Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді



жүктеу 1,08 Mb.
Pdf просмотр
бет29/113
Дата20.11.2018
өлшемі1,08 Mb.
#22079
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   113

89
Кестелер қызметіне қарай түсіндірмелі, салыстырмалы жəне 
жалпылама болып бөлінеді. 
Түсіндірмелі кестелер сығымдалған түрде меңгерілетін 
теориялық материалды түсінуді жеңілдетеді, оны саналы түрде 
меңгеру мен есте сақтауға көмектеседі.
Салыстырмалы кестелер материалды салыстыру жəне қарама-
қарсы қоюды жүзеге асырады жəне оның топтастарының бір түрі 
болып табылады. Кез келген элементтер салыстырылады: тарихи, 
əлеуметтік, экономикалық жəне саяси объектілердің, шаруашылық 
түрлері, адам темпераментінің түрлері жəне т.б. айрықша белгілері. 
Жалпылама немесе тақырыптық кестелер оқып-үйренген 
теориялық материал бойынша қорытынды жасайды, түсініктің 
қалыптасуына жағдай жасайды. Бір затты логикалық тізбек түрінде 
жалпылай келе, оның негізгі ерекшеліктерін құбылысын, жағдайын, 
үрдісін жəне т.б білдіреді. 
Білім беру мультимедиа-ресурстарын дайындауда кестелерді 
қажеттілігіне қарай қолдану ұсынылады:
-  көріну көрнекілігін арттыру жəне мəтіннің мағыналық 
фрагментін қабылдауды жеңілдету
-  екі немесе бірнеше объектілерді арнайы салыстыруды жүзеге 
асыру (мəтіннің келесідей мазмұнды элементтерін: оқиға, 
фактілер, құбылыстар, заттар, мəтіннің үзінділері жəне т.б.);
-  көптеген объектілерді топтастыруды жүзеге асыру;
-  объектілерді жүйелеуді орындау.
Білім беру мультимедиа-ресурстарында кестелерді дайындауда 
келесідей негізгі ережелерді сақтау ұсынылады:
-   кестеде берілетін сөздердің саны аз болуы тиіс;
- кестенің жоғарғы, төменгі жəне жан-жағындағы жиектер 
шегініспен болуы қажет;
-   кестенің түстік палитрасы əртүрлі болмауы керек;
- кестенің ерекшеленген ұяшықтарының саны ерекшеленген 
мəтін фрагментінің мазмұны мен сипатына сəйкес келуі қажет 
жəне т.б. 
Жалпы орта білім беру жүйесінде қолдануға арналып дайындалған 
мультимедиа-ресурстар тек кесте түріндегі көрнекілікпен қатар, 
мұндай ресустарға графиктерді, диаграммаларды, апликацияларды, 
схемалық суреттерді енгізумен көрнекілік талаптарын арттыруы 
мүмкін. Мұндай интерфейстік құралдар арнайы белгілер, байла-
ныстар жəне құбылыстар, оқиғалар, үрдістерді жəне т.б. ерекшелеу 


90
үшін қолданылады, сонымен қатар мəтіннің фрагментін жергілікті 
бейнелік көрсету үшін пайдаланылады. Схемалық бейненің 
көмегімен білім беру мультимедиа-ресурсының авторы құбылысты 
логикалық тізбектілікпен ашып көрсетеді, екі немесе бірнеше 
объектілерді көрнекі салыстыруды қамтамасыз етеді, сонымен қатар 
оқушылардың білімін жалпылайды жəне жүйелейді. 
Мультимедиа-құралдарына схемалар мен блок-схеманы дайын-
дау үшін келесідей ұсыныстарды есепке алу мақсатқа лайық:
-  схемада немесе блок-схемада түсіндірілетін материал саны аз 
болуы тиіс;
- схеманың жоғарғы, төменгі жəне оң жақ жəне сол жақ 
жиектерінде шегініс болуы тиіс; 
-  схеманың немесе блок-схеманың түстік палитрасы əртүрлі 
болмауы керек;
-  схеманың немесе блок-схеманың құрылымды бөліктері жəне 
олардың байланысты ерекшеленген мəтін фрагментінің 
мазмұны мен сипатына сəйкес келуі қажет жəне т.б. 
Білім беру мультимедиа-ресурстарды дайындауда қуатты ком-
пьютерлік графикалық құралдарды қолдана отырып, схемаларды 
жəне блок-схемаларды қосымша безендіру ұсынылады: 
-  түстердің түрлі палитрасымен;
-  суреттермен (мұнда, сурет схемаларды немесе блок-схемаларды 
безендіру элементі ретінде);
-  шрифтің əртүрлі жиыны;
-  схеманы қоршаудың əртүрлі құралдары;
-  схеманың құрамды бөліктері мен байланыстары санын орнату;
-  схема қозғалысы эффектісін жүзеге асыру (анимация).
Оқушыларда реалистік көзқарас қалыптастыру мақсатында білім 
беру мультмедиа-ресурстарын дайындауда басқа иллюстрациямен 
схемалық суретті салыстыру мақсатқа лайық.
Схема нақты тілдік материалмен толықтырылуы тиіс, бірақ оның 
көлемін шектеу керек, сонымен қатар схеманың шамадан тыс толты-
ру қаупі бар, материалды көруді қабылдауды күрделенеді, схеманың 
құндылығын түсіндіреді. 
Материалды компактілі орналастыру, шартты белгілеу схема-
ны немесе блок-схеманы бейнелеуге, оны гигиеналық нормаларға 
сəйкес келтіруге мүмкіндік береді. 
Иллюстрация, кестелер жəне схемалары бар түспен безен-
дірілген мультимедиа-ресурс анимация элементтерімен, дыбыс-


91
пен сүйемелденеді, оқу материалын қабылдауды оңайлатады, оны 
түсінуге жəне есте сақтауға көмектеседі, оқушылардың танымдық 
белсенділігін ынталандырып, заттар, құбылыстар, оқиғалар туралы 
анық жəне ашық түсінік береді. 
Білім беру мультимедиа-ресурстар интерфейсін қалыптастыруда 
анимация эффектісін жүзеге асырудың бірнеше тəсілі ұсынылады.
«Бөлшектеу» тəсілі. Бұл тəсілдің маңыздылығы иллюстрация-
ны таңдап, автор оны бірнеше бөліктерге бөледі, содан соң осы 
бөліктердің бір-біріне тізбектілігін сипаттайды. Динамикалық су-
рет эффектісі жəне суреттер осылай жүзеге асырылады. Мұнда 
объект өзгере отырып, кеңістікте орнын ауыстырмайды. Осындай 
принцип бойынша алынған динамикалық иллюстрацияларды білім 
беру мультимедиа-ресурстарының сценарий орындарында қолдану 
орынды.
«Каширование» тəсілі. Бұл тəсілдің маңызы мəтінмен 
толтырылған мультимедиа-ресурс кестесі алдымен жабық, содан 
соң оның ашылуы бірте-бірте орындалады. Кестені бөлік бойынша 
ашып көрсететін кесте бойынша түрлі-түсті қағазды қозғалту ил-
люзиясы құрылады. Мұндай анимация объектілері схемалар, блок-
схемалар немесе сызықтық мəтіннің бөліктері болуы мүмкін.
«Кеңістіктегі қозғалыс» типі тəсілі. Оның «жинау» тəсілінен 
ерекшелігі, білім беру мультимедиа-ресурсы жағдайында экранда 
таңдалған объект арнайы берілген траектория бойынша қозғалатын 
иллюстрация үшін əрекет тізбектілігі сипатталады (мультипликация 
эффектісі). Көру қатарының негізін суреттер, картиналар, оқу карти-
налары жəне бейнеүзінділер құрайды. Суреттер мен бейнеүзінділер 
түстер мен анимация үйлесімділігінде ерекше эффектіні қамтамасыз 
етеді.
Аталған ұсыныстар білім беру мультимедиа-ресурстарында 
эффективті элементтерді безендіруді қалыптастыруға бағытталған. 
Олардың санына нақты безендіру элементтерімен байланысты 
ұсыныстарды жатқызуға болады, сондай-ақ оларды жалпы орта білім 
беру жүйесіндегі білім беру мультимедиа-ресурстары интерфейсін 
қалыптастыру үшін қолдану мақсатқа лайық.
Табиғи жəне адам жасаған объектілер оның санасында ерекше 
эмоциямен сүйемелденетін тұрақты бейнелерді тудыратындығын 
түсіну маңызды. Бұл геометриялық фигуралардың, сызықтардың 
символдық ассоциативтік мəні визуалды формаларды дайындаумен 
байланысты барлық іс-əрекетте есепке алынады:


жүктеу 1,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   113




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау