Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді



жүктеу 1,08 Mb.
Pdf просмотр
бет98/113
Дата20.11.2018
өлшемі1,08 Mb.
#22079
түріОқулық
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   113

298
10.2
 
Білім беруді ақпараттандыру саласындағы 
оқытушыларды дайындау жүйесі
Ақпараттандыру құралдарын пайдалану оқытушылардың 
еңбегінің қарқындануына, сонымен қатар оқушыларды оқытудың 
тиімділігіне оң əсер етеді. Сонымен қатар, кез келген мұғалім 
ақпараттық жəне қатынастық технологиялардың енгізілуінің 
жеткілікті оң əсерден көп жағдайда ақпараттық құралдарды қолдану 
оқушыларды оқыту тиімділігінің жоғарылуына əсер етпейді, ал 
кейбір жағдайда ондайды қолдану кері əсер тигізетінін растайды. 
Мұндай орынды жəне ақталған оқытуды ақпараттандыру мəселесінің 
шешуі кешенді жəне жан-жақты жүзеге асырылуы қажет. Соны-
мен қатар, оқыту ақпараттық жəне телекомуникациялық техноло-
гиялар құралдарын мүлтіксіз, орынды, ретті қолдану білім беруді 
ақпараттандыру саласындағы оқытушыларды дайындау мазмұнына 
кіруі қажет. 
Білім беруді ақпараттандыру негіздеріне болашақ жəне қазіргі 
мұғалімдерді кешенді түрде оқыту қажет. Ол үшін оқытушылардың 
дайындығын жүйелендіруге мүмкіндік беретін, олардың мазмұнын 
аса іргелі жəне үнемі өзгеріп, дамып отыратын ақпараттандыру 
құралдарына тəуелділігін азайтатын оқыту мақсаттары мен 
принциптері жүзеге асырылды. 
Білім беруді ақпараттандыру саласындағы оқытушыларды 
дайындайтын негізгі мақсаттар:
-  білім берудегі ақпараттық жəне телекомуникациялық техноло-
гияларды қолданудың жағымды аспектілерімен танысу;
-   ақпараттық қоғамда білім беруді ақпараттандырудың рөлі мен 
орны туралы түсінікті қалыптастыру;
-   көрінетін құрамдар мен ақпараттық-қатынастық технология-
лардың құралдарын тиімді қолдану салалары туралы түсінікті 
қалыптастыру;
-   көрінетін құрамдар мен білім беру технологияларын құру, 
өңдеу, ұсыну, ақпаратты сақтау мен тасымалдау ортасында 
тиімді қолдану саласы туралы түсінікті қалыптастыру;
-   ақпараттандырудың жалпы əдістерімен, оқу үдерісінің 
дəл қажеттіліктерімен, оқу орындарының оқудан тыс, 
ғылыми-зерттеушілік жəне ұйымдастырушы-басқарушылық 
қызметтерін  оқу нəтижелерін басқару жəне өлшеумен танысу;


299
-   олардың сапаларының принциптері мен əдістерін бағалауға 
негізделген білім беруді ақпараттандыру құралдарына 
қойылатын талаптар туралы білімін қалыптастыру;
-   ақпараттық білім беру ортасын енгізу жəне қалыптастырудағы 
оқытушылардың қатысуға деген нық əрекетін жасау;
-   қалыптасып келе жатқан білім беруді ақпараттандыру тіліне 
оқыту (терминологияны параллельді жүйелендіру мен бекіту);
-   оқытушылардың қазіргі заманғы əлемде ақпараттық 
технологиялардың рөлі мен орнын  оқушыларға түсіндіруге 
қосымша мүмкіндік беру.
Білім беруді ақпараттандыру саласында оқыту мазмұнындағы 
бірінші кезектегі орындардың бірін білім берудегі ақпараттық жəне 
телекомуникациялық технологияларды орынды, дəл жəне тиімді 
қолдану алады. 
Егер ақпараттық технологияларды қолдану білім беру жүйесінің 
қажеттіліктеріне  нақты  жауап беретін болса, онда ақпараттық 
құралдардың көмегінсіз оқыту мүмкін емес жəне қиын болса, тек осы 
жағдайда  ақпараттық технологияларды қолдану орынды болады жəне 
оқытуда тиімділіктің жоғарылауына алып келеді. Оқытушыларды 
дайындау жүйесіндегі оқу үдерісіне қатысты, сондай-ақ оқытушы 
қызметтерінің басқа саласына қатысты анықталатын бірнеше шарт-
тар тобымен таныса кету қажет. 
Бірінші топқа оқушылардың белгілі білім жүйесін 
қалыптастырумен байланысты қажеттіліктерді жатқызуға бо-
лады. Мұндай қажеттіліктер бірнеше пəннің мазмұнымен қатар 
танысқанда, пəнаралық сипаты бар сабақтарды өткізу барысын-
да туындайды. Сонымен қатар олар микро- жəне макроəлемдер 
элементтерін оқығанда, сондай-ақ дəстүрлі оқытуда табылмайтын 
бірқатар түсініктерді, теориялар мен заңдылықтарды оқу қажет 
болғанда туындайды. 
Екінші топтың қажеттіліктері оқушылардың репродуктивті 
іскерліктерді меңгеру қажеттіліктерімен анықталады. Бұл топтың 
қажеттіліктері есептеу, есептеудің нəтижелерін өңдеу, тексе-
ру жағдайларында туындайды. Мұнымен қоса, екінші топтың 
қажеттіліктері əр пəн бойынша типтік біліктіліктерді өңдеу жəне 
жалпы білімдік біліктіліктерді (жалпы педагогикалық – жүйелендіру 
жəне классификациялау, талдау жəне синтездеу, тəжірибені 
рефлексивті жоспарлай білу, ақпаратты жинау жəне талдауды жүзеге 
асыру) қалыптастыру барысында туындайды. 


300
Үшінші топтың қажеттіліктері оқушылардың шығармашылық 
шеберліктерін қалыптастырумен анықталады. Мұндай қажеттіліктер 
бірнеше мүмкін шешімдердің ішінен біреуін таңдауға болатын 
оңтайландырылған міндеттерді шешу кезінде, ең үнемді шешімді 
немесе үдерістің жүрісі барысында аса ұтымды шешімді қабылдау 
кезінде туындайды. Бұл топтың қажеттіліктері берілген гипо-
тезаларды тексеруде есептің шешу мен қойылымы барысында, 
конструктивтік-комбинаторлық шығармашылық шеберліктерін 
дамыту қажеттілігі барысында туындайды. Сонымен қатар бұған 
үрдістерді модельдеу қажеттілігінен шығатын немесе оқушыға 
үдерістер мен оқиғалардың өтуіне əсер ететін факторлар тура-
лы тұжырым жасауына мүмкіндік береді. Ең аяғы, нақты оқу ор-
нына қол жетпейтін, жүргізу барысында құралдарды қажет ететін 
зертханалық тəжірибелер барысында туындайтын қажеттіліктерді 
де жатқызуға болады. Мұндай зертханалық тəжірибе педагогикалық 
өлшемдер аясында жүргізілуі мүмкін жəне сонымен қоса ақпараттық 
жəне телекомуникациялық технологиялардың қажеттілігін өз аты-
нан еліктіруі мүмкін. 
Төртінші топтың қажеттіліктері оқушыны тəрбиелеу, 
оқушыларда белгілі бір тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру 
қажеттілігімен байланысты. Төртінші топқа жататын қажеттіліктер 
əлеуметтік, экологиялық жəне басқа да мəселелерді шешу 
арқылы оқушыларды адамгершілікке тəрбиелеу мүмкіндіктерін 
құратын модельдеуді ұйымдастыру үшін туындайды. Сонымен 
қатар, білім беруді ақпараттандыру құралдарын қолданудың 
қажеттіліктері оқушыларда басқа адамдарға, өзіне жəне өз ағзасына 
қатысты жауапкершілік сезімді қалыптастыру үшін туындауы 
мүмкін. 
Жоғарыда аталған қажеттіліктермен қатар, ақпараттық жəне 
телекомуникациялық технологияларды орынды жəне тиімді қол-
дану үшін оқытушыларға электрондық басылымдар мен ресурс-
тарды қолданудың, білімді ақпараттандырудың негізгі жағымды 
аспектілерін білуі қажет. Ондай аспектілерді білу мұғалімдерге 
оқушылардың жұмысының қазіргі заманғы ақпараттандыру 
құралдарымен байланысты кері жағдайларды азайтуға жəне 
артықшылықтарды көбейтуге əкелетін ақпараттандыруды қолдануға 
көмектеседі. Оқытушылар дайындығының сипатталған жүйесіне 
ақпараттандыру құралдарын қолданудың мүмкін болатын кері сал-
дарымен танысу қосылуы қажет. 


жүктеу 1,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   113




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау