Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті



жүктеу 1,05 Mb.
Pdf просмотр
бет22/36
Дата16.05.2018
өлшемі1,05 Mb.
#14164
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   36

50 

 

2015  жылғы  1  қазандағы  жағдай  бойынша  АӘК  табысы  кедейлік  шегінен 



төмен  34,7  мың  азаматқа  752,2  млн  теңге  сомасына  тағайындалды.  Бұл 

көрсеткіштер  2014  жылғы  ұқсас  кезеңмен  салыстырғанда  32,2%-ға  және 

тиісінше 22,2 %-ға төмендеді. Сондай-ақ АӘК-ні енгізген уақыттан бастап (2002 

жылғы  1  қаңтардан  бастап)  жан  басына  шаққандағы  орташа  табысы  кедейлік 

шегінен  төмен  табысы  аз  азаматтардың  саны  21  есеге  (2014  жылы  1179,9  мың 

адамнан  56,1  мың  адамға  дейін),  оның  ішінде  «жасы  18-ге  толмаған  балалар» 

санаты бойынша алушылар 18 есеге немесе 668,7 мың баладан 36,3 мың балаға 

дейін төмендеді.  

АӘК  алушылардың  негізгі  үлесін  66,2%  бала  құрайды,  алдыңғы  жылмен 

салыстырғанда 31,0% көп. 

2) 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы - жан басына шаққандағы 

орташа  табыс  азық-түлік  себетінің  құнынан  төмен  (ең  төменгі  күнкөріс 

деңгейінің  шамасынан  60  %)  отбасыларға  әрбір  балаға  1,05  АЕК  мөлшерінде 

(1945 теңге).  

2015  жылғы  9  айдың  қорытындысы  бойынша  табысы  аз  отбасының  18 

жасқа дейінгі балаларына арналған жәрдемақымен (бұдан әрі - МБЖ) 519,3 мың 

бала қамтылды, бұл 2014 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 2,8 %-ға аз, бұл 

ретте тағайындаулар сомасы 7,6 млрд. теңгені құрады.  

Төленген  МБЖ-ның  жалпы  сомасынан  72,6  %  -  ауылдық  жерде  тұратын 

балаларға жіберілгенін атап өту керек, олардың үлесі 71,2 % құрады. 

3)  тұрғын  үй  көмегі  –  коммуналдық  қызмет  ақыларының,  тұрғын  үйді 

ұстауға  төленетін  шығыстары  белгіленген  шығыстар  (осы  мақсатқа)  шегінен 

асатын  отбасыларға  беріледі.  Тұрғын  үй  көмегін  көрсетудің  мөлшері  мен 

тәртібін жергiлiктi өкілді органдар айқындайды.  

2015  жылғы  2  тоқсан  ішінде  тұрғын  үй  көмегі  75,2  мың  отбасына 

тағайындалды,  тағайындау  сомасы  1,5  млрд.  теңгені  құрады,  бұл  2014  жылғы 

ұқсас кезеңмен салыстырғанда 17,6 %-ға және тиісінше 8,2%-ға аз. Көрсетілген 

кезеңде  тұрғын үй көмегінің орташа  мөлшері 3291,2  теңгені құрады,  бұл  өткен 

жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 11,4 %-ға көп. 

 

Мүгедек балаларды әлеуметтік қолдау  

 

Қазақстанда  2014  жылы  1  қаңтарда  18  жасқа  дейінгі  мүгедек  балалардың 

саны 72,6 адамды құрады.  

Оңалтудың  техникалық  көмекші  құралдарымен  мүгедекті  оңалтудың  жеке 

бағдарламасына  және  әлеуметтік  қызмет  көрсетуге  сәйкес  мүгедек  балаларды 

қамтамасыз етуге байланысты мәселелер тұрақты назарда болады.  

Айталық,  2014  жылы  6  мыңдай  балаға  протездік-ортопедиялық  көмек 

көрсетілді.  Нашар  көретін  және  еститін  1,3  мың  бала  сурдо-,  тифлотехникамен 

қамтамасыз  етілді  –  яғни  есту  аппараттары,  көп  функционалды  дабылдату 

жүйелері,  мәтіндік  хабарламалы  және  хабар  қабылдайтын  жинақы  телефондар, 

диктофондар,  дыбыс  жазбаны  қайта  тыңдауға  арналған  плейерлер  және 

басқалары.  




51 

 

Тiрек-қозғалыс  аппаратының  бұзылушылығы  бар  балаларға  1226  кресло-



арба берілді.  

Жыл сайын шамамен 1000 бала санаторий-курорттық емделуге жіберіледі. 

2015  жылғы  20  ақпанда  Мемлекет  басшысы  «Мүгедектердің  құқықтары 

туралы  конвенцияны  ратификациялау  туралы»  Қазақстан  Республикасының 

Заңына қол қойды. 

Мүгедектердің  құқықтары  туралы  конвенцияны  ратификациялау  бойынша 

жұмысты  тиімді  ұйымдастыру  мақсатында  елде  кезең-кезеңмен  Қазақстан 

Республикасында  мүгедектердің  құқықтарын  қамтамасыз  ету  және  өмір  сүру 

сапасын жақсарту жөніндегі 2012 - 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары 

іске асырылуда. Ағымдағы жылы Жоспарды іске асырудың екінші кезеңі (2014-

2015 жылдар) аяқталуда. 

Жоспарды іске асыру кезеңінде: 

1. Мүгедектердің құқықтары туралы конвенция нормаларының сәйкестігіне 

мүгедектерді әлеуметтік қолдау саласындағы заңнаманы түгендеу жүргізілді. 

Нәтижесінде:  

а) 


«Қазақстан 

Республикасының 

кейбір 

заңнамалық 



актілеріне 

мүгедектердің  құқықтарын  қорғау  мәселелері  бойынша  өзгерістер  мен 

толықтырулар  енгізу  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Заңының  жобасы 

әзірленді, ол 24 заңнамалық актілерге өзгеріс енгізуді көздейді. Қазіргі уақытта 

жоба ҚР Парламентінің Сенатында қарастырылуда. 

б)  «Қазақстан  Республикасының  кейбір  заңнамалық  актілеріне  халықтың 

көші-қоны  және  жұмыспен  қамтылуы  мәселелері  бойынша  өзгерістер  мен 

толықтырулар  енгізу  туралы»  Қазақстан  Республикасының  Заңына  сәйкес 

кәсіпорын  қызметкерлерінің  орташа  тізімдік  санына  байланысты  мүгедектер 

үшін жұмыс орындарын квоталау бойынша нормалар қарастырылды;  

2.  Мүгедектердің,  оның  ішінде  мүгедек  балалардың  тіршілік  әрекетінің 

негізгі салаларындағы объектілер мен қызметтердің қолжетімділігінің жағдайын 

бағалау  жүргізіледі.  Осы  мақсатта  әлеуметтік  инфрақұрылым  объектілерін 

паспорттауды (түгендеу) жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленді.  

Ағымдағы  жылғы  1  қазандағы  жағдай  бойынша  25  мың  объектілер 

паспортталды,  оның  ішінде  19  мыңы  бейімделуге  жатады.  Бүгін  5  мың  объект 

бейімделді.  

3. Балалар мен үлкендердің мүгедектік проблемаларына қоғамның позитивті 

қарым-қатынасын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізілуде. 

 

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 

қатысты мемлекет саясаты 

Бала құқығы туралы конвенцияға сәйкес әр баланың отбасыда өмір сүру мен 

тәрбиеленуге негіз болатын құқықтарын іске асыру маңызды принциптердің бірі 

болып табылады.  

Жетім  балалар  мен  ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған  балалардың 

құқықтарын  қорғау  саласындағы  саясаттың  маңызды  жасаушысы  оларды 

отбасыға  орналастыру  және  барлық  бар  жүйені  деинституционализациялау 

болып табылады. 




жүктеу 1,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау