Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті



жүктеу 1,05 Mb.
Pdf просмотр
бет29/36
Дата16.05.2018
өлшемі1,05 Mb.
#14164
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   36

65 

 

Осылайша,  Қарағанды  облысы  пробация  қызметінің  есебінде  тұрған 



кәмелетке толмағандармен Қарағанды қаласы АК-159/1 мекемесіне тоқсан сайын 

экскурсия жүргізу ұйымдастырылды. 

 

Кәмелетке  толмағандарды  ұстауға  арналған  орташа  қауіпсіз 

мекемелерде кәмелетке толмағандармен жұмыс  

Бүгінгі  күні  республикада    кәмелетке  толмағандарды  ұстауға  арналған 

1орташа  қауіпсіз  мекеме  (ЛА-155/6  мекемесі)  және  ЛА-155/4  мекемесінің 

жанындағы қыздарға арналған оқшаулау учаскесі бар.  

ЛА-155/6 мекемесінде 73 (2014 жылы. - 94) кәмелетке толмаған сотталған,  

ЛА-155/4  мекемесі    жанындағы    оқшаулау  учаскесінде  –  4  (2014  жылы  -  3) 

жазасын өтеуде.  

Кәмелетке  толмаған  сотталғандармен  жұмысқа  қаланың  көптеген 

ұйымдары,  оқу  орындары,  қоғамдық  бірлестіктер,  діни  конфессиялар,  құқық 

қорғау ұйымдары қатысады.  

Мысалға, 2015 жылы ЛА-155/6 мекемесіне «Вега», «Жеті ағаш», «Возроди 

село»,  «Сәт  Астана»,  «Кредо»  сияқты  қоғамдық  қорлар,  сонымен  қатар, 

ҚазақстандағыСоросқоры мен PRI «халықаралық түрме реформасы», Қоғамдық 

бақылау комиссиясының өкілдері, Ұлттық превентивті механизм қатысушылары 

барды.  Алматы  қаласы  әкімдігінің  жанындағы  консультативтік-кеңесші 

органның жоспары шеңберінде Алматы қаласы мәдениет, дене шынықтыру және 

спорт басқармалары әртүрлі іс-шараларды ұйымдастыруда көмек көрсетті. 

Сотталғандармен тәрбиелеу процесіндегі маңызды бағыттардың бірі жеке-

тәрбиелеу  жұмысына  туыстарын  тарту  болып  табылады,  ол  туыстары 

сотталғандармен  кездесуге  келген  уақытта,  ал  қажет  болған  жағдайда  – 

туыстарын шақыра отырып артықшылығымен жүргізіледі.  

Сол  себепті  сотталғандарға  тәрбиелік  ықпал  етудің  тиімділігін  арттыру 

мақсатында  ата-аналар  комитеті  ұйымдастырылды.  Одан  басқа,  Колонияның 

Қамқоршылық кеңесі жұмыс істейді.  

 

Сотталғандардың  әлеуметтік  қажетті  байланыстарын,  отбасы  институтын 



нығайту мақсатында 2015 жылы ЛА-155/6 және ЛА-155/4 мекемелерінде «Ашық 

есіктер күні» өткізілді, оған сотталғандардың 120 туысы қатысты.  

Психологиялық  демалу  кабинетінде  сотталғандарға  психологиялық  көмек 

көрсету  бойынша  жұмыс  жүргізіледі.  Жұмыстың  жаңа  бағыттарының  бірі 

инспектор-психологтың  қатысуы  болып  табылады.  Кәмелетке  толмағандардың 

жеке басын дамыту,  физикалық  және  психологиялық  денсаулығын  сақтау  үшін 

жағдайлар  жасалуда.  2015  жылдың  басынан  бастап  ЛА-155/6  мекемесінің 

психологиялық  жұмыс  қызметкерлері  тәрбиеленушілер  арасында  суицидтік 

әрекеттің алдын алу мен және жол бермеу бойынша бірқатар іс-шаралар өткізді. 

ЛА-155/6  мекемесінің  тәрбиеленушілерімен  Люшераның  СТС  мен  ТТӘ 

(қысқартылған  нұсқасы)  әдістемесін  пайдалана  отырып,  суицидтік  үрдістерді 

анықтауға психодиагностикалық зерттеулер жүйелі түрде жүргізіледі.  

2015  жылғы  25  қыркүйекке  психологиялық  қызметтің  есебінде  суицидке 

және мүшесін зақымдауға бейімді ретінде 19 тәрбиеленуші тұр, оның ішінде ЛА-

155/6 мекемесінде - 15, ЛА-155/4 мекемесінде - 4 кәмелетке толмаған сотталған.  



66 

 

Психологиялық 



қызметтің 

профилактикалық 

есебінде 

тұрған 


тәрбиеленушілермен  де  психологиялы  түзету  (жеке  және  топпен)  және 

психологиялық консультациялық жұмыс жүйелі түрде жүргізіледі.  

Сонымен қатар, 5 жыл бойы сотталғандармен Қазақ Мемлекеттік әйелдер 

педагогикалық  университетінің  (ҚазМӘПУ)  ғылыми-зерттеу  тобы  жұмыс 

істейді,  олар  психолого-педагогикалық  зерттеулер  жүргізеді,  босатылғаннан 

кейін сотталғандардың қайта әлеуметтендіруде педагогикалық көмек көрсетеді.  

Сотталғандармен тәрбие жұмысы оларды түзетуге, заңдардың талаптарын 

сақтауға  ынталандыруды  қалыптастыруға  және  нығайтуға  бағытталған.  2014 

жылмен  салыстырғанда  бұл  жұмыстың    нәтижесі  артты.  Осылайша 2015  жылы 

барлығы 6 құқық бұзушылық тіркелді, 2014 жылы тамыздың соңында 60 құқық 

бұзушылық  тіркелді.  Көрсетілген  факті  жоспарлы  және  мақсатты  бағытталған 

жұмыс  нәтижесінде  мүмкін  болды.  2015  жылы    жеке  мәселелер  бойынша 

351қабылдау жүргізілді, барлығы 692 кәмелетке толмаған қамтылды.  

Қазақстан  Республикасы  Конституциясының  30-бабына  сәйкес  Қазақстан 

Республикасының азаматтарына орта білім алу құқығына кепілдік беріледі.  

Қазақстан  Республикасының  қылмыстық-атқару  заңнамасына  сәйкес 

жалпы  білім  беру  сотталғандарды  түзетудің  негізгі  құралдарының  бірі  болып 

табылады.  

Сабақтарда  оқушыларды  белсендіру  және  пәнге  деген  қызығушылықты 

тудыру 


үшін 

мұғалімдер 

оқытудың 

қазіргі 


заманғы 

техникалық               

құралдарын пайдаланады.  

Мектеп  сотталғандарды  жалпыға  міндетті  мемлекеттік  оқу  стандарты 

негізінде  әзірленген  оқу  жоспарлары  мен  бағдарламаларына  сәйкес  оқытып, 

тәрбиелеуде, 

санитарлық 

нормалар 

мен 

ережелер 



толық 

сақталған,сотталғандарды  жалпы  білім  беруге  оқытуды  ұйымдастыру,  түзеу 

мекемелері  жанындағы  жалпы  білім  беру  мектептерінің  материалдық-

техникалық  базасын,сотталғандарды  тәрбиелеу  сапасын  жақсарту  үшін  оқыту 

әдістемесін  нығайту  мәселелері  бойынша  кеңестер  мен  семинарлар  өткізіледі. 

Мектепте 14 ұстаз жұмыс істейді.    

Мектептің оқытушы құрамы оқушылармен сыныптан тыс жұмыс, сондай-

ақ    қиын  тәрбиеленетін  санатқа  жатқызылатын  тәрбиеленушілермен  жұмыс 

жүргізеді.  

Оқыту  орыс  және  қазақ  тілдерінде  жүргізіледі,  барлығы  65  кәмелетке 

толмаған  сотталған  оқытылады,  оның  ішінде  10  адам  соттағанға  дейін  білім 

алмаған және жұмыс істемеген.   

2014-2015 оқу жылдары 12 оқушы орта мектепті бітірсе, 14 оқушы негізгі 

білімі туралы куәлік алды.  

«Халықаралық  әлеуметтік жобалар қауымдастығы» ҚҚ көмек көрсетуімен 

ЛА-155/6  мекемесінің  сотталғандары  арасында  наубайхана  және  негізгі 

информатика курстары өткізілуде, кейіннен сертификаттар беріледі. 

Қазіргі  уақытта  еңбек  келісімшарты  бойынша  3  сотталған  асханаға,  4 

сотталған  әртүрлі  жұмысты  атқарушы  ретінде,  1  сотталған  медициналық-

санитарлық  бөлімге  жұмысқа  орналастырылды.  Ағымдағы  жылдың  басынан 




жүктеу 1,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау