34
Отансүйгіштік қасиетті қалыптастыруға мынадай факторлар әсер етеді: ұлттық сезім,
ұлттық мақтаныш, ұлттық сана, ұлттық игі дәстүрлер, ұлттық парыз, бірлік және міндет.
Б.Момышұлының «Соғыс психологиясы» деген еңбегінде аталған қасиеттерге жан-жақты
сипаттама беріледі. Солардың ішінде автор әсіресе ұлттық парыз ұғымына аса мән береді.
Оның пайымдауынша, ұлттық парыз
– Отанға деген сүйіспеншілік, сыртқы жаулардан елін,
жерін аман сақтап, ата-баба дәстүріне ӛте сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарау. Парыз
сезімі қиындықтан қаймықпай, қарсы келген дұшпанмен тайсалмай шайқасып, Отан үшін
ақтық демі біткенше қызмет етуге даяр болу сезімінен туады, нәтижесінде бұл тікелей ерлік
істерге итермелейді, «Ерлік, Б.Момышұлының сӛзімен айтқанда, табиғат сыйы емес, ең
алдымен, ӛзіңнің ар-намысыңды және азаматтық абыройыңды ұятқа қалу, опасыздық пен
масқара болу сезімінен қорғай отырып, адамның ең ұлы сезімін, азаматтық парызын орындау
үшін осындай адамгершілік теңдікте ӛзіңмен сайысқа түсе отырып, тұтас ұжым ӛмірінің
игілігін ғана емес, қауіп-қатерін де бӛлісіп, жауды барынша жою, жанға
– жан, қанға
– қан
деп аяусыз кек алу жолымен жеке басыңды және отандастарынды қауіпсіз етуге ұмтылу,
саналы түрде қауіп-қатерге бас тігу».
Ерлікті бұлай түсіну оның патриотизммен байланысты сипатын айқындауға мүмкіндік
береді. Осы түсінікке сәйкес ерлік жеке адамның жоғары патриоттық сана-сезіміне,
патриоттық сенімдеріне, Отанға қызмет етудегі жоғары патриоттық қажеттілігіне сай келетін
мінез-құлық әдісі болып табылады. Адамның ерлігі ӛзінің бұрын иеленген ең таңдаулы
патриоттық қасиеттерін, батырлық жасауга ӛзінің әзірлігін іс жүзінде ашу қажет болған
жағдайларда пайда болады. Демек, адамның ерлігі оның патриотизмінен туады, сондықтан
ерлік патриотизмнің жоғарғы сатысы болып табылады. Егер адам бойында патриоттық
сезімдер болмаса, ерлік қылық та болуы мүмкін емес.
Ғылыми әдебиеттерде «ерлік» ұғымы мен «батырлық» ұғымы қатар жүреді, олар сан
қырынан қарастырылады: «Батырлық
– айбындылық, даңқты ерлік, жанкештілік»;
«Батырлық
– ерлік, батылдық, ӛжеттілік, асқан ержүректік»; «Ерлік
– даңқтылық, батырлық,
жан аямас батылдық, айбындылық».
Бұл арада «батыр» сӛзі түрліше мағынада кӛрініс бергенімен, оның негізінде
ержүректік, айбындылық, батылдық, табандылық қасиеттері орын алады. Тіл мен әдебиетте
бұл сӛздер адамның немесе адамдар тобының жауынгерлік әрекеттер немесе басқа маңызды
тапсырмалар орындаған кездегі ең маңызды істерін атап кӛрсету қажет болған жағдайда
қолданылады. Бір сӛзбен айтқанда, «батыр» сӛзі және осы мағынадан туындайтын басқа да
сӛздер (батырлық, ерлік, ержұректік және т.б.) «жанқиярлық», «батылдық», «айбындылық»,
«қайтпас қайсарлық», «табандылық», «тӛзімділік», «адалдық» секілді патриоттық
санаттарымен (категорияларымен) үйлесімде саналы түрде қолданылады. Сонымен,
патриотизм мен ерлік бір-бірімен жымдаса ӛріле отырып, ерлік-патриоттық сана мен ерлік іс-
әрекеттің қорытындысы болып табылатын жеке адамның күрделі біртұтас қасиеті ретінде
кӛрініс алады.
Қазақ халқы мынадай бағыттар бойынша ұйымдастырылған жұмыс формалары арқылы
жеткіншектер
мен жастарды патриоттыққа, ерлікке тәрбиелеген:
1. Дәстүрлі еңбек түрлеріне араластыру (қолӛнер еңбегі, ағаш ұқсату, металл ӛңдеу,
сүйек,
тері ұқсату,
киіз басу,
кілем тоқу,
киім тігу,
мал шаруашылығы, егін шаруашылығы);
2. Айтыскер адамдармен кездестіру (айтыскер ақындармен, әнші-күйшілермен,
зергерлермен, жыршы-жыраулармен, ержүрек батырлармен, ертегішілермен және т.б.);
3. Ұлттық мерекелерге қатыстыру (Наурыз, Құрбан айт, Биебау, Қымыз-мұрындық
және т.б.);
4. Салт-дәстүрлер бойынша ӛткізілетін іс-шараларға қатыстыру;
5. Ұлттық спорт ойындарына қатыстыру;
6. Аңшылық рәсімдерге қатыстыру (аң аулау, құс ату, тұзақ, қақпан құру, тазы салу
т.б.).
Патриоттық-ерлік тәрбиесін жүзеге асыруда мынадай әдіс-тәсілдер мен амал-жолдарды
пайдаланған: үйрету, кӛрсету, жаттығу, қайырымды, ілтипатты қатынас жасау, адамгершілік