Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi еуразия гуманитарлық институты



жүктеу 10,08 Mb.
Pdf просмотр
бет64/211
Дата24.12.2019
өлшемі10,08 Mb.
#24860
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   211

              126 

 

жұмылдырылады.  Шартты  тітіркендіргіштер  әсерлерінен,  қаңқа  еттерінің  шартты  тыныш 



күйінің  өзінде  зат  алмасуы  жоғарылайды.  Мысалы,  жарыс  алдындағы  эмоционалдық  күйге 

зат алмасуының көтерілуі байланысты. Жақсы машықтанған спортшы тек осы қимылды іске 

асыруға  қажетті  бұлшық  еттерді  қатыстыра  алатын  мүмкіндігінің  арқасында,  энергияны  аз 

жұмсайды [3, 400 б.]. 



Тамақтың калориялығы зертханалық әдіспен анықталады. Мұнда күні бойы қабылданған 

барлық  тағамды  химиялық  талдауға  жатқызады  да,  табылған  нәруыздар,  майлар,  көмірсулар 

мөлшерлерін  олардың  калориялық  коэффициентіне  көбейтеді  (4,1;  9,3;  4,1).  Көбейтінділерін 

қосады  да,  паектың  калориялығын  нетто-калорияда  айқындау  үшін,  сіңімділігіне  бағасын 

кеміте  отырып,  табылған  қосындыдан  10%  алып  тастайды.  Соңғы  дәрежені  энергияның 

тәуліктік  шығынымен  салыстырып,  энергия  алмасуының  балансы  туралы  пікір  туғызады: 

энергияның  келуі  мен  кетуінің  арасындағы  теңдік,  тамақтың  толық  жарамдылығының 

сандық сипаттамасын көрсетеді.  



Артық және кем тамақтану 

Тамаққа  жарымағандық  салмақтың  түсуіне,  арықтауға,  тіндердің  цистрофиялық 

өзгерістеріне,  жұмыс  істей  алу  қабілеттілігінің,  организм  реактивтілігінің,  ауруларға  төтеп 

бергіштігінің  төмендеуіне,  ол  балалардың  өсуі  мен  дамуының  баяулауына  әкеледі.  Тамаққа 

ұзақ уақыт жарымағандықтың салдары асқорыту мүшелері қызметтерінің әлсіреуімен, ойлай 

алу  қабілеттілігінің  төмендеуімен  білінеді.  Салмақ  40-45  %  жоғалса,  организмнің  тіршілігі 

тоқтайды.  Тамақ  тапшылығы  бала  жаста  өте  қауіпті.  Артық  тамақтанудың,  әсіресе,  егде 

жаста, кем тамақтанудан зияндылығы аз емес. Артық тамақтанудың әдеттегі салдары – тері 

астында,  іш  құрсағы  қуысында  және  түрлі  мүшелер  мен  тіндерінде  май  шамадан  көп 

жиналады.  Майдың  жиналуы  салмақтың  едәуір  көбеюіне  әкеледі,  қимыл  қозғалыстарды, 

тыныс алуды қиындатады, жүрек-қантамырлар жүйесінің, бауырдың, асқорыту мүшелерінің 

жұмысына  теріс  әсер  етеді,  жұқпалы  ауруларға  қарсы  тұруды  төмендетеді  және  ерте 

қартаюға  себеп  болады.  Семіз  адамдар  аурушаңдығы  арық  адамдар  аурушаңдығынан  75% 

жоғары.  Түрлі  аурулардан,  әсіресе,  40-45  жастағы  адамдарда  өлім  де  көп.  Орта  және  егде 

жастарда біршама арықтық жастың ұзақтығына және өміршеңдікке оң әсер етеді. 

 

Әдебиеттер 



1. Алиакбарова 3.М. Мектеп жасындағы балалардың анатомиясы, физиологиясы және 

гигиенасының негіздері. – Алматы, 1993. –156 б. 

2. Демеуов Ж.Д. Мектеп жасына дейінгі балалардын анатомиясы, физиологиясы және 

гигиенасы. – Алматы: Білім, 1995. – 256 б. 

3.  Дүйсембин  Қ.,  Алиакбарова  3.  Жасқа  сай  физиология  және  мектеп  гигиенасы.  – 

Алматы, 2003. – 400 б. 

 

 

 



 

К.А. Айдарбекова  

Г.А. Амангелді  

Қарағанды қ. (Қазақстан) 

 

БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ СӨЗДІК ҚОРЫН 



ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ 

 

«Қазақстан  Республикасындағы  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға 



арналған  мемлекеттік  бағдарламасында»  экономиканың  және  азаматтардың  әл-ауқатының 

тұрақты  дамуын  қамтамасыз  ететін  білім  беру  жүйесінің  бәсекеге  қабілеттілігін  арттыру, 

адами  капиталды  дамыту  үшін  оны  түбегейлі  жаңғыртуды  көздейді  [1].  Сондықтан  қазіргі 



              127 

 

таңда қоғам алдында қойылып отырған басты міндеттердің ең бастысы – бүкіл білім жүйесін 



түбегейлі  жаңартып,  әлемдік  деңгейге  сәйкес  келетін,  болашақ  ұрпағымызға  сапалы  білім 

беруге мүмкіндік жасау. Қоғамда жүріп жатқан демократиялық өзгерістер болашағымыздың 

білімінің сапасымен, саяси санасымен, жоғары белсенділігінің дәрежесімен өлшенеді. 

Бастауыш  сыныпта  балалардың  қоршаған  ортадағы  заттар  мен  құбылыстар  туралы 

түсінігін  тереңдете  отырып,  олардың  өзара  қатынасын  ажырата  білуге  баулу  көзделеді. 

Мектепке  алғаш  келген  балалардың  тіл  дамыту  оқу  іс-әрекетінде  өздеріне  жоғары  талаптар 

қоя  бастайды.  Олар:  сюжет  желісін  бұзбай  жеткізу,  ол  әртүрлі  тілдік  құралдарды  орнымен 

қолдана білу, таным үрдісінде сөздік қордың мазмұнының тереңдігі, т.б. 

Тілдің  негізгі  өлшемі  –  сөздік  қор.  Ал  сөздік  қор  дегеніміз  –  тілдің  құрамының  ең 

тұрақты,  талай  ғасырлар  бойы  өмір  сүріп  келе  жатқан,  жалпы  күнделікті  өмірде  кеңінен 

қолданылатын  халыққа  ортақ  сөздер  жиынтығы.  Мектепке  дейінгі  ұйымдағы    тәрбиелеу-

оқыту  жұмысында  балалардың  тілін  дамыту,  сөздік  қорларын    дамыту  ауызша  сөйлеуге 

үйрете  отырып,  үйренген  сөздерін  күнделікті  өмірде  еркін  қолдану,  әрі  оны  күнделікті  іс-

әрекет  кезіндегі  тілдік  қарым-қатынаста  қолдана  білуге  жаттықтыру  ісіне  ерекше  мән 

беріледі. 

Бастауыш  сынып  оқушыларының  сөздік  қоры  оның  құрбыларымен,  үлкендермен 

еркін  қарым-қатынас  жасауға,  мектепте  табысты  оқуға  қол  жеткізуге,  балаларға  арналған 

телехабарларды  түсінуге  ықпал  ететіндей  болуы  керек.  Сондықтан  да  тіл  дамытуда 

балалардың  сөздік  қорын  байыту  негізгі  міндеттердің  бірі  болып  саналады.  Баланың  сөздік 

қоры бірден байып, дамып кетпейді. Бұл − өте ұзақ, күрделі үдеріс. Баланың неғұрлым сөздік 

қоры көп болып, ойлау қабілеті жақсы жетілсе, білімді терең де тез үйренеді. 

Проблемалық  оқыту  технологиясы  –  бұл  проблемалы  жағдайларды,  балалардың 

белсенді  танымдық  қызметін  ұйымдастыруға  негізделген  технология.  Проблемалық  оқыту 

технологиясы  кезінде  тәрбиешінің  жетекшілігімен  проблемалы  жағдай  жасалып,  балалар 

оны  шешуге  белсенді  түрде  қатысады,  өз  пікірлерін  ашық,  еркін  жеткізеді.  Балаларға  білім 

даяр күйінде бермей, олардың алдына проблемалы міндет қойып, оны өздеріне шеше білуге 

бағыттау  –  күрделі  мәселе.  Бұл  кезде  ақыл-ой  операциялары,  белсенді  ойлау  қызметі  іске 

қосылады,  танымдық  қызығушылық  оянады.  Осы  тұста  «қалай?»,  «неге?»,  «не  себепті?» 

деген сұрақтар туындайды. Сондықтан оқытуды белсендіру идеясын ғалымдар әртүрлі аспектіде 

қарастырды.  Мысалы,  М.А.  Данилов,  М.Н.  Скаткин,  И.Т.  Огородников  оқыту  үрдісін 

белсендірудің  теориясын  жасаса,  балаларды  қиындатыла  түскен  дәрежеде  оқыту  теориясын 

Л.В.  Занков,  мазмұндық  қорыту  теориясын  В.В.  Давыдов,  Д.Б.  Эльконин,  проблемалық 

оқыту  теориясын  М.И.  Махмутов,  И.Я.  Лернер,  А.М.  Матюшкин,  В.  Оконь,  В.И. 

Загвязинский, Д.В. Вилькеев т.б. эксперимент түрінде және теориялық жақтан зерттеді. 

Проблемалық  оқыту  –  ойлау  операциялары  логикасы  (талдау,  қорытындылау,  т.б.) 

мен  балалардың  ізденіс  әрекеттерінің  заңдылықтарын  ескере  отырып  жасалған  оқу  мен 

оқытудың бұрыннан мәлім тәсілдерін қолдану ережелерінің жаңа жүйесі [2]. 

М.И. Махмутов проблемалық және дәстүрлі оқыту арасындағы негізгі айырмашылық 

педагогикалық  үдерісті  ұйымдастырудың  мақсаты  мен  қағидасы  жағынан  деп  көрсетеді. 

Яғни,  проблемалық  оқыту  проблемалық  қағидасын  ескере  отырып  жасалған  оқытудың 

қазіргі үдерісі.  

В.И. Загвязинскийдің пікірінше,  проблемалық – адамның таным әрекетінің мазмұны 

мен формасын анықтайтын қағида [3]. 

Проблемалап  оқыту  әдісін  жүргізу  дидактиканың  заңдылықтарына  байланысты 

мынадай кезеңдерге бөлінеді: 

1.  Проблемалық ахуалдар туғызу жолын алдын ала дайындау. 

2.  Проблемалық  сұрақтарды  грамматикалық  және  стилистикалық  жағынан  дұрыс 

құру. 


3.  Проблемалық мәселелерді шешу амалдарын күні бұрын дәл белгілеу.  

4.  Проблемалық сұрақтардың теориялық анықтамасын заңды түрде дәлелдеу. 




жүктеу 10,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   211




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау