Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым Министрінің
2011 жылғы «17» маусымдағы № 261
бұйрығымен бекітілген
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖАЛПЫҒА МІНДЕТТІ БІЛІМ БЕРУ СТАНДАРТЫ
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім
ДОКТОРАНТУРА
НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
ҚР МЖМБС 5.04.034-2011
Астана, 2011
1 Қолдану саласы
Осы стандарт PhD докторантураның білім беру бағдарламасы мазмұнына, білім алушының білім траекториясына, білімнің құрылымы мен мазмұнына, түлектердің алған білім деңгейі мен академиялық дәрежесін бағалауға қойылатын талаптарды белгілейді.
Стандарт жоғары білім саласындағы халықаралық құжаттармен, «ECTS қолданушыға басшылық» (ECTS Users’ Guide), «Еуропалық ЖОО-дағы білім құрылымдарын жөнге келтіру» («Tuning Educational Structures in Europe») бағдарламасының ұсыныстарымен үйлестірілген.
Стандарттың ережелері Қазақстан Республикасының PhD докторларын даярлайтын жоғары оқу орындарында (әрі қарай – ЖОО), олардың меншік түріне, ведомстволық бағыныштылығына, ұйымдық-құқықтық формасына тәуелсіз міндетті түрде сақталуы тиіс.
Стандартты мемлекеттік басқару, аккредиттік органдары, ғылым және білім ұйымдарын аттестаттау және лицензия беру комиссиялары, мамандықтар бойынша оқу-әдістемелік секциялары (кеңестер), қызмет берушілер пайдалана алады және докторанттарды дайындаудың сапасын бағалауда негіз болып табылады.
2 Нормативті сілтемелер
Осы стандартта төмендегі нормативтік құжаттарға сілтеме пайдаланылған:
2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 17 маусымдағы № 261 бұйрығымен бекітілген ҚР МЖМБС 5.04.019-2011 «Жоғары білім. Бакалавриат. Негізгі ережелер»,
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 17 маусымдағы № 261 бұйрығымен бекітілген ҚР МЖМБС 5.04.033-2011 «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім. Магистратура. Негізгі ережелер»;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығымен бекітілген Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың ережесі;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 126 бұйрығымен бекітілген Диссертациялық кеңестер туралы Үлгі ережесі;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығымен бекітілген Ғылыми дәрежелерді беру Ережесі;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген Жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің Үлгі ережесі (өзгертулермен және толықтырулармен 2011 жылғы 16 наурыздағы № 94).
3 Терминдер мен анықтамалар
Осы стандартта Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына (2007 ж.), ҚР МЖМБС 5.04.019-2011 «Жоғары білім. Бакалавриат. Негізгі ережелер», ҚР МЖМБС 5.04.033-2011 «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім. Магистратура. Негізгі ережелер», Болон декларациясына (1999 ж.) және білім саласындағы басқа халықаралық құжаттарға, кредиттерді ауыстыру мен жинаудың еуропалық жүйесіне сәйкес қысқартулар, терминдер және анықтамалар қолданылған.
Оған қосымша осы стандартта төмендегідей терминдер мен анықтамалар белгіленген:
3.1 Докторантура: Оқу мерзімі үш жылдан кем емес философия докторы (PhD) немесе бейін бойынша доктор ғылыми атағын бере отырып ғылыми және педагогикалық кадрларды дайындауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік білім беру бағдарламасы.
3.2 Докторант: Докторантурада білім алушы тұлға.
3.3 Докторлық диссертация: Теориялық қағидалар жиынтығын жаңа ғылыми жетістік деп тануға болатын немесе маңызды әлеуметтік-мәдениетті немесе экономикалық мәні бар ғылыми мәселе шешілген, немесе ендіруі елдің экономикасының дамуына айтарлықтай үлес қосатын ғылыми дәлелденген техникалық, экономикалық немесе технологиялық шешімдер берілген, дербес зерттеу болып табылатын ғылыми жұмыс.
4 Жалпы ережелер
4.1 Докторантураның білім беру бағдарламалары ведомстволық бағыныштылығы мен меншік түріне қарамастан, докторантураның тиісті мамандықтары бойынша білім беруге құқығы және лицензиялары бар ЖОО-ы арқылы жүзеге асады және зерттеу базаларын ұсыну мен білім беру бағдарламаларын және бірлескен ғылыми тапсырмалары бойынша ынтымақтастық аккредиттелген ғылыми ұйымдастыру-серіктестік шартымен асырылады.
4.2 Қазақстан Республикасының ЖОО-да философия (PhD) докторлары мен бейін бойынша докторларды даярлау төмендегі құжаттарға сәйкес іске асырылады:
- осы стандарттың негізінде жасалатын докторантураның мамандықтары бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына;
- Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының жіктеуішіне;
- жұмыс оқу жоспарлары мен академиялық күнтізбеге;
- докторанттардың жеке оқу жоспарларына;
- пәндер бойынша оқу бағдарламалары.
4.3 Докторантурада ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлау мерзімі үш жылдан кем емес және философия докторы (PhD) және бейін бойынша доктор ғылыми атағын бере отырып іске асырылады.
4.4 PhD докторын даярлаудың білім беру бағдарламасы ғылыми-педагогикалық бағытқа ие және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мен ғылыми салалары үшін іргелі білім беру, әдіснамалық және зерттеушілік даярлық пен ғылымның сәйкес бағыттары бойынша пәндерді терең оқытуды қарастырады.
4.5 Бейін бойынша доктор даярлаудың білім беру бағдарламасы ұлттық экономиканың салаларына, әлеуметтік салаға: білім беру, медицина, құқық, мәдениет, қызмет көрсету, бизнес салалары және т.б. үшін іргелі білім беру, әдіснамалық және зерттеушілік даярлық пен ғылымның сәйкес бағыттары бойынша пәндерді терең оқытуды қарастырады.
4.6 Докторантурада білім алу мемлекеттік білім тапсырысы негізінде тек қана күндізгі оқу түрінде жүргізіледі.
4.7 Докторантураның білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын ЖОО-ы докторантураның аккредитацияланған білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын шет елдік ЖОО-ы және ғылыми орталықтарымен білім мен ғылым саласында ынтымақтастық туралы келісімдері міндетті түрде болуы керек.
4.8 Докторантураның білім бағдарламасын меңгерген және докторлық диссертацияны қорғаған тұлғаларға философия докторы (PhD) немесе бейін бойынша доктор ғылыми атағы беріледі.
4.9 Осы стандарттың ережелері келесі мақсаттарды көздейді:
- жоғары оқу орындарының білім беру қызметі мен докторанттарды даярлау деңгейіне міндетті талаптарды қою арқылы білім сапасына кепілдікті қамтамасыз ету;
- білім беру қызметіндегі барлық субъекттердің құқықтарын реттеу;
- білім беру бағдарламалары мен докторанттарды даярлауды бағалаудың объективтілігі мен ақпараттық сипатын арттыру;
- докторанттардың академиялық ұтқырлығына жағдайлар жасау;
- Қазақстанның бірыңғай білім беру кеңістігінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасының PhD докторы немесе бейін бойынша доктор ғылыми дәрежесін беру туралы құжаттарының халықаралық білім беру кеңістігінде және халықаралық еңбек нарығында танылуын қамтамасыз ету.
4.10 Докторантура мамандықтарының МЖМБС-і осы стандарттың ережелеріне сәйкес болуы міндетті және білім мазмұнына, докторанттардың оқу жүктемесінің максималды көлеміне, докторанттардың даярлығының деңгейіне қойылатын талаптардың жиынтығын анықтаулары қажет.
Жоғары оқу орындары докторантура мамандықтарының тізімін Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының бекітілген жіктеуішіне сәйкес болуы тиіс.
Білім беру бағдарламаларының тізімін жоғары оқу орны өзі анықтайды. Білім беру бағдарламалары біліктіліктің Еуропалық аясымен үйлестірілген Дублин дескрипторларына сәйкес жасалады.
Дублин дескрипторлары білім алушылардың жоғары білім мен жоғары білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларының әрбір деңгейін (сатысын) аяқтағаннан кейін алатын білімінің, іскерлігінің, дағдысының және құзіреттілігінің деңгейі мен көлемінің сипаттамасы болып табылады. Дескрипторлар білім алу нәтижелеріне, қалыптасқан құзіреттілікке, сонымен бірге ЕСТS бірліктерінің жалпы кредиттер санына негізделеді.
5 Докторантураның білім бағдарламасының құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптар
5.1 Докторантураның білім беру бағдарламасының құрылымы білім беру мазмұнын анықтайтын маңызы жағынан бір-біріне тең екі компоненттен тұрады: білім беру және ғылыми, олардың өзара қатынасын, өлшемі мен есебін анықтайды.
5.2 Докторантураның білім беру бағдарламасы мыналардан тұрады:
базалық және кәсіби пәндер циклінен тұратын теориялық оқу;
кәсіби тәжірибе;
докторлық диссертацияны орындаумен қоса ғылыми-зерттеу (эксперименталды-зерттеу) жұмыс;
аралық және қорытынды аттестаттау.
5.3 Барлық жұмыс түрлерінің еңбек сыйымдылығын есептеу меңгерілген материал көлемі негізінде жүзеге асырылады және кредитпен өлшенеді. Бұл жағдайда алдыңғы білім деңгейінде меңгерілген кредитті есепке алатын жинақтаушы кредиттік жүйе жұмыс жасайды.
«Кіру» кезінде докторант сәйкесінше докторантураның кәсіби оқу бағдарламасын меңгеруі үшін барлық қажетті пререквизиттерге ие болуы тиіс. Қажетті пререквизиттер тізімін ЖОО өзі анықтайды.
Қажетті пререквизиттер болмаған жағдайда докторантқа оларды ақылы негізде меңгеруге рұхсат беріледі. Бұл жағдайда докторантурадағы оқу мерзімі докторанттың пререквизиттерді толық меңгергеннен кейін басталады.
5.4 Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырған кезде оқу пәнінің көлемі кредиттердің бүтін санын құрауы керек. Сондай-ақ пән, ереже бойынша, 3 кредиттен кем емес көлеммен бағаланады.
5.5 Докторантураның оқу жоспарларының барлық түрлерінде оқу пәндеріне бірыңғай код беру жүйесі қолданылады.
Әрбір пәннің қайталанбайтын бір ғана атауы болуы тиіс. Пән бір академиялық мерзімде меңгеріліп, аяқталғаннан кейін докторанттар қорытынды бақылау емтихан түрінде тапсыруы керек.
5.6 Докторантураның бағдарламалары модульдік жүйенің негізінде жобаланады.
5.7 Базалық пәндер циклі (БП) міндетті компонент пен таңдау бойынша компонент пәндерінен тұрады.
5.8 БП циклінің көлемі типтік оқу жоспарының жалпы көлемінің 50% немесе 15 кредитті құрайды, оның ішінде 20% міндетті компонент пәндеріне, ал 80% - таңдау бойынша компонент пәндеріне бөлінеді.
5.9 Кәсіби пәндер (КП) циклінің көлемі типтік оқу жоспарының жалпы көлемінің 50% немесе 15 кредитті құрайды.
КП циклінің пәндері таңдау бойынша компонент болып табылады және оларды ЖОО-ы анықтайды.
5.10 Міндетті компонент пәндерінің тізімі типтік оқу жоспарымен анықталады. Міндетті компонент пәндерінің көлемі қысқартылмайды.
5.11 Таңдау бойынша компонент пәндерінің тізімін жұмыс берушілердің сұраныстары мен еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес ЖОО-ы өзі анықтайды.
5.12 Сонымен бірге докторантураның білім беру бағдарламасының құрылымы төмендегілерді қамтиды:
- зерттеу және инновациялық қызметті, соның ішінде докторлық диссертацияны орындауды;
- практиканың түрлері мен тағылымдамалар кіретін білім алушылардың практикалық даярлығын.
5.13 Докторантураның білім беру бағдарламасының мазмұны 1-ші кестеге сәйкес белгіленеді.
Кесте 1
№
|
Пәндердің және қызмет түрлерінің атауы
|
Кредит көлемі
|
1.
|
Базалық пәндер циклі (БП):
|
15
|
1.1
|
Міндетті компонент (МК)
|
3*
|
1.2
|
Таңдау бойынша компонент (ТК)
|
12
|
2
|
Кәсіби пәндер циклі (КП):
|
15
|
3
|
Педагогикалық және/немесе кәсіби практика (ПКП)
|
Кемінде 6**
|
4
|
Аралық аттестация (АА)
|
|
5
|
Докторанттың ғылыми-зерттеу (эксперименталды) жұмысы, докторлық диссертацияны орындауды қоса (ДҒЗЖ/ДЭЗЖ)
|
19
|
5.1
|
Докторлық диссертацияны орындау
|
10
|
6
|
Қорытынды аттестация (ҚА)
|
5
|
6.1
|
Кешенді емтихан (КЕ)
|
1
|
6.2
|
Докторлық диссертацияны рәсімдеу және қорғау (ДҚ)
|
4
|
|
Барлығы
|
Кемінде 60
|
Ескерту:
* 2008-2010 жылдарда қабылданған білім алушылардың базалық пәндер циклінің міндетті компонентінің кредиттер саны 6 кредитті құрайды.
** Практикаға бөлінетін кредиттер санын жоғары оқу орны өзі анықтайды және жалпы еңбек сыйымдылығына кірмейді.
|
5.14 Докторанттың ғылыми зерттеулерінің нәтижелері ғылыми дәрежелер беру Ережесіне сәйкес ғылыми, ғылыми-аналитикалық және ғылыми-практикалық басылымдарда жариялануы тиіс.
6 Білім мазмұнын жоспарлауға қойылатын талаптар
6.1 Білім беру қызметін ұйымдастыру оқу үдерісін және білім мазмұнын жоспарлау, оларды өткізу жолдарын таңдау арқылы жүзеге асады.
6.2 Білім беру мазмұнының құрылымы білім берудің есептік-өлшеу құралдарына белгілеген талаптарға сәйкес анықталады: оқу жоспарлары мен бағдарламаларына, оқу жүктемесінің көлеміне, академиялық мерзімдердің ұзақтығына, академиялық сабақтардың түрлеріне, оқу материалдарының көлеміне және т.б.
6.3 Білім беру бағдарламасы мамандықтар мен оқу пәндерінің білім беру бағдарламаларының мазмұнына қойылатын талаптарды анықтайды.
Доктор даярлаудың білім беру бағдарламасына оқу жоспары, пәндердің оқу-әдістемелік кешендері, практикалар (педагогикалық/кәсіби) бағдарламалары және ғылыми-зерттеу жұмысының жеке жоспары кіреді.
6.4 Білімнің мазмұнын жоспарлау, оқу үдерісін ұйымдастыру және өткізуді жоғары оқу орны оқытудың кредиттік технологиясы негізінде жүргізеді.
6.5 Білім беру қызметін жоспарлау мен ұйымдастыру оқу жоспарларының негізінде жүзеге асырылады.
6.6 Оқу жоспарлары типтік (ТОЖ), жеке (ЖОЖ) және жұмыс (ОЖЖ) жоспары болып бөлінеді.
ТОЖ докторантураның нақты мамандықтары бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының негізінде жасалады және білім беру саласындағы өкілетті ұйыммен бекітіледі.
ТОЖ міндетті компоненттің әрбір оқу пәнінің және оқу қызметінің әрбір түрінің (практиканың, кешенді емтиханның, докторлық диссертацияны орындау мен қорғаудың) еңбек сыйымдылығы кредитпен анықталады, ал таңдау компоненті оқу пәндерінің әрбір циклі бойынша кредиттердің жалпы санымен көрсетіледі.
6.7 ТОЖ қосымша жоғары оқу орны әрбір жыл сайын таңдау бойынша компоненттің барлық пәндерінің жүйеленген, аннотацияланған тізімін көрсететін элективті пәндер каталогын (ЭПК) жасайды.
6.8 ТОЖ бен ЭПК негізінде докторант өзінің ЖОЖ құрады. ЖОЖ әрбір докторанттың бiлiм беру траекториясын жеке анықтайды. ЖОЖ міндетті компоненттің және ЭПК таңдау бойынша компоненттің пәндері енуі тиіс. Докторант игеретін міндетті компоненттің әрбір пәнінің көлемі және таңдау компонентінің жалпы көлемі МЖМБС белгілеген көлемнен кем болмауы керек.
6.9 Мамандықтың ТОЖ мен докторанттардың ЖОЖ негізінде ОЖЖ оқу жылына жасалады және Ғылыми кеңестің шешімі негізінде білім беру ұйымының жетекшісімен бекітіледі.
ОЖЖ сабақ кестесін құрастыру және оқытушының оқу қызметінің еңбексыйымдығын есептеу үшін негіз болып табылады.
6.10 ЖОЖ және ОЖЖ түрін, құрылымын, жасау және бекіту ретін жоғары оқу орны өзі анықтайды.
6.11 Барлық оқу пәндерінің мазмұны оқу бағдарламаларымен анықталады. Оқу бағдарламалары типтік және силлабустар деп бөлінеді.
Типтік оқу бағдарламалары (ТОБ) міндетті компоненттер пәндері бойынша жасалады және білім беру саласындағы өкілетті ұйыммен бекітіледі.
Силлабустар оқу жоспарының барлық пәндері бойынша жасалады және жоғары оқу орны өзі бекітеді. Бұнда міндетті компоненттер пәндері бойынша силлабустар типтік оқу бағдарламалары негізінде жасалады, ал таңдау компонент пәндері бойынша жоғары оқу орны өзі жасайды.
6.12 Докторант эдвайзер мен ғылыми кеңесшілердің көмегімен жасалатын жеке жұмыс жоспары негізінде оқиды.
6.13 Докторанттың жеке жұмыс жоспары оқудың толық мерзіміне арналып жасалады және келесі бөлімдерден тұрады:
- ЖОЖ (қажеттілігіне қарай жыл сайын нақтыланады);
- ғылыми-зерттеу/эксперименталды-зерттеу жұмысы (тақырыбы, зерттеу бағыты, мерзімі және есеп беру түрі);
- практика (бағдарлама, база, мерзімі және есеп беру түрі);
- негіздемесі мен құрылымы көрсетілген докторлық диссертация тақырыбы;
- докторлық диссертацияны орындау жоспары;
- ғылыми жарияланымдар мен тағылымдамалардан өту жоспары, оның ішінде шетелдік.
6.14 Докторантурадағы оқу сабақтары инновациялық технологиялар мен оқытудың интерактивті әдістерін қолдана отырып жүргізілуі тиіс.
6.15 Оқу үдерісін жоспарлаған кезде ЖОО докторантураның білім беру бағдарламасының компоненттерінің 1 қосымшаға сәйкес таралу нормаларын басшылыққа алады.
7 Білім алушылардың оқу жүктемесінің көлемі
7.1 Докторанттың оқу жүктемесінің көлемі оның оқу жылы бойына меңгеретін кредиттерімен өлшенеді.
7.2 Профессорлық-оқытушылар құрамының оқу жүктемесін жоспарлау оқытушының білім алушымен аудиториялық оқу сабақтарындағы кесте бойынша немесе оқу жұмыстарының басқа түрлері үшін жеке бекітілген кесте бойынша қарым-қатынастық жұмысының уақытын білдіретін академиялық сағаттармен жүзеге асырылады.
Аудиториялық жұмыстың бір академиялық сағаты 50 минутқа тең. Академиялық сағаттары сәйкесінше 75 минутқа тең студиялық сабақтар немесе 100 минутқа тең зертханалық сабақтар бұған кірмейді.
Практиканың барлық түрлері, докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының және қорытынды аттестациясының бір академиялық сағаты 50 минутқа тең.
7.3 Оқу жұмысының көлемін жоспарлаған кезде бір кредит төмендегі оқу жұмыстарының 15 академиялық сағатына тең екенін ескереді:
- докторанттың семестр түріндегі академиялық кезең бойғы аудиториялық жұмысы;
- докторанттың кәсiби практика кезеңіндегі жұмысы;
- докторанттың ғылыми-зерттеу (эксперименталды-зерттеу) жұмысы кезеңінде ғылыми кеңесшілермен жұмысы (ДҒЗЖ/ДЭЗЖ);
- докторанттың докторлық диссертацияны жазу мен қорғау бойынша жұмысы;
- докторанттың кешенді емтиханға даярлық пен тапсыру бойынша жұмысы.
7.4 Білім алушылардың оқу жүктемесі академиялық сағаттың ұзақтығымен және оқу жұмыстарының әр түрлері үшін академиялық сағаттарды қамтитын оқу сағаттарының көлемдерімен (50 минуттық қарым-қатынас) анықталады.
Аудиториялық жұмыстың бір академиялық сағаты 50, 75 немесе 100 минутқа тең болуы мүмкін.
Білім алушылардың аудиторлық жұмысының академиялық сағаттары ДӨЖ-ң сәйкес санымен докторанттың семестр түріндегі академиялық кезеңінің бір аптасындағы бір кредит жиынтық оқу жүктемесі 7 сағатқа тең болады.
Пратиканың әрбір академиялық сағаты білім алушының қосымша жұмысының сәйкес оқу сағаттарымен толықтырылады (50 минуттан): педагогикалық практикаға – 1 сағат, өндірістік практикаға – 4 сағат және зерттеу практикасы үшін – 7 сағат.
ДҒЗЖ/ДЭЗЖ-ның әрбір академиялық сағаты, докторлық диссертацияның орындалуын қоса алғанда, ДӨЖ-ы 7 сағатымен жүргізіледі.
Қорытынды аттестацияның әрбір академиялық сағаты докторанттың оқытушымен бірге докторлық диссертацияны жазу мен қорғау бойынша жұмысын немесе докторанттың оқытушымен бірге кешенді емтиханға дайындалу мен тапсыру бойынша жұмысын білдіреді. Білім алушының қорытынды аттестациясының әрбір академиялық сағаты ДӨЖ-ның 6 сағатымен жүргізіледі.
7.5 Оқытудың кредиттік технологиясы кезінде оқытушының басқаруымен докторанттың өзіндік жұмысы (ОДӨЖ) және толығымен докторанттың өзі орындайтын жұмысы (ДӨЖ) деген екі түрге бөлінетін докторант орындайтын өзіндік жұмыстың көлемі артады.
7.6 Оқытушының басқаруымен докторанттың өзіндік жұмысы докторанттың оқытушымен бірге атқаратын аудиториядан тыс жұмысының түрі болып табылады. ОДӨЖ оқу сабақтарының жалпы кестесіне кірмейтін жеке кесте бойынша орындалады.
7.7. Өзіндік жұмыстың жалпы көлеміндегі ОДӨЖ және ДӨЖ арақатынасын жоғары оқу орны өзі анықтайды.
7.8. Студиялық және лабораториялық сабақтар, докторанттың ғылыми-зерттеу (эксперименталды-зерттеу) жұмысы, қорытынды аттестация сияқты оқу жұмыстарының түрлері үшін ОДӨЖ жоспарлау қажеттілігі мен оның көлемін жоғары оқу орны өзі анықтайды.
7.9. Докторантурадағы оқу жылы ғылыми-зерттеу/эксперименталды-зерттеу жұмысын, аралық аттестация/қорытынды бақылау кезеңін, практика, демалыстарды және бітіруші курстағы қорытынды аттестацияны қоса алғанда академиялық кезеңдерден тұрады.
7.10 Түріне қарай академиялық мерзім семестр үшін ұзақтығы 15 аптаны, триместр ұшін 10 аптаны және тоқсандық үшін 8 аптаны құрайды.
7.11 Аралық аттестаттау/қорытынды бақылау ұзақтығы 1 аптадан кем болмауы керек.
Пән бойынша қорытынды бағада ағымдағы үлгерім бағасының үлесі кемінде 60%, ал қорытынды бақылау бағасының үлесі кемінде 30% болуы керек.
7.12 Докторанттарға әрбір академиялық кезеңнен кейін демалыс беріледі, оқу жылындағы демалыс мерзімінің ұзақтығы кемінде 5 апта болу керек.
7.13 Докторанттардың практикасы бекітілген академиялық күнтізбеге және мамандық бойынша сәйкес мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында белгіленген көлемдегі жеке жоспарға сәйкес жүргізіледі.
7.14 Практиканың аптамен есептелген ұзақтығы білім алушының 30 сағатқа тең (5 күндік жұмыс аптасындағы 6-сағаттық жұмыс) апта бойы практикадағы жұмысының нормативті уақытына сәйкес анықталады. Апта санын есептеу үшін практиканың көлемі кредитпен есептелген көлемін сәйкес түрдегі практика түрінің оқу сағатымен есептелген еңбек сыйымдылығына көбейтеді және оны білім алушының апта бойы практикадағы жұмысының ұзақтығына, яғни 30 сағатқа бөледі.
Практиканың 1 кредитінің еңбек сыйымдылығы оқу практикасы үшін 15 сағатты (50 минуттан), педагогикалық практика үшін 30 сағатты (50 минуттан), өндірістік практика үшін 75 сағатты (50 минуттан) және зерттеу практика үшін 120 сағатты (50 минуттан) құрайды. Практиканың 1 кредитке келетін аптамен есептелген ұзақтығы педагогикалық практикасы үшін 1 аптаны, өндірістік практикасы үшін 2,5 аптаны және зерттеу практикасы үшін 4 аптаны құрайды.
7.15 Білім алушылардың қорытынды аттестациясын және ДҒЗЖ/ДЭЗЖ-сын аптамен жоспарлау докторанттың 54 сағатқа тең (6 күндік жұмыс аптасында ДӨЖ-ді қосқанда 9 сағат) апта бойы жұмысының нормативті уақытына сәйкес анықталады.
7.16 ДҒЗЖ-нің бір кредитіне докторант жұмысының 120 (15х8) сағаты, яғни 2,2 апта сәйкес келеді.
Қорытынды аттестацияның бір кредитіне 105 (15х7) сағат, яғни 2 апта сәйкес келеді. Олардың ішінде докторанттың оқытушымен қарым-қатынас жұмысы 15 және ДӨЖ 90 сағат.
Кешенді емтиханға дайындық пен тапсыруға 1 кредит (2 апта) бөлінеді.
Докторлық диссертацияны рәсімдеу мен қорғауға 4 кредит, яғни 8 апта бөлінеді.
7.17 Докторлық диссертацияны орындау докторанттың ДҒЗЖ/ДЭЗЖ мерзімінде орындалады.
7.18 Қосымша білім алу сұраныстарын қанағаттандыру, академиялық қарыздарын немесе оқу жоспарларындағы айырмашылықтарды жою, басқа жоғары оқу орындарындағы кредиттерді, оларды міндетті түрде өзі оқитын жоғары оқу орнында қайта есептетіп, меңгеру үшін бітіруші курстан басқа курстарда ұзақтығы 6 аптаға дейін жазғы семестрді енгізуге рұхсат етіледі.
7.19 Білім беру бағдарламасының ғылыми компонентасы докторанттың ғылыми-зерттеу/эксперименталды-зерттеу жұмысынан, ғылыми жарияланымдарынан және докторлық диссертацияны жазудан қалыптасады.
7.20 Философия докторы (PhD) немесе бейін бойынша боктор даярлау бойынша білім беру үдерісін аяқтаудың негізгі критерийі докторанттың кемінде 60 кредитті, оның ішінде теориялық оқу бойынша кемінде 30 кредитті және практиканың кемінде 6 кредитін меңгеруі болып табылады.
Докторантураның білім беру бағдарламасын жедел меңгерген және диссертацияны сәтті қорғаған докторантқа білім беру мерзімі есепке алынбай-ақ PhD докторы немесе бейін бойынша доктор ғылыми дәрежесі беріледі.
7.21 Бейіндік докторантураны бітірген докторант ғылыми және педагогикалық жұмыстармен педагогикалық мамандық пәндері циклін меңгерген және педагогикалық практикадан өткен жағдайда ғана айналыса алады. Аталған цикл қосымша академиялық кезең ішінде меңгеріледі (егер оқу жоспарында берілмеген болса), оқу соңында негізгі дипломға сәйкес сертификат беріледі.
7.22 Докторантураның білім беру бағдарламасының теориялық курсын толық меңгерген, бірақ белгіленген мерзімде докторлық диссертацияны қорғамаған докторанттың докторантурада оқу мерзімі ақылы негізде ұзартылыуы мүмкін.
7.23 Докторантураның білім беру бағдарламасының теориялық курсын толық меңгерген, бірақ ғылыми-зерттеу компонентін орындамаған докторантқа ақылы түрде ғылыми-зерттеу компонентінің кредиттерін қайта меңгеріп, диссертацияны келесі оқу жылында қорғау мүмкіндік беріледі.
8 Докторантурадағы білім беру ортасына қойылатын талаптар
8.1 Жоғары оқу орны докторантурада оқу үдерісін алған лицензиясына сәйкес ұйымдастырады және лицензиялау кезінде білім беру қызметіне қойылатын кәсіби талаптарды сақтауы тиіс.
8.2 ЖОО білім беру қызметін сәйкес материалды-техникалық базамен, білікті профессор-оқытушы құрамымен, кітапхана қорымен, Интернетпен және басқа ақпараттық ресурстармен, басқа қаладан келген докторанттарды жатақханамен қамтамасыз етеді.
8.3 Материалды-техникалық базаға қойылатын талаптар.
Докторантура бағдарламаларын жүзеге асыратын жоғары оқу орнында санитарлы-техникалық нормаларға сәйкес келетін, оқу жоспарымен қарастырылған теориялық және практикалық даярлықтың барлық түрлерін сонымен бірге ғылыми-зерттеу/эксперименталды-зерттеу жұмыстарын тиімді өткізуді қамтамасыз ететін материалды-техникалық базасы (аудиториялық қор, компьютер кластары, зертханалар, құралдармен қамтылу, қор материалдары) болуы керек.
8.4 Докторанттарды даярлаудың білім беру бағдарламаларын, ғылыми зерттеулермен бірге, жасауға қойылатын талаптар.
Философия докторы (PhD) және бейін бойынша доктор даярлау бағдарламаларын жүзеге асыратын жоғары оқу орындары қажетті оқу-әдістемелік құжаттарды (жұмыс оқу жоспары, оқу пәндерінің және практикалар бағдарламалары, ғылыми-зерттеу/эксперименталды-зерттеу жұмыстарының бағдарламалары және т.б.)жасайды және бекітеді.
Оқу пәндерінің бағдарламаларын докторантураның білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын жоғары оқу орны докторантураның мамандықтары бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының негізінде жасайды.
Кәсіби дайындық жағынан докторантураның білім беру бағдарламалары PhD докторы немесе бейін бойынша доктор даярлаудың аккредитациядан өткен бағдарламаларын жүзеге асыратын жоғары рейтингке ие шетелдік жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтардың тәжірибелерін зерттеу негізінде жасалуы керек.
8.5 Оқу әдістемелік және ақпараттық қамтылуға қойылатын талаптар.
Оқу үдерісін оқу әдістемелік және ақпараттық қамту докторанттың докторантурадағы білім беру бағдарламасын сапалы меңгеру мүмкіндігіне кепіл болуы керек.
Білім беру бағдарламасын іске асыру халықаралық ақпарат жүйелеріне, мәліметтердің электронды базаларына, кітапханалық қорларына, компьютерлік технологияларға, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттерге еркін қол жеткізумен қамтылу керек.
Ақпараттық және оқу-әдістемелік қамтылу докторанттың өзіндік жұмысын біртіндеп арттырумен атқарылады.
Практика ғылыми және кәсіби қызметтегі практикалық дағдыларды қалыптастыру мақсатында жүргізіледі.
8.6 Практика мен ғылыми тағылымдамаларды ұйымдастыруға қойылатын талаптар.
Практика ғылыми және кәсіби қызметтегі тәжірибелік іскерлікті қалыптастыру мақсатында жүргізіледі.
Докторанттың білім алу бағдарламасында мыналар болуы керек:
- зерттеу практикасы – философия докторы (PhD) бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін;
- кәсіби практика – бейін бойынша докторантура бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін.
Докторанттың зерттеу практикасы отандық және шетелдік ғылымның жаңа теориялық, әдіснамалық және технологиялық жетістіктерін зерттеу, сонымен бірге ғылыми зерттеулердің заманауи әдістерін практикада қолдану, диссертациялық зерттеудегі эксперименттік мәліметтерді өңдеу мен интерпретациялау іскерліктерін бекіту мақсатында жүргізіледі.
Докторанттың кәсіби практикасы оқу үдерісінде алынған теориялық білімді түйіндеу және кәсіби деңгейін арттыру мақсатында жүргізіледі.
Зерттеу және кәсіби практикалардың мазмұны докторлық диссертацияның тақырыбымен анықталады.
Практиканың барлық түрлері жеке оқу жоспарына сәйкес, академиялық күнтізбе мен докторанттың жеке жұмыс жоспарында көрсетілген мерзімде жүзеге асырылады.
Докторанттың жеке жұмыс жоспарында міндетті түрде шетелдік ғылыми тағылымдамадан өту жоспарланады.
8.7 Философия докторы (PhD) бағдарламасы бойынша білім алушының ғылыми-зерттеу жұмысына қойылатын талаптар.
Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы:
- қорғалатын докторлық диссертация мамандықтың негізгі проблематикасына сәйкес болуы керек;
- өзектілігі, ғылыми жаңалығы мен практикалық мәні болуы тиіс;
- ғылым мен практиканың заманауи теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктеріне негізделуі керек;
- компьютерлік технологияны пайдалана отырып мәліметтерді өңдеудің және интерпретациялаудың заманауи әдістеріне негізделуі керек;
- ғылыми зерттеулердің заманауи әдістерін қолдана отырып орындалуы керек;
- қорғалатын негізгі қағидалар бойынша ғылыми-зерттеу (методикалық, практикалық) бөлімдері болуы керек.
8.8 Бейін бойынша доктор бағдарламасы бойынша білім алушының эксперименталды-зерттеу жұмысына қойылатын талаптар.
Докторанттың эксперименталды-зерттеу жұмысы:
- қорғалатын докторлық диссертация мамандықтың негізгі проблематикасына сәйкес болуы керек;
- өзектілігі, ғылыми жаңалығы мен практикалық мәні болуы тиіс;
- ғылымның, техниканың және өндірістің заманауи жетістіктеріне негізделген және нақты практикалық ұсыныстары, кешенді сипаттағы басқару мәселелерінің өзіндік шешімдері болуы керек;
- қорғалатын негізгі қағидалар бойынша эксперименталды-зерттеу (әдістемелік, практикалық) бөлімдері болуы керек.
8.9 Ғылыми-зерттеу/эксперименталды-зерттеу жұмысының қорытындыларын докторант әр академиялық мерзімнің соңында қысқаша есеп түрінде толтырады.
8.10 Докторанттың ғылыми-зерттеу/ эксперименталды-зерттеу жұмысының соңғы қорытындысы докторлық диссертация болып табылады.
8.11 Докторлық диссертацияның негізгі нәтижелері 5.14 пунктке сәйкес жариялануы керек.
8.12 Докторлық диссертацияның мазмұны мен рәсімделуіне, оларды даярлау және қорғауға қойылатын талаптар білім саласындағы өкілетті ұйымның нормативті құқықтық актілерімен анықталады.
8.13 Докторлық диссертация міндетті түрде Ұлттық ғылыми-техникалық ақпараттар орталығы жүргізетін авторға және ақпарат көзіне сілтемесіз мәліметті пайдалану туралы (диссертацияны плагиаттың бар немесе жоқтығына) тексеруден міндетті түрде өтуі керек.
8.14 Жоғары оқу орнын кадрлармен қамтамасыз етуге қойылатын талаптар лицензиялау кезінде білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарымен анықталған.
8.15 Ғылыми мектептер ел аумағында немесе халықаралық деңгейде танылған болуы керек.
Танымдылық индикаторларына жоғары импакт-факторы бар ғылыми басылымдарда жарық көрген мақалалар, шетелдік әріптестермен бірге орындалатын халықаралық және отандық ғылыми жобалар жатады.
8.16 Оқытушы кадрлар заманауи интерактивті әдістер мен білім беру технологияларын меңгеріп, оларды оқу үрдісінде қолдана білуі керек.
8.17 Докторантқа, қабылданғаннан кейін екі ай ішінде, докторлық диссертацияға жетекшілік ету үшін ғылыми жетекшілік тағайындалады.
Докторанттың ғылыми басшылығы мен зерттеу тақырыбы Ғылыми кеңестің шешімі негізінде жоғары оқу орны ректорының бұйрығымен бекітіледі.
8.18 Докторанттарға ғылыми жетекшілікті ғылым докторлары мен кандидаттарының, PhD докторларының ішінен сайланған, құрамы кемінде 2 адамнан тұратын және олардың біреуі шетелдік жоғары оқу орнының ғалымы болатын кеңесші комиссия атқарады.
Ғылыми кеңесші болып берілген ғылым саласында (мамандық бейініне сәйкес) ғылыми зерттеулермен белсенді түрде айналысатын және ғылыми жетекшілік тәжірибесі бар тұлғалар сайлана алады.
9 Оқу нәтижесі мен түлектердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
9.1 Алған білімнің нәтижелері біліктілік арқылы көрінеді және Дублин дескрипторлары біліктілігінің білім алудың 3-ші деңгейінің (докторантура) негізінде жобаланады және докторантура түлегінің келесі қабілеттері мен іскерліктерін алуына сәйкес болады:
зерттеу саласындағы жүйелі түсініктерін, осы салада қолданылатын зерттеу әдістерін қолдану шеберлігін көрсету;
ғылыми зерттеулердің кешенді үдерісін жоспарлау, жасау, іске асыру және түзету;
өзінің ұлттық немесе халықаралық жариялануға тұрарлық ерекше зерттеулерімен ғылыми саланың шекараларын кеңейтуге үлес қосу;
жаңа және күрделі идеяларды сынай отырып талдау, бағалау және жинақтау;
өзінің білімін және жетістіктерін әріптестеріне, ғылыми қоғамдастыққа және қоғамға жеткізу;
білімге негізделген қоғамның дамуына септік ету.
9.2 Докторантураның жалпы құзыреттіліктері:
ғылым эволюциясындағы парадигмалардың ауысуы мен дамуының негізгі кезеңдері туралы;
жаратылыстану (әлеуметтік, гуманитардық, экономикалық) ғылымдарының пәндік, дүниетанымдық және әдіснамалық ерекшеліктері туралы;
білімнің белгілі бір саласындағы ғылыми мектептер мен олардың теориялық және практикалық жаңалықтары туралы;
белгілі бір саладағы әлемдік және қазақстандық ғылымның ғылыми тұжырымдамалары туралы;
ғылыми жаңалықтарды практикалық қызметке ендіру механизмдері туралы;
ғылыми қоғамдағы қарым-қатынас нормалары туралы;
ғалым-зерттеушінің педагогикалық және ғылыми этикасы туралы түсініктері болуы керек.
жаһандану мен интернацияландыру жағдайында отандық ғылымның дамуының заманауи тенденцияларын, бағыттары мен заңдылықтарын;
ғылыми танымның әдіснамасын;
белгілі бір саладағы әлемдік және қазақстандық ғылымның жетістіктерін;
ғылым мен білімнің әлеуметтік жауапкершілігін (сезінуі және қабылдауы);
халықаралық ынтымақтастық пен ғылыми байланысты іске асыру үшін шет тілдерді жетік меңгеруді
білуі және түсінуі керек.
ғылыми зерттеулер үдерісін ұйымдастыруды, жоспарлауды және іске асыруды;
зерттеу саласындағы әртүрлі теориялық тұжырымдамаларды талдауды, бағалауды, салыстыруды және қорытынды жасауды;
әртүрлі деректерден алынған ақпараттарды талдауды және өңдеуді;
заманауи теориялар мен талдау әдістері негізінде академиялық тұтастықпен сипатталатын ғылыми зерттеулерді өз бетімен орындауды;
ғылыми танымның шекарасын кеңейте отырып, өзінің жаңа ғылыми ойларын айтуды, өзінің білімі мен ойларын ғылыми қоғамдастыққа жеткізуді;
зерттеудің заманауи әдіснамасын таңдап, оны тиімді қолдануды;
өзінің кәсіби дамуын жоспарлауды және болжауды
білу керек.
әртүрлі ғылыми ойлар мен теорияларды сынап талдау, бағалау және салыстыру;
ғылыми қызметте талдаулық және эксперименталдық;
зерттеулер нәтижелерін жоспарлау және болжау;
халықаралық ғылыми форумдарда, конференциялар мен семинарларда көпшілік алдында сөйлеу, шешендік өнер;
ғылыми хат пен ғылыми байланыс;
ғылыми зерттеулер үдерістерін жоспарлау, үйлестіру, іске асыру;
зерттеу саласында жүйелі түсінік пен таңдап алынған ғылыми әдістердің сапалылығы мен нәтижелілігін көрсете білу;
ғылыми іс-шараларда, іргелі ғылыми отандық және халықаралық жобаларға қатысу;
басқарудағы көшбасшылық және ұжымды басқару;
ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметке жауапкершілікпен және шығармашылықпен қарау;
заманауи ақпараттық және инновациялық технологияларды қолдана отырып ғылыми ақпаратты беру тәжірибесі мен патенттік ізденіс жүргізу;
ғылыми жаңалықтар мен туындыларға интеллектуалды меншік құқығын қорғау;
шет тілінде еркін сөйлесу
дағдылары болуы керек.
ақпараттар ағымының жедел жаңару және жедел өсу жағдайындағы ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызмет саласында;
теориялық және эксперминеталды ғылыми зерттеулер жүргізуде;
ғылыми зерттеуде теориялық және қолданбалы міндеттерді қою мен оларды шешуде;
белгілі бір саладағы мәселелерге кәсіби және жан-жақты талдау жүргізуде;
тұлғааралық қарым-қатынас және адам ресурстарын басқару мәселелерінде;
мамандарды жоғары оқу орнында даярлау мәселелерінде;
ғылыми жобалар мен зерттеулерге сараптама жүргізуде;
үнемі кәсіби өсуді қамтамасыз етуде
құзыретті болуы керек.
9.3 Арнайы құзыреттіліктер докторантураның әрбір мамандығы бойынша қоғамның әлеуметтік сұраныстары мен жұмыс берушілердің талаптарын ескере отырып жасалады.
9.4 Докторанттың қорытынды аттестациясы – меңгерген білімінің, іскерлігінің, дағдысы мен құзыреттілігінің докторантура мамандығы бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкестігін анықтауға бағытталған докторанттың оқу жетістіктерін мемлекеттік бақылау формасы.
Білім алушылардың қорытынды аттестациясы академиялық күнтізбе мен мамандықтардың жұмыс оқу жоспарында көрсетілген мерзімде кешенді емтихан мен докторлық диссертацияны қорғау түрінде келесі құжаттарға сай өткізіледі:
Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесі;
Ғылыми дәрежелер беру ережесі;
Диссертациялық кеңес туралы типтік ережесі.
9.5 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің білім және ғылым саласындағы бақылау Комитеті жүргізген сараптама қорытындысы бойынша оң шешім шығарған кезде докторантураның білім беру бағдарламасын толық орындаған және докторлық диссертацияны сәтті қорғаған тұлғаларға философия докторы (PhD) немесе бейін бойынша доктор ғылыми дәрежесі және мемлекеттік үлгідегі дипломы мен дипломға қосымша (транскрипт) беріледі.
Қосымша 1
Докторантура PhD білім бағдарламасы компоненттерін бөлу
НОРМАСЫ (оқу мерзімі 3 жыл)
|
Қызмет түрлері
|
Кредиттер саны
|
Апта саны
|
Жалпы сағат саны
|
Соның ішінде аудиторлық/оқытушымен қарым-қатынас сағат саны
|
ДӨЖ
|
Орташа апта жүктемесі
|
1
|
Теориялық оқу (1:6)
|
30
|
60
|
3150
|
450
|
2700
|
52,5
|
2
|
Докторанттың ғылыми-зерттеу (эксперименталды) жұмысы, докторлық диссертациясын орындауды қоса алғанда (1:7)
|
19
|
42
|
2280
|
-
|
2280
|
54,6
|
3
|
Қорытынды аттестация
|
5
|
10
|
525
|
75
|
450
|
52,5
|
|
Барлығы__54__11_2__5955'>Барлығы
|
54
|
112
|
5955
|
525
|
5430
|
|
4
|
Практика (кәсіби) (1:4)
|
6
|
15
|
450
|
90
|
360
|
30,00
|
5
|
Демалыстар
|
|
17
|
|
|
|
|
6
|
Емтихан сессиясы (6х2 апта)
|
|
12
|
|
|
|
|
|
Барлығы 52 апта х 3 жыл=156
|
60
|
156
|
6405
|
615
|
5790
|
|
ЕСКЕРТУ:
Философия докторы (PhD) немесе бейін бойынша доктор ғылыми дәрежесін алу үшін мамандық бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында жоспарланған кредиттерге қарамастан білім алушы теориялық оқудан кемінде 30 кредит, практикадан кемінде 6 кредит және докторанттың ғылыми-зерттеу (эксперименталды-зерттеу) жұмысынан кемінде 19 кредит меңгеру керек.
Мамандық бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты жоспарланған кредиттерге қарамастан кешенді емтиханға 1 кредит, докторлық диссертацияны рәсімдеу мен қорғауға – 4 кредит жоспарланады.
Практикаға бөлінген кредиттер саны кемінде 6 кредит боуы керек және ЖОО өзі анықтайды.
Қорытынды аттестацияның жалпы көлемі (сағатпен) докторанттың орташа апталық жүктемесіне кірмейді.
Апта көлемі қызмет түріне байланысты өзгеруі мүмкін, бірақ докторанттың орташа апталық жүктемесі 57 сағаттан аспауы тиіс. Оқу жылында демалыстың ұзақтылығы кемінде 5 апта болуы керек. Оқу жылындағы 5 аптадан жоғары демалыстың уақыты жоғары оқу орны өздігінен қызметтің басқа түрлеріне қайта бөле алады.
Достарыңызбен бөлісу: |