Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi еуразия гуманитарлық институты



жүктеу 10,08 Mb.
Pdf просмотр
бет25/211
Дата24.12.2019
өлшемі10,08 Mb.
#24860
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   211

              50 

 

4.  Розовский Г. Исследовательские университеты: американская исключительность?// 



http://vo.hse.ru 

5.  Неборский Е. В. Зарубежный опыт интеграции образования, науки и бизнеса. -Вестник 

Балтийского федерального университета им. И. Канта. – 2012. Вып. 11. – С. 33—40. 

6.  Неборский  Е.В.  Университеты  США:  образовательный  и  научный  центр: 

монография. – Саарбрюккен, 2011 

7.  Реймер  В.В.,  Бреусов  А.В.  Теоретические  и  практические  аспекты  исследования 

национальных  инновационных  систем.  //  Журнал  Дальневосточный  аграрный  вестник, 

выпуск. – № 2(22), 2012. 

8.  Тілеуберген 

Д.М. 


к.э.н., 

старший 


эксперт-экономист 

Центра 


научной 

экономической 

экспертизы 

АО 


«Институт 

экономических 

исследований». 

www.analitika.kz/images/belarusindustry/nauka/tleubergendina.pdf/  

9.  The  Global  Employability  University  Ranking.  https:  //  www.  timeshighereducation. 

com/carousels/global-employability-university ranking-2016-results 

10.   Обзор политики высшего образования ОЭСР. Итоговый отчет за 2015 г. 

11.  Тематический  анализ  «Высшее  образование  и  обеспечение  качества  высшего 

образования  в  РК»  Астана,  2016  //Независимое  Казахстанское  агентство  по  обеспечению 

качества в образовании.www.iqaa.kz 

 

 

 

 

Т.Б. Кенжебаева  

А.М. Рымбекова  

Павлодар қ. (Қазақстан) 

 

КӨРУІ БҰЗЫЛҒАН БАЛАЛАРДЫҢ ЗЕЙІН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 



 

Көз  –  өмір  айнасы.  Көз  арқылы  жер  бетіндегі  барлық  адам  баласы  қоршаған  орта 

туралы  көптеген  мәлімет  алады.  Адам  көру  қабілеті  арқылы  заттардың  түсі,  көлемі,  пішіні 

туралы түсініктерді, олардың өзара орналасуын біледі, әрі 80% ақпаратты алады.  

Көру  қызметі  адамға  кеңістікті  бағдарлау,  өзінің  қозғалыс  аймағын  кеңейту, 

әлеуметтік  тәжірибесін  байыту  сияқты  құндылықтарды  меңгеру  үшін  өте  қажет.  Көру 

адамдардың  қызмет  түрінің  әртүрлі  болуына  байланысты  басқа  адамдармен  қарым-қатынас 

орнатуында да маңызды рөл атқарады. Көру мүмкіндігі шектелген жандарға осындай өмірлік 

қажеттіліктерді  қамтамасыз  ету  үшін  олардың  психологиялық  және  физиологиялық 

ерекшеліктерін  терең  біліп  қызмет  ету  үшін  жолдарын  айқындап,  көру  қабілетінің  бұзылу 

себептерін,  психикалық  және  педагогикалық  ауытқуларын  анықтау,  оларды  толықтыру, 

кемістігі  бар  сезім  мүшелерін  түзету  және  қалпына  келтіру  жолдарын  анықтап,  жеке 

тұлғаның жан-жақты дамуына көмектеседі [1]. 

Психологияда  зейін  адамның  психикалық  әрекетінің  шоғырлануы  және  бағыты 

ретінде  анықталған.  Зейіннің  өзіндік  жеке  мазмұны  жоқ  және  ол  адамның  іс-әрекетінің 

белсенділігімен  байланысты.  Көрудің  бұзылуында  белсенділіктің  төмендеуі  байқалады, 

себебі, көру анализаторлары арқылы қабылдау мүмкін емес. Балада көру арқылы әсерлердің 

болмауы  сыртқы  әрекет  стимулдарының  деңгейін  төмендетеді,  бұл  сыртқы  ортамен 

байланысын бәсеңдетеді. 

Қалыпты  және  көруі  өте  нашар  балалардың  зейінінің  дамуы  ми  қалыптасуының 

жалпы  заңдылығына  ортақ.  Бірақ  көру  қызметінің  бұзылуы  күрделі  немесе  тіптен  соқыр 

болса, онда заттың бейнесін және қоршаған ортаның шынайылығын қабылдауы қиын немесе 

тіптен мүмкін емес. 



              51 

 

Зейін – арнайы бір уақытта, қандай да бір объектіге баланың іс-әрекетінің шоғырлану 



процесі.  Егерде  зейін  сыртқы  ортадағы  объектіге  шоғырланса,  онда  оны  сыртқы  зейін  деп 

атайды,  ал  егерде  субъективті  әлемдегі  обьектілерге  бейнелеп,  талқылап  шоғырланса,  онда 

оны ішкі зейін деп атайды [2]. 

Барлық  зейінді  атап  өтсек,  белсендісі  ретінде  (ырықты  және  ырықсыз),  бағыттылық 

(ішкі  және  сыртқы),  оның  кеңдігі  (көлемі,  таралуы),  ауысуы  (қиын,  оңай),  қарқынды, 

шоғырланған (жоғары, төмен), тұрақтылығы (тұрақты немесе тұрақсыз) көрудің бұзылуынан 

өзгеріске ұшырайды, бірақ жоғары дамуларға қабілетті, қалыпты адамдардың даму деңгейіне 

жете алады, кейде тіпті олардан асып түседі. 

Зейін соқыр адамдардың психикалық қызметінің бір жағы сияқты және нашар көретін 

балалар  мен  ересектер  жайлы  аз  зерттелген.  Барлығы  тифлопсихологтар  және 

тифлопедагогтар  көру  кемістігінің  салдарын  түзетуде  зейіннің  маңыздылығы  жоғары 

екендігін  атап  өткен.  Соқыр  балаларды  бақылағанда  олардың  зейіні  төменгі  деңгейде 

екендігін және бұл қоршаған ортаға  деген енжарлықты байқатады [3]. 

Сонымен  қатар  көруі  бұзылғанда  сыртқы  қоздырғыштардың  аздығынан  зейіннің 

тұрақтылығы  төмендейді.  Соқыр  адамдардың  есту  тітіркендіргіштері  арқылы  ұзақ  уақыт 

тыңдау жалығуға әкеп соғады, сонымен қатар зейіннің шашырауын туғызады. 

Баланың зейіні қалыпты көру жағдайда қандай болмасын іс-әрекет түрінде болмысын 

байқау,  тыңдау,  ойлану  –  ым-ишараны  білдіру,  үлкендердің  ым-ишарасына  еліктеу  арқылы 

арнайы ойын рөлін ойнайды. 

Соқыр  балаларда  көру  арқылы  әсем  қимыл-қозғалыстар,  бет  әлпеттің,  ым-ишарасын 

қабылдау  мүмкін  емес.  Сол  себептен  де  оларда  еліктеуге  деген  мұқтаждық  жоқ.  Сонымен 

қатар  соқыр  балаларда  қозғалыс  аймағы  бірқатар  спецификалық  ерекшеліктері  бар.  Оларда 

қозғалыс шектеулі, жеке қозғалыстар өте жоғарғы абайлықпен, әлсіздікпен, ақырын ғана жай 

жүзеге  асады.  Дене  құрлысы  біршама  бүгінкі,  сенімсіз  қозғалыстармен  әрең  жүреді.  Соқыр 

адамдарда сонымен қатар моторлы қозғалыс жеткіліксіз [4]. 

Соқыр  адамдарда  зейінді  аударуға  арналған  бет-әлпет  қозғалыстары:  қабақты  түю, 

маңдайды жиыру, қас-қабақ, арнайы бір позада тұру, объектіге бұрылу және т.б. оларда жоқ 

немесе өте әлсіз байқалады. 

Зейін жеке психикалық процесс емес, ішкі қабылдау, есте сақтау, ойлау және басқа да 

процестердің  сана-сезім  бір  объектіге  бағытталатынына  байланысты.  Зейіннің  таңдамалы 

бағыты  ерекше  құндылыққа  ие,  зейіннің  қандай  да  бір  объектіге  бағытталуы  оның 

түрленуіне  әкеп  соғады.  Осылайша  қабылдау  бақылауға  айналады,  кездейсоқ  ой  ағымы  – 

ойлануға,  бейнелер  мен  ойды  ырықсыз  қайта  жаңғырту  –  еске  түсіру  процесімен  алмасады 

және  т.б.  Осылайша  психикалық  әрекетке  зейіннің  таңдамалылық  бағытын  береді.  Л.С. 

Рубинштейн 

айтуынша, 

әсерлерді, 

ойларды 


әрекетті 

қабылдаудың 

психикалық 

сенсибилизациясы тиімділік береді деген.  

Соқыр  балаларда  зейінділіктің  өте  төмен  деңгейі  байқалады.  Сонымен  қатар  сыртқы 

қоздырғыштардың  төмендігі  соқыр  балалардың  есту  зейінділігі  шаршағыш  келеді.  Зейіннің 

нәтижелі дамуы үшін соқырларда анық рельефті қабылдауының көпжақты қасиеттерін және 

нышандарының сигналдары бірінші орынға шығады. 

Көру  кемістігі  бар  балалар  танымдық  және  еңбек  әрекетіндегі  қиыншылықтарын 

сезінеді.  Осының  арқасында  зейін  кейбір  операцияларға зейінділік  артады.  Сол  себептен  де 

зейін  әр  іс-әрекетке  деген  бақылауы  артады.  Көруінде  кемістігі  бар  балаларда  зейіннің 

рөлінің жоғарлауы тек адам іс-әрекетті жоғары белсенділігімен орындаса ғана. Тек осындай 

жағдайда қабілет ырықты түрде сана-сезімге бағытталуы толық және жартылай соқырлықта 

адекватты бейнеленуш мүмкіндік береді [5]. 

Соқырлардың зейінінің ерекшелігі байқап, тыңдап, ойланып және еске түсіру арқылы 

адам  зейін  жағдайын  бет,  дене  қимыл  арқылы  ым-ишара,  дене  қозғалысы  арқылы  береді. 

Көрікті  қимыл-қозғалыстар  көру  арқылы  қабылдаумен  және  еліктеу  іс-әрекеті  арқылы  бала 

үлкендердің  қаншалықты  қабылдағанына  байланысты.  Балада  көрудің  бұзылуында 




жүктеу 10,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   211




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау