Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi еуразия гуманитарлық институты



жүктеу 10,08 Mb.
Pdf просмотр
бет69/211
Дата24.12.2019
өлшемі10,08 Mb.
#24860
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   211

              136 

 

Халқымыздың  сан  ғасырдан  бергі  даналығына  құлақ  ассақ,  «Адамның  бақыты  –  балада» 



деген  екен.  Кез  келген  адам  өзі  өмір  бойы  қуып  жете  алмайтын  бақыт  деген  құдіретті  сөздің 

өлшемі  өмірінің  жалғасы  ұрпағымен  келетініне  мән  бермеуі  де  мүмкін.  Біреу  бақытын 

байлықтан  тапқысы  келсе,  екінші  біреуі  даңқ  пен  атақтан,  мансап  пен  қызметтен  іздестіреді. 

Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты тәрбиелі ұрпағы 

ғана  сыйлай  алады.  «Адам  ұрпағымен  мың  жасайды»  деген  сөз  тегін  айтылмаса  керек.  Олай 

болса  адам  өмірінің  мәні  –  өз  ұрпағы.  Шыр  етіп  сәби  дүниеге  келген  сәттен  бастап  ата-ана 

алдында нәзік те қиын, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол – бала тәрбиесі.  

Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз – ата-ана. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші 

жоқ.  Адамгершілік,  бауырмалдық,  татулық,  қайырымдылық,  әдептілік,  инабаттылық  сияқты 

қасиеттер – жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. 

Баланың  жақсы  ісін  мадақтап,  терісін  оң  етіп  түсіндіріп  отырса,  ол  да  ересектерді  сыйлап,  кез 

келген  тапсырмасын  орындауға  қарсылық  білдірмейді.  Орынсыз  ұрысу,  зеку,  сұрақтарына 

дөрекі, келте жауап беру немесе әділ талап қоя алмау ата-ананың беделін түсіреді.  

Мектеп өмірі – оқушы тұлғасын әлеуметтендіру мәселелері әріптестік педагогиканы талап 

етеді.  Мектеп  пен  ата-ана,  мектеп  оқушылары  бәрімен  тығыз  байланыста  болғанда  ғана  ұрпақ 

тәрбиесі  жемісті  болмақ.  Бүгінгі  жас  –  ертеңгі  елдің  мызғымас  тірегі,  келешек  келбеті.  Сол 

себепті  олардың  білімді,  бәсекеге  қабілетті,  жан-жақты  әлеуметтенуі  ел  дамуындағы  аса 

маңызды фактор болып табылатыны анық [2]. 

Отбасы мен мектеп, ұстаз бен ата-ана, ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынас жайлы 

мәселе  –  қашанда  өзекті  мәселе.  Көп  жағдайда  осы  мәселелерді  күнделікті  ағымдық 

проблемалардың  аясында  қарастырып,  мән-маңызын  төмендетіп  алып  та  жатамыз.  Оны 

шешудің  жолдарын  алыстан  іздеп  адасамыз.  Шын  мәнінде  оны  шешу  жолдарын  өзімізден,  сіз 

бен  бізден  басталатынын  естен  шығарып  аламыз.  Ол  екеуі  бірікпей  қоғамның  саналы  ұрпақ 

тәрбиелеуде жетістіктерге жете алмасы белгілі. Қазіргі де жан-жақтан технологиялық ақпараттар 

жаулаған  заманда  ұрпақ  тәрбиесін  мектеп  пен  мұғалімге  жүктеп  қойып  бейқам  жүрудің  ертең 

өкінішке апарып соқтырмасына кім кепіл? 

Жас ұрпақ – біздің өміріміздің тікелей жалғастырушы ғана емес, еліміздің тірегі, мызғымас 

болашағы. Адамзаттың өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы – бала. Бала – дербес тұлға. Оның 

бойындағы  табиғи  қасиеттер,  адамгершілік  құндылықтары  отбасында,  мектепте,  әлеуметтік 

ортада  нәрленеді.  Баланың  бас  ұстазы  –  ата-анасы.  Тәрбие  үрдісінің  бір  тарауы  отбасымен 

жұмыс  десек,  отбасынан  басталатын  тәрбие  мектеп  өмірінен  жалғасын  табады.  Қазақтың 

отбасында өмірге келген әр бала ес біліп, етек жиғанша, негізінен әке мен ананың тәрбиесінде 

болады.  Бүгінгі  мақсат  –  әрбір  бала  түбегейлі  білім  мен  мәдениеттің  негіздерін  білу  және 

олардың жан-жақты дамуына ата-ана, мектеп жағдай жасауы керек [3]. 

Отбасында  мұғалімдер  туралы  жақсы  пікір  айтылса,  алдымен  ата-ананың  мектеп,  ұстаз 

туралы  жақсы  ниеті  балаға  жақсы  әсер  етеді.  Ондай  балалардың  оқуға,  білімге,  мектепке 

құштарлығы артады.  

Мектеп,  ұстаз  туралы  басқаша  пікірде  көңілі  толмаған  ойлардың  жетегінде  баласының 

алдында  ғайбаттау  сөздер  сөйленетін  болса,  ол баланың  мектеп,  мұғалімге  көзқарасы  өзгереді. 

Оқу-үлгеріміне  әсер  етеді.  Немқұрайлы  қарап,  үлгерімі  нашарлайды.  Ата-ана  өз  баласының 

ынтасын  үйдегі  тәрбие  арқылы  өзі  жойып  отырғанын  білмейді.  Бала  тәрбиесі  отбасынан 

басталады.  Мектепке  келгеннен  кейін  ол  мінез  отбасында  қалыптасқан  тәрбие  одан  әрі 

жалғасады. Бір тәуліктің яғни 24 сағаттың 6 сағаты мектепте, қалғаны тәрбие ордасы, үнемі ата-

ана болып қала береді. Баланың сабаққа саналы қарап озат оқушы болып өсуі, ол мұғалім мен 

ата-ананың  бірігіп  өсірген  жеміс  ағашы,  немесе  ұшқыр  ұшақ  жасаумен  тең  десем  артық  емес. 

Дұрыс өспеген жеміс ағашы, дұрыс жеміс бермесе қуануға бола ма? Бір бөлшегі бұрыс жасалған 

ұшақты ұшырғаннан не пайда? Ол өзін де, өзгені де мерт етпей ме?. 

Сонымен  әрбір  ата-ана  өз  баласының  тәрбиелі  де,  саналы,  мәдениетті,  жүрген ортасында 

сүйкімді болуы үшін алдымен тәрбиені өзінен бастағаны жөн, яғни оғаш қылықтармен баласына 



              137 

 

үлгі-өнеге  көрсетпеуге  тырысқаны  жөн.  Жас  кезінде  баласына  дұрыс  тәрбие  бере  алмаған  ата-



ана кейін бармағын тістеп өкініп қалады. 

Жасыратыны жоқ көп жағдайда ата-ана мен ұстаз арасындағы келеңсіздік жағдайларға куә 

болып қаламыз. Әрине, ата-ана баласының төмен баға алғанын, тәртіпсіз әрекет көрсеткендігін 

көріп  жатады.  Осындай  жағдайларды  болдырмас  үшін  мынандай  жағдайларды  есте 

ұстағанымыз  жөн:  мектептегі  мұғалім  бала  үшін  отбасында  талдауға  түспейтін  «бедел»  болуы 

тиіс. 


Біріншіден,  мұғалімнің  қойған  бағасы  талқыланбайды.  Ешқашан  да  балаға  «Ой,  ол  неге 

саған төмен баға  қойды, мен ертең барып сөйлесе қояйын» деп айтуға болмайды.  «Төмен баға 

алдың ба, демек дайындалмай барғансың. Ертең жақсылап оқып барып, бағаңды түзейсің» деу 

керек.  Тіпті,  балаңыздың  бағалары  төмендеп  кеткенін  байқасаңыз,  балаңызға  білдірмей  барып 

мұғаліммен сөйлесіңіз. Бірақ, сөйлескенде де, «Неге менің балама төмен баға қоясыз?» деп бас 

салмай, «Баламның сабағы қалай болып жүр өзі? Үлгерімі қалай?» деп сұрасаңыз, мұғалімнің де 

сізге айтар назы бар екенін ұғасыз. Өйткені, баланың үлгерімі тек мұғалімге ғана емес, ата-анаға 

да байланысты.  

Екіншіден,  ешқашан  баланың  көзінше  мектепте  жиналатын  ақша  туралы  әңгіме 

қозғамаңыз.  Бала  үшін  мектеп  білім  ордасы  болып  қалуы  керек.  Ақша  жинауға  қатысты 

дауларыңызды директордың кабинетінде шешуге тырысыңыз. Ол жаққа балалар кіре бермейді. 

Әрине, баланы өмір бойы мектеп бір тиын алмай оқытып жатыр деп алдай алмайсыз, бірақ тым 

құрыса бастауышты алаңсыз бітірткізуге тырысыңыз.  

Үшіншіден, көп ата-ананың қатесі, жақсы бағаны ақшаға сатып алуға болады деп ойлайды. 

Яғни,  баласы  мұғалім  төмен  баға  қойғанын,  ал  екінші  бір  балаға  керісінше,  жоғары  баға 

қойғанын айтып шағымданғанда оны қолдай кетеді. Келесі жолы балаңыз жақсы баға алу үшін 

мұғалімге сыйлық жасау жеткілікті деп сеніп алып, сабаққа салғырт қарап кетсе, өзіңізден басқа 

ешкімді  кінәлай  алмайсыз.  Бір  жағынан,  балада  «мен  бәрін  білем,  тек  лайықты  баға  алмай 

жүрмін» деген жалған түсінік қалыптасу қаупі бар екенін де естен шығармаңыз.  

Төртіншіден,  әрине,  жаңа  жыл,  ұстаздар  күні,  сегізінші  наурызда  мұғалімдерге  сыйлық 

жасау  салт  болған.  Бірақ,  меніңше,  бағалы  сыйлық  балаларға  білдіртпей  жасалуы  тиіс.  Тіпті 

білдірген  жағдайда  да,  ол  сыйлықтың  бағасы,  құны  баланың  көзінше  әңгіме  болмауы  керек. 

Керісінше,  балаға  ұстазды  өз  қолымен  жасаған  ашық  хатпен  де  қуантуға  болатынын  үйреткен 

абзал.  


Бесіншіден,  мұғалімнің  балаларға  деген  қарым-қатынасынан  шикілік  байқасаңыз,  оны 

жылы жауып қоя салудың қажеті жоқ.  

«Баланың білім алуына, азамат болып қалыптасуына мектеп те, ата-ана да жауапты екені 

сөзсіз.  Бірақ  өкінішке  қарай,  бүгінде  ата-ананың  жауапкершілігі  жоқ.  Қазіргі  кезде  «мектепке 

бердім, тәрбиесімен ұстаз айналыссын» деген немқұрайлы пікірмен баласын мектепке беріп, ары 

қарайғы тәрбиесіне мән  бермей, ақша табу жолына түсіп, баланың тек материалдық жағдайын 

ойлайтын ата-аналар көбейді. 

Кейбір отбасылар баланы киім-кешекпен, тамақпен қамтамасыз етуді ғана өз міндеттеріне 

алып,  тәрбие  мен  білім  беру  ісін  мектеп  мойнына  жүктейді.  Енді  біреулері  баласын  орынсыз 

сөгіп, көңіліне қаяу түсіріп жатса, бірі  «адам болар бала өздігінен оқып үйренеді»  дегенді  алға 

тартады.  Мұндай  теріс  түсініктер  баланың  келешегіне  зиян  келтіреді.  Ал,  орынсыз  балағаттап, 

баланың  абыройына  нұқсан  келтіру  ата-ананың  бала  алдындағы,  қоғам  алдындағы  беделін 

төмендетеді.  

Бүгінгі таңдағы бала тәрбиесіндегі кездесетін мұндай олқылықтардың алдын алу үшін ата-

ана,  мектеп,  қоғамдық  ұйымдар  қай  кезде  де  бірлесе  отырып  жұмыс  жасауы  керек.  Адамның 

адамшылдығы жақсы ата-ана мен білікті тәрбиешіден. Тәрбиенің таразы секілді екенін ескерсек, 

екі  басының  тең  түсуіне  көп  көңіл  бөлген  абзал.  Тәрбие  ісіндегі  ең  басты  жауапкершілік 

өздерінде екендігін ұмытып, баласының мінез-құлқы үшін қоғамға кінә артатын ата-аналардың 

кездесіп  жататыны  өкінішті-ақ.  Бүгінгі  кейбір  жастарымыздың  бойындағы  келеңсіз  қасиеттер 

мен жағымсыз мінез-құлықтардың қалыптасуына осындай жауапсыз ата-аналардың кемшілігі де 




жүктеу 10,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   211




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау