74
Біз педагогтардың тиімді кәсіптік мінез-құлқының көріністерін
ынталандыру ретінде тәрбиешінің тиімді кәсіптік қызметінің кри-
терийлерін анықтауға негізделген шаралардың кешенді жүйесін
(моральдық және материалдық ынталандыру формалары;
әкімшіліктің педагогпен өзара әрекеттестігінің тәсілдері) түсінеміз.
Балалар үйлері тәрбиешілерінің қызметіне қатысты пси-
хологиялық, педагогикалық әдебиетті нормативтік-реттеуші базаны
талдаудың барысында критерийлердің тұтастай бір қатары бөлініп
шықты. Мәліметтерді талдаудың нәтижелері бойынша балалар
үйі тәрбиешісінің тиімді қызметінің негізгі критерийлері бөлініп
көрсетілді. Толық емес тізімін келтіреміз:
– тәрбиеленушілер әлеуметтенуінің нақты оңтайлы деңгейі
(яғни балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне арналған әлеуметтенудің
жасқа байланысты стандарттарына сәйкес келуі);
– топ тәрбиеленушілерін олардың денсаулықтарына сәйкес
пайдалы қызметпен (зияткерлік, дене, шығармашылық және т.б.)
100% қамту;
– қандас туыстығы бар тәрбиеленушілердің, тәрбиеленушілер
мен олардың әлеуметтік тұрмысы ойдағыдай туысқандарының
арасындағы туысқандық байланыстарды сақтау;
– тәрбиеленушілерде құқық бұзушылықтардың жоқтығы;
– балалар үйі түлектерінің: отбасы иесі, қызметкер, азамат,
тұтынушы және т.б. әлеуметтік рөлдерді оңды деңгейде іске асыруы;
– педагогтың өз қызметінің тәжірибесін жүйелеуі, қорытын-
дылауы мен оны мекеме, қала, облыс және т.б. деңгейде көпшілік на-
зарына ұсынуы;
– педагогтың өзі кәсіптік саулығын сақтау мен нығайту бойын-
ша мақсатты бағытталған қызметін ұйымдастыруы;
– педагогтың өз әріптестері үшін әдістемелік оқыту формала-
рын ұйымдастыруы мен өткізуі.
Балалар үйіндегі ынталандыру жүйесі мынадай параметрлер
бойынша анықталған:
– педагогтарды уәждеу саласын зерттеу рәсімдерінің кешен-
ділігі (немесе «Қызметкерді уәждеу саласы қалай зерделенуде?»
сұрағына жауап іздестіру);
– педагогикалық кадрларды уәждеу үшін жауапкершілік сала-
ларын барлық әкімшілердің: директор мен директордың орынбасар-
лары арасында бөлісу (басқаша сөздермен айтқанда «Қызметкерді
кім уәждейді?» сұрағына жауап іздестіру);
75
– педагогтарды уәждеу бойынша шаралардың кешенділігі
(«Қызметкерлерді уәждеу кешеніне сыртқы ықпал қандай жолмен
жасалады?» сұрағына жауап іздеу мүмкіндігі).
12-кесте
Уәждеу аудитінің құрылымы
Аудиттің міндет-
тері
Қызмет мазмұны
Балалар үйі
әкімшілігінің пе-
дагогтар қызметін
ынталандыру
саласындағы стра-
тегиясына баға
беру
Директормен, директордың орынбасарларымен
педагогтарды уәждеу мақсаттарын айқындау; пай-
даланылатын әдістер, уәждеу формалары; алынған
нәтижелер турасында әңгімелесу.
Қолжетімді құжаттаманы талдау және бағалау
үшін зерделеу (мысалы: сыйлық-ақылық қор тура-
лы ережелер; педагогтарды марапаттау жөніндегі
статистикалық мәліметтер және т.б.).
Алынған ақпаратты критерийлер негізінде талдау:
– педагогтарды ынталандыру стратегиясын бала-
лар үйінің бүкіл әкімшілік тобы түсінуінің бірлігі;
– ынталандырудың құжаттық базасының әкімшілік
ұсынған мақсаттарға сәйкестігі;
– пайдаланылатын ынталандыру формаларының
ауқымы, материалдық және материалдық емес
формалардың арақатынасы.
Балалар үйі педа-
гогтарын уәждеу
әлеуетіне баға беру
Педагог-психологтың балалар үйі педагогтарын
уәждеу қажеттіліктері саласына диагностика
жүргізуді жүзеге асыруы.
Педагогтармен оларға балалар үйінде ұсынылған
ынталандыру формаларын білуі; оларды қолдану
тәртібі; жаңа формаларды қолдану бойынша
күтілетін нәтижелер; формалардың педагогтар
мүдделерімен сәйкестігі жөнінде әңгімелесу.
Ынталандыру
саласындағы
педагогтарды
уәждеу әлеуеті
мен әкімшілік
стратегиясын
салыстыру
Бұрынырақ алынған ақпаратты талдау.
Балалар үйі педагогтарын ынталандыру жүйе-
сіндегі проблемаларды айқындау.
Қолданыстағы ынталандыру жүйесін өзгерту
жөніндегі ұсынымдарды рәсімдеу.
Балалар үйінің әкімшілігімен әңгіме өткізу.
Аудит нәтижелерімен, қолданыстағы ынталандыру
жүйесін өзгерту бойынша әкімшілік атына айтыла-
тын ұсыныстарымен таныстыру.
76
Уәждеу аудитінің нәтижесі балалар үйі жағдайларында
педагогтардың тиімді кәсіптік мінез-құлқын ынталандырудың ке-
шенді жүйесін құру болып шығады.
13-кесте
Балалар үйі жағдайларында педагогикалық кадрларды
ынталандырудың кешенді жүйесін құру
Жүйеінің құрамдас
бөліктері
Мазмұны
Әкімшіліктің педагогтар
қызметін ынталандыру са-
ласында жаңа мақсаттар
қоя отырып, стратегия
ұсынуы
Балалар үйінің әкімшілігімен кәсіптік
құзіреттіліктер үлгісінің негізіне салынған
тәрбиешінің
тиімді
педагогикалық
қызметінің критерийлерін ұғынуы; пе-
дагог қызметіндегі мүмкін болатын
кәсіптік құзіреттіліктердің көріністері;
әкімшілік қызметінің кадрларды ынталан-
дыру жөніндегі қызметінің мақсаттары
төңірегінде әңгіме өткізу; әкімшіліктің
педагогтар
қызметін
ынталандыру
саласындағы жаңа стратегиясының сипат-
тамасы, онымен балалар үйінің педагогта-
рын таныстыру.
Балалар үйі әкімшілігінің
педагогикалық кадрларды
ынталандыру саласындағы
қызметін ұйымдастыру
Балалар үйі әкімшілігінің педагог-
психологқа
педагогтардың
кәсіптік
қызметін уәждеуді зерделеуге берген
әлеуметтік тапсырысын әзірлеу.
Балалар үйінің әкімшілік мүшелері арасын-
да педагогикалық кадрларды ынталандыру
бойынша міндеттерді бөлісу.
Педагогтардың кәсіптік қызметін уәждеуді
зерделеудің диагностикалық аспаптары-
ның «пакетін» жасау.
Балалар үйінің мүмкіндіктеріне барабар
ынталандыру формаларын іріктеу.
Балалар үйі педагогтарын материалдық
қаржыларды
бөлу
көрсеткішетрімен,
моральдық ынталандыру формаларымен
таныстыру.
Достарыңызбен бөлісу: |