Қазақстан республикасы білім және ғылым министірлігі



жүктеу 3,28 Mb.
Pdf просмотр
бет12/97
Дата06.02.2020
өлшемі3,28 Mb.
#28463
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   97

27 
 
ӘОЖ 372.878 
       Қ 71    
МУЗЫКА ПӘНІНІҢ ҦЛТТЫҚ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ 
     
Қҧлмамбетов Б.Қ., Кҥзембаева Л., Тӛлегенова Б.   
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Абай атындағы  
Жамбыл гуманитарлық колледжі, Тараз қ. 
 
Елбасы  Н.Ә.Назарбаев:  «Кӛп  ұлтты  жастардың  ӛздерін  Қазақстан  тарихына,  ӛткен 
буынның  маңызды  ӛмірлік  құндылықтарымен  сәйкестендіруіне  үйрету  керек,  жастарға 
нақты  ӛмірлік  бағыт  беру  керек»  деген.  Бұл  сӛз  бізге  тікелей  қатысты  деп  білеміз.  Иә, 
халқымыздың  барлық  топтарының  әлеуметтік  жағдайлары  және  қажеттіліктері  ӛзгеріп 
жатқан шақтарда жастарды музыка ӛнеріне тәрбиелеуге ден қойып, болашақ еліміздің ӛнер 
майталмандары  етіп  тәрбиелеу,  ойлаған  асыл  армандарына  жеткізу  –  ол  біздің  тікелей 
міндетіміз.  Осы  арада  жастар  ӛз  ұлтының  патриоты  болуы,  халқының  мәдениеті  мен 
тарихына  жанашыр  бола  отырып,  үздік  оқу  басты  арманға  айналуы  керектігін  ұмытпауы 
қажет. Сондықтанда мектеп қабырғасында бүгінгі таңда ӛнерге деген тәрбиені қай бағытта 
жүзеге асыру керектігі бұрынғыдан да маңызды мәселе болуы тиіс. 
Ӛнер  арқылы  адам  ӛзінің  шын  мәніндегі  ӛз  ішкі  кӛңіл-күйін  білдіреді.  Олай  болса, 
қазіргі  таңда  оқу  орындарында  ӛнердің  басты  бір  мақсаты  –  ол  адам  баласының  барлық 
әрекетіндегі  ӛнер  арқылы  патриоттық  сезімталдыққа  жастарды  тәрбиелеу.  Әуенді  сӛзбен 
жеткізу мүмкін емес, оны тек музыканы жан дүниесімен түсінетін адам ғана әуен ырғағымен 
қабылдайды. Ӛйткені «музыка-жүрек тілі», яғни сезім, қобалжу, кӛңіл-күйдің тілі деп ұққан 
жӛн.  Жалпы  білім  беретін  мектептегі  тәрбие  салаларының  бірі  –  музыкалық  тәрбие. 
Оқушылардың  ӛнерге  құштарлығы  мен  қаблетін  дамытуда  музыкалық  тәрбиенің  жүйелі 
жол-ға қойылып, дұрыс ұйымдастыруынының маңызы айырықша. Ӛнерде тәрбие құралдары 
(музыка-дыбыс, суретте-бояу, әдебиетте-сӛз) жасалған кӛркем бейне арқылы оқушылардың 
кеңейтіп, ӛмір шындығын, әсемдікті сезіне білу қаблетін дамытуға жағдай жасайды. 
Музыка  пәнінің  негізгі  мақсаты  шәкіртке  ұлттық  ӛнердің  құндылығын  таныту. 
Оқушыларды музыкалық-эстетикавлық тұрғыдан тәрбиелеу оларды кӛркем шығармашылық, 
әлеуметтік  маңызды  және  қоршаған  әлемді  игеруге,  тануға  бағытталған  істерге  тарту 
арқылы  ӛткізу  керек.  Тек  ӛнер  ғана  адамның  шындыққа  тарихи  қалыптасқан  эстетикалық 
қарым-қатынас  тәжірибесін  ашады,  қорытындылайды.  Бұл  музыка-эстетикалық  тәрбие 
беруде  ешнәрсемен  алмастыруға  болмайды.  Ӛнердің  эстетикалық  тәрбие  беруге  қатысуы, 
оның  міндетті  қызметтерінің  бірі  болып  табылады.  Әр  халықтың  эстетикалық  дүние 
танымы,  кӛркемдік  ӛзіне  тән  ӛнер  туындыларымен  ерекшеленетіні  ӛмір  шындығы.  Ұрпақ 
тәрбиесінде,  туған  халқымыздың  ұлттық  ӛнерін,  оның  нәзік  те  кӛркем  сырын  ұғындыру 
мектепке  дейінгі  тәрбиеде  баланы  әсемдікті  сүйсіне  білуге  баулу  құралы  екені  сӛзсіз. 
Сондықтан,  мектепте  ӛнерге  деген  қызығушылықты  қалыптасты-руда  халық  ӛнері  мен 
мәдениетінің сан-алуан түрлері жайында қарапайым түсініктер беру кӛзделеді. 
Бүгінгі таңда, мектепте жас ұрпаққа кӛркемдік білім мен тәрбие беру жүйесінде кӛркем 
әдебиет, музыка ӛнері, бейнелеу ӛнері, ұлттық қолӛнер сияқты эстетикалық мәндегі пәндер 
арқылы  оның  ішінде,  халықтық  дәстүрлі  ӛнерін  игерте  отырып,  оқушының  бойындағы 
әсемдікті  қабылдау,  сезіну,  ӛнер  шығармаларын  әсемдік  заңдылықтарына  сәйкес  бағалай 
білу  қаблеттерін,  кӛркемдік  талғам  деңгейінде  қалыптастыру  қажеттігі  маңызды  мәселенің 
бірі.  Музыкалық  тәрбие  ӛмірдегі,  табиғат  пен  ӛнердің  әсемдікті  қабылдап,  бағалауға  және 
түсінуге қаблетті адамды пәрменді түрде қалыптастырудың нысаналы жүйесі. 
Әл-Фараби  ӛзінің  «Музыка  туралы  үлкен  трактатында»  музыка  ғылымының 
мәселелерін  зерттейді  (музыкалық  дыбыстардың  құрылысынан  музыка  мен  поэзияның 
байланысына  дейін).  Музыканың  жақсы  жақтары  мен  оның  тәрбиелік  мәнін  жан-жақты 
ашып кӛрсетеді. Музыканың әр түрлі жанрын жетілдіруде пайда болатын адам дарындылы-
ғының дәрежелерін талдайды. Әлеуметтік ӛмірдің шындығына тән кереметтілік тұрмыстық 


28 
 
құбылыстардың  шындығын  кӛрсете  білуде  екенін  дәлелдейді.  Қазақстан  мәдениетінің 
бірінші  ӛзіне  тән  ерекшілігі  халықтың  қолданбалы  ӛнерде,  той-думандарда,  қолӛнер 
кәсіпші-лігіне және т.б. ӛз кӛрінісін тапты. 
Музыкалық  тәрбие  –  эстетикалық  тәрбие  кӛзі.  Музыка-адамның  ӛмір  бойы  серігі. 
Музыканы  жат  кӛретін  адамдарда  бола  қоймас,  ол  әркімге  де  керек  дүние.  Музыка  тіліне 
әрбір  тыңдаушы  қанығады.  Мектеп  оқушыларына  музыкалы-эстетикалық  тәрбие  беруде, 
сонымен  қатар  олардың  музыкалық  қаблетін  арттыруда  ән  айту  мен  оны  ұйымдастыру 
жұмысын  дұрыс  жолға  қоя  білу  аса  маңызды.  Мектепте  музыкалық  тәрбие  берудің  басты 
міндеті  –  оқушыларды  музыканы  дұрыс  тыңдап,  түсінуге  және  оны  әсерлі  орындай  білуге 
баулу.  Орындаушылық  шеберлікті  шыңдау  ән-хор  дағдыларын  жүйелі  түрде  жолға  қоя 
білумен  тығыз  байланысты.  Сабақта  ән  салу  дағдыларын  негізінен  жаттығулар  айтқандай 
үйренеміз  де,  ал  ән  үйрену  кезінде  оларды  пысықтап  қайталау  арқылы  есте  қалдыруды 
кӛздейміз.  
Мектепте  барлық  пәндер  сияқты,  музыка  пәні  де  оқушыларды  азаматтық  рухта 
тәрбиелеп,  олардың  дүниетанымын  дамытып,  ой-ӛрісін  кеңейтуді,  сонымен  қатар  музыка 
саласында  білімін  жетілдіруді  мақсат  етеді.  Алайда  музыка  жай  пән  емес,  ӛнер  пәні 
болғандықтан оның ӛзіндік ерекшеліктері және атқаратын міндеттері ӛте кӛп. Атап айтқанда 
оқушылардың  дүниетанымы,  ӛмірге  деген  кӛз  қарасы,  музыкалық  шығармаларды  тыңдау 
немесе  орындау  кезінде  алған  әсерлену  сезімі  деген  ұғым  әр  сабақтың  ең  ӛзекті  мәселесі 
болып  отыруы  шарт.  Олай  болса,  оқытушының  сабақта  қолданылған  барлық  әдістері  осы 
түйінді  мәселені  ашуға  бағытталуы  тиіс.  Ал  ән  айту,  музыка  тыңдаву  дағдыларын  үйрену 
музыканың сұлулығын, әсем сазын терең түсініп, одан эстетикалық әсер, нәр алу жолдарын 
жеңілдетеді. 
Қазіргі  кезде  жалпы  білім  беретін  мектептердің  оқулықтарының  тәжірибесіне,  әдет-
ғұрыптарына, салт-дәстүріне, рухани қазынасына, саяси-әлеуметтік, экономикалық ерекше-
ліктеріне  ыңғайланып  жасалуда.  Бұны  біз  ұрпақтарымызға,  қасиеттерімізді  сіңірудің 
қажеттілігінен  туындаған  жағдай  деп  түсінуіміз  керек.  Яғни,  ұрпағымызға  ұлттық  тәрбие 
беру  қажет.  М.Жұмабаев  бұл  мәселе  жӛнінде  былай  деп  ой  түйеді:  «Әрбір  ұлттың  балаға 
тәрбие  беру  туралы  ескіден  келе  жатқан  жеке-жеке  жылдары  бар.  Ұлт  тәрбиесі  баяғыдан 
бері  сыналып,  кӛп  қолданылып  келе  жатқан  болғандықтан,  әрбір  тәрбиеші,  сӛз  жоқ  ұлт 
тәрбиесімен таныс болуға тиісті. Және әрбір ұлттың баласы  ӛз ұлтының арасында, ӛз ұлты 
үшін  қызмет  атқаратын  болғандықтан,  тәрбиеленетін  баланы  сол  ұлттық  тәрбиесімен 
тәрбиелеуге міндетті». 
Қазақ мәдениетіндегі маңызды салаларының бірі-музыка. Музыка-ой мен сезім бірлігі 
арқылы әлемнің тұтастай кӛрінісін жасайтын адам әрекетінің бір түрі. Халық ӛз салты мен 
дәстүрін, мәдениетін қазірге дейін жеткізе білген. Осы ғасырлар бойы жиған-тергенін асыл 
рухани  қазыныларын,  жас  ұрпақтың  бойына  сіңіріп,  дүниетанымын  қалыптастыруда 
музыкалық  ӛнер  арқылы  тәрбиелеу  ӛзекті  мәселелрдің  бірі.  Музыканы  сүйген  қауым  адам 
баласына тән ізгі қасиетті, шынайы достық пен махабатты, әсем мінез-қылықты қастерлейді. 
Қазақтың  әні  мен  күйін  естіп  ӛскен  адамды  биік  мұраттарға  жетелейді.  Оның  кӛп  жақты 
сырын игеру, түсіну, қабылдау тым ерте, яғни сәби шағынан басталуы тиіс. Сонау Эллада 
дәуірінде  ақылмен  Аристотель  адамның  жан-жақты  мәдени  және  рухани  дамуына  ерекше 
мән  беріп,  әсіресе,  ӛнер,  соның  ішінде  музыка  адамдарды  тәрбиелеудің  негізгі  құралы  деп 
таныған.  
«Біз қазір  музыка саласында ӛзіміздің халқымыздың дәстүрінен, дүниежүзілік класси-
калық  үлгіден  айырылмай,  ілгерілей  беруіміз  қажет,-дейді  ғалымдар  Ә.Нысанбаев  пен 
Т.Әбжановтар,  -  ӛйткені  музыка  халқымыздың  адамгершілік  пен  парасаттылық  қасиетке 
жетудің  жолы  дейді».  Ӛте  тура  да  әділ  айтылған  пікір.  Ендеше  осы  халқымыздың 
дәстүрінде-гі әсем ән мен тәтті күйіміз, бізді адамгершілік пен парасаттылыққа жетелейтін 
жол. Осы бір аса бай рухани қазыналардың бүгінгі таңда жастарға тәрбие берудегі ролі де 
айырықша. Сол үшін де ӛнер сүйген қауым тәтті ізгі қасиетті қастерлейді. 


жүктеу 3,28 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   97




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау