49
зерттеу жүргізілді. Бұл экспедицияның жұмысына этнография секторының кіші ғылыми
қызметкері И.В. Захарова қатысты.
Келесі экспедиция таза Қазақстандық этнографтардан құралды. Ол 1951 ж. құрамында
этнография секторының кіші ғылыми қызметкері И.В. Захарова (экспедиция басшысы) және
Ф.Аронов, аспирант-этнограф Р.Ходжаева және суретші И.Мусаев бар экспедиция Алматы
облысының Жамбыл ауданы ұжымшарлары қазақтарының мәдениеті мен тұрмысы жайында
этнографиялық мәліметтер жинады. Негізгі мәлімет кӛздері: шаруашылық, тұрғын-үй, киім,
тағамдар,
қоғамдық және отбасылық тұрмыс, ауыз әдебиеті т.б. болды. Экспедиция мүшелері
мәліметтерді қағазға түсірумен қатар, суретке түсірді, киімдердің, үйлердің үлгісін қағазға
кӛшірді. 1948 ж. Н.Сәбитов басқарған этнография секторының кіші ғылыми қызметкері
Д.Рахметов
Семей
облысының
Шұбартау
мен
Абай
аудандарының
бірнеше
ұжымшарларында болып, ӛз зерттеулерін жүргізді.
Жоғарыда аталған экспедициялар жайындағы қысқаша мәліметтер Тарих институтының
Ғылыми кеңесі мен этнография секторының отырыстарының хаттамасында келтірілген.
Мысалы, ғылыми кеңестің 18. ІХ. 1946 ж. хаттамасы [18], этнография секторының
отырысында 9.ІХ.1946 ж. № 1 хаттамасында тіркеліпті [19]. Сонымен қатар Қазақстан
Ғылым Академиясының Тарих, археология және этнография институтының ІІ-ші ғылыми
сессиясының жұмысы стенограммасында (1-3 шілде, 1949 ж.) екінші қаралған мәселе: 1949-
1950 ж. этнографиялық экспедиция қорытындыларына арналды [20].
Айтылған экспедиция материалдарын талдаудан ӛткізіп, жиналған мәліметтерді жүйеге
келтіріп, этнография секторының меңгерушісі Н.Сәбитов кӛлемді мақала етіп жариялады
[11.89].
Алғашқы, Н.Сәбитов кезіндегі этнографиялық экспедиция жайындағы мәлімет тарих
ғылымының кандидаты, талантты ғалым-этнограф Э.А. Масановтың «Очерки истории
этнографического изучения казахского народа в СССР» деген еңбегінің 307-310 беттерінде
берілген [21]. Ӛзінің сипаттамасын қорытындылай отырып автор былай деп жазды: «Помимо
сбора и предварительной обработки экспедиционных материалов казахстанские этнографы
составили обширную рабочую библиографию по этнографии Казахстана. Однако к
исследованию накопленных материалов по дореволюционной этнографии они так и не
перешли, ошибочно считая, что «старый быт нужно изучать только для сопоставления его с
новым бытом»- деген сын-пікірлерін де айтып ӛтті [21.308].
Ғылым Академиясында дайындалған жинақтық «Октябрь және Қазақстан ғылымы»
деген еңбекте қазақ этнографтарының еңбектері былай сипатталады: «Основные свои усилия
еще немногочисленная группа этнографов, руководимая Н.С. Сабитовым, направляла на
изучение материальной культуры, общественного и семейного быта, прикладного искусства
казахов в ХІХ веке» [22]. Сонымен Н.Сәбитов бастаған аздаған этнографтардың еңбегі осы
кӛлемді кітапта аталып кетеді.
1952 ж. Ғылым Академиясының Тарих, археология және этнография институты
Жамбыл облысының Мерке ауданына этнографиялық экспедиция ұйымдастырады.
Экспедиция құрамы үш адамнан тұрады: этнография секторының меңгерушісі Н.Сәбитов
(экспедиция бастығы), ғылыми қызметкер И.В. Захарова, суретші-фотограф Н.Третьяков [23].
Экспедицияның негізгі міндеті мен мақсаты ұжымшарлық құрылыстың ӛркендеуі мен
нығаюына байланысты қазақтардың тұрмысы мен отбасы қатынастарындағы материалдық
және рухани мәдениетіндегі соңғы 15-20 жылдағы болған ӛзгерістерді кӛрсететін
мәліметтерді жинастыру.
Экспедиция ӛз жұмысын тӛрт ұжымшарда: «Сталин атындағы», «Киров атындағы»,
«Жданов атындағы» және «Қызыл Октябрьде» жүргізді. Бұл ұжымшарлардың таңдап
алынуы да тегін емес еді. Ӛйткені кей ұжымшарлардың аудан орталығынан алыс орналасуы,
кейбіреулерінің керісінше ӛте жақын орналасуы, шарушылық түрлері және ұлттық
құрамының ерекшеліктері ескерілді. Мысалы, «Сталин атындағы» ұжымшар аудан
орталығынан ең алыс орналасқан болып есептелінеді. Бұл ұжымшардың негізгі
шаруашылығының басым түрі – мал шаруашылығы. Ал «Киров атындағы» ұжымшарда