39
туылған сәбилер 100% жағдайда шетінейтін еді. 2015 жылы ерте
диагностикалау, санитариялық авиацияның уақытылы және жөнге салынған
жұмысы, уақытылы тасымалдау, әлемінің ең озық клиникаларында тұрақты
түрде біліктілігін арттыратын балалар кардиохирургтарының жоғары біліктілігі
арқасында осындай балалардың 85% тірі қалуда. Республикалық санитарлық
авиация 3 жылда 1 500 астам баланың, оның ішінде жаңа туған сәбилердің
өмірін құтқарып қалды.
Өлімді төмендетудің бас жасаушыларының бірі ауруларды алдын алу және
ерте диагностикалау болып табылады.
Республикада 2011 жылдан бастап жаңа туған балаларды аудиологиялық
әмбебап скринингтеу жүйесі енгізілді.
Скринингтік тексерулердің қорытындысы бойынша тексерілген 3 677 628
баланың ішінен 2015 жылғы 9 ай бойынша есту қабілетінің кемістігі бар 3 531
бала (0,1%) анықталды, 2014 жылғы осыған ұқсас кезеңде тексерілген 3 545 382
баланың ішінен анықталғаны 2319 (0,06 %). 2015 жылғы 9 ай бойынша
кохлеарлық имплантация бойынша 93 операция жасалды, бұл 2014 жылмен
салыстырғанда 3 операцияға көп. Бір операцияның құны 4 млн. 500 мыңға
жуық теңге.
Сонымен бірге, 2015 жылы Қазақстан Республикасында сурдологиялық
көмекті дамыту жөніндегі жол картасына сәйкес 169 босанатын әйелдерге көмек
көрсету мекемелері мен 100 алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдары
отоакустикалық эмиссияны тіркеу әдісімен есту қабілетіне скрининг жүргізетін
аппараттармен жабдықталды, 2014 жылы осындай аппараттармен 146
босанатын әйелдерге көмек көрсету мекемелері мен 53 алғашқы медициналық-
санитарлық көмек ұйымдары қамтамасыз етілді.
2015 жылғы 9 айда анықталған есту қабілеті төмен адамдардың,
2014 жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда салыстырмалы
салмағы
0
100
200
300
400
500
600
700
800
900
2014
2015
40
Сонымен бірге, 2015 жылы толықтай жабдықталған сурдологиялық
кабинеттердің саны ұлғайды (2015 ж – 15 , 2014 ж. - 13).
Сонымен қатар, 2015 жылдан бастап 5 жыл және одан көп жылдар бұрын
операция жасалған балаларға кохлеарлық имплантация жүйесінің сөйлеу
процессорларын ауыстыру бойынша бағдарлама басталды.
Балалар онкологиялық қызметін дамыту Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің және жалпы алғанда
мемлекет саясатының абсолютті басымдығы болып табылады. 2013 жылдан
бастап Германиядан бедгілі шетелдік мамандарды, жеке алғанда, профессор
Гюнтер Хенцені тарта отырып, балалар онкологиясы мен гематологиясын қайта
құрылымдау жобасы іске асырылуда.
Жоба аясында нормативтік құқықтық актілер, балалар онкологиялық және
гематологиялық қызметтерді дамыту бойынша «Жол картасы» әзірленді, екі
республикалық орталық базасында балалар онкологиясы бөлімшесі ашылды.
Бүгін қатерлі ісікке шалдыққан балаларды емдеуге арналған керует саны 210
құрайды.
Балалар онкологиясы бойынша мамандарды шеберлік сабақтар мен
тағылымдамадан өткізу арқылы дайындау бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.
Барлығы аталған бейін бойынша 77 маман, оның ішінде 21 алыс және шет
елдердің клиникасында дайындалды, шетел мамандарының қатысуымен 15
шеберлік сабақтары өткізілді. Бүгін мемлекет республикалық бюджеттен
онкологиялық ауруға шалдыққан баланың арнайы емделуіне орташа есеппен 1,5
млн.-нан 3 млн. теңгеге дейін қаржы бөлуде.
Сирек кездесетін тұқым қуалайтын (орфанды) ауруы бар балаларды
фермент-орнын басу терапиясымен қамтамасыз ету және диагностикалау
мәселелері шешілді. Балаларда орфанды ауруларды диагностикалау мен
емдеудің алгоритмдері, емделушінің алғашқы медициналық-санитарлық көмек
деңгейінен республикалық мекемелерге дейін маршруты әзірленді.
Гемопоэтикалық
тін
жасушаларын
трансплантациялауға
арналған
бөлімдердің ашылу сәтінен бастап 28 ГТЖ трансплантациясы жасалды, оның
ішінде аллоГТЖТ – 11 емделуші, аутоГТЖТ – 17 емделуші.
41
Отандық медицина жетістіктері онкологиялық ауруларға шалдыққан
балалардың өмірлерін ұзартуға мүмкіндік берді, ал олардың көп бөлігінде – іс
жүзінде сауығуына қол жеткізілді. Жіті лейкозбен ауыратын балалардың өмір
сүруі әлемдік көрсеткіштерге жуықтап, 76%-ды құрап отыр. 90-шы жылдары бұл
көрсеткіш бар болғаны 14%-ды құрағанын атап өткен жөн.
Сондай-ақ, ҚР туа біткен коагулопатиясы бар балаларға орасан зор назар
аударылуда. Қазіргі уақытта республикалық бюджет есебінен гемофилиямен
ауыратын балаларды ұйысу факторларымен жүз пайыз қамтамасыз етуге қол
жеткізілді. Елде гемофилиямен ауыратын балаларды ерте және толық көлемде
профилактикалық емдеуге мүмкіндіктер қамтамасыз етілді.
Соңғы жылдары гемофилиясы бар балалардың тірек-қимыл аппараты
тарапынан ауыр асқынуларының едәуір төмендеуі байқалады.
«Алатау» және «Бурабай» республикалық оңалту орталықтарында 2014
жылдан бастап медициналық және психологиялық оңалтуды онкологиялық
аурулары бар 300-ден астам бала өтті.
Онкологиялық аурулары бар балаларды оңалту
2014
2015
барлығы
«Алатау» республикалық клиникалық
балалар шипажайы
160
146
306
«Бурабай» республикалық балалар мен
жасөспірімдердің оңалту орталығы
4
6
10
Қазақстан халықаралық
деңгейде
балалардың
толық
әрі
тегін
вакцинациялаумен қамтамасыз ететін мемлекет ретіндегі мәртебеге ие, «2010
жылғы МИКС» деректері бойынша онымен қамту 97,5%-ды құрады. Соңғы
7 жылда мемлекеттің вакцинациялауға жұмсайтын шығыстары 1 млрд-тан 12
млрд. теңгеге дейін өсті. Нәтижесінде соңғы 20 жылда қызамықпен науқастану
291 есе, балалар арасында «В» гепатитімен – 135 есе, дифтериямен – 100 есе,
қызылшамен – 25 есе, көкжөтелмен – 20 есе азайды.
Қазақстанда 2 жасқа толмаған 2 млн. жуық баланы пневмококк
инфекциясына қарсы егу үшін 27,5 млрд. теңге бөлінді.
Халыққа, әсіресе, шалғайдағы және бару қиын өңірлерде тұратын ауыл
халқына медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында
көліктік медицина дамытылуда.
Республикада бірнеше жыл бойы жылжымалы медициналық кешендер
(бұдан әрі – ЖМК) ойдағыдай жұмыс істеп келеді. Бүгінгі күні елімізде
скринингтік зерттеулер жүргізу әрі консультациялық-диагностикалық көмек
көрсету үшін заманауи медициналық жабдықпен жабдықталған және дәрігерлер
бригадасымен жасақталған 49 ЖМК бар.
2015 жылғы 9 айда «Денсаулық», «Жәрдем», «Саламатты Қазақстан» атты
консультациялық-диагностикалық іш поезд республиканың бүкіл өңірінің 301
станциясының тұрғындарын қарап, 64418 тұрғынды, оның ішінде 9474 баланы