Аяулым 012 ж қыркүйекте мектепке қабылданды. Мектепке дейінгі мекемеде болған. Өз отбасы туралы толық мәлімет бере алады



Дата07.06.2023
өлшемі21 Kb.
#42915
stud.kz-52392


Мінездеме
Аяулым 2012 ж 1 қыркүйекте мектепке қабылданды. Мектепке дейінгі мекемеде болған. Өз отбасы туралы толық мәлімет бере алады. 
Өзіне – өзі қызмет ете алады. Қойылған талаптарды қабылдайды, тәртібі мектеп ережесіне сай. Оқу материалын қабылдауы жоғары. Зейіні тұрақты, ойлау қабілеті жоғары. Мінезі ашық, көңіл – күйі тұрақты. Темпераменті сангвиник – флегматик. Қоршаған орта туралы түсінігі мол, айналасындағы адамдармен тіл табыса алады, қарым- қатынасы жақсы, кішіпейіл. Сыныптан тыс шараларға белсене қатысады.
Оқу бағдарламасы бойынша өткен тақырыптарды толық меңгерген. Пәндерге қызығушылығы жоғары. Қай пәннен де тапсырмаларды өздігінен орындай алады.
Математикадан сандарды оқып, қосып және азайтып алады. Мазмұнды есептер мен логикалық тапсырмаларды орындауда ойлау, анализ жасау қабілеттері өте жақсы дамыған.
Сауат ашудан барлық әріптерді толық меңгерген. Сөздермен мен сөйлемдерді тұтас жүргізіп оқиды. Мәтіннің мазмұнын толық жеткізе алады. Сөздік қоры жас ерекшелігіне сай. Сауатты жазады, жазу дағдысы жақсы қалыптасқан. Зейіні тұрақты. Негізгі қолы оңқай.

Мінездеме
А. Байтұрсынов атындағы №20 қазақ орта мектебінің 9 «э» сынып оқушысы Ақтанбаев Эльдар Манарбекұлы. Туған күні: 01.11.1992. Мекен жайы: Бажова Лен 345/1-45 үй. Сырт бейнесі өте тартымды, жарасымды. Мектеп формасы өзінің денесіне сай келеді, жарасымды көз тартарлық. Оқу жұмысына деген белсенділігі де жоғары. Барлық сабақты ұнатады. Биология сабағын қатты сүйіп оқиды. Үй жұмысын жүйелі түрде орындап келіп отырады. Сабақ үстінде бар назары мұғалімде болып, сұрақтарына жауап беріп, үнемі тақтаға шығып сабақ айтып, есеп шығарып отырады. Сабақты себепсіз босатпайды. Оқу үлгерімі бойынша – екпінді. Эльдар барлық сабақты жақсы оқиды. Тек математика сабағынан қиналады. Соның өзінде сабаққа белсене қатысып, түсінбегенін мұғалімнен сұрап, тақтаға шықпай ақ өз орнында есептерді шығарып, өз бетімен де жұмыс жасайды. 
Оқушыларды бастап, ұйымдастыра алу қабілеті бар. Әр сабақты зейін қойып тыңдап отырады. Есі: бейнелік, сөздік логикалық, эмоционалдық, қозғалыстық; өнімділік сипаттамасы: есте сақтау ұзақтығы орташа. Ойлау – ойлау операцияларының ерекшелігі — абстрактілі, жетекші түрі – сөздік логикалық, ерекшелігі – аналитикалық, дербестік. Оқушының ерік жігері күшті дамыған, алдына қойған мақсатына жету үшін бар күшін салады, сынып белсенділерінің бірі. Эмоциялары: мазасыз емес, сабырлы, әр нәрсеге шыдамдылық таныта біледі. Қиялы — ырықты. Эльдар сангвинникке көп ұқсайды, тез қозғалады, қимылдары шапшаң, барлық әсерге эмоцияналды баяу жауап береді, оның сезімдері оның сыртқы қылықтарынан көрінеді, ашулануы сирек.
Мінезі салмақты, сабырлы, бірақ кейде сабырсыз болып кететін кездері болады, адамдармен тез тіл табыса алады, үлкенді құрметтеп, кішіні силай алады.
Эльдардың байқағыштық қасиеті жақсы дамыған. Тақтада есеп шығарып тұрған баланың қателерін үнемі түзеп отырады. Өз күшіне, жеңіп шығатынына, барлығы жақсы болады дегенге қатты сенеді. Осы принцптерді ұстанып әрбір жарысқа, олимпиадаға қатысады. Сабақ үстінде де, сыныптан тыс жұмыстарда да өзін байсалды, жинақы, салмақты ұстайды. Үзілісте де жүгіру, шулау, қатты сөйлеу деген сияқты жаман қалықтарды көрсетпейді. Эльдар мұғалімдермен, оқушылармен, басқа сынып оқушыларымен, достарының барлығымен жақсы қарым-қатынаста. Әрқайсысының сырын таба біледі, тез тіл табысып кетеді.
Эльдар кез-келген жерде, кез-келген уақытта өзінің тек жақсы жағынан ғана көрінеді.

Мінездеме
Оқушыға мінездеме Венера, осы мектепте 1 – сыныптан бастап оқиды. Венераның мінезі ашық, жүрегі кең – пейілді оқушы деуге болады. Венера 1 сыныптан бастап оқу екпіндісі болып келеді. А. Венера мектепте оқып жүрген уақыт ішінде өзін жақсы жағынан көрсете білді. Өзіне берілген тапсырмаларды тиянақты орындайды, мектепте өтетін іс – шараларға белсене араласады, берілген қоғамдық жұмыстарға жауаптылықпен қарайды. Сынып ішінде, оқушылар арасында беделді, өзінің білімімен жан-жақты оқушы екенін көрсетіп, кішілерге қамқор көрсетіп, үлкендерге құрмет көрсетеді. Венера әдеби кітаптар оқығанды ұнатады, үйінде ата – анасына үй шаруасы жұмыстарын жасауға көмектеседі. Сынып жетекшісі: Д. С. Кусаинова Ақсай қаласы № 5 жалпы орта білім беретін мектебінің ** «ғ» сынып оқушысы


Мінездеме
Оқушыға мінездеме Тегі Аты Әкесінің аты **** жылдың ** айында дүниеге келді. Аты осы мектепте 1 сыныптан бастап оқиды. Ол сабырлы, мейірімі мол, сыныптастарының арасында беделі бар оқушы. Мектеп шараларына белсенді қатысып қана қоймай, мектеп өміріне жауапкершілікпен қарайды. [aты] сынып старостасы. Сынып ішінде туып жатқан қиындықтарды, сынып жетекшісімен бірге шешім қабылдауға көмегін тигізеді. Сонымен қатар, ол әрбір спорттық шараларға қатысып қана қоймай сурет салғанды ұнатады. [aты] толық отбасында тәрбиеленеді, ол ата – анасына үй шаруасымен көмектеседі. Жалпы, [aты] сырлы мінез, сыныптастары мен мұғалімдердің құрметіне бөленіп жүрген оқушы. Оқу барысында, білім деңгейі көрсеткіші орташа болса да, бұл оқушының жалпы білім деңгейі жоғары, себебі [aты] көп кітап оқығанды ұнатады, өз білімін жан – жақты жетілдіреді.

Сыныпқа мінездеме

Арқалық қаласы Б.Майлин атындағы №3 орта мектептің 4 «А» сыныбына 2009 – 2010 оқу жылының басында 34 оқушы қабылданды. Оның «18» - қыз, «16» - ұл. 
Сынып оқушылары ұжым ішінде ұйымшыл, тәртіптері өте жақсы, әрбіп оқушының ұйымдастыру қабілеті бар, жоғары дәрежеде. Мектепшілік, сынып аралық іс – шаралар мен ертеңгіліктерде ұжым толық белсене араласып, әр оқушы өз қабілетіне қарай берілген жұмыстарды ұйымдастыра біледі. Сыныптан тыс уақыттағы қоғамдық жұмыстарға араласа біледі. Еңбек ету, үлкенге ілтипат, жолдастық көмек, кішіге қамқорлық көрсету дағдылары әр баланың бойында жақсы қалыптасқан.Бұндай қамқорлық сияқты жақсы қасиеттер әр уақытта барлық оқушы тарапынан көрініп отырады, жолдастық көмек көрсетуге дағдыланған. 
Сыныптық дәстүрлі мерекелері: күнтізбелік мерекелер, әрбір оқушының туған күндері болып саналады. Бұл күндері барлық ұжым мүшелері ұйымшылдықпен мерекелік ертенгілік түрінде өткізеді.Мерекелік жалпы қалалық дәстүрлі жиындарға, айлық, жарыстық конкурстарға қатысып отырады. 
Мектептен тыс үйірме, секция, түрлі клубтарға қатысып,танымдық қабілеттерін ұштап отырады. 
Сонымен қатар сынып оқушыларының қоғамдық мүлікті ұстауы, бөлме өсімдіктерін күту, сынып тазалығына, мектеп ауласын көгалдандыру, көркейту кезеңдеріндегі жұмыстарға жауапкершілікпен қарап, ұқыптылықпен атқарады.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау