Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi еуразия гуманитарлық институты



жүктеу 10,08 Mb.
Pdf просмотр
бет70/211
Дата24.12.2019
өлшемі10,08 Mb.
#24860
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   211

              138 

 

өз әсерін тигізбей қоймайды дер едік. Жас ұрпақты тәрбиелеу жүйесі жаңа заман талабына сай 



қоғамдық өмірде болып жатқан ұлы өзгерістерге байланысты. 

Отбасы  мен  мектептің  өзара  ынтымақтастығын  нығайту  өте  маңызды.  Ал,  тәрбие 

қоғамдық құбылыс болғандықтан, оны қоғам талаптарынан тыс ұйымдастыру мүмкін емес. Бұл 

тұста  үштік  одақ:  мектеп,  отбасы  және  қоғамдық  мекемелер  жұмысындағы  өзара  сабақтастық 

және ынтымақтастық өз үйлесімін табуы тиіс [4]. 

Мектеп өмірі, оқушы тұлғасын әлеуметтендіру проблемасы әріптестік педагогиканы талап 

етеді. Яғни, мектеп пен ата-ана, қоғам бірлескен кезде ғана тәрбие процесі өз жемісін нәтижелі 

бере бастайды. 

«Ел  болам  десең,  бесігіңді  түзе»  деген  ел  сенімін  ақтап,  ата  даңқын  шығарар,  тәуелсіз 

еліміздің  болашағын  алға  апарар  білімді,  парасатты  ұрпақ  тәрбиелеу  ұлы  парызымыз  деп 

білейік. Балаларды саналы, сергек етіп тәрбиелеу – отбасы мен қоғамдық тәрбие орындарының 

бірден-бір парызы, асыл мұраты. 

Ата-ана отбасында баланың тамырын ексе, мектеп, ұстазбен бірлесе оның жапырақ жайып 

гүлденуіне  жауапты  болады,  нәтижесінде  балаңыз  үлкен  азамат  болып  жемісін  береді! 

«Тәрбиенің негізгі тірегі – ата-ана мен ұстазы екенін ескере отырып, осы бағытта бірігіп жұмыс 

атқарайық!» дейміз. 

 

Әдебиеттер 



1.  Назарбаев Н.Ә. «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты 

бағыты» Жолдауы, 2012 ж. 

2.  Минияров  В.М.  Психология  семейного  воспитания  (диагностико-коррекционный 

аспект).  –  М.:  МПСИ;  Воронеж:  Издательство  НПО  «МОДЭК»,  2000.  –  256  с.  (Серия 

«Библиотека школьного психолога»). 

3.  Фалькович Т.А., Толстоухова Н.С., Обухова Л.А. Нетрадиционные формы работы с 

родителями. – М.: 5 за знания, 2005. – 240 с. (Серия «Методическая библиотека»). 

4.  Дереклеева Н.И. Родительские собрания. 5-11 классы. – М.: ВАКО, 2004. – 240 с. 

 

 

 



Н.Н. Таңатқан  

Қ.Б. Ершатов  

Арқалық қ. (Қазақстан) 

 

ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНДЕГІ ПЕДАГОГИКАНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ 

 

Елбасы білім беру саласына үлкен үміт артып отыр. Білім саласы – бүгінгі қоғамның басты 



қажеттілігі.  Білімі  мол  азамат  ғана  қазіргі  бәсекеге  төтеп  береді.  Жас  ұрпақты  әуелі  білімге 

құштар болуын қатамасыз ету керек. Жемісті болудың басты факторы білім екенін әркім терең 

түсінуі  керек.  Жастарымыз  басымдық  беретін  межелердің  қатарында  білім  әрдайым  бірінші 

орында  тұруы  шарт.  Себебі  құндылықтар  жүйесінде  білімді  бәрінен  биік  қоятын  ұлт  қана 

табысқа жетеді. 

Сондықтан  да,  педагогиканың  білім  саласында  дене  тәрбиесіндегі  алатын  орны  бөлек. 

Оқушылардың дене-бітімінің  дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс қабілетінің артуы 

сыртқы  ортаның  қолайсыз  жағдайларына  қарсы  тұруға  ықпал  етеді.  Жақсы  денсаулық  – 

адамның еңбек және қоғамдық іс-әрекетке жемісті қатысуының маңызды кепілі. Оқушылардың 

денсаулығына  қамқорлық  жасауға  біздің  қоғамымыз  мейлінше  мүдделі.  Сабақтарда,  сабақтан 

тыс  уақытта,  спорт  секцияларында  дене  тәрбиесін  күн  сайын  ұйымдастырып,  қолайлы 

жағдайлар жасау қажет. 

Педагогикалық өзара әрекеттестіктің қандайда басқа аралық ықпалдардан айырмашылығы: 

педагогтар  мен  тәрбиеленушілердің  алдын  ала  ниеттенген  байланысын  көздейді.  Осы  қарым-




              139 

 

қатынастың  нәтижесінде  екі  тараптың  да  әрекет-қылығында,  іс-әрекетінде  және  қарым-



қатынасында  өзгерістер  пайда  болады:  шәкірт  мұғалім  ықпалынан  өзгеріске  түссе,  шәкірттің 

кейбір әрекеттері мұғалімді де өзгеріске мәжбүрлейді. 

Табиғи қозғалыстың түрлері жүгіру, қарғу, жүзу, лақтыру, шаңғы, коньки, велосипед тебу, 

акробатика  өмірге  қажетті  дағды  және  іскерліктерді  қалыптастырады.  Жас  адамдардың  денесі 

түрлі жаттығулар көмегімен ширақ дамиды. Сондықтан күш, жылдамдық, төзімділік, икемділік 

сияқты  адам  қабілетін  дамыту  оқушылардың  қозғалтқыш  тәжірибесін  байытады,  дене 

қозғалысын үйлестіреді. Дене тәрбиесіндегі педагогиканың мақсаты – қоғам тарапынан рухани 

қайта  жаңғыру  саласына  қойылатын  талаптар  жиынтығы,  яғни  қоғамның  педагогикалық  жүйе 

алдына  қоятын  әлеуметтік  тапсырысы.  Ізгіліктілікке  бағытталған  педагогикалық  үдерістің 

ақырғы  нәтижесі  –  өз  мүмкіндігін  паш  етуге,  жаңалық  ашуға  ұқыпты,  саналы  да  бірегей, 

қайталанбас біртұтас тұлға қалыптасуы.  

Педагогикалық  жүйенің  әр  кезеңінде  әртүрлі  нақты  мақсаттар  көзделуі  мүмкін: 

еңбеккерлік  қалыптасуы,  сезім,  эстетикалық  талғам,  дене  мәдениеті,  ақыл-ес  дамуы  қалыпқа 

келуі. Дене тәрбиесі саласында ырғақ, жеке гигиена, дене шынықтыру мәдениеті, туризм, спорт 

ерекше орын алады. Дене тәрбиесі ең басты күн тәртібін, яғни, еңбек, демалыс, тамақтану, ұйқы, 

бос  уақыт  ырғақтарын  дұрыс  ұйымдастыруда  талап  етеді.  Күн  тәртібін  тиімді  пайдалану 

балалардың  ақыл-ойы  мен  дене  құрылысының  дұрыс  дамуына,  денсаулығын  сақтауға 

көмектеседі.  Дене  тәрбиесіндегі  педагогиканың  мәнді  қасиеті  болған  біртұтастық  жүйе 

құрастырушы екі жағдайдың іске асуынан пайда болады: 

-  педагогикалық  үдерісте  тәрбие,  оқу-үйретім,  даму  міндеттерінің  теңдей,  бірігімді 

шешілуі; 

- педагогикалық үдерісте барша негізгі де іргелі және дамып барушы іс-әрекет түрлерінің 

өзара ықпалды байланысқа келуі, яғни оқу-үйретім, еңбек, дене шынықтыру бірлігі [1]. 

Педагогикаға тән заңдылық: оны құрайтын элементтердің іштей бірлігі, олардың бір-біріне 

болған  өзара  үйлесімді  ықпалы.  Бұл  тұрғыдан  біртұтас  педагогикалық  үдеріс  тәрбиеленушілер 

өмірін  бағыттаушы  және  өзгеріске  келтіруші  педагогикалық  мақсаттар,  мазмұн,  әдістер  және 

формалардың ұйымдасқан жиынтығын білдіреді. 

Жеке  тұлғаның  дене  шынықтыру  қалыптастыру  әдістеріне,  құралдарына,  негізгі 

қағидаларына,  міндеттеріне,  мақсаттарына  оқытудағы  жаңа  тәсілдерге,  дене  қасиеттерін 

қалыптастыру  және  қимыл  қозғалыс  іс-әрекеттеріне  оқыту  әдістемесі  мен  мазмұнының  басты 

аспектілеріне,  дене  жаттығу  сабақтарын  құру  түрлеріне,  жоспарлауға,  бақылауға  және  есеп 

жүргізуге  сипаттама  беру.  Адам  өмірінің  әртүрлі  кезеңдерінде  дене  шынықтыруды  бағытты 

қолдану ерекшеліктерін айқындау.  

Спортқа  дене  шынықтырудың  құрамдық  бөлігі  ретінде  сипаттама  беру,  спорттық 

жаттығулардың  мәнін,  оның  мақсатын,  міндеттерін,  өзіне  тән  қағидаларын,  мазмұнын, 

құрылымын және жоспарлау мен басқару технологиясын ашу [2]. 

Адамдардың  дене  қуатының  жетілуі  үшін  пайдаланылатын  қоғамдық-материалдық  спорт 

ғимараттары,  құрал-жабдықтары  және  рухани  арнаулы  білім,  ғылыми  тәжірибе  байлығын 

құрайтын халықтың жалпы мәдениетінің бір саласы. Ол негізгі дене мәдениеті болып табылады. 

Дене тәрбиесіндегі педагогика – жан-жақты тәрбие берудің аса маңызды салаларының бірі. 

Оқушыларды  қоғамдық  пайдалы  еңбекке,  өмірге  бейімдеуге  оқу-тәрбие  жұмысында  дене 

шынықтырудың алатын орны бөлек. Мектептегі дене шынықтыру жөнінен ұйымдастырылатын 

жұмыс 

түрлері 


оқушылардан 

өз 


еркімен 

іс-әрекеттерді 

орындауды, 

құлшына 


ұйымдастырушылықты, белсенділікті, тапқырлықты талап етеді.  

Педагогикалық  техногогияны  қолдану  білімді  сапалы  түрлендіруге,  жаңашыл  жобаларға 

ірге болуға нақты негіз болып, әрбір мектепке өзіндік тұлғасын табуға, әрбір мұғалімге өзіндік 

әдістемелік  жүйесін  құруға  себептігін  тигізеді.  Денсаулықты  нығайту,  дене  дамуына  дұрыс 

әсерін  тигізу  және  денесін  шынықтыру.  Бұл  міндеттік  дене  шынықтыру,  спорт  жөнінен 

ұйымдастырылатын барлық жұмыс түрлеріндегі, негізгі міндет екенін педагогикалық ұжым мен 

әр мұғалім түсінуі және білуі қажет. Мектеп жасындағы балалардың жылдам өсуі және денесінің 



жүктеу 10,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   211




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау