Қазақстан республикасы білім және ғылым министірлігі



жүктеу 3,28 Mb.
Pdf просмотр
бет16/97
Дата06.02.2020
өлшемі3,28 Mb.
#28463
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   97

35 
 
сезімін ояту, ақыл-кеңес беру, моральдық қолдау, үлгі кӛрсету, үлгі ету, сенім арту, ренжу, 
наразылық білдіру, айыптау, еркелетіп кінә арту, жалған енжарлық кӛрсету, қолдау, ескерту, 
сұрау,  сендіру,  талап  ету,  мақтау-мадақтау,  тапсырма  беру,  қайрау,  алғыс  айту,  азғыру, 
жарыстыру, жазалау, жанама ықпал жасау, қызықты да жауапты іс-әрекетке баулу, бұйыру, 
тұспалдап айту, теріс бата беру т.б. 
Осы әдістердің ішінде халық, әсіресе, сенім арту, үлгі ету әдістеріне аса мән берген. Бұл 
әдістер  арқылы  баланың  патриотизм,  ерлік,  ұлтжандылық,  отансүйгіштік  туралы  түсінігін, 
адамгершілік  принциптері  мен  моральдық-этикалық  кӛзқарасьн  қалыптастырған. 
Адамгершілік,  патриоттық  кӛзқарастағы  мінез-құлыққа  қажетті  дағдыларды  жетілдіру 
мақсатында түрлі жаттығуларды пайдаланған. Осы жоғарыда айтылғанның бәрі қазақ халық 
педагогикасында  патриоттық-ерлік  тәрбиенің  жүйемен  жүзеге  асырылатынын,  тәрбиелік 
мүмкіндіктерінің жоғары екендігін айғақтайды. 
Қазан  тарихындағы  1916  жылғы  ұлт-азаттық  қозғалысының  да,  Қазан  кӛтерілісінің  де 
халықтың ұлттық  сана-сезімінің оянуына, ұлттық  патриотизмнің дамуына әсері  мол болды. 
Ұлттық  патриотизм  мен  интернационалдық  кӛзқарасты  Алаш  қозғалысына  шығатын  қазақ 
зиялыларының  (А.Байтұрсынов,  Ж.Аймауытов,  М.Дулатов  және  т.б.)  ой-пікірлері  мен  іс-
әрекетгері де айғақтайды.  
«Кӛзіңді аш, оян, қазақ, кӛтер басты, 
Ӛткізбей қараңғыда бекер жасты. 
Жер кетті, дін нашарлап, хал һарам боп, 
Қазағым, енді жату жарамас-ты!» 
 деп басталатын ӛлең шумақтары қазақ халқын егемендік үшін күреске  шақырып, ар-
намысын жаниды, патриоттық рухын кӛтереді. 
Кейінгі тарихи оқиғалар кезеңінде, әсіресе Ұлы Отан  соғысында, қазақ халқының ӛзін 
патриотизм  мен  халықтар  достығы  жолын  қуушы  ретінде  кӛрсетуі  прогресшіл  патриотизм 
идеяларын меңгеруінің жарқын дәлелі болып табылады. Осы соғыста есімі аңызға айналған 
Кеңес Одағының Батыры Б. Момышұлы: «Соғыс жылдарында Отанымыздың, партиямыздың 
шақыруымен жүз мыңдаған қазақстандықтар ел намысын, ер намысын  қорғап, олар майдан 
шебінде тірескеннің тізесін бүктіріп, белдескеннің белін сындырып айқасты. Оларға бел тірек 
болған ер намысы, ел намысы болды» - деп жазды.  
Желтоқсанның  қақаған  аязында  ӛз  елінің  бостандығын  аңсап  алаңға  шыққан қазақтың 
қайсар  да  батыл  ұл-қыздары  халықтың  ұлттық  рухын  жоғары  деңгейге  кӛтеріп,  сана-сезімі 
мен  намысын  оятты.  қазақ  жастарының  атадан  балаға  мұра  болып  келе  жатқан  батырлық 
мінезін,  азаттыққа  деген  ұмтылысын  байқатады,  отарлау  саясатына  қарсы  тұрған  елдің 
қаһарын танытқан қимыл болып саналады.  
Халық  педагогикасын  арқау  етіп  жауынгерлік  дәстүр  негізінде  оқушыларға  білім, 
тәрбие  беру  мүмкіндіктері  шексіз.  Сол  мүмкіндіктерді  неғұрлым  тиімді  пайдалануға 
еліміздің  бүгінгі  ӛмірі  жол  ашып  отыр.  Еліміз  егемендік  алып,  тіліміздің  мемлекетік 
мәртебесіне  ие  болуы,  ұлттық  байрағымыздың,  елтаңбамыздың,  әнұранымыздың  дүниеге 
келуі  халқымыздың  еңсесін  кӛтеріп  тастады,  атадан-балаға  жалғасып  келе  жатқан  салт-
дәстүріміз, әдет-ғұрпымыз жаңғырды /2/. 
Қазіргі  кезде  республикамыз  егемендігі  мен  территориялық  тұтастығын  қорғайтын, 
соғысты  болдырмаудың  алды-ала  шараларын  кӛздейтін  әскери  доктрина  жасалып,  біршама 
әскери заңдар қабылданды. Қазақстан Республикасы қауіпсіздік концепциясы тек қорғаныс 
бағытына  негізделген.  Бүгінде  еліміздің  қорғаныс  қабілетін  нығайту,  бейбітшілігін  сақтау 
мемлекетіміздің аса маңызды қызметінің бірі болып есептеледі. Жастардың әскери қабілетін 
арттыру,  Отанын сүюге баулумен қатар, халқымыздың даңқты әскери және еңбексүйгіштік 
дәстүрін нығайту білім беру мен тәрбиенің басты міндетіне айналды. 
Ұлттық  жауынгерлік  дәстүрлерін  мектептің  оқу-тәрбие  үрдісінде  пайдалану 
мүмкіндіктерін  зерттеуіміз  тӛмендегідей  қорытынды  және  ғылыми-әдістемелік  ұсыныстар 
жасауға мүмкіндік берді: 


36 
 
-  Ұлттық  жауынгерлік  дәстүрлер  тарихтың  алыс  қойнауынан  бастау  алады. 
Халқымыздың  жауынгерлік  дәстүрлерін,  кӛне  түркі  елінің  артына  қалдырған  ӛшпес 
мұрасын,  халқымыздың  ерлік  тарихын,  батырлардың  ерлігін  бүгінгі  күн  тұрғысынан  қайта 
қарап  жазғанда  М.Полоның,  Н.Я.Бичуриннің,  Л.Н.Гумилевтың,  В.В.Бартольдтің, 
В.В.Радловтың, А.Левшиннің, Ш.Уәлихановтың зерттеу еңбектері құнды тірек бола алатыны 
сӛзсіз.  Жас  ұрпақты  ұлттық  жауынгерлік,  дәстүр  арқылы  ерлікке  баулу  күннің  ӛзекті 
меселесі екені айқындалып, ғылыми-теориялық тұрғыда негізделді/62/. 
-  Қазақ  халқыкың  кене  заманнан  бергі  рухани  азығы,  таусылмас  қазынасы,  медениеті, 
философиясының  негізі  –  ауыз  едебиеті  фольклорда  жатыр.  Халықтық  жауынгерлік  және 
ерлік  дәстүрлері  тасқа  ойылып  жазылған  таңбаларда,  батырлар  жырлары  мен  аңыз-
әңгімелерде, ән-күйлерде бейнеленіп қалған. Жаугершілік замандағы жыр-жоқтаулар, аңыз-
әңгімелер  үлкен  тәрбиелік  мәні  бар  білім  мен  ӛнегенің  қайнар  кӛзі.  Ақын-жыраулар 
шығармаларынан  халықтық  тәлім-тәрбиелік  мұраларды  меңгерумен  қатар,  сол  кездегі  ӛмір 
сүрген ірі тұлғалардың қоғамнан алатын ӛзіндік орындарын айқындауға болады. 
Ата-бабаларымыздың  дәстүрлі  бесік  жырлары  арқылы  бала  бойындағы  ұлттық  ерлік 
сезімді  оятып  тәлім-тәрбиенің  алғашқы  қадамдарынан  бастап,  бізге  жеткен  ақын-жыраулар 
шығармалары,  нақыл  сӛздері,  мақал-метелдері,  бата-тілектері  арқылы  оқушылардың 
бойындағы  елін,  жерін  сүйетін  Отансүйгіштік  қасиеттерді  қалыптастыру  мүмкіндіктерінің 
мол екені делелденді /63/. 

Қазақ деген атаудың мағынасын Ш.Уәлихановтың тұжырымы бойынша "Ер жүрек, 
батыл", Э.Диваев бойынша "Еркін жүрген адам", Ш.Құдайбердиев бойынша "Ӛз алдына ел 
болып,  еркін  жүрген  халық",  В.В.Радлов  бойынша  "тәуелсіз,  еркін,  ерікті  адам" 
тұжырымдамаларын  бере  отырып,  қазақ  халқының  басынан  қаншалықты  ауыртпалық 
тауқымет, соғыс зардабын ӛткерсе де, ӛздерінің жауынгерлік дәстүрлерін жоғары ұстап, елін, 
жерін  жауға  бермей,  ұлан-байтақ  ӛлкесін  артындағы  ұқрпағына  мәңгі  қоныс  еткен  түркі 
халқының  батыры  Құлтегін,  Алтын  Орда  батыры  Ер  Едігіден,  "Ақтабан  шұбырынды, 
алқакӛл  сұлама"  заманындағы  ерліктің  ӛшпес  мұрасын  қалдырған  Қабанбай,  Бӛгенбай, 
Наурызбай,  Ханкелді,  Кӛкжарлы  кӛкжал  Барақ,  Қасабай,  Баян,  Райымбек  сынды  ерлердің 
ерен ерліктері қазақ деген атқа сай екеніне тоқтала келе, оның бүгінгі ұрпақты тәрбиелеуде 
басты орын алатыны ғылыми-теориялық тұрғыда негізделді /64/. 

Кене  түркі,  кӛшпелілер  тарихындағы  жауынгерлік  дәстүрлерлі,  ХҮІІІ  ғасырдағы 
қазақ халқының ерен ерліктерін, бүгінгі  ғылыми еңбектерді  саралай келе батырлық, батыр, 
ерлік,  ер,  ұлттық,  жауынгерлік  дәстүр,  оның  ерекшеліктері  және  ерлік  тәрбиесінің 
педагогикалық тұрғыда нақтыланды. 

ХҮІІІ  ғасырдағы  қазақ  халқының  сыртқы  жаулардан  қорғану  үшін  талай  қиямет 
жылдарды  басынан  ӛткізген  "Ақтабан  шұбырынды,  алқакӛл  сұлама",  Ш.Уәлиханов  "Бұл 
қазақ халқының ӛміріндегі сұмдық ауыр кезең болды" деп атап кӛрсеткендей қазақ ерлігінің 
ӛшпес  мұрасын,  ұлттық  ерлік  мектебінің  дәстүрін  жалғастыра  отырып,  елін,  жерін  жаудан 
сақтап қалған Қабанбай, Бӛгенбай, Наурызбай, Ханкелді сынды т.б. баһадүр ерлерді берді. 
Бұл  істерді  келешек  зерттеушілер  бірлесе  отырып  қолға  алса,  әскери  педагогика 
ғылымына  қосылған  сүбелі  үлес  болады.  Осы  жоғарыда  айтылғанның  бәрі  тәуелсіздіктің 
қазақ еліне ӛздігінен келмегендігін, геноцид пен талай қанды қырғынды басынан кешірсе де, 
халқымыздың ұлттық рухының сынбағандығын, «арым үшін жан пида» деп, «мың ӛліп, мың 
тірілген» қазақтың болмысы мен ерлігін дәлелдейді. 
 
Әдебиеттер тізімі: 
1.  "Абай  тағылымы"  атты  республикалық  ғылыми-практикалық  конференция 
материалдары. – Алматы. Рауан, 1995. – 280 бет. 
2. 
Абылай  хан.  /Редакциясын  басқарған  М.Қозыбаев/  Ғылыми-практикалық 
конференция материалдары. – Кӛкшетау, 1991. 
3.  Ауқашева  Ғ.  "Кӛкшетау"  және  "Батыр  Баян"  поэмасының  сабақтастығы.  /Қазақ  тілі 
мен әдебиеті. №5, 1993. – 33-42 беттер. 


жүктеу 3,28 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   97




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау