Қазақстан республикасы білім және ғылым министірлігі



жүктеу 3,28 Mb.
Pdf просмотр
бет63/97
Дата06.02.2020
өлшемі3,28 Mb.
#28463
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   97

131 
 
Педагогикалық  технология  мен  қазіргі  ақпараттық  технологиялардың  ӛзара 
байланысына 
құрылған 
ақпараттық 
біліми 
ортада 
оқушыларының 
ақпараттық 
сауаттылықтарын  тиімді  қалыптастыруға  болатындығы  қазіргі  таңда  тәжірибелік-
эксперимент  жұмысы  барысында  дәлелденген,  сондықтан,  білім  мекемелерінің  арнайы  пән 
сабақтарында  интерактивті  тақтаны  қолдану  мүмкіндіктері  қол  жетімді  болуға  тиіс        
[6.311-б].
      
Қазіргі  заман  талабына  сай  жаңа  технологияны,  ақылды  объектілерді  ӛмірде  қолдана 
білу, білім беру  әдістемесінде маңызды.  Сондықтан да білім сапасын жақсартуда оқытушы 
мен  оқушыға  барлық  жағдай  жасалуда.  Қазіргі  мектептердің  барлығының  жаңа 
технологиялармен,  соның  ішінде  интерактивті  тақтамен  қамтамасыз  етілуінің  ӛзі-  білім 
сапасын арттыруға септігін тигізеді. Әр жаңа технологияның ӛз жаңашылдығын әкелгенімен 
қатар,  ӛзіне  тән  қызметі  болады,  ол  сабақ  түсіндіруде  уақытты  немесе  тағы  басқа  бір 
жағынан ұтуға мүмкіндік береді. 
Интерактивті  тақта–  бұл  компьютердің  қосымша  құрылғыларының  бірі  жәнеде  дәріс 
берушіге  немесе  баяндамашыға  екі  түрлі  құралдарды  біріктіретін:  ақпараттың  кескіні  мен 
қарапайым  маркер  тақтасын  біріктіретін  құрал.  Демек  интерактивті  тақта  компьютердің 
дисплейі.  Яғни,  компьютердегі  барлық  материалдарды  интеративті  тақта  бетінде  кӛрсетуге 
болады [7,22 б].  
Бұл тӛмендегі ресурстың барлық спекторларын кең пайдалануға мүмкіндік береді: 

 
Презентация арқылы бағдарламалық қамтамасыз етілу

 
Мәтіндік редакторлар 

 CD-ROMдар 

 
Интернет 

 
Видео-файлдар  (телевизиялық  бағдарламалардан,  видео-фильмдерден,  видео-
кассеталардан үзінділер т.б.) 

 
Кескіндер,суреттер мен диаграммалардың сәулелері 

 
Дауыстық  файлдар  (радио,  кассеталардан,  оқушылар  мен  оқытушылардың  дауыс 
жазылымдарының  үзінділері).  Дауыс  шығарушы  кӛмегімен  CD-ROM  немесе  интернет 
беттеріндегі кез-келген дауыс 

 
Ит-ға араналған барлық бағдарламалардың қамтамасыз етілуі 

 
Әртүрлі пәндерге арналған бағдарламалық қамтамасыз етілуі[8, 6б]. 
Оқу  үрдісінде  компьютер  мен  проектордың  кӛмегімен  интерактивті  тақтаны  қолдану 
оқытудың әсерлілігін барынша жоғары етеді. ИТ-ның барлық мүмкіндіктерін қолдану үшін 
оқытушы  сабақты  түбегейлі  жоспарлау  керек.  ИТ-да  құрастырылған  сабақты  бір  рет  емес, 
бірнеше  рет  қолдануға  болады.  Бұл  уақытты  үнемдейді.  Оқытушы  ӛзіне  қажетті  бір  емес 
бірнеше  ресурстарды  таңдай  алады.  Жоғарыда  аталған  реурстар  кәдімгі  сабақта  қол  жете 
бермейтін компьютердің мүмкіндіктерін, атап айтсақ, түс ӛзгерту, жылжыту, дауыс шығару 
т.б. ИТ арқылы пайдалануға үлкен жағдай туғызады.   
Оқытушы  беретін  материалдың  түр  түсін  ӛзгертіп,  оқушылардың  қызығушылығын 
арттыра алады. 
Интерактивті  құралдарды  сабаққа  пайдаланғанда  дидактикалық  бірнеше  мәселелерді 
шешуге кӛмектеседі: 
- Пән бойынша базалық білімді меңгеру
- Алған білімді жүйелеу; 
- Ӛзін – ӛзі бақылау дағдыларын қалыптастыру; 
- Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру
- Оқушыларға оқу материалдарымен ӛздігінен жұмыс істегенде әдістемелік кӛмек беру. 
Бұл  технологияны  оқу  материалын  хабарлау  және  оқушылардың  ақпаратты  меңгеруін 
ұйымдастыру  арқылы,  кӛзбен  кӛру  жадын  іске  қосқанда  арта  түсетін  қабылдау 
мүмкіндіктерімен  қамтамасыз  ететін  әдіс  деп  қарауға  болады.  Оқушылардың  кӛпшілігі 


132 
 
естігенінің 5 % және кӛргенін 20 % есте сақтайтыны белгілі. Аудио  – және видеоақпаратты 
бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50 % дейін арттырады. 
Интерактивті тақтамен жҧмыс істеудің мҧғалім ҥшін артықшылығы: 
-  Мұғалімге жаңа материалды визуалды  түсіндіруге мүмкіндік береді; 
-  Кез-келген қосымшалардың үстіне сурет салуға және жазба жазуға мүмкіндік береді; 
-  Артық  уақыт,  күш-жігер  жұмсамай  тақтадағы  кескінді,  сабақ  уақытында  жасалған 
жазбаларды  сақтауға  және  баспаға  беруге,  және  материалды  қабылдау  деңгейін  тексеруді 
жеңілдетеді. 
-  Мұғалімдерді 
оқытудың 
жаңа 
түрлерін 
іздеуге, 
кәсіби 
шеберлікке 
ынталандырады,құзыреттіліктерін арттырады; 
-  Үлгерімі нашар оқушылардың қызығушылығын арттыра алады; 
-  Сабақты визуалды, дыбысты жасауға кӛмектеседі; 
-  Студенттің білімін тексере алу мүмкіндігіне ие бола алады; 
-  Уақыт үнемдейді; 
-  Қажетті мәліметтерге ӛзгерістер енгізе алады
-  Кері байланыс  жасай алады; («оқушы-оқытушы»); 
-  Дайындаған материалдарды студентке электронды нұсқасын бере алады
-  Басқа әріптестермен материалдарын алмастыра алады; 
-  Үлкен аудиториямен жұмыс жасай алады [8, 9б]. 
Білім алушы ҥшін интерактивті тақтамен жҧмыс істеудің артықшылығы: 
-  Сабақты қызықты етеді және оқушы мотивациясын дамытады; 
-  Ұжымдық (топтық) жұмысқа қатысуға, жеке және әлеуметтік дағдыларын дамытуға 
кӛп мүмкіндік береді; 
-  Оқыту  материалының  түсінікті,  тиімді  және  ӛзгермелі  берілуінің  арқасында 
оқушылар қиын сұрақтарды жеңіл және тез қабылдайды. 
-  Білім  алушы,  тіпті  үлгермейтін,  сабаққа  келмейтін,  қабілеті  нашар,  ынтасы  нашар 
Студентлерде    шығармашыл  түрде  жұмыс  істей  бастайды  және  ӛздеріне  деген  сенімі  арта 
түседі.  (Студент  саусақтың  ұшымен  тез,  еш  қиындықсыз  ИТ-ғы  мәліметке  қолын  тигізе 
алады, үлкен объектілерді, түрлі-түсті кескіндерді, диаграммаларды тақтадан кӛріп, ары-бері 
оңай жылжыта алады, сурет салады, ой-ӛрістерін дамыту мүмкіндігіне ие болады т.б.) 
-  Студент ӛз білімін тексере алады; 
-   Бір  сабақта  кӛру,  есту,  жазу  мен  оқу  дағдыларын  қалыптастыру  мүмкіндіктеріне  ие 
бола алады; 
-  Басқа  елдердің  тарихы  мен  мәденитімен  танысу  үшін  ИТ  арқылы  ӛзге  елдерге 
интерактивті саяхат жасай алады[9,87 б.]. 
Интерактивті  тақтаның  керемет  мүмкіндіктерінің  бірі  сабақты  кӛп  жіберетін 
оқушылардың  белсенділігі  мен  шығармашылығы  артады.  Оқуға  ықыласы  жоқ,  оқығысы 
келмейтін  оқушы  үшін  интерактивті  тақта  таптырмайтын    құрал.  Басқа  ешқандай  құрылғы 
мұндай  мүмкіндіктер  бере  алмайды.  Компьютердің  кішкентай  мониторы  арқылы  ондай 
мүмкіндіктерге қол жеткізу мүмкін емес. 
Бірақта  тақта  -  тек  қана  құрал,  ал  оқыту  үрдісінің  тиімділігі  кӛбінесе  мұға-лімнің 
шеберлігі  мен  арнаулы  программалық  қамсыздандырудың  сапасына  бай-ланысты  екенін 
естен  шығармағанымыз  жӛн.  Осылайша,  интерактивті  тақтаны  қолдану  оқу  үрдісін 
кемелдендіруге  жаңа  мүмкіндік  береді,  оқушы  мен  мұға-лімнің  ӛз  бетінше  атқаратын  және 
бірлескен жұмыстарын шығармашыл етеді. 
Жоғарыда  айтылған    пікірлерді  ескере  келіп,    ақпараттық  технологияның  
мүмкіндіктерін  пайдалану  арқылы  әр  салада  әмбебап  қызмет  ете  алатын,  біліктілік 
сұраныстары және рухани қажеттілігі қалыптасқан және сол сұраныстар мен қажеттіліктерді 
ӛз бетінше қанағаттандыра алатын, даму  мүмкіндігі  бар жеке  тұлғаның қалыптасатынына 
сеніміміз зор.  
 
 


жүктеу 3,28 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   97




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау