I сыныптың оқушысы барлық әріптің таңбалануының үйренеді, бірақ кейбірін
ұмыта бастайды.[12./№2./]
Оқушылардың әріп формасын түсіне отырып жазу маңызы орын алады. Әсіресе, 1,
2 сыныпта оқушының жазуы автомат – н кезде маңызы зор. Бұл кезде әріпті бейнелей
отырып қозғалу немесе таза жазу дағдыға қалыптасады.
Әріпті түсіне отырып шеру үшін мынаны білу керек:
1. Әріптің негізгі немесе байланыстыра ажырата білу.
2. Әрі әріптің элемент ерекшеліктеріне назар аудару ( шиек, дӛңгелек, жарты доға )
3. Әріптің жазылу ерекшеліктеріне назар аудару.
4. Дұрыс жазылған немесе дұрыс емес жазылған әріәпті ажырата білу, оның
себебін айта білу керек: Әріптің формасымен дұрыс жұмыс істеуге мысал
келтірейік.Балалар дәптердің керекті жерін ашады. Оларға щ әріпін қайта қарауды
тапсырады. Соның негізінде, щ әріпінде негізгі 4 элементті табуға болады: үш, тӛртінші
шиекше болып табылады.
Бұл элемент бағыты бірдей, түзу штрихпен жазылу керек.Әріпте қанша қосатын
элемент бар екені анықталады.Бұл әріптің қосатын штрихы негізгі элементке қарағанда
қатты кӛлбеулікпен жазылады. Ал, шиек санылатың элементтің шиекшесі тӛменге жолдан
сәл жоғары болады.
Щ әріпті қай әріпке ұқсайтынын анықтайды. ( ш,ц )
Мұғалім тақтаға щ әріпті жаза отырып, оның ерекшелігін айтады. Осыдан кейін тағы
екі әріпті жазады. Бұл әріптердің арақашықтығы бірдей. Балалар ӛз бетінше 3 – 5 әріп
жазады. Мұғалім осы уақытта оқушылардың жазуын бақылайды. Оқушылардың
жазуларынан кеткен қателерді кӛреді. Мұғалім тағы да тақтаға щ әріпін жазады, бірақ
қателікпен жазады. Егер оқушылар тақтада қате жазылған әріпті кӛрсе, олар күледі немесе
қатесін айтып, түсіндіреді. Мысалға, әріпте екі қате бар: элемент арасындағы қашықтық
дұрыс емес немесе шиек дұрыс салынбаған. Мұғалім жетекшелігімен кеткен қатені түзету
жолдарын айтылады. Осыдан кейін, дұрыс емес әріп ӛшіріліп, дұрыс жазылған әрі
салынады. Оқушылардың тек тақтадан емес, ӛзінің жазуынан да кеткен қатені кӛргені
дұрыс. Мәселен, мұғалім әріпті жазуға бергенде, оқушының кеткен қателерді не себептен
кеткенін және оны қалай түзетуге болатынын сұрайды. Осыдан кейін тағы да әріпті
жазады да, біршама дұрыс жазғанын кӛреміз. Кейбір оқушылар ӛзінен кеткен қатені
кӛрмейді. Бұл жағдайда, оқушылар бір – бірінің қатесін тексереді.
Практикалық сабақ №13. Графикалық және каллиграфиялық қателер
Сабақта қарастырылатын мәселелер:
1.Оқушыларда кездесетін графикалық қателер.
2. Оқушыларда кездесетін каллиграфикалық қателер
3.Жаттығулар.
Сұрақтар: 1. Графикалық қате дегенді қалай түсінесің?
2. Каллиграфиялық қателер дегенді қалай түсінесің?
Тапсырма. 1-сынып оқушыларының жазуындағы қателерге талдау жасаңыз.Олардың
қайсысы графикалық , қайсысы каллиграфиялық қате екенін ажыратыңыз.
2-тапсырма. Бірнеше оқушылардың жіберген қателерін қарап, оларды топтаңыз да, ӛзіңіз
зерттеген оқушыларыңның кӛбірек қай қатені жіберетініне қарай отырып, қорытынды
жасаңыз.
3-тапсырма. Топтағы студенттердің жіберген қателеріне талдау жасаңыз.
4- тапсырма: И,,З және Ӛ әріптерін дәптерге жазыңыз
Әдістемелік нұсқау: Оқушылардың жіберген графикалық және каллиграфиялық
қателеріне талдау жасау үшін олардың түрлерін ажыратып алыңыз.Ол үшін Желтовская
, Соколова «Формирование каллиграфических навыков у младших школьников» еңбегі
мен Кенжебекова Н. «Сауат ашу кезінде оқушылардың кӛркем жазу дағдыларын
қалыптастыру , жетілдіру жолдары»еңбегін қараңыз да , ӛзіңізге кесте жасап алыңыз.
. Графикалық қате
Каллиграфиялық қателер
Әріп
элементін
дұрыс
жазбау
Әріп
элементінің
ара
қашықтығын
дұрыс
сақтамау
Әріптерді
байланыс
тырудағы
қателер
Әріп
элементінің
биіктігін
дұрыс
сақтамау
Артық
сызық
Ендікті
сақтамау
Жазу
кӛлбеулігін
сақтамау
Пайдаланылатын әдебиеттер :
1.Желтовская , Соколова .Формирование каллиграфических навыков у младших
школьников .М.,1987 .
2.Кенжебекова Н. Сауат ашу кезінде оқушылардың кӛркем жазу дағдыларын
қалыптастыру , жетілдіру жолдары . Ақтӛбе , 2002 .
3.Ш.Әуелбаев .Бастауышта қазақ тілін оқыту методикасы . А.,1987
Практикалық сабақ №14. Графикалық және каллиграфиялық қателерді болдырмау
жолдары
Сабақта қарастырылатын мәселелер:
1. Графикалық қателерді болдырмау жолдары
2. Каллиграфиялық қателерді болдырмау жолдары
3.Жаттығулар.
1-тапсырма. Графикалық және каллиграфиялық қателерді болдырмау үшін жүргізілетін
жаттығулардың үлгісін жазыңыз.
. Графикалық қате
Каллиграфиялық қателер
Әріп
элементін
дұрыс
жазбауды
болдырмау
жаттығуы
Әріп
элементінің
ара
қашықтығын
дұрыс
сақтамауды
болдырмау
жаттығуы
Әріптерді
байланыс
тырудағы
қателерді
болдырмау
жаттығуы
Әріп
элементінің
биіктігін
дұрыс
сақтамауды
болдырмау
жаттығуы
Артық
сызықты
болдырмау
жаттығуы
Ендікті
сақтамауды
болдырмау
жаттығуы
Жазу
кӛлбеулігін
сақтамауды
болдырмау
жаттығуы
2-тапсырма.Әріп конфигурациясын толық елестететін жаттығулар түрлерін беріңіз.
3- тапсырма: Ү,Г,Ч және Ю әріптерін дәптерге жазыңыз
Әдістемелік нұсқау: Графикалық және каллиграфиялық қателерді болдырмау үшін және
әріп конфигурациясын толық елестететін жаттығулар түрлерін беру үшін «Бастауыш
мектеп» , «45 минут» және «Начальная школа» журналдарын қараңыз. В.Ф.Одегова,
В.А.Илюхина, А.Федосова әдістемелерін зерттеңіз.Олардың әдістемелерін жасап, сабақ
жоспары арқылы кӛрсетіңіз.
Үлгі сабақ жоспары:
Сабақтың тақырыбы:
Сабақтың мақсаты:
Сабақтың міндеттері:а) біліиділік:
ә) дамытушылық:
б) тәрбиелік:
Сабақтың әдістері.
Сабақтың кӛрнекілігі: