Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді



жүктеу 1,08 Mb.
Pdf просмотр
бет99/113
Дата20.11.2018
өлшемі1,08 Mb.
#22079
түріОқулық
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   113

301
Келтірілген факторлар бір жағынан, білім беруді ақпараттан-
дыру саласындағы педагогикалық кадрларды дайындау жəне қайта 
дайындау қажеттілігін айғақтайды. Екінші жағынан, келтірілген 
мəселелер оқушыларды «көп болса, жақсы болады» деген ұстаным 
бойынша білім беруде Ақпараттық-қатынастық технологиялардың 
құралдарын қолдану жалпы орта білім беру жүйесінің тиімділігін 
жоғарылатуға əкелмейді. Ақпараттық-қатынастық технологиялар 
құралдарын қолдануда өлшенген жəне нақты дəлелденген əдістеме 
қажет. 
Осылайша, кəсіптік қызметте ақпараттық-қатынастық техноло-
гиялардың құралдарын тиімді жəне дəйекті қолдану үшін 
оқытушылардың дайындығының мазмұнына келесі компоненттер 
мен тақырыптар кіруі қажет:
1.  Қазіргі заманғы ақпараттық жəне телекомуникациялық 
технологиялар жəне оларды білім беруде қолдану. Білім беруді 
ақпараттандырудың жағымды жақтары. Білім беруді ақпараттандыру 
құралдарын қолданудың мақсаттылығы мен тиімділігі. Білім беруді 
ақпараттандыру жəне қоғам өмірі.
2. Білім беруде қолданылатын аудиовизуальдық жəне 
техникалық құралдардың түрлері. Компьютерлер жəне олардың 
түрлері. Перифириялық құрылғылар. Мультимедиа технологиялары 
мен құралдары. Білім беруде пайдаланылатын телекомуникациялық 
құралдар. 
3.  Ақпаратты сақтау жəне ұсыну технологиялары. Ақпараттық 
модельдеу технологиялары. Ақпаратты тасымалдау технологияла-
ры. Оқыту құралы ретіндегі компьютерлік желілер ресурсы.
4.  Оқу үдерісіндегі ақпараттық жəне телекомуникациялық 
технологиялар. Білім беруде пайдаланылатын ақпараттық жəне 
қатынастық құралдары сапасын бағалау əдістері. Күндізгі жəне 
қашықтық оқытудағы ақпараттандыру технологиялары. Білім беруді 
ақпараттандыру құралдарын қолдану негізінде оқытудың саралануы 
мен жекеленуі. 
5.  Басқаруды ақпараттандыру жəне оқыту нəтижелерін өлшеу. 
Оқудан тыс қызметтерді ақпараттандыру. Ғылыми жəне əдістемелік 
зерттеулерді ақпараттандыру. 
6. Оқу 
орнының 
ұйымдастырушылық-басқарушылық 
қызмет-
терін ақпараттандыру. Ақпараттық технологиялар жəне ата-аналар-
мен жұмыс жасау. 


302
7.  Ақпараттық білім беру ортасын қалыптастыратын фактор-
лар жүйесі. Ақпараттық білім беру кеңістігі ақпараттық білім беру 
ортасының жүйесі ретінде. 
Қорытындылай келе, білім беруді ақпараттандыруда оқы-
тушыларды оқытуда басты бағыт техникалық жəне компьютерлік 
құралдармен технологиялық аспектілермен жұмыс жасап оқытудан 
білім беретін электронды басылымдар мен ресурстарды таңдау жəне 
орынды қолдануға, дұрыс мазмүнды қалыптастырып оқытуға өту 
қажет. Қазіргі заманғы оқытушы педагогикалық оқу орындарын-
да оқытылып жатқан, информатика курсының мазмұнына кіретін, 
ақпараттық жəне телекомуникациялық технологиялар саласындағы 
білімдерді иеленумен ғана емес, сонымен қатар өз кəсіптік 
деңгейінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудың мама-
ны болуы қажет. 
10-тарау сұрақтары мен тапсырмалары
1.  Білім берудегі ақпараттық жəне телекомуникациялық технологиялар-
ды енгізу шарттарына сай оқытушы қандай сапаларды иеленуі қажет?
2. Оқытушылардың кəсіптілігі білім беруді ақпараттандыру үдерісінің 
қарқындылығына қалай əсер етеді?
3. Ақпараттық жəне телекомуникациялық технологияларды қолдану 
үшін оқытушыларда қандай білім, білік, дағдылар болуы қажет? 
4. 
Білім беруді ақпараттандыру саласындағы оқытушыларды 
дайындаудағы негізгі мақсаттар қандай? 
5. Ақпараттық-телеқомуникациялық технологияларды тиімді қолдану 
үшін оқытушыларды дайындау мазмұнына қандай тақырыптар 
енгізілуі қажет? 
6. Ақпараттық-телекомуникациялық технологияларды ұтымды пайда-
ланатын оқытушы моделі қандай?
7. Оқытуда ақпараттандыру құралдарын қолданудағы оқытушылардың 
дайындығын жоғарылату үшін ең тиімді қадамдарды атаңыз.
8. Басқаруды ақпараттандыру жəне оқыту нəтижелерін өлшеуді қалай 
түсінесіз?
9.   Оқу орнының ұйымдастыру-басқару қызметтерін ақпараттандыруды 
қалай түсінесіз?


303
11-ТАРАУ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚЫТУ ЖƏНЕ ОҚЫТУ 
ПРОБЛЕМАЛАРЫ
11.1 «Электрондық оқыту» ұғымының мəні мен мазмұны
Е-learning  термині  Web базасындағы CD-ROM  тренингтері 
негізіндегі компьютерлік курстарды Internet технологиялардың 
қарқынды дамуы ығыстырған уақытта 1999 жылы пайда 
болды. Олармен аймақтық бөлінген ұйымдардың қызметкерлерін 
қамту өте оңай жəне арзанға түсті. Мұндай орталықтандырылған 
оқу үдерісін басқаруды ұйымдастыру оңай əрі тиімді болып табы-
лады. Бұл желі білім алушыларды, оқытушылар мен менеджерлерді 
байланыстыратын  консолидерген виртуалды ортаны құруға жол 
ашты. 
Бірақ, көп уақыттың өтуіне қарамастан, e-learning термино-
логиясы тұрақтала қоймады. Əлі күнге дейін бірыңғай, жалпыға 
түсінікті, тұрақты, мамандарға түсінікті бір де бір электрон-
ды оқытудың түсінігі қалыптаспаған. Көптеген əр түрлі ұқсас 
терминдері бар. Мамандардың көбі e-learning оқытуды 
интернет технологиясыны қолданумен құрылған деп ойлай-
ды. Мысалы, М. В. Моисеева, Е. С. Полат, М. Ю. Бухаркина-
лар «e-learning – педагогикалық технологияларды жүзеге асыру 
үшін, интернет технологияларды оқытуда қолдану» деп анықтама 
береді. P.J.Edelson, V.V. Pitman жəне т.б. e-learning-ді online 
оқыту ретінде қарастырады, басқа да Web-based training, CBT-
computer Based Training,  BadrulKhan сияқты авторлары e-learning-
ті оқу үдерісіндегі интернет жəне мультимедиалық технология
ақпараттық технологияларды қолдану ретінде ұсынды. ЮНЕСКО 
мамандары «e-learning – интернет жəне мультимедиа көмегімен 
оқыту» ретінде анықтама берді. Анықтамалардың əр түрлілігіне 
қарамастан, барлық жоғарыда аталған авторлар e-learning-ті 
компьютерлік, ақпараттық, интернет технологияларын қолданып 
оқыту базасы ретінде қарастырады. 
Е-learning туралы толығырақ еуропалық комиссия жаңа ақпа-
раттық технология, мультимедиалық технология жəне интернетпен 
оқу сапасын көтеру үшін сервис пен ресуртарға қолжетімділікті 
жақсарту үшін жəне де нақты уақыт режимінде  бірігіп жұмыс жасау 
жəне қашықтықтан біліммен алмасу деп анықтама  береді. 


жүктеу 1,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   113




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау