Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 2016 жылға арналған Стратегиялық жоспарының орындалуы туралы есепке талдамалық жазба «Қазақстан



жүктеу 121 Kb.
Дата27.01.2020
өлшемі121 Kb.
#27484


№ исх: 21.02.2017 от: 21.02.2017

Қосымша

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің

2016 жылға арналған Стратегиялық жоспарының орындалуы туралы есепке талдамалық жазба
«Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 2014-2018 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары» (бұдан әрі – Стратегиялық жоспар) Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 10 қазандағы № 190 бұйрығымен бекітілген.

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 62-бабына, «Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігін құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 350 Жарлығына және «Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 қарашадағы № 704 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 23 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 2014-2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 10 қазандағы № 190 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығымен Стратегиялық жоспарға өзгерістер әзірленді және енгізілді.

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) Стратегиялық жоспарында 2 мақсатты және 17 нысаналы индикаторды қамтитын 2 стратегиялық бағыттың жүзеге асуы қарастырылған, оның ішінде 2016 жылы 17 нысаналы индикатор орындалған.

1-стратегиялық бағыт. Отандық ақпараттық кеңістікті дамыту.

1.1-мақсат. «Ақпараттық саясатта жүргізілетін мемлекеттің тиімділігін арттыру, сондай-ақ отандық ақпараттық кеңістіктің бәсекеге қабілеттілігін арттыру».

«Отандық ақпараттық өнімдерге тұтынушылардың сұраныс деңгейі» нысаналы индикаторы бойынша 2016 жылы іс жүзінде орындалу 64% жоспарында 64%-ды құрады.

«БАҚ-та мемлекеттік саясатты жария етуге халықтың қанағаттану деңгейі» нысаналы индикаторы бойынша 2016 жылы іс жүзінде орындалу 51% жоспарында 51,2%-ды құрады.

2016 жылы жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Министрлік «Отандық ақпараттық өнімдерге тұтынушылардың сұраныс деңгейі» және «БАҚ-та мемлекеттік саясатты жария етуге халықтың қанағаттану деңгейі» нысаналы индикаторларға қол жеткізілді.

2016 жылдың зерттеу нәтижесіне сәйкес отандық БАҚ қазақстандық қоғамда тұрақты сұранысқа ие. Отандық БАҚ-тың үш түрі бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының пайдалану көрсеткіші бойынша 64%-ды құрады. Ол 2012 жылы 61,2%, 2013 жылы - 61,4%, 2014 жылы – 62%, ал 2015жылы – 63%-ды құрады. Сонымен, қазақстандық қоғамда отандық БАҚ сұранысының жоғары деңгейі бірінші кезекте елде және әлемде болып жатқан оқиғалар туралы ақпарат көзі ретінде расталды.

Сонымен бірге, өлшем дәстүрлі БАҚ-тың, ең алдымен, баспасөздің және радионың ақпарат көзі ретінде төмендегенін тіркеді. Сонымен қоса, 2015-16 жж. осы БАҚ түрлерін тұтыну көрсеткіші тұрақтала бастады. Аталған тұжырым жергілікті және республикалық баспа БАҚ-қа байланысты әділетті болды.

Ақпарат көзі ретінде интернетті қолдану және интернеттің өсуі 2012 жылдан бастап серпінді сипатта болды, дегенмен соңғы 3 жылда баяулай түсті және баяу болса да жағымды, өткен кездермен салыстырғанда онша жоғары емес серпінге ие. Жалпы алғанда, интернеттің маңыздылығы өсуде және ең алдымен, аудиториялардың жас ерекшелігі және ішінара тілдік өзгерістері көңіл аударатын жайт. Дегенмен де, тұрғындардың арасында медиақалауларының айтарлықтай байқалатын өзгерістер болған жоқ. Қазіргі таңға дейін телевизия БАҚ-тың түрі ретінде ең талап етілгені болып отыр.

2016 жылғы зерттеу рейтингтің тұрақтануы мен еліміздегі жағдайлар туралы ақпараттардың негізгі көздерінің көрсеткіштерін айқындап берді. Интернеттегі және рессейлік АҚ-тың мәліметтеріндегі аздаған өзгерістерді қоспағанда, 2016 жылғы басқа көздер – республикалық, жергілікті телевизия, шағын орта, баспа БАҚ, радио тұрғындарға ақпарат жеткізу ретінде өздерінің шамалары мен орындарын сақтап келеді.

Сауалнаманың қорытындысы мынаны көрсетті, яғни, қазақстандық БАҚ елімізде болып жатқан және әлемдегі жағдай қоғамдық саяси сипаттағы ақпарттар көзі ретінде басым түсті. Сонымен, 2016 жылы негізгі ақпараттық қажеттілікті отандық БАҚ-тың көмегі қанағаттандыратын тұрғындар 71,3%-ды құрады. Сұралған тұрғындардың 14% шетелдікке, сонымен бірге рессейлік БАҚ-қа бағытталған.

Сонымен бірге, әлеуметтік зерттеудің нәтижесінде Қазақстандықтардың БАҚ-та мемлекеттік саясатты жария етуге қанағаттану көрсеткіші 51,2%-ды құрайды.

2016 жылы қанағаттану деңгейінің көбі жария етуіне қатысты мына бағыттарда байқалада, олар білім беру, ақпараттандыру және байланыс, денсаулық сақтау және экономика (50%-дан жоғары). Ал сұхбаткерлер болса, оларды қызықтыратын тақырыптар шағын және орта бизнесті қолдау, тұрғын үй және коммуналдық салалар және заң шығарудағы өзгерістерге бәрінен аз қанағаттанады.

Тұрғындардың мемлекет қызметінің жария етуіне қанағаттану деңгейін талдай келе мына үрдістерді атап өтуге болады:



  • жалпы алғанда, 2016 жылы мемлекеттік саясатты бағыттар бойынша жария етуге қанағаттану салыстырмалы түрде біркелкі сипатқа ие және айтарлықтай алшақтық жоқ: көрсеткіш амплитудасы 15%-дан аспайды;

  • 2016 жылы өріс алған білім беру жүйесіне енгізілген жаңалықтар туралы (көптілділік, 12 жылдық білім беру және т.б.) өткір пікірталасқа қарамастан, БАҚ-ғы білім беру мәселелерін түсіндіруге қанағаттану – басқа бағыттармен салыстырғанда ең жоғарыда тұр;

  • қанағаттану рейтингісінің жоғары сатысында мониторингтің барлық кезеңдері кезінде мына бағыттар бар, адамдардың тіршілік қызметінің негізгі бағыттарына қатысты (білім, денсаулық сақтау, байланыс). 2016 жылды қоспағанда, сонымен бірге зерттеу осы жылдағы пайыздық толысу көрсеткіштерінің төмендегенін анықтады.

2016 жылы аталған индикаторларға қол жеткізу үшін Министрлік келесі жұмысты жүзеге асырды.

Министрлік мемлекеттік органдардың дағдарысқа қарсы коммуникацияларының қалыптастырылған моделі негізінде тұрақты негізде жедел ақпараттық іс-шараларды іске асырды.

Сонымен қатар, 2016 жылы Министрлік БАҚ-та мемлекеттік саясатты жария етуге қатысты Мемлекеттік ақпараттық тапсырысты электрондық баспа БАҚ-да және интернет-ресурстарда іске асыру бойынша тиісті іс-шараларды іске асырды. Осылай, 2016 жылдың басынан бастап баспа БАҚ-пен электрондық БАҚ-пен, интернет-ресурстармен және АЗО-мен шарттар жасалды. Ай сайынғы негізде телеарналар мен баспа БАҚ және интернет ресурстар есеп береді. Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу аясында мемлекеттік емес БАҚ мемлекеттік тапсырысты 100% игерді.

Сонымен қатар, Министрлік тақырыптық бағыттар бойынша мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орындайтын интернет-ресурстардың беттерінде мемлекеттік саясатты ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі ақпараттық хабарламалар мен талдамалық материалдарды жариялау бойынша жұмыс жүргізді. Мемлекеттік саясатты ақпараттық сүйемелдеуге 8 тақырыптық жолақ ұсынылған. Мемлекеттік ақпараттық тапсырысты 33 интернет-ресурс бойынша іске асырылды және 2016 жылы 25 бағыт бойынша мониторинг жүргізу үшін 260 БАҚ анықталды. Аталған тақырыптық бағыттар бойынша мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу мақсатында шарттар жасалған.

Мемлекеттік саясаттың негізгі тақырыптық бағыттарын ақпараттық сүйемелдеу бойынша 2016 жылдың 12 айының ішінде 600 арнайы онлайн-жоба ұйымдастырылды.

Министрлік 2016 жылы отандық өндірістегі жаңа теле,-радио бағдарламалар құру, мемлекеттік баспа басылымдарының интернет-ресурстарын жетілдіру, отандық және шетелдік танымал басылымдардың дизайндарына талдау жүргізу және заманауи талаптарға сәйкес келетін мемлекеттік баспа басылымдарының дизайны бойынша ұсыныстар әзірлеу бойынша жұмыс жүргізді.

Өткен кезеңде мемлекеттік теле-, радиоарналар жаңғыртылды. «KazakhTV» және «Білім және мәдениет» телеарналары «KazakhTV» деген ортақ брендпен біріктірілді. Бұл контенттің сапасын үнемделген қаражаттың есебінен жақсартуға мүмкіндік берді. «24.kz» телеарнасы «Хабар24» деп қайта аталды.

«Қазақстан» РТРК» АҚ жаңғырту бойынша біршама жұмыс жасады. «Kazsport» телеарнасы заманауи телевизиялық HD форматында таратуды бастады.

«Қазақстан» РТРК» өңірлік желісі бойынша контентті жақсарту бойынша жұмыс орталықтандырылды, формат пен жаңалықтардың мазмұны күшейтілді, өңірлік телестудиялардың техникалық жаңғыртылуы өткізіледі.

Барлық мемлекеттік радиоарналардың жұмыс сапасын жақсарту бойынша бірыңғай саясатты ұстауға мүмкіндік беретін оларды біріктірген жеке ұйым құрылды.

2016 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік телеарналармен 154 жаңа бағдарламаның шығарылымы шықты. Аталған көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда 41%-ға өсті.


Атап айтқанда, 2016 жылы «Хабар» телеарнасы жұмысын жаңғырту жүргізілді. Оның нәтижесінде, «Важно знать», «Давайте говорить», «Біздің назарда» және басқа да жаңа әлеуметтік бағдарламалар ашылды.

Сонымен қатар, «Қазақстан» телеарнасында қоғамның өзекті мәселелері қарастырылатын «Қоғамдық кеңес» бағдарламасының шығарылымы ұйымдастырылды. Сондай-ақ аталған телеарнамен келесі бағдарламалар ашылды: «Ой толғау», «Табыс сыры», «Білгірлер бәйгесі», «Алаң» және т.б.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын жариялау аясында мемлекеттік телеарналармен аталған тақырыпқа арнайы бағдарламалардың шығуы қамтамасыз етілді. Оның ішінде, «Экспедиция 25», «Пай-пай 25», «Наши 25» («Хабар»), «Ұлы дала баласы», «Өткен мен жеткен» («Қазақстан»).

Баспа шығарылымдары бойынша мемлекеттік газеттер сайтарының жұмысы жақсартылғанын атап өтеміз. Сайттардың ақпараттық құрамы жаңартылды, басылымдардың PDF нұсқасының көру, оқу, жүктеу мүмкіндіктері жақсартылды. QR-код енгізу арқылы қолданушыға арнайы қосымша гаджет көмегімен газеттің электрондық сайтына бірден көшуге мүмкіндік беретін «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде «баспа нұсқасы-электрондық басылым» байланысы құрастырылды.

«Егемен Қазақстан» сайтының Фейсбук, Твиттер және Мой мир әлеуметтік желілерінде парақшалар мен аккаунтары бар, 3 нұсқада қызмет етеді, сонымен қатар PDF форматында: кириллица, латын, араб графикасымен (төте жазу) қызмет етеді.

Ірі халықаралық БАҚ-тың үздік тәжірибелеріне негізделе отырып, 2016 жылдың қыркүйегінен «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінің дизайнын қайта өзгерту іске асырылды. Жаңа логотип әзірленіп, енгізілді, басылымдардың тұжырымдамасы өзгертілді, материалдардың талдамалық құрамы жақсартылды, «Редактор бағаны» («Колонка редактора»), «Сарапшы пікірі» («Мнение эксперта») жаңа айдарлары ашылды.

Cонымен қатар, Министрлік отандық журналистердің біліктілігін арттыру іс-шараларын өткізді. 2016 жылы 16-17 қарашада Министрлік «Қазіргі заманғы БАҚ-тың даму әдістері» тақырыбында бірқатар семинарларды ұйымдастырып өткізді. 2016 жылдың 18 қарашасында Өңірлік БАҚ форумы өтті.

«Қазақстан тұрғындарын цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратумен қамту» нысаналы индикаторы бойынша 2016 жылы іс жүзінде орындалу 76% жоспарында 77,5%-ды құрады.

Эфирлік телевизиялық тарату ақпаратты алудың ең маңызды көзі болып табылады. Қазіргі уақытта Министрлік «Ақпаратты Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасына сай «Қазақстан Республикасында Цифрлық телерадиохабарын дамыту мен енгізу» жобасын жүзеге асыруда (бұдан әрі- Жоба). Жоба бойынша 827 радиотелевизиялық станцияларды (бұдан әрі - РТС) салу және жаңғырту қарастырылған. Бұл жұмыстың нәтижесінде халықтың 95%-ын цифрлық эфирлік таратумен қамтылады. Цифрлық эфирлік таратудың абоненттері 15-тен 30-ға дейін қазақстандық телеарналарды дыбыс пен кескіннің цифрлық сапасында көре алады. Аналогтық таратуда облыстардағы ауылдық ауданның тұрғындары 3-4 арнадан артық қабылдай алмайтын.

2016 жылдың қорытындысы бойынша 20 РТС-дың (барлығы 356 РТС) ескергенде цифрлық эфирлік телерадио таратумен Қазақстанның халқын қамту 77,5%-ды немесе 12,4 млн. адамды құрады.

2-стратегиялық бағыт. Ақпараттық коммуникациялық технологиялар саласын дамыту және мемлекеттік қызметтерді көрсету

2.1-мақсат. «Ақпараттық коммуникациялық инфрақұрылымды жетілдіру, ақпараттық қауіпсіздік деңгейін және мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыру».



«Ақпарат пен байланыс секторының ЖІӨ-дегі үлесі» нысаналы индикаторы 2016 жылдың іс жүзінде орындалуы бойынша деректер ҰЭМ Статистика комитетімен 2017 жылдың 3 тоқсанында қалыптастырылады.

«100 адамға ұялы байланыс абоненттерінің саны» нысаналы индикаторы бойынша 2016 жылы іс жүзінде орындалу ДЭФ ЖБИ рейтингісінде 4-орын жоспарында 4-орынды құрады.

«100 адамға мобильді КЖҚ абоненттер» нысаналы индикаторы бойынша 2016 жылы іс жүзінде орындалу ДЭФ ЖБИ рейтингісінде 56-орын жоспарында 56-орынды құрады.

«100 адамға интернет пайдаланушылар» нысаналы индикаторы бойынша 2016 жылы іс жүзінде орындалу ДЭФ ЖБИ рейтингісінде 41-орын жоспарында 41-орынды құрады.

«100 адамға тіркелген КЖҚ абоненттері» нысаналы индикаторы бойынша 2016 жылы іс жүзінде орындалу ДЭФ ЖБИ рейтингісінде 59-орын жоспарында 59-орынды құрады.

Мемлекетпен телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту үшін 3 ұялы байланыс операторларына технологиялық бейтараптық принципі бойынша ұялы байланыстың төртінші буыны LTE(4G) стандартын ұйымдастыру үшін бұрын бөлінген GSM, DCS-1800(GSM-1800) UMTS/WCDMA(3G) стандарттарындағы жиілік диапазондарын пайдалануға мүмкіндік берілді.

Қазіргі кезде 4G қызметі халыққа барлық ұялы операторларымен көрсетіледі. 4G желісі барлық облыс орталықтарында, Алматы мен Астана және халық саны 50 000 және одан көп елді мекендерде пайдалануға берілді, ал 2018 жылға аталған желілермен барлық аудан орталықтары қамтылады. 2017 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 4G абоненттерінің саны 2,2 млн. құрады. 2016 жылдың басынан бастап 4G абоненттері санының өсуі 1,4 млн. құрады.

Сонымен бірге, жылдамдығы жоғары кеңжолақты Интернет қызметіне сұранысты қанағаттандыру үшін және көрсетілетін қызмет түрлерін көбейту үшін «Қазахтелеком» АҚ FTTН/В талшықты-оптикалық байланыс желілерін кеңейтуді қоғамның 17 филиалында жалғастырды.

01.01.2017ж. жағдай бойынша жасасқан шарттар аясында: Атырау, Шығыс Қазақстан, Алматы, Батыс Қазақстан, Аќмола, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында құрастыру аяқталды және жалпы сыйымдылығы 12 140 GPON портын енгізу қамтамасыз етілді. Астана және Алматы қалаларында құрастыру, іске келтіру-қосу жұмыстары аяқталды. Жалпы сыйымдылығы 10 242 GPON портын енгізуді қамтамасыз ететін жабдықтарды қабылдау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

2017 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша FTTx абоненттерінің саны 600 387 құрады. 2016 жылдың басынан бастап FTTH абоненттері санының өсуі 63 115 құрады.

Сонымен қатар, 2016 жылы Министрлік ауылдық елді мекендерін кеңжолақты Интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ету» жобасын іске асыру сұрағын пысықтау бойынша жұмыс жүргізді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 24 қарашадағы №730 қаулысына сәйкес республикалық резервтен «Қазақстан Республикасының халық саны 250 астам ауылдық елді мекендерін (1291 ауыл) талшықты-оптикалық байланыс желілерімен қамту» жобасын несиелендіру мақсатында 20 млрд. теңге қаражат бөлінді.

Қазіргі уақытта, аталған жобаның тұжырымдамасын ҚР Ұлттық экономика министрлігімен келісу бойынша жұмыс жалғасуда.



«100 адамға тіркелген желілер саны» нысаналы индикаторы бойынша 2016 жылы іс жүзінде орындалу ДЭФ ЖБИ рейтингісінде 42-орын жоспарында 42-орынды құрады.

2016 жылы жергілікті телефон байланысы (жеке қолжетімді) қызметі бойынша 10 607 246 абонентке 6 079 406,9 мың теңге сомасында, Интернет желісіне қатынау (жеке қол жетімді) қызметі бойынша 563 610 абонентке 1 991 356,0 мың теңге сомасында, жергілікті телефон байланысы (ұжымдық қолжетімді) қызметі бойынша 584 266 абонентке 40 470,7 мың теңге сомасында қызметтер субсидияланған.



«Интернеттің өткізу қабілеттілігі, 1 интернет пайдаланушы кб/с» нысаналы индикаторы бойынша 2016 жылы іс жүзінде орындалу ДЭФ ЖБИ рейтингісінде 51-орын жоспарында 51-орынды құрады.

Бұл индикаторға қол жеткізу үшін 2016 жылы Министрлік магистральдық желілердің өткізу қабілетін және шетелдік байланыс операторлары желілерімен түйісуді кеңейту бойынша байланыс операторларымен өзара іс-қимыл жасау бойынша тиісті жұмыс жасады.

Байланыс операторлары транзиттік әлеуетті дамыту шеңберінде шекаралық түйісулерді ұйымдастыру жөнінде тиісті жұмыстарды атқаруда.

Байланыс операторларының ақпараты бойынша:

- халықаралық түйісулер саны - 58 («Қазақтелеком» АҚ - 19, «Транстелеком» АҚ - 16, «KazTransCom» АҚ – 12, «TNS Plus» ЖШС-11»);

- Еуропа-Азия транзиттік арнаның өткізу мүмкіндігі (Гб/с) - 358,2 Гб/сек. («Қазақтелеком» АҚ – 120 Гб/сек, «Транстелеком» АҚ - 170 Гб/сек, «KazTransCom» АҚ – 8,2 Гб/сек, «TNS Plus» ЖШС-60 Гб/сек);

- Еуропа-Азия транзиттік трафиктің көлемі (Гб/с) - 174 Гб/сек. («Қазақтелеком» АҚ - 110 Гб/сек, «Транстелеком» АҚ - 20 Гб/сек, «KazTransCom» АҚ – 7, «TNS Plus» ЖШС- 37 Гб/сек).

«Электрондық үкімет» индексі» нысаналы индикаторы бойынша 2016 жылы іс жүзінде орындалу 33-орын жоспарында БҰҰ рейтингісі деректері бойынша 33-орынды құрады.

2016 ж. 27 мамырдағы ВАК отырысының қорытындысы бойынша Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетуге жататын 53 мемлекеттік қызмет (ІІМ-4, ИДМ-1, АКМ-1, БҒМ-4, ДСӘДМ-1, ҚМ-1, ҰЭМ-10, ҚМ-5, БП-1, ЭМ-1, АШМ-10, МСМ-6) іріктеліп алынды. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізілімі ҚР Үкіметінің 15.12.2016 ж. № 816 қаулысымен бекітілген. 53 мемқызмет бойынша пилоттық жоба басталды.

2016 жылы 26 қызмет түрі оңтайландырылды.

Сонымен бірге, «Ашық үкіметті» дамыту аясында «МО қызметінің тиімділігін бағалау» порталы жүзеге асырылуда.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 28 қарашада № 14463 тіркелген «Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 20 қазандағы № 214 бұйрығымен қағидалар бекітілді.

Сонымен қатар, 2016 жылы ашық үкімет порталдары бойынша келесі жұмыстар атқарылды: порталдардың редизайны, функционалды жетілдіру, ақпаратты визуалдау (инфографика).

2016 жылы құжаттарға қол қою құқығы бар мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларын электрондық цифрлық қолтаңба кілттерімен, Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерімен жеке және заңды тұлғаларды қамтамасыз ету бойынша тиісті жұмыс жүргізілді.

Осылай, 2016 жыл ішінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының қызметкерлеріне 37 459 тіркеу куәлігі берілді. «МТҚ» РМК-ның өңірлік өкілдерімен қатар, МО қызметкерлеріне МО КО тіркеу куәліктерін шығаруға/қайта шығаруға онлайн өтініштерді веб-интерфейстің көмегімен өз бетінше беруге мүмкіндік беретін бағдарламалық қамтылым өнеркәсіптік пайдалануға енгізілді.

Қазіргі уақытта аталған жобаға барлық мемлекеттік органдар мен олардың аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ барлық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар қосылды. 2016 жылдың басынан осы жобаның көмегімен 32 649 МО КО ЭЦҚ берілді.

Осы уақытта, 2016 жылы берілген тіркеу куәліктерінің саны 3 764 230 құрады, оның ішінде 1 294 484 жеке куәлігіне және 555 sim –картаға жазылған.

2016 жылы Министрлік «Мемлекеттік органдардың интранет-порталы» (бұдан әрі - МОИП), «Мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымы бірыңғай жүйесі» (бұдан әрі - ЭҚАБЖ) және «Мемлекеттік органдардың бірыңғай электрондық пошта жүйесі» (бұдан әрі - БЭПЖ) ақпараттық жүйелерінің қызметін қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізді.

МОИП сүйемелдеу 2016 жылдың 31 желтоқсанындағы шарты бойынша жүргізіледі. МОИП 74 ОМО, 3044 АМО және 16 ЖОО орнатылған. МОИП-та 2016 жылға 95475 қолданушылар тіркелген. 2016 жылдың 12 айында МОИП-та 14 560 НҚА келісілген. Бұл жұмыс барысында көрсетілген қызмет: сервис пен модульдер бойынша қолданушыларды қолдау, консультативтік көмек («Service Desk» сұраулары), сервис пен модульдерге қол жетімділік рөлдерін ұсыну, бағдарламалық қамтамасыз етуді сүйемелдеу.

Әр тоқсан сайын қорытынды есеп пен МО-да қол қойылған орындалған жұмыстар бойынша хаттамалар тапсырылады. Қателер мен қолданушылар ұсыныстарына талдау жүргізіледі. Ай сайын жүйені жақсарту мен қателерді жою үшін функционалды жаңарту, жүйені пысықтау мен басқа АЖ-мен интеграциялау өткізіледі. 2016 жылға ақаулар жоқ, осалдықтар анықталған жоқ.

ЭҚАБЖ сүйемелдеу 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №12 және №13 шарттар аясында жүргізіледі. ЭҚАБЖ 63 ОМО және 1308 ТМО-да енгізілген.

Аталған жұмыс аясында ЭҚАБЖ деректер қорының жұмыс істеуін қамсыздандыру, ЭҚАБЖ ведомствоаралық электрондық құжат айналымы модульдерін (адаптер, конвертор) қамсыздандыру жүзеге асырылады, қолданушыларға консультативтік қолдау көрсетілген және т.б. Бұл жұмыстар ОМО және ТМО-мен кол қойылған жүргізілген жұмыстардың хаттамалары қосылған тоқсан сайынғы есеппен жабылады.

БЭПЖ сүймелдеу 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №10 шарт негізінде жүзеге асырылады.

БЭПЖ жүйесі МО-ның 83 080 қолданушыларына беріледі. БЭПЖ жүйесі бойынша орындалған жұмыстардың есептеріне тоқсан сайын қол қойылады. 2016 жылы БЭПЖ-ның тұрып қалуы тіркелмеген. 2016 жылға жоғарғы деңгейдегі осалдық тіркелмеген.

«Ашық деректер порталында орналастырылған ашық деректер жиынтығының өзектілігі» нысаналы индикаторы бойынша 2016 жылы іс жүзінде орындалу 75% жоспарында 85,6%-ды құрады.

2016 жылы орналастырылған ашық деректер жинақтарының саны – 1267, олардың өзекті жинақтардың саны – 1084. Порталда сонымен бірге жүктеп алуға 21 мобильді қосымшалар мен сервистер орналастырылған. Портал Мекенжай тіркелімі және Бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат сияқты жүйелермен интеграцияланған.



«Мемлекеттік корпорация арқылы электрондық нысанда көрсетілген қызметтердің үлесі (кем емес)» нысаналы индикаторы бойынша 2016 жылы іс жүзінде орындалу 65% жоспарында 68,5%-ды құрады.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ тұрақты түрде «Электрондық үкіметтің «Веб – порталы, шлюзі, есеп шлюзі және өңірлік шлюзі» ақпараттық жүйелерін үйлестіру және техникалық жүйесіне қызмет етеді. «Электрондық үкімет» инфрақұрылымы арқылы 761 электрондық қызмет, бұл 240 E-gov веб порталының электрондық қызметтері, 86 электрондық лицензияның түрі және 435 электрондық рұқсат құжаттар көрсетілді. 2016 жылдың 12 айы бойынша 41 млн. электрондық қызмет көрсетілді.

Қызметтер мобильді қосымша түрінде айналуда, қазіргі уақытта осы форматта 83 қызмет қолжетімді.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ тұрақты түрде «Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі» ақпараттық жүйесін үйлестіру және техникалық жүйесін қызмет етеді. 2016 жылдың 12 айы бойынша ХҚКО ЫАЖ арқылы 29 млн. астам қызмет көрсетілді.

Барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарында «Connection point» азаматтардың өз бетінше қызмет алуына арналған аумақтар қызмет етеді. 2016 жылы «Connection point» арқылы азаматтар 7,8 млн. мемлекеттік қызмет, 8,5 млн. адам кеңес алды. Бірыңғай байланыс орталығы арқылы 2016 жыл ішінде 4 млн. кеңес берілді.

2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдайы бойынша Тіркелімде 720 мемлекеттік қызмет тіркелген, 546 мемлекеттік қызметті Мемлекеттік корпорация, оның ішінде 257 қызмет Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйесі арқылы, 446 қызмет - «Connection point» аумағы арқылы алуға болады. 2016 жылы Мемлекеттік корпорация арқылы 36 млн. астам қызмет, оның ішінде 24 қызмет (68,5%-тен астамы) электрондық форматта көрсетілген.

Бұл индикаторға қол жеткізу үшін жүргізілген жұмыстың арқасында e-gov мобильді қосымшасы Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметінің «Ең үздік мобильдік үкіметі» марапатына ие болды.

«Ақпараттық коммуникациялық инфрақұрылым операторының ақпараттық қауіпсіздік моделінің тиімділігі)» нысаналы индикаторы бойынша 2016 жылы іс жүзінде орындалу 60% жоспарында 99,17%-ды құрады.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде  аттестациялау механизмі арқылы әзірлеу кезеңінде және ақпараттық қауіпсіздік оқиғалары туындаған кездерде жұмыс істеу қабілеттігін калпына келтіру бойынша қатерлерді жою үшін бар жағдайлар жасалған. Осылайша, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің ұзақ уақыт бойы істен шығу фактілері орын алмады.

Әрине, ақпараттық жүйелерге сыртқы әсерлер тиюімен кибершабуылдар орын алды. Алайда, оларды уақтылы анықтау арқылы ақпараттық жүйелердің жұмысын шұғыл калпына келтіруге мүмкіндік болды. Жұмыстардың келесі түрлері жүргізілді:

- АК қызметтер, оқыс оқиғалар, проблемалар, өзгерістер бойынша қызмет көрсетудің деңгейін басқару үрдістері жұмыс істейді және енгізілді;

- қалпына келтіру топтарының тізбесі тұрақты түрде өзектіленуде;

- ақпараттық жүйелердің төзімділігін қамтамасыз ету үшін «Жеке тұлғалар» МДҚ, «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» МДҚ, «Заңды тұлғалар» МДҚ, АААЖ АЖ, Мемлекеттік органдардың интранет порталын кластерлеу бойынша жұмыстар жүргізілді;

- оқыс оқиғалар туындаған жағдайда, жұмыстан тыс уақытта жұмысқа әкімшілердің жедел келуі мақсатында, қызметкерлерді тасымалдау үшін көлік ұйымдастырылды;

- ағымдағы проблемалар туралы хабардандырудың жасалуын, жинақталған есептерінің жасалуын, сондай-ақ Интернеттен ақпараттық ресурстарға желілік деңгейде қолжетімділігін бұғаттау қажет болған кездегі, (оның ішінде, байланысатын) оқиғаларын автоматты түрде талдау үшін SIEM жүйесі енгізілді;

-ақпараттық-коммуникациялық платформасы желілік инфрақұрылымының жүйедегі төзімділігін жақсарту;

- жедел режимде трафигін ұстап қалу мүмкіндігімен желілік құрал-жабдықты кластерлеу қалыптастырылды, жүйедегі төзімділігін қамтамасыз ету;

- сұратылатын TCP сұрау салуларының заңдылығы және толықтығы тексерілетін, желіаралық экрандарында TCP Flood-тан қорғау қосылды;

- Network Analyzer Module құрал-жабдығына сыртқы кіріс және шығыс трафиктерін қосарландыруы енгізілді, бұл нақты уақыты режиміндегі қауіптер көзін жедел анықтауды қамтамасыз етеді;

- ақпараттық жүйелер деңгейінде АЖ серверлерінің ақпараттық қауіпсіздігін арттыру мақсатында конфигурациондық файлдардағы тиісті баптауын өзгерту жөніндегі жұмыстар жүргізілді;

- DDOS шабуылдары мен пайдаланушылар парольдерінің асып кетуінен қорғау үшін операциялық жүйелер файрволл ережелеріндегі тиісті саясаттар бапталды;

- қарқынды жүктемелер жағдайында серверлердің өнімділігін арттыру үшін операциялық жүйелер ядроларының баптаулары түзетілді.

Одан басқа, келесі іс-шаралар жүргізілуде және жоспарлануда:

- ДМЗ аймағын қайта құрылымдау жөніндегі жұмыстар басталды;

- Ішкі және Интернет трафиктердің аймағын шектеу үшін алаңдарды ДМЗ кеңейту жөніндегі жұмыстар басталды;

- АҚ оқиғалары мен оларды жою мәртебелері туралы ақпарат алу толықтығы және өзара іс-қимылдың жеделдігін арттыру үшін, мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен ақпараттандыру объектілері мониторингі шеңберінде хабарлау және өзара іс-қимыл жөніндегі Регламент әзірленді және келісу сатысында.

Грузияның Ұлттық және үкіметтік Компьютерлік оқыс оқиғаларға ден қою қызметі мен «МТҚ» РМК арасында халықаралық ынтымақтастық шеңберінде меморандумға қол қойылған.



ДЭФ ЖБИ-нің келесі үш индикаторының орындалуы Орталық мемлекеттік органдарға бекітілген. Министрлік 2016 жылы өз тарапынан келесі жұмысты атқарды.

«Шенеуніктердің шешімдеріндегі фаворитизм» нысаналы индикаторы бойынша 2016 жылдың қорытындысы бойынша ДЭФ ЖБИ рейтингісінде өз орнын сақтап отыр (55-орын).

Мемлекеттік сатып алу веб-порталында заңнамада белгіленген тәртіппен 2016 жылғы 12 тамызда орналастырылған «2016 жылға Министрліктің тауарларын, жұмыстары мен көрсетілетін қызметтерін мемлекеттік сатып алу жоспарын бекіту» жылдық жоспар 2016 жылғы 11 тамыздағы №84 бұйрықпен бекітілген, сонымен бірге 66 хабарландыру жарияланған (ашық конкурс, баға ұсынысын сұрату, бір көзден алу) жарияланған және заңнамада белгіленген тәртіппен 100 шарт мемлекеттік сатып алу веб-порталында қол қойылды.



«Мемлекеттік секторда шешімдер қабылдаудың ашықтығы» нысаналы индикаторы бойынша 2016 жылдың қорытындысы бойынша ДЭФ ЖБИ рейтингісінде өз орнын сақтап отыр (29-орын).

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің ресми сайты mic.gov.kz 2016 жылдың 1 шілдесінен бастап іске қосылды. Министрліктің интернет-ресурсының Жаналықтар бөлімінде мемлекеттік органның қызметі, оның жүзеге асыратын саясаты, заңнамалық базасы туралы ақпаратпен баспасөз релиздерді жүйелі негізінде орналастырылуда. Осылайша, 2016ж. 1 тамызы мен 31 желтоқсаны аралығында Министрліктің интернет-ресурсында 859 материал орналастырылған.

Сонымен бірге, Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 18 шілдедегі № 43 бұйрығымен Министрліктің жанындағы жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес құрылды. 2016 жылы жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және аккредиттелген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қатысуымен нормативтік құқықтық актілерді қарау бойынша 55 отырысы өткізілген.

Сонымен қатар, 2016 жылғы 3 қарашада Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, аккредиттелген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің, БАҚ өкілдерімен, сарапшылармен және қоғамдық кеңес қатысуымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының жұмыс тобы өткізілген.



«Саясаткерлерге қоғамдық сенім» нысаналы индикаторы бойынша 2016 жылдың қорытындысы бойынша ДЭФ ЖБИ рейтингісінде өз орнын сақтап отыр (32-орын).

2016 жылы Министрлікпен мемлекеттік ақпараттық саясаттың негізгі 25 негізгі тақырыптық бағыттары құрылған.

Сонымен қатар, 2016 жылдың қаңтарында алдағы кезеңге ҚР Президентінің Әкімшілігімен орталық коммуникациялар қызметі брифингтерінің кестесін келісу өткізілген. 2016ж. тамызда ҚР ПӘ басшылығымен ОКҚ алаңында 2016 жылдың соңына дейін өткізілетін брифингтер кестесі келісілді.

Жоспарланған 77 баспасөз-конференцияның 77-і жүзеге асырылды. Сонымен бірге, ОКҚ апта сайын алдағы аптаның кестесін ҚР АКМ-не келісу үшін жолдайды.



Жалпылай айтқанда, 2016 жылы Стратегиялық жоспардың сапалы жүзеге асуы үшін оның орындалуы барысына тұрақты мониторинг жүргізу, белгіленген мерзімде ұйымдар мен орындаушылырдың 2016 жылғы операциялық жоспарының жүзеге асуы бойынша есептерін ұсынуы қамтамасыз етілді.
жүктеу 121 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау