Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi еуразия гуманитарлық институты



жүктеу 10,08 Mb.
Pdf просмотр
бет66/211
Дата24.12.2019
өлшемі10,08 Mb.
#24860
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   211

              130 

 

мәселелер  қазiргiдей  белгiлi  бiр  мақсат  көздеп,  кең  түрде  жан-жақты  сөз  болған  емес. 



Сондықтан  кезегi  жеткен  жайт  болып  отыр.  Үшiншi  бiр  себебi,  жасыратыны  жоқ,  ауызша 

сөйлеу  практикамызда  не  бiлместiктен,  не  немқұрайлылықтан,  не  өзге  себептерден  қабақ 

шыта қынжылар кейбiр ақаулар етек алып бара жатқандығынан болып отыр» [2, 37 б.]. 

Сөйлеу  мәдениетін  меңгерген оқушы  ауызша  болсын,  жазбаша  болсын тiлдiң  негiзгi 

заңдылықтарын  қолданады.  Бұл  жөнiнде  Ф.Ш.  Оразбаева  былайша  ой  қорытқан:  «Сөйлеу 

ерекшелiктерiн  меңгерген оқушы  өз ойын  ауызша және  жазбаша  түрде  iске  асырады.  Бұл  – 

тiлдi қолданудың тәжiрибелiк көрiнiсi. Сол себептi оқушы тiлдi адамдармен қарым-қатынас 

құралы ретiнде үйренгенi дұрыс» [3, 143 б.]. 

Сөйлеу мәдениет қалыптастыру теориясын басшылыққа ала отырып, бастауыш сынып 

оқушыларына әдістемелік тұрғыдан түрлі  тапсырмалар беруге болады: 

1. 

Берілген сурет бойынша мәтін құрастырыңдар. 



Тапсырманың  мақсаты:  Оқушылардың  ауызша  сөйлеу  дағдыларын  дамыту,  сөздік 

қорын жетілдіру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. 

Тапсырманың тиімділігі: Оқушылар суреттегі оқиға желісін анықтап, соның негізінде 

мәтін құрастырады. 

Тапсырманың  маңызы:  Оқушылардың  байқағыштық  қабілетін  жетілдіріп,  олардың 

қиялын дамыту. 

2. Берілген жұмбақты шешіп, жауабын суреттеп беріңдер. 

Тапсырманың  мақсаты:  Оқушылардың  ауызша  сөйлеу  дағдыларын  дамыту,  ойлауын 

жетілдіру, кез келген затты суреттеп беруге үйрету, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. 

Тапсырманың тиімділігі: Оқушылар  заттарды дәл, дұрыс суреттеуді үйренеді, осыған 

орай олар сөйлем, мәтін құрастыруға дағдыланады. 

Тапсырманың  маңызы:  оқушылар  бір-біріне  сұрақтарды  дұрыс  қоюға  дағдыланады, 

сұрақтарға  дұрыс  жауап  беруге  үйренеді,  оқушылардың  затты  суреттеу  арқылы  қиялын 

дамытады. 



3. 

Тірек 


сөздерді 

қатыстырып 

сөйлем 

құраңдар. 



Сөйлемдерден 

мәтін 


құрастырыңдар. 

Тапсырманың мақсаты: Оқушылардың ауызша, жазбаша сөйлеу дағдыларын дамыту, 

сөйлеу мәдениетін  қалыптастыру. 

Тапсырманың  тиімділігі:  Оқушыларды  тірек  сөздерді  дұрыс  қолдануға  үйретеді, 

осыған орай олар сөйлем, мәтін құрастыруға дағдыланады. 

Тапсырманың  маңызы:  оқушылар  тірек  сөздерден  сөйлем,  мәтін  құрастыруға 

дағдыланады, оқушылардың ауызша, жазбаша сөйлеу дағдыларын дамытады. 

4. 

Мақалдардың жалғасын табыңдар, мағынасын түсіріңдер. 

Тапсырманың мақсаты: оқушылардың көркем образды сөйлеуге жаттықтырып, сөздік 

қорын дамыту. 

Тапсырманың  тиімділігі:  оқушыларға  терең  ой  салып,  ұшқыр  ойлауға  үйретеді, 

көркем сөйлеуге баулиды. 

Тапсырманың маңызы: оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорын, ақылын, ой-өрісін, 

сөйлеу мәдениетін дамытады. 

Бастауыш  сынып  оқушыларының  сөйлеу  мәдениетін  қалыптастыру  бойынша 

төмендегiдей тұжырымға келдік: 

1.  Тіл  сабақтарында  күнделiктi  қолданған  сөйлеу  мәдениетін  қалыптастыру 

тапсырмалары 

оқушылардың 

пәнге 


деген 

қызығушылықтарын, 

сабақ 

үстiнде 


белсендiлiктерiн арттырды.  

2.  Ауызша  сөйлеу  дағдыларын,  сөйлеу  мәдениетін  қалыптастыру  мақсатында  әрбiр 

тақырыпқа сәйкес тапсырмалар берген жөн. Бұл оқушылардың тiлдiк материалдарды сапалы 

меңгеруге әсер етеді. 

3.  Сөйлеу  мәдениетін  қалыптастыру  сабақтары  арқылы  оқушылардың  тiлдiк  қарым-

қатынасқа еркiн түсу қабiлеттерiн арттырады. 




              131 

 

4. Диалогті оқыту, интерактивті әдістер арқылы оқыту, кейс технологияларын негізге 



алған  сабақтар  оқушылардың  сөздік  қорын  байытып,  әр  сөздің  мағынасын  жете  түсінуге 

мүмкіндік береді.   

5.  Ауызша  сөйлеу  дағдыларын  және  сөйлеу  мәдениетін  қалыптастыруға  арналған 

арнайы  сабақтар  оқушылардың  тiлiн  дамытып,  олардың  диалогтік  және  монологтік  сөйлеу 

қабiлеттерiн арттырады. 

6. Оқушылардың өз пікірін дәлелді жеткізу дағдыларын қалыптастыру мақсатындағы 

шығармашылық  тапсырмалар  оқушылардың  ойын  көркем  де  түсінікті  айту  дағдыларын  

жетілдіреді. 

7. Жаңа инновациялық технологияларға негізделген тапсырмалар да оқушыларды өзара 

белсенді түрде қарым-қатынасқа түсуіне оң әсер етеді.  

Әдебиеттер 

1.  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  және  ғылымды  дамытудың  2016-2019 

жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. - adilet.zan.kz/kaz/doc 

2.  Сыздықова Р. Сөз сазы. – Алматы, 1983. – 180 б. 

3.  Оразбаева  Ф.Ш.  Тілдік  қатысым  және  тілдік  қатысымды  оқытудың  негіздері.  – 

Алматы, 1996. – 200 б. 

4.  Әбілдина  С.Қ.  Бастауыш  мектепте  қазақ  тілін  оқыту  теориясы  және  технологиясы. 

Қарағанды: – ҚарҒТАО, 2005. –175 б. 

5.  Жұмабаева  Ә.Е.  Бастауыш  мектептегі  сауат  ашу  кезеңінде  жүргізілетін  тіл  дамыту 

жұмыстарының әдістемесі: п.ғ.к. ... дәрежесін алу үшін дайындалған автореферат. –Алматы:  

Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті, 1998. – 26 б. 

 

 



 

 

Н.Ж. Болатбекова  



Р.А. Бегалы 

Астана қ. (Қазақстан) 

 

СТУДЕНТТІҢ ТАНЫМДЫҚ-ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ДЕҢГЕЙІН 



ЖЕТІЛДІРУДЕГІ СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ӘДІСІНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 

 

Қазақстан  Республикасы  тәуелсіз  мемлекеттер  қатарына  қосылғаннан  бері  қоғамды 

ақпараттандырудан  туындаған  өзгерістер  оның  барлық  салаларымен  қатар  жоғары  оқу 

орнында  білім  беретін  оқытушылар  мен  білім  алушы  студенттердің  танымын  жетілдіруге 

деген талаптану деңгейін туғызды. Жаһандану жағдайында оқытушылар мен болашақ маман 

иегерлерінің белсенділік әрекетінің көрінісі байқалады.  

Білім беру үдерісін бүгінгі күн талабына сай жаңаша ұйымдастыру ғалымдардан оның 

философиялық,  педагогикалық-психологиялық  негіздерін,  теориясы  мен  тәжірибесін  терең 

зерттеуді,  заманауи  талаптарына  қарай  білім  беру  технологиялары  мен  әдістерін, 

дүниетанымның  ұстанымдарын  қайта  қарастыруды,  рухани-адамгершілік  құндылықтарға 

бетбұрыс жасауды талап етеді. 

Сондықтан  да  студенттердің  танымын  жетілдіру  жолдарын  әдіснамалық-теориялық 

тұрғыда негіздеу және оны жүзеге асыруды әдістемелік жүйемен қамтамасыздандыру өзекті 

мәселе. 


Яғни,  қазіргі  қоғам  талабына  сай  әлеуметтік  бейімділігі  жоғары,  мәдениетті,  ұлттық 

тәлім-тәрбие алған, білімі мен біліктерін өмірде пайдалана алатын, жан-жақты дамыған жеке 

тұлғаны  қалыптастыру  мәселесі  тұр.  Білім  беру  жеке  тұлғаға  бағытталып,  педагогикалық 

үрдісте шәкіртті үнемі даму үстіндегі әрекет иесі – субъект ретіндегі орынға қойып отырғаны 




жүктеу 10,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   211




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау