47
«Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде
республикада балалардың, жасөспірімдердің және жастардың денсаулығын
нығайту және сақтау мақсатында шаралар өткізілді.
2015 жылы Халықаралық емшекпен емізу апталығы аясында Ұлттық
емшекпен емізу апталығын өткізу барысында 613 130адамды қамти отырып,
32 873 шара өткізілді, оның ішінде: 107 акция, 284 ашық есік күндері, 180
дөңгелек үстелдер, 1088 семинар - тренингтер, 20 900 кеңестер, 2410
сауалнамалар және басқалары. БАҚ 147 телерадиохабарлар ұйымдастырылып,
басылымдарда 74 мақала жарияланды.
Республика өңірлерінде «Менің отбасым – менің құнды байлығым!»
ұранымен кең ауқымды акция «Денсаулық сабақтары» апталығы өткізілді, оған
1 004 448 адам қамтылды.
«Денсаулық сабақтары» апталығы шеңберінде 117 859 дана салауатты өмір
салтының және ауруларды алдын алудың түрлі аспектілері бойынша ақпараттық-
білім беру материалдары таратылды.
Отбасы институты рөлінің маңыздылығын ескере отырып, 2015 жылғы 13
қыркүйекте «Менің отбасым – менің құнды байлығым!» ұранымен кең ауқымды
акция Ұлттық «Отбасы күні» өткізілді.
Акция уақытында 16 360 шара өткізілді, 313 366 адам қамтылды (ашық
есік күндері, Денсаулық мектептерінде сабақтар, семинар – тренингтер,
лекциялар, балаларға, жасөспірімдерге және жастарға арналған байқаулар,
спорттық шаралар, флешмобтар, кеңестер және басқасы)
ЖДО мамандарына 2015 жылғы 9 ай бойынша өтініш білдіргендердің саны
412 845 адамды құрады (диаграмма).
2014 – 2015 жылдарда ЖДО берілген өтініштердің саны
2015 жылғы 9 ай бойынша 57 505 шара өткізілді, оның ішінде: 5 661
семинар – тренингтер, 934 акция, 1 483 дөңгелек үстелдер, 8 281 лекциялар, 541
спорттық шаралар, 521 конкурстар және басқасы, 660 865 адам қамтылды. БАҚ
576 телерадиохабар ұйымдастырылды, басылымдарда 107 мақала жарияланды.
2015 жылғы 9 ай бойынша ЖДО қызметі индикаторларының талдауы 2014
жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда тіркелген аборттардың 7-ден 18-ге
48
дейін, яғни 2,6 есеге, ЖЖТА жағдайлары 39-дан 88-ге дейін, яғни 2,3 есе өсімі
байқалады.
2015 жылғы 9 ай бойынша ЖДО берілген өтініштердің саны
15-29 жас аралығындағы жастардың жалпы санынан ЖДО қызметімен
қамтылған жастардың үлесі 7,02 % (306 623 адам) құрады, бұл 2014 жылғы
осындай кезеңмен салыстырғанда 1,7 есеге көп (4,1%).
Балалар ортасында, балалар ұйымдарында, ата-аналармен, мұғалімдермен,
айналасындағы адамдармен шиеленісті шешуге байланысты делдал ретінде
балаларға, жасөспірімдерге және жастарға психологиялық кеңес беру үшін «150»
Ұлттық телефон желісі анонимді және тәулік бойы 2012 жылғы мамырдан
бастап жұмыс істейді.
2015 жылғы қыркүйекте «Қызу желі 150» Ұлттық телефон желісіне 27 833
қоңырау түскен. 638 өтініш білдірушілерге психологиялық, 66 – құқықтық, 57 –
әлеуметтік қолдау көрсетілді. Консультациялық сипаттағы түрлі мәселелер
бойынша 27 122 қоңырау түсті.
ДДСҰ-ның «Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер» жобасына
956 мектеп қатысады. Денсаулықты нығайту және сақтау аспектілері бойынша
2015 жылғы 1 жартыжылдықта 926 043 адамды қамти отырып, 20 675 шара
өткізілді (оның ішінде репродуктивті денсаулықты қорғау бойынша 5 426 шара).
ДДСҰ-ның «Дені сау университеттер» жобасына 64 жоғарғы оқу орындары
қатысады, 2015 жылғы 1 жартыжылдықта 192 849 адамды қамти отырып, 6 619
шара өткізілді.
2015
жылы
екі
тілде
республикалық
«ТАҢ»
телеарнасында
трансляциялауымен «Жастарға мейірімді қызметтер», «Отбасыны жоспарлау
және репродуктивті денсаулық» телехабарлары шығарылды.
«Комсомольская правда» республикалық газетінде ЖДО, «Қызу желі 150»
туралы, репродуктивті денсаулықтың профилактикасы бойынша «Во имя
счастья быть родителями», «Значение правильного питания и физактивности для
сохранения здоровья» мақалалары жарық көрді.
49
Балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау саласындағы мемлекет
саясаты
Соңғы жылдары балалы отбасыларды мемлекеттік қолдау шаралары
неғұрлым жүйелі бола бастады, жыл сайын құнсыздануды ескере отырып,
олардың көлемі индекстеледі.
Отбасылар мен балаларға әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін дамыту
Балалы отбасыларды қолдау «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік
жәрдемақылар туралы» ҚР Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Аталған Заңда төлемдердің бірнеше түрі көзделген: бала тууына
байланысты, бала бiр жасқа толық толғанға дейін оның күтiмiне байланысты
жәрдемақы, мүгедек баланы тәрбиелуге байланысты жәрдемақы.
2015 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша мынадай жәрдемақылар алынды:
1) бала тууына байланысты – 286,6 мың адам, бұл 2014 жылғы ұқсас
кезеңнен 5,9 %-ға аз. Төленген шығыстардың сомасы 19,6 млрд. теңгені құрады;
2) бала күтiмi бойынша – орташа алғанда 143 мың адам, бұл 2014 жылғы
ұқсас кезеңмен салыстырғанда 20,2 %-ға аз. Төленген жәрдемақының сомасы
21,4 млрд. теңгені құрады;
3) он сегіз жасқа дейiнгі мүгедек баланы тәрбиелеп отырған - орташа
алғанда 68,9 мың адам алды, бұл 2014 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 5,7
%-ға көп. Төленген жәрдемақының сомасы 14,3 млрд. теңгені құрады.
«Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы»
ҚР Заңына сәйкес арнаулы мемлекеттік жәрдемақы:
1) «Алтын алқамен», «Күміс алқамен» наградталған, бұрын «Батыр ана»
атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен
наградталған көп балалы аналарға 6,4 АЕК мөлшерінде немесе 11853 теңге (а.ж.
9 ай ішінде орташа 244 мың адамға 27,9 млрд. теңге сомасында төленді. 2014
жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда алушылардың саны 0,8 %-ға және
сәйкесінше 7,7% төмендеді);
2) бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары, оның
ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін
ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын балалары
бар, балалары кәмелеттік жасқа толғаннан кейін олар оқу орнын бітіретін
уақытқа дейін, бірақ әрі дегенде жиырма үш жасқа толғанға дейін көп балалы
отбасыларға 4,16 АЕК мөлшерінде немесе 7705 теңге (а.ж. 9 ай ішінде орташа
232,7 мың адамға 17,5 млрд. теңге сомасында төленді. Бұл көрсеткіштер 2014
жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 5,53 %- ға және тиісінше 14,4 %-ға артты)
төленеді.
Табысы аз балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау мақсатында
қолданыстағы заңнамада мыналарды көрсету көзделеді:
1) атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) – жан басына шаққандағы
орташа табыс пен кедейлік шегінің белгіленген айырмасы түрінде жан басына
шаққандағы табысы төмен (ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан 40 %)
отбасыларға.
Достарыңызбен бөлісу: |