Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ақтӛбе мемлекеттік педагогикалық институты



жүктеу 471,11 Kb.
Pdf просмотр
бет14/21
Дата28.01.2020
өлшемі471,11 Kb.
#27547
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21

бұл аталған  түрлері әр  кезеңдегі  сабаққа  бӛлініп  жүргізіледі, 1-сабақта – кӛшіріп  жазу, 

екінші  сабақта – диктант, 3-сабақта – жатқа  жазу, 4-сабақта – шығармашылық  жазу, 5- 

сабақта  кӛркем  жазу. Сӛйтіп  мұғалім  әр  сабақтың  жазуға  берілген  уақытын (15 – 20 

минут)  тиімді    де  түрлендіре    ұйымдастыра    алады.  Кӛркем  жазу    табиғаты,  әрине, 

асықпай  жазуды  талап  етеді. Алайда  жазудың  ӛте  баяу  болуы  қазіргі  мектеп  мектеп  

бағдарламасы    қойып    отырған    талаптарды  орындауға    мүмкіндік    бере    алмайды. 

Бастауыш  білім  негіздерін  меңгеру   неғұрлым  шапшаң  жазуды   талап  етеді. Демек, 

баланы  оқудың  алғашқы  сәттерінен  бастап – ақ әрі  кӛркм, әрі  шапшаң, жылдам  жазуға  

үйрету  қажет. Алайда жылдам  жазуға  әріптерді  түгел жазып  үйренген  соң, сондай – ақ 

кӛлбеу  жазуды  толық  меңгерген соң ғана  кӛшіріледі. Оқу  мен  жазуды  жаңа меңгеріп  

жатқан  оқушы  минутына 3 – 4 әріп  жазудан  жыл  аяғында  минутына 7 – 9  әріп  жазуға  

жаттығуы  тиіс [   ].  

      Үзбей  жазу  ұзақтығы  2-  сынып 8 минут; 

                                              3- сынып  12  минут; 

                                              4 – сынып 15 минут. 

Дәріс 1.3. Графикалық және каллиграфиялық қателер 

      Әдемі  жазу  -  ӛнер.  Таза,  анық,  әдемі  жазуды  оқу  де  жеңіл  ондай  жазумен  берілген 

ойды түсіну де оңай. Әріп таңбалардың әдемі, кӛркеметіп салуға жаттықтыру мақсатында 

жүргізілетін жұмыстардың оқушы бойында жақсы қасиеттердің  қалыптасуында ықпалы 

бар.  Мектепке  алғашкелген  күннен  бастап  баланың  жазуына  жетекӛңіл  бӛлмеу 

кӛпжағдайда  оның    ӛзісіне  салдыр  –  салақ  қарауына,  жауапкершілікті  сезінбеуіне  әкеп 

соғады.  Таза,  әдемі  жазуды  талапету  оқушының  әсемдік  сезімін  оятып,  мінез  –  құлқын 

тәрбиелеп, жауапкершілікке тыңғылықтылыққа, ұқыптылыққа үйретеді.  

Оқушыларды кӛркемжазуға үйретуде үш нәрсені басшылыққа алу керек: біріншісі 

-  әріптерді  мәнерлі  жазуға  және  жеке  әріптерді  жазуға  ӛзара  құрастыра  білу,  екіншісі  - 

әріп  элементін  дұрыс  жазуға  дағдыландыру,  үшіншісі  –  жазу  жұмысына  ӛте  ұқыпты, 

мұқият  болуды  қалыптастыру.  Жас  жеткіншектің  кӛркем  жазу  дағдысы  біртіндеп 

қалыптасады.  Мұғалім  бұл  үшін  жұмыстың  әр  түрлерін,  оқыту  әдіс  –  тәсілдерін,  тиімді 

пайдаланары  сӛзсіз.  Түрлендірген  жұмыстар  оқушыларды  қызықтырыпқана  қоймайды, 

логикалық  ойлауын  артырады.  Сауат  ашудың  дайындық  кезеңінде  оқушының  қол 

икемділігімен кӛз мӛлшерлеу қабілетін жетілдіру, графикалық дағдыларды қалыптастыру 

үшін  суретті  және  сызықты  жаттығуларды  орындатады.  Сонымен  бірге  бұл  кезде 

штрихтау жаттығуларын орындатудың мәні зор. Мектепке алғаш келген баланың жетекші 

әрекеті  –  ойын,  ал  штрихтау  ойын  түрінде  жүргізіледі.  Әр  түрлі  затиесін,  геометриялық 

фигураларды  штрихтау  баланы  қолын  жаттықтырмайды,  оның  сӛйлеу  мен  ойлауын 

активтендіреді. Штрихтар арқылы сурет салу жаттығуларын сурет альбомына орындатқан 

жӛн.  Сурет  альбомы    беттеріне  жазу  сызықтары    сызылады  да,  жаттығулар  жазу 

дәптеріндегі үлгідей орындалады. Оқушылар үшін геометриялық фигуралар мен әр түрлі 

зат  бейнесінің  трафареты  дайындалады  немесе  оларды  ӛздері  дайын  геометриялық 

фигуралар  трефаратынан  зат  бейнесін  құрастырады.  Мұғалім  альбомына  салынған 

бейнелерді штрихтауды талап етеді. Штрихтарды ӛзара қосып сурет салу кезінде балалар 

заттардың  пішінің,  құрылысын  жазықтықта  орналасу  қалпын  еркін  қабылдап,  «оң  »,  « 

сол», «шеті», «жоғары», «тӛмен», «түзу », «қисық», «дӛңгелек», т.б. ұғымдарды меңгереді. 

Ал,  сауат  ашудың  әліппе  кезеңінде  әріптерді  жазып  үйренеді.  Әріптің  толық 

таңбасы оның элементтерін ретімен жазу арқылы орындалады. Демек, әрбір әріпті жазып 

шығу  дегеніміз  –  кӛп  қырлы  талдау  процесін  арқару  деген  сӛз.  Ал,  мұнын  ӛзі  мектеп 

табалдырығын алғаш аттаған бала үшін аса  күрделі іс - әрекет.Әріп элементтерін ретімен 

жазып  үйрену  ең  алдымен,  оның  неше  элементтен  тұратының,  екіншіден,  ол  әріпті  қай  

жерден  қалай  бағыттап  жазудан  меңгеруіне  септігін  тигізеді.  Жазуға  үйретудің  алғашқы 

күннен бастап балаларды үзбей жазуға дағдыландыру қажет. Тұтас әріпті үзбей жазғанда 

оның әр элементтін жазудағы қимылдын аяқталуы келесі элементтін басталатын жерінде 

бітіп,  әрі  қарай  келесі  элементіне  жалғастырылады.  «  Үзбей  жазуға  жаттықтыру 



жұмыстары  балаларға  қызықты  тапсырма  ретінде  берілуі  тиіс»деп  бағдарламада 

кӛрсетілгендей, қызығушылықты оятатын түрлі жаттығу жұмыстарын жүргізу мұғаліммен 

ізденушілікті  талап  етеді.  Тәжірибеде  қолданып  жүрген  әр  түрлі  жаттығулар,  айталы, 

әріптің тұтас бейнесін кӛрсететіндей суреттер салғызу, штрихтау, зат бейнесін әшекейлеу 

т.б. тапсырмалар оқушылардың кӛркем жазу дағдыларына сапасын арттырады.  

Баланың  әлемі  –  бұл  нақты  заттың  әлемі.  Егер  баламен  жақын  боламын  десеніз, 

оның жасы мен психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеру керек.[11. /№ 8 / ] 

 Дәріс 1.4. Графикалық және каллиграфиялық қателерді болдырмау жолдары 

 Оқушылардың  оның  немесе  сауатты  жазу  дағдыларын  қалыптастыру  мектеп 

табалдырығын аттаған күннен ақ басталады. 

Бастауыш  сынып  оқушыларынла  белгілі  –  бір  жазу  жүйесі  қалыптаспаған,  бірақ 

мектептің  ықпалы  нәтижесінде  кӛркем  жазу  пәнінде    мұғалімнің  сыныптан  тыс  уақытта 

ата – ананың ықпалымен жазудың дағдысын қалыптасады.  

Жазу дағдыларын қалыптастыру немесе оны дамытып отыруды негізгі шарттардың 

бірі,  әрі  бастысы  оқушының  жазба  жұмыстарын  орындау  кезіндегі  психологиялық 

ерекшеліктерін  айқындау  болып  табылады.  Сынып  оқушыларының  біреуін  немесе  әрбір 

жеке  оқушыда  жазба    жұмыстарын  орындау  барысында  әр  түрлі  психологиялық 

физиологиялық  ӛзгерістер  болып  отыруы  мүмкін.  Ондай  психофизиологиялық 

ӛзгерістерді  байқамаудың  салдарынан  орындалған  жазба    жұмыстардың  нәтижесі  де  әр 

деңгейде болады. 

Жазу  жұмыстарын  орындау,  жазу  дағдысы  қалыптастыру,дамыту  мақсатында 

психофизиологиялық  анализ  жасау,  сонымен  қатар  жалпы  жазу  үрдісіне  қойылатын 

талаптар  мен  принциптеріне  сүйену.  Олай  болмаған  жағдайда    оқушылар  кӛркем  әрі 

сауатты  жазудан  кемшіліктері    мен  жазудың  жылдамдығын  арттыру  барысындағы  жазу 

айқындығы  тӛмендейді  Міне,  біз  кӛркем  жазуды  қалыптастыру  теориялық  негіздерін 

қарастыру. Келесі тақырыптарында әрбір дыбыс таңбасының жазу формасын, олардың бір 

–  бірімен  қалай  жалғанатынын,әріп  сапасын,  қателерді  жоюдың  жолдарын  кӛрсетуіміз 

керек.Оқушылардың  жазу  кӛркемдігі  сауаттылықты  және  жазу  жылдамдығын  арттыру 

барысында  да  жазу  айырмашылығын  сақтай  білу  дағдыларын  дамыту  –  барлық  пән 

мұғаліміне басты міндет. Себебі, қазіргі қоғамға ӛз ойын жаза алмайтын, сауатты азамат 

қажеттілігі артта түсуда . 

Оқушылардың  жазу  жұмысына  қарап  кейбіреуінің  жазуы  таза,  кӛркем,  анық  жазғаның 

байқаймыз.  Ал,  кейбірінің  жазуы  қисық,  біркелкі  емес,  қалай  болса  солай  жазылғанын 

кӛреміз. 

Мұндай қателіктер  кетпес  үшін  мұғалім  кӛркем  жазу  немесе  қазақ  тілі  сабағында 

жазу сапасымен үнемі жұмыс жасау керек. 

Жазу  сапасына  оның  айқындылығын,  біркелкілігі,  дұрыс  байланысуы,  жұмыс 

жолында дұрыс жазылуы жатады. 

Жазудың  сапасын  дұрыс  қалыптастыру  үшін  мұғалім  мынадай  бағытта  жұмыс 

жасайды: 

1. Ең алдымен бірінші сабақтан бастап әріптің формасымен жұмыс жасау керек; 

2. Әріптердің дұрыс байланысуы ж.ж.к. 

3. Біркелкі кӛлбеу болуын ж.ж.к. 

4. Әріптің биіктігі біркелкі болуын ж.ж.к. 

5.  Әріп  арасына,  әріп  элементтері,  сӛз,  сӛйлем  арасындағы  қашықтықтың  бірдей 

болуы керек. 

6. Сыныпта оқушылардың жазу жылдамдығы бірдей болуы керек. 

7. Жазу біркелкі ритмикалық болуы керек. 

 

Әріптің формасымен жұмыс – кӛркем жазу негізгі міндетінің бірі, себебі жазудың 



айқындылығы әріптің дұрыс жазылуына байланысты. 


жүктеу 471,11 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау