124
Каждая из вышеперечисленных позиций способна дать как положительный, так и
отрицательный результат в зависимости от личности самого преподавателя. Однако хотелось бы
отметить, что всегда дают отрицательные результаты несправедливость и произвол; подкуп,
неуважение к личности обучающегося, подавление его инициативы и прочее.
Литература
1. Кузьмина Н.В. Профессионализм деятельности преподавателя и мастера
производственного обучения профтехучилища. - М., 1990.
2. Щербаков А.И. Формирование личности учителя в процессе профессиональной
подготовки. – М., 1969.
3. Ительсон Л.Б. Вопросы профессиональной подготовки школьников. – М., 1961.
О.Е. Абилхаиров
Ә.М. Манат
Арқалық қ. (Қазақстан)
СПОРТШЫЛАРДЫ ДАЯРЛАУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТАМАҚТАНУ
ГИГИЕНАСЫНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ
Денсаулық сақтау мен дене тәрбиесінің мәдениеті бір-бірінен ажырамас бірлікте,
себебі олардың мақсаты – денсаулықты нығайту, дене дамуын жақсарту, өмір сүрудің
мерзімін ұзарту.
Адамның тіршілігі энергияның және тін элементтерінің тынымсыз шығындануымен
байланысты. Егер осы шығындардың орны тағаммен толықтырылмаса, тіршілік процестері
тоқтаған болар еді. Демек тағамның негізгі маңызы – тіндер мен мүшелерді құруға және
кейбір органикалық процестерді реттеуге қажетті энергия мен пластикалық материалдарды
жеткізу.
Тағам өзінің құрамына жеке қоректік заттарды кіргізетін, жануарлар мен өсімдіктер
өнімдерінен тұрады. Тағамдық өнімдерде қоректік заттар организмде тотықтанған кезде
босайтын, жасырын шоғырланған үлкен энергия қорлары бар. Сол заттардың кейбіреулері
пластикалық материал болып келеді немесе реттеуші қызметін атқарады.
Қалыпты тамақтану организмнің дұрыс өсуі мен дамуын қамтамасыз етеді, сыртқы
ортаның залалды әсерлеріне төтеп бергіштігін жақсартады, функциялық мүмкіндіктерінің
дамуына, қызметтік қабілеттілігінің көтерілуіне және өмірінің ұзаруына септігін тигізеді [1,
156 б.].
И.П. Павлов организмдегі химиялық теңгерімді реттеуші тамақ орталығы туралы ілім
құрды. Тамақ орталығы үлкен жарты шар тәрізді мидың қыртысында орналасқан. Ол жерден
шығатын эфференттік жолдар ас қорытатын мүшелердің моторлық және сенсорлық
аппараттарына барады және тәбет жасай отырып, оның күйіне әсер етеді. Тамақ орталығы
қанның химиялық құрамының өзгеруілерінен және дененің түрлі учаскелерінен, сонымен
қатар, мидың басқа да орталықтары жағдайларына байланысты пайда болатын тітіркеністер
нәтижесінде қозады немесе тежеледі.
Зат, энергия алмасу және асқорыту процестері жөніндегі физиологиялық және
биохимиялық зерттеулер, өзінің ғылыми және іс-тәжірибелік қорытындыларын құратын
тамақтану гигиенасының фундаменті болып келеді.
Тамақтану гигиенасының мақсат-міндеттеріне бірқатар іс-тәжірибелік мәселелерді
шешу жатады: қажетті тәуліктік калориялардың, нәруыздардың, майлардың, көмірсулардың
мөлшері қандай болатынын, солардың ішіндегі қайсысы ең пайдалы екені, дәл осы немесе
125
басқа бір тағамдардың адамның дәмдік талаптарын көбірек қанағаттандыра алатындығы,
өздерінің қоректік құндылығын сақтауы және тамақтың сіңуі үшін қалай дайындауды керек
ететіні. Сонымен қатар, гигиенаның мақсатына – азық-түліктердің сапасын, сақтау
жағдайларын, тасымалдануын, кулинарлық өңделуін бақылау да жатады.
Тамақтануға мынадай гигиеналық талаптар қойылады: тәулік бойы тамақты қабылдау
тәртібін сақтау; жастық, кәсіптік, қызметтік ерекшеліктерге, климаттық жағдайларға,
тұрмыстық дағдыларға және қалыпты асқорытуға септігін тигізетін тамақ қабылдауға
жағдайлардың болуы.
Тағамның қажетті мөлшері не салмағымен, не көлемімен, не тәбетпен анықталмайды,
өйткені бұлар оның кұнарлылығын сипаттамайды. Тағам мөлшерінің жалғыз дұрыс
критерийі – үлкен калориямен немесе килокалориямен өлшенетін энергетикалық
құндылығы. Паектың калориялығы тәуліктік энергия шығынын толық жабуы керек.
Энергия көзі болып нәруыздар, майлар және көмірсулар есептеледі. Организмде олар
тотықтанғанда 1 гр тағамдық заттардан 4,1; 9,3 және 4,1 ккал энергия босайды. Майлармен
көмірсулар - көмірқышқыл газы мен суға дейін тотықтанады, ал нәруыздар толық
тотықтанбайды.
Келтірілген калориялық коэффициенттер сіңген тағамдық заттар мөлшеріне қатысты
(М. Рубнер анықтаған) тағамның нетто- калориялығын (сіңетін калориялық) сипаттайды.
Тағамдық азық- түліктің химиялық құрамы тұрғысынан есептелген калориялық, брутто-
калориялығын (жалпы калориялық) сипаттайды. Тағамның энергетикалық құндылығын
нетто-калориялығымен анықтау ұсынылады, дәлірек айтқанда, оларды тәуліктік энергия
шығынының мөлшерімен тура салыстыруга болады. Брутто-калориялығымен көрсетілген
паектың калориялығын тәуліктік энергия шығынымен салыстырғанда 10% төмендету керек
(әдеттегі аралас тамақтануда). Паектың нетто-калориялығын анықтау үшін, тәуліктік
рациондағы тағамдық заттардың мөлшерін тиісті калориялық коэффициенттерге көбейту
арқылы табады.
Жалпы энергия шығыны
Тәулік бойындағы жалпы энергия шығыны организмнің тыныштық күйдегі
энергетикалық шығынын (бөлменің қалыпты температурасында, аш қарынға, таңертең
анықталады) сипаттайтын негізгі алмасудан, ас қабылдау мен еңбек әрекеттеріне
жұмсалатын қосымша энергия қосындысынан құралады [2, 256 б.].
Негізгі алмасу ішкі мүшелердің, тыныс еттерінің және қаңқа еттерінің тонусын ұстап
тұруға бағытталған зат алмасумен жасалады. Қаңқа еттері мұнда жетекші рөл ойнайды.
Негізгі алмасу бірқатар факторларға, ең алдымен, дене салмағына және оның сыртқы
аумағына тәуелді. Дене массасы көбейген сайын жылу жоғалту көрсеткіші, демек тамаққа
деген қажеттілік көтеріледі. Алмасу энергиясы салмақтан гөрі, дене аумағына көбірек
тәуелді.
Тамақ ішу асқорыту процесімен және ас ішуге қатысатын еттер жұмысымен
байланысты энергия алмасуын көтереді. Тотықтану процесі нәруыздық тағамды
қабылдағанда негізгі алмасуды 30-40%, майларды қабылдағанда 4-14%, ал көмірсуларды
қабылдағанда 4-7% күшейтеді. Бұл тағамдық заттардың арнайы динамикалық әсері деп
аталады. Әдеттегі аралас тамақтануда (ішіндегі нәруыздар, майлар және көмірсулардың
арақатынасы дұрыс болған жағдайда), негізгі алмасу 10-12% жоғарылайды. Дене
жұмысымен, спортпен шұгылданумен байланысты еңбек – тәуліктік энергия шығынын
көтеретін маңызды фактор; ой жұмысы алмасуды шамалы ғана көтереді. Энергияның жалпы
алмасуында қаңқа еттерінің үлесіне 45%, жүйке жүйесінің үлесіне 2-5 %, қалғаны ішкі
мүшелердің үлесіне тиеді деп есептеледі. Жай отыру алмасуды 12-15 %, тік тұру 20%, баяу
жүріс 80-100 %, жүгіріс 400 % көтереді. Қарқынды спорттық жаттығулар кезінде энергия
шығыны, тыныштық күймен салыстырғанда, 10-20 есеге көбейеді.
Дененің ширығулары кезіндегі алмасудың көтерілуі жұмысшы бұлшық еттердегі
тотықтану процестерінің күшеюімен байланысты. Бұл процеске организм тұтас