Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті



жүктеу 1,05 Mb.
Pdf просмотр
бет24/36
Дата16.05.2018
өлшемі1,05 Mb.
#14164
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   36

54 

 

асырылуда,  ақпараттық-ағарту  материалдары  әзірленіп,  таратылуда  (күтізбелер, 



буклеттер, постерлер және т.б.).  

Сондай-ақ,    отбасыға  орналастыруға  мұқтаж  балалар  туралы,  бала  асырап 

алу  процедуралары,  қорғаншылық  (қамқоршылық)  тағайындау,  қабылдаушы 

отбасылар  құру  туралы  азаматтарды  ақпараттандыру  мақсатында  Балалардың 

құқықтарын 

қорғау 


комитетінің 

Интернет-сайтында 

қажетті 

ақпарат 


орналастырылды.  

Нәтижесінде, балалар үйлері мен мектеп-интернаттары тәрбиеленушілерінің 

мониторингі 

жыл 


сайын 

жетім 


балаларға 

арналған 

ұйымдардың 

тәрбиеленушілерінің саны азайғанын көрсетеді.   

Жетім  балалар  санының  азаюы  отбасылармен  жұмыс  бойынша  жүргізіліп 

жатқан профилактикалық шаралардан оң нәтиже беретінін көрсетеді.  

2015  жылы  жетім  балалар  мен  ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған 

балаларды  қабылдаушы  және  қонақ  отбасыларға  орналастыру  тәжірибесін  

зеределеу бойынша социологиялық зерттеу басталды. Зерттеу нәтижесі бойынша 

әдістемелік  құрал  (мемлекеттік  тапсырыс  шеңберінде  5  млн.  теңге  бөлінді) 

дайындау жоспарланды.  

Жетім  балаларға  арналған  мекемелерді  деинституционализациялау  және 

оларды отбасы үлгісіндегі балалар үйлеріне трансформациялау бойынша жұмыс 

жалғастырылуда. 

Мемлекет Басшысының тапсырмасын орындау мақсатында ағымдағы жылы 

отбасы  үлгісіндегі  балалар  үйлерінің  желісі  ұлғайтылды,  барлығы  12  ұйым 

ашылды, оның ішінде Жамбыл облысында – 10, Алматы облысында – 2. Қазіргі 

уақытта  республикада  26  отбасы  үлгісіндегі  балалар  үйлері  (168  бала)  жұмыс 

істейді, оның ішінде 18 отбасы базасында (87 бала).  

Жамбыл  облысының  отбасы  үлгісіндегі  балалар  үйлерін  ашу  бойынша 

тәжірибесін  кеңейту  және  тарату  мақсатында  2015  жылғы  қараша  айында 

облыстық  білім  басқармалары  мамандарының  қатысуымен  республикалық 

Директорлар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. 

Жетім  балаларды  постинтернаттық  бейімдеу  бойынша  шаралар  жүйесі, 

оларды  интернаттық  ұйымдардан  шыққаннан  кейін  оңалтуға  және  толыққанды 

қоғамға  араласуына  септігін  тигізеді,  бұл  әлеуметтік  жетімдік  саласындағы 

саясаттың маңызды жасаушысы ретінде айқындалады. 

Олардың ішінде, жұмыспен қамтуды, әлеуметтік-психологиялық оңалтуды, 

материалдық  көмектің  әр  түрлі  түрлерін,  тұғын  үйді  бекітуді,  оқу  орындарына 

түсу кезінде жеңілдіктерді атап өтуге болады.  

Аталған  шаралар  кешені  «Өмір  мен  мансапты  жоспарлау»  жобасында 

қарастырылған.  Жоба  мақсаты  –  баланы  социумға  кіргізу,  өмірде  өз  орнын 

табуға  көмек  көрсету.  Бұл  ретте  тәрбиеленушілерде  позитивті  бағдарланған 

өмірлік  жоспарын,  кәсіптік  мақсатын  қалыптастыруға,  әлеуметтік-тұрмыстық 

дағдыларын  дамыту  және  оларды  қолдану,  құқықтық    сауаттандыруға  ерекше 

назар аударылады.  

Жоба аясында 2015 жылғы мамыр айынан бастап Қазақстан Республикасы 

Білім  және  ғылым  министрлігі  Балалардың  құқықтарын  қорғау  комитеті 

«Отбасы Академиясы» отбасыны кешенді қолдау орталығы» Қоғамдық қорымен  



55 

 

бірге  Астана,  Алматы  және  Қарағанды  қалаларында  «Тәлімгерлік»  пилоттық 



жобасын іске асыруда. 

Аталған  жоба  балалар  үйлерінің  тәрбиеленушілеріне  ата-ананың 

қамқорлығынсыз  қалған  баланы,  оның  әлеуетін  дамыту,  қоғамда  ойдағыдай 

әлеуметтенуіне септігін тигізетін қасиеттерді қалыптастыру жолымен жеке өмір 

сүруге дайындайтын тәлімгерлерді бекітуді жорамалдайды. 

Бүгінгі күні жобаға балалар үйлерінің 136 тәрбиеленушісі және тәлімгерлер 

ретінде жобаға қатысуға тілек білдірген 330 азамат қатысуда. 

«Мемлекеттік  білім  беру  жинақтау  жүйесі  туралы»  Қазақстан 

Республикасының  2013  жылғы  14  қаңтардағы  №  67-V  Заңын  (бұдан  әрі  - 

МБЖЖ)  іске  асыру  шеңберінде  балалар  үйлері  тәрбиеленушілері  үшін  білім 

беру жинақтау салымдарын (депозит)ашу бойынша жұмыс жалғастырылуда.  

2014  жылы  «Бөбек»  Қоры,  ҚР  Білім  және  ғылым  министрлігі,  «Қаржы 

орталығы»  АҚ  және  «Қазақстанның  халық  банкі»  АҚ  арасындағы  Білім  беру 

ұйымдарының  тәрбиеленушілеріне  мақсатты  қайырымдылық  көмек  көрсету 

жөніндегі  келісімге  сәйкес  «Бөбек»  Қорының  президенті  Сара  Алпысқызы  4,6 

млрд.  теңгеге  балалар  үйлерінің  6 889  тәрбиеленушілеріне  жинақтау  шоттарын 

ашты.  

«Қазақстан  балалары  -  Нұрлы  жолмен»  республикалық  акция  шеңберінде 



балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне депозиттер ашу бойынша «Өзіңнен баста» 

республикалық қайырымдылық акциясы бастау алды. 

«Өзіңнен баста» республикалық акциясы Мемлекеттік білім беру жинақтау 

жүйесі  шеңберінде  қазақстандық  отбасыларында  тәрбиеленіп  жатқан  жетім 

балаларға  білім  беру  депозиттерін  ашуды  көздейді.    Акцияға  орталық  және 

жергілікті  мемлекеттік  органдар  (Білім  және  ғылым,  Инвестиция  және  даму, 

Әділет,  Қорғаныс,  Қаржы,  Денсаулық  сақтау  және  әлеуметтік  даму 

министрліктері,  Алматы,  Павлодар  облыстарының  Әділет  департаменттері, 

Алматы қаласының 95569 әскери бөлімі) қолдау көрсетті. 

Қазіргі  уақытта  жоғары  немесе  техникалық  және  кәсіптік  білім  алу  үшін 

балалар  үйлерінің  7769  тәрбиеленушілеріне  5  млрд.-тан  астам  теңге  сомасына 

жинақтау шоттары ашылды. 

«Нұр  Отан»  партиясы  бастама  жасаған  осыған  ұқсас  акция  аясында 

қорғаншылық пен қамқоршылықтағы 854 балаға шоттар ашылды.  

 



жүктеу 1,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау