  велосипедпен  жасаған  жорық  әлдеқайда  қашыққа  сапар  шегуге  жағдай 

жасайды және оған қатысушылардың зерттеу жұмыстарын жүргізуге және жай дем алуға көп 

уақыты болады. 

Алайда жолдан бұрылып шыға алмаушылық көп жерлерді аралап көру мүмкіндігінен 

айырады. Рас, жолсыз жермен де жүруге болады, бірақ онда велосипедпен саяхаттың барлық 



              145 

 

артықшылығы  жойылады.  Кейде  велосаяхат  жарысқа  айналып  кетеді.  Мұндай  жарыстың 



саяхатқа үш қайнаса сорпасы қосылмайды. 

Саяхаттың негізгі мақсатына нұқсан келтірерлік қозғалыс жылдамдығын шамадан тыс 

пайдалануға  болмайды.  Велосипедпен  саяхат  жасаушылар  күндіз  орта  есеппен  50  –  60 

шақырымдай жүрулері керек.  

Велосипедшілердің  негізгі  табиғи  кедергілері  жолсыздық,  құмды жолдар,  тік  қырлар 

мен еңістер, өткелдер болып табылады. 

Автомобиль  мен  мотоцикл  саяхаты  да  кең  қанат  жайып  келеді.  Ол  демалыс  күндері 

жергілікті  жерлерге  жорыққа  шығумен  ерекшеленеді.  Мыңдаған  шақырым  алыс 

қашықтықтарға сапар шегу өте қызықты. 

Авто-мототуризмнің 

жолдан 

тыс 


шығуы 

мүмкін 


болмағандықтан 

оған 


қатысушылардың  дүниетанымын  біршама  шектеп,  тұйықтайды,  бірақ  қысқа  мерзім  ішінде 

еліміздің  көптеген  аудандарының  кең  аумағымен  таныстырады  және  жолдан  шығып,  жан-

жаққа қысқа мерзімге қосымша жорық жасауға мүмкіндік береді. 

Спелео-үңгір  саяхаты  өзіндік  ерекшеліктерге  ие.  Бірінші  ерекшелігі  –  күндізгі 

жарықтың  болмауы.  Жерасты  саяхатының  ең  басты  қауіптілігі  –  қараңғылық.  Жарық  жоқ 

жерде  қозғалу,  бағытты  бағдарлау  қиындай  түсетіні  белгілі.  Соның  салдарынан  шұңқырға 

немесе  құдыққа  құлап  кетуге  де  болады.  Мұндайға  ұшырамау  үшін  саяхатшылар  жарық 

түсіретін құралдарды өздерімен бірге алып жүрулері керек. 

Үлкен  үңгірлер  ішке  енетін  жол  тараптарының  көптігімен  күрделі,  онда  адаспай 

көздеген  орынға  жету  тәжірибелі  бастаушының  өзіне  де  қиын  соғуы  мүмкін.  Үңгірлер 

қираған  кезде  жоғарыдан  және  қабырғалардан  жерге  тас  сынықтарының  құлайтыны  бар. 

Кейде олар сәл дірілдің, тіпті  қатты дауыстың өзінен-ақ үгітіледі. Жерасты жорығы кезінде 

адамды  тұншықтырар  немесе  жарылыс  туғызар  газдардың  жиналып  қалғанын  кездестіруге 

болады. Жалпы үңгірлер сол жердің үстіндегі климатқа ұқсамайтын өзіндік климатқа ие. 

Үңгірге  түскен  әр  саяхатшы  альпинистік  тәсіл  негіздерін,  шыңға  шығу  әдістерін 

игеріп,  мұзды  еңістерден  аман  өтуі,  жүргенде  қауіпсіздік  ережелерін,  т.б.  сақтауы  тиіс. 

Жерасты 

саяхатына 

байланысты 

кездесетін 

қиындықтар 

әркімнен 

батылдықты, 

тапқырлықты,  төзімділікті,  тез  ұғып  алушылықты,  денсаулығының  мықты  болуын  талап 

етеді.  Жерасты  саяхатына  кетіп  бара  жатып  үңгірлердің  қауіпті  екендігін  бір  сәтке  де 

ұмытуға  болмайды.  Ең  алдымен  біреуі  қиын  жағдайға  ұшырап  қалса,  оған  сырттан  қалай 

көмек  көрсетудің  шаралары,  сондай-ақ  саяхатшылардың  үңгірден  қашан оралатыны  туралы 

күні бұрын бақылау мерзімі белгіленуі керек.  



 

Әдебиеттер 

1.  Авцын А.П. Адаптация и дизадаптация с позиций патолога // Клин. мед. – 1974, № 

5. – С. 7. 

2.  Агаджанян  Н.А.,  Елфимов  А.И.  Функции  организма  в  условиях  гипоксии  и 

гиперкапнии. – М.: Медицина, 1986. – 272 с. 

3.  Агаджанян Н.А., Миррахимов М.М. Горы и резистентность организма. – М.: Наука, 

1970. – 183 с. 

4.  Айдаралиев 

А.А., 


Максимов 

А.Л. 


Определение 

уровня 


физической 

работоспособности  человека  в  условиях  высокогорья  //  Методические  рекомендации.  – 

Фрунзе, 1980. – 10 с. 

 

 



 

 


жүктеу 10,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   211




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау