Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым мин истрлігі «Bolashaq»


Коростелева Н.А., Заремба А.А



жүктеу 1,26 Mb.
бет12/14
Дата21.01.2022
өлшемі1,26 Mb.
#34170
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
1 ТОМ 2020

Коростелева Н.А., Заремба А.А.

230

ОСОБЕННОСТИ ЖИЗНЕННЫХ ЦЕННОСТЕЙ СОВРЕМЕННЫХ СТУДЕНТОВ……..

Леощенко Д.И.




ОТРАЖЕНИЕОСОБЕННОСТЕЙВОСТОЧНОЙЦИВИЛИЗАЦИОННОЙ




ПАРАДИГМЫ В МИРОВОЗЗРЕНИИ АБАЯ………………………………………………

235

Маслак А. А., Галиева О. М.




ПСИХОЛОГИЧЕСКИЕ ОСОБЕННОСТИ ДЕТЕЙ ДОШКОЛЬНОГО ВОЗРАСТА С




ОБЩИМ НЕДОРАЗВИТИЕМ РЕЧИ III УРОВНЯ…………………………………………

237

38

ƏОК: 373.3:316.728


Жапанова Р.Н.
riza_70@bk.ru

«Bolashaq» Академиясы, Қарағанды, Қазақстан Республикасы.



Ишанов П.З.

ishanov65@mail.ru

А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қарағанды Қазақстан Республикасы.
ОҚУШЫЛАРДЫҢ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ЭСТЕТИКАЛЫҚ
ҚҰНДЫЛЫҚТАР НЕГІЗІНДЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Аңдатпа. Оқушылардың эстетикалық өмір салтын қалыптастыру мəселесі бүгінгі таңда өте өзекті. Мəселенің маңыздылығы қазіргі қазақстандық қоғамда білім беру мекемелерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының, жастардың қоғамдық бірлестіктерінің, діни ұйымдардың жұмыс істеу жағдайлары, сондай-ақ жалпы жастардың əлеуметтік-мəдени өмірі айтарлықтай өзгеруімен анықталады. Қазіргі қоғам жеке тұлғаға тұтас, адамгершілік, эстетикалық дамыған, əр түрлі өмірлік жағдайлар мен құбылыстарда сұлулықты сезінетін жəне қалыптастыратын қызығушылық танытады. Осыған орай, бұл мақалада балалардың бойына мектепті алғаш аттағаннан бастап салауатты өмір салтын эстетикалық құндылық арқылы қалыптастырудың маңыздылығы мен жолдары қарастырылған.
Жеке адам денсаулығы– қоғам байлығы. Қоғамдағы əрбір жеке адам өз денсаулығын сақтау жəне мықты болу жолдарын қарастыру қажет. Қазақстан Республикасы өз тəуелсіздігін алғаннан бастап жəне еліміздің қазіргі рухани жаңғыру жағдайында əрбір жеке адам өзденсаулығын сақтау туралы ұстанымды басшылыққа алып келеді. Қоғамдағы денсаулықты сақтау – бəсекеге қабілетті отыз елдің қатарына кіру міндетін жүзеге асыру жолындағы басты тірегі. Қазақстан Республикасының «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаты – мемлекетіміздің əлеуметтік əл-ауқаты мен экономикалық өркендеуінің негізі ретінде азаматтардың денсаулығын сақтаудың тиімді жəне орнықты жүйесін дамытуды қамтамасыз етуді көздейді [1].
Денсаулық - тəн, рухани жəне əлеуметтік игіліктің жиынтығы Қазақстанның болашағы – ертеңгі ұрпағында болғандықтан жастардың денсаулығы халықтың өсімі мен санасын анықтайды. Денені үнемі шынықтыру, сананың сапа деңгейін көтеру, интеллект өрісін биіктету, рухты шыңдау - бəрі де денсаулыққа қызмет ететін əрекеттер. Ал мұны жүзеге асыру, жас ұрпақтың салауаттылығын қамтамасыз ету ең алдымен отбасы мен мектепке жүктеледі. Сондықтан, бүгінгі күні Қазақстан мектептеріне жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтатын жеке тұлғаларды тəрбиелеу басты талап етіп қойылған.

Адам өмірінің өзегі – эстетикалық құндылықтар, ал басқа мақсаттар оған жеткізетін баспалдақтар ғана. Сұлулыққа жеткізетін қасиеттер эстетикалық сезім, эстетикалық лəззат, эстетикалық мұрат, эстетикалық талғам, эстетикалық қабылдау, эстетикалық қатынас, эстетикалық пікір, эстетикалық баға жəне т.б. əсемдік элементтері жатады. Сондықтан, педагогикалық сөздікте: «Құндылық – адамның ішкі талғамы, сезімі, адамдармен қарым-қатынасы, іс-əрекет кезіндегі көрсетілетін этикалық жəне эстетикалық тəрбиесі»- делінген. Себебі, педагогикада «құндылық» тəрбие арқылы жүзеге асады [2].

Адамның дүниеге эстетикалық қарым-қатынасы – құндылықтың бір түрі болып табылады. Философтар, əлеуметтанушылардың зерттеу объектісі – адам болғандықтан, олар осы мəселені зерттеумен айналысуға үлкен мəн беруде. Мəселен, философ Қ.Əбішев: «Адам – жоғары құндылық, ол өздігінен-ақ дербес өзіндік құндылық бола алады, өйткені, адам құндылығы өзінде ғана ұсталады. Бұл мүмкіндік тек қана адамда бар. Адам осы мүмкіндікті іс-əрекет арқылы жүзеге асырады»-дейді. Əлеуметтанушы Б.Ерасов: «Құндылықтардың пайда болуы, адамның қажеттілігін қанағаттандыратын іс-əрекет, бұл белгілі бір мақсатта жүреді» - дейді.

Адамзат тарихында үлкен маңызды орын алған адами мəнді қасиеттері бар құбылыс – эстетикалық құндылық болып табылады. Өйткені, адам болмысының басты рухани нысанасы – дүниенің əсемдігін, сұлулығын түсіну жəне жан сұлулығына ұмтылу болып табылады.


218


Философиялық сөздікте: «Эстетика – адамның дүниені эстетикалық тұрғыдан ұғынып-түсіну заңдылықтары туралы, əсемдік заңдарын арқау еткен шығармашылықтың мəнісі мен формалары туралы ғылым» - деп қарастырады.
Педагогика жəне психология сөздігінде: «Эстетикалық тəрбие – болмыстағы жəне өнердегі сұлулық пен əсемдікті дұрыс қабылдау үшін, адамның эстетикалық түсінігін, сезімін, талғамын қалыптастыру үшін берілетін тəрбие» - деп түсіндіріледі [3].
Бұл қөзқарастан, адамның салауатты өмір салтында əсемдікті, сұлулықты сезініп, оны дамытып отыру қажеттілігін көрсетеді. Осыған байланысты, салауатты өмір салтын қалыптастыруда эстетикалық құндылықтың рөлін, оның маңыздылығын ашып көрсету үшін, оның құрамдас компоненттеріне эстетикалық құндылық – тек тəрбиеден ғана тұрмайды, яғни ол эстетикалық мəдениет, эстетикалық сезімдер, эстетикалық лəззат, эстетикалық мұрат, эстетикалық талғам, эстетикалық қабылдау, эстетикалық қатынас, эстетикалық пікір, эстетикалық бағадан тұратындығын айтуға болады.

Психология ғылымы – салауаттылыққа жан-дүниенің қалыптасу ерекшеліктерін зерттесе, философия ғылымы - өмір сүру дүниетанымын, медицина ғылымы – денсаулықты сақтау, валеология ғылымы - салауатты өмір сүру салтты қалыптастыруды зерттейді. Тұңғыш рет «Салауаттылық» деген ұғымды психолог И.И.Брехман енгізді. Психолог И.И.Брехман «Салалауатты өмір салты - мінез-құлық пен дағдыны ретке келтіріп, өзін-өзі түсіне білу» - дейді. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде: «Салауатты» сөзінің мəні - парасатты, байыпты, ақылды, ойлы, білімді жəне сабырлы - деген мағынаны білдірсе, қазақша-орысша аударма сөздікте: «салауатты» - сəлеметтік, амандық, салауаттылық мағынаны білдіреді. Бұл түсіндірмелер өз кезегінде салауаттылық сипаттамасын, оны қалыптастыру жөніндегі ұстанымның ауқымын кеңейтеді. Ал, «өмір салты», «өмір сүру» - əлеуметтік категория. Өмір салты - қоғамдық болмыстың, аумағындағы адамдардың іс-əрекеті, маңызды жақтарының жүйесі , жиынтығы. «Өмір сүру» - адамдардың табиғаттағы жəне əлеуметтік ортадағы қарым-қатынас жүйесі, яғни ұзақ өмір сүруге талпындыратын іс-əрекет [4].


Сонымен, жоғарыда келтірілген анықтамалардан эстетикалық құндылықтардың мəні салауатты өмір сүруі үшін ерекше маңызға ие екендігі анық көрінеді.

Біздің зерттеуімізге негіз болған ұғым – салауатты өмір салты. Əлеуметтанушы Т.Ж.Нақыпбеков: «Өмір салты субьектінің əлеуметтік ортамен өзара əрекеттесу тəсілі. Өмір салты арқылы қоғамның экономикалык жағдайын, қоғамдық қатынасын, материалдық жəне рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру деңгейлері көрінеді» - деп атап көрсетеді. Ал, ғалым И.Т.Левкина: «Салауатты өмір сүру əркімнің өз мамандығы деңгейінде дұрыс игере біліп, өнімді еңбек етіп, тұрмыс жағдайын түзете отырып, қоршаған ортаға қарым-қатынас жасай білуінде екенін негіздей отырып сипаттайды. Ол: «адамның салауатты өмір сүруі – адам мəдениетінің бөлігі, өмір сүру құндылығына байланысты» - деп атап көрсетеді.


А.Н.Леонтьев: «Салауатты өмір сүру» - өмірдегі өз орнын білу, өмір сүруге ұмтылыс жасау, алдына қойған максатқа жету жолдарынан тұратынын атап көрсетті. Ол өзінің зерттеуін негіздей отырып «Салауатты өмір сүру» категорияларын бөліп көрсетеді: салауатты өмір сүру қалпы, салауатты өмір сүру мəні, салауатты өмір сүру деңгейі, салауатты өмір сүру стилі, салауатты өмір сүру дағдысы. Ғалым: «Салауатты өмір сүру үшін өмір сүрудің мəнін, деңгейін, қалпын, стилін жеке ұғынып, күнделікті іс-əрекеті мен əрекетінде қолданылса, дағдыға айналары сөзсіз» - деп қарастырады.

Жоғарыда келтірілген ғалымдардың көзқарастарын басшылыққа ала отырып, өз анықтамамызды бердін болсақ:

«Құндылық» дегеніміз – адамның өмір тіршілігі барысында жеке қызығушылығы мен қажеттілігінен туындайтын, яғни оны жоғары қоятын бағалы, құнды нəрселер жиынтығы.
«Салауатты өмір салты» дегеніміз – жеке адамның жақсы өмір сүруіне қажетті, яғни жан мен тəн үйлесімділігін сақтап, оны дамытуға бағытталған құрылымдық жүйе.

«Эстетикалық құндылықтар» - адам өзінің өмір салтында əсемдік дүниесін жоғары бағалауы, оның тұла бойынан сұлулық, əдемілік қасиеттерімен қатар, эстетикалық компоненттердің бүкіл жиынтығының көрініс беруімен ерекше мəнге ие болатын құндылықтар жүйесі [5].


Сонымен, оқушының жас ерекшелігіне сай, яғни оның психологиялық ерекшеліктерін ескеріп, өмірде кездесетін нəрселердің əсемдік, сұлулық жақтарын ажыратып, үлгі-өнеге көрсету, оқушылардың талғампаздығын тəрбиелеу – бүгінгі өмір талабы екенін баса айтуға болады.
219

Шығыстың ұлы ғұлама ойшыл ғалымы Əл-Фараби «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін» деген екен. Олай болса, біздің болашағымыз неге байланысты? Осыған байланысты, зерттеу жұмысымыздың объектісі –бастауыш сынып оқушылары болғандықтан, олардың психологиялық ерекшеліктері мен тəрбиелеу мəселесі қоғамның қай кезеңі болмасын, педагогтардың, психологтардың зерттеулеріне арқау болып, əр қырынан қарастырылып келеді. Біздің зерттеуімізге құнды болған белгілі ғалым

Л.С.Выготскийдің көзқарасынша, əрбір шақта бала мен ортаның арасындағы қатынастардың қайталанбас жүйесі болып табылады.

Сонымен, ғалымдардың ой-пікірлерін былай түйіндесе болады: бастауыш сынып оқушыларының даму ерекшеліктеріне сəйкес, эстетикалық тəрбие беруді аса қажет ететін кезең болып саналады. Бұл қажеттілік бала өмірінде біріншіден, адамгершілік, азаматтық, көркем шығармашылық – рухани сезімдерінің белсенді дамуымен; екіншіден, өзіндік санасының дамуына байланысты эстетикалық талғамының тұрақтылығымен; үшіншіден, сана-сезімі мен өзіндік санасының даму деңгейіне байланысты эстетикалық талғамы, көзқарасы, бағдары жəне қажеттілігі біртұтас жүйе болып қалыптасады деп айтуға болады. Осыдан, оқушылардың өмір салтының мəні мен басты құндылығы – əсемдік пен əдемілікті сезіну болып табылады.


Қорыта айтқанда, оқушылардың салауатты өмір салтын эстетикалық құндылықтар арқылы қалыптастыру мəселесі – қазіргі қоғам талабы тұрғысында өзінің маңыздылығымен, көкейкестілігімен құнды. Мектеп табалдырығын аттағаннан бастап егер, педагогтар мен ата-аналар тарапынан олардың бойына эстетикалық құндылықтардың дұрыс қалыптасуына жəне оны сақтай білулеріне бағыт-бағдар, кеңес беріп отырса, онда олардың дамуы психологиялық-физиологиялық жағынан өз үйлесімін табатыны сөзсіз.

жүктеу 1,26 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау