Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2017 жылы атқарылған жұмыстар жөніндегі есебінің
ТЕЗИСТЕРІ
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің,
ұлттық жоғарғы оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» №190 Жарлығына сәйкес,
барлық деңгейдегі әкімдер халық алдында есеп береді.
Есептің мақсаты - жергілікті атқарушы органдар жұмысының ашықтығын көрсетіп, халық пен биліктің арасын жақындата
түсу.
Кездесулер барысында тұрғындар тарапынан берілген сұрақтар мен ұсыныстар жергілікті атқарушы органдар жұмысының
бір жыл көлеміндегі бағыт-бағдарын айқындауға негіз болады.
Мәселен, қала әкімінің 2017 жылғы 7 ақпанда тұрғындармен кездесу барысында 92 сұрақ пен ұсыныс келіп түскен. Оларды
іске асыру мақсатында іс-шаралар жоспары түзіліп, орындалуы бақылауға алынған. Аталған 92 сауалдың жауаптары
«Шымкент келбеті» және «Панорама Шымкента» газеттерінде жарияланып, қала әкімінің ресми сайтына
(www.shymkent.gov.kz
) орналастырылып отырды.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде сұрақ пен ұсыныстың 64-і шешімін тауып, 28-і қаланың даму жоспарына енгізілді.
Қалада 2017 жылы атқарылған жұмыстар жөніндегі есеп, келесі салалар бойынша ұсынылады:
Көрсеткіштер
2016 ж
2017
ж
2017 ж 2016 ж/ға %
Халық саны, адам
912 300
949 128
104,2
Өнеркәсіп өнім өндірісінің көлемі, млн.теңге (өнім
көлемінің индексі)
335 761,7
411 640,8
102,4
Ауыл шаруашылықтың жалпы өнім көлемі,
млн.теңге (өнім көлемінің индексі)
22 737,0
24 894,6
103,2
Құрылыс жұмыстарының көлемі, млн.теңге
95 937,2
102 016,9
102,8
Негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі,
млн.теңге
158 109,6
206 733,1
124,1
Іске қосылған тұрғын үй, ш. метр
246 722
402 541
163,2
Бөлшек сауда айналымының көлемі, млн.теңге
270 276,7
329 111,7
106,0
Орташа айлық жалақы, теңге
100 200
108 901
108,7
Мемлекеттік қызмет көрсету
Шымкент қаласы әкімдігіне қарасты 7 құрылымдық бөлім тарапынан 82 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. 2017 жылы
жалпы 419 411 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Сондай-ақ, заңды және жеке тұлғалардан, мекемелерден түскен құжаттарға
тиісті жауаптар берілді.
Шымкент қаласы әкімдігінің shymkent.gov.kz ресми сайты жұмысын үш тілде (мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде)
жалғастыруда.
Аталған сайтта интерактивті карта, қала бойынша 3D-ТУР, халықтық бақылау, информсервистер, фотогалерея, қаланың
көрсеткіштері, қаланың жеткен жетістіктері, болашақтың қаласы, жолдау, қоғамдық көліктер кестесі, Whatsapp – желісі және
т.б жаңа бөлімдермен қамтылған.
Қаланың атқарушы органдар тарапынан мемлекеттік қызмет көрсету барысында әкімшілік кедергілерді жою мақсатында
арнайы комиссия құрылып, бірқатар ұсыныстар берілді. Нәтижесінде қалалық әкімдікке түскен құжаттарды себепсіз кері
қайтару салдарын болдырмау мақсатында қала әкімі аппараты, аудан әкімдері мен бөлімдерде «Ашық әкімдік» бағдарламасы
енгізілді. Бұл халыққа бір терезе қағидасы бойынша қызмет көрсетіліп, қала тұрғындары тарапынан тапсырылған өтініштерін
интернет жүйесі арқылы бақылау мүмкіндігін береді. Осы мақсатта Шымкент қаласы әкімдігі тарапынан қала тұрғындарына
көрсетілетін қызметтердің барлық түрін «бір терезе» жүйесі арқылы қызмет көрсететін «Фронт-офис» орталығы ашылды
shymkent.gov.kz/kz/material/10.
2017 жылы қала әкімінің «Веб сайтына» түскен 245 сұрақтың 195-не толыққанды жауап беріліп, 50 сұрақ бақылауға алынды,
орындау жұмыстары жалғасуда.
2017 жылы қала әкімдігіне ОҚО әкімдігінен – 629, «Нұр Отан» партиясынан – 129, облыстық және қалалық мәслихаттардан –
25, облыстық және қаланың аудандық прокуратураларынан – 146, жеке және заңды тұлғалардан – 67 628 хат түсіп, тиісті
жауаптар берілген.
Сонымен қатар, 2017 жылы ОҚО әкімінің тарапынан берілген 625 тапсырманың 388-і орындалып, 228-і тұрақты бақылауға
алынған, 9-ның мерзімі бар.
Қала әкімдігінің 2017 жылы өткізген 23 мәжілісінде қала өмірінің түрлі салаларына, оның ішінде әлеуметтік-экономикалық
дамуына, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы және қаланың күнделікті тұрмыс тіршілігіне қатысты 38 мәселе қаралып,
тиісті қаулылар қабылданды.
Өнеркәсіп саласы
2017 жылдың қорытындысы бойынша статистикалық мәліметке сәйкес, Шымкент қаласында 558 кәсіпорын тіркелген. Оның
ішіндегі 89–ы ірі және орта, 403-і шағын және 66-ы қосалқы кәсіпорындар.
2
017 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында өндірістік кәсіпорындармен 411 640,8 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем
индексі 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,4 пайызға артты.
Өнеркәсіп өнімін ұлғайту мақсатында қалада «Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-
2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» іске асырылуда.
Бағдарлама аясында 2017 жылы құны 31,8 млрд.теңге құрайтын 8 инвестициялық жоба іске қосылып, 560-тан аса жаңа
жұмыс орындары ашылды, оның ішінде:
«Рахат Шымкент» ЖШС – жылына 23 мың тонна вафельді түтікшелерді шығаруды ұйымдастыру;
«Химфарм» АҚ – жылына 20 млн. бірлік қатты пероральды дәрілік заттар цехы;
«Корпорация Сити-Строй» ЖШС – жылына 750 мың тонна заманауи асфальт-бетон зауыты;
«Бумпром» ЖШС – жылына 4000 тонна қағаз, картон, рубероид, гипсокартон, түрлі-түсті қағаз өңдеу зауыты;
«Шымкай» ЖШС – жылына 5 000 комплект жиһаз жасау өнеркәсібі;
«Шымкентцемент» АҚ – жылына 1,2 млн. тонна цемент зауытын қайта жаңғырту;
«Hill Corporation» ЖШС – жылына 30 000 тонна регенирация пайдаланылған майлар және консистенті материалдар өндірісі;
«ДезФумекс» ЖШС – сағатына 60 тонна асфальтбетон өндіру зауыты.
Сонымен қатар, қалада аумағы 92 га құрайтын «Оңтүстік» көлік-логистикалық аймақ құрылған. Қойманың жалпы аумағы
242,5 мың шаршы метрді құрайды. Аймақта құны 34,1 млрд. теңгені құрайтын 8 жоба («Kazakhstan Logistic group», «НПО
«Зерде», «Continental Logistics Shymkent», «Арман Юг Групп», «Компания Логистика KZ», «Александровский сад», «Waimea
Group KZ», «Евротранзит Терминал» ЖШС-ры) жүзеге асырылуда.
Ауылшаруашылық саласы
Қалада 4 152 ауыл шаруашылық кәсіпорындары жұмыс жасайды, оның ішінде шаруа қожалықтары 3 908, жеке кәсіпкерлер
244.
Статистикалық мәліметке сәйкес, 2017 жылы 24 894,6 млн.теңгенің ауылшаруашылық өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі
2016 жылмен салыстырғанда 3,2 пайызға артты.
Оның ішінде мал шаруашылығының өнім көлемі 14 179,4 млн. теңгені құрап, 2016 жылмен салыстырғанда 10,4 пайызға өсті.
Бұл өсім барлық санаттағы ауылшаруашылық құрылымдарымен өндірілген өнім есебінен, оның ішінде мал мен құс еті 10,8
мың тонна, жұмыртқа 165,1 млн. дана, сүт өндірісі 46,4 мың тонна өндірілді.
Мал шаруашылығын қолдау бағытында қалада «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-
202
1 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы», оның ішінде «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» бағдарламалары іске
асырылуда. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 189 бас ірі қара мал, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 401 ұсақ мал,
«Құлан» бағдарламасы бойынша 135 бас жылқы алынды.
Сонымен қатар, ет өндірісін ұлғайту мақсатында 48 бірлік шағын мал бордақылау алаңдары, 36 бірлік шағын сүт аулалары
ашылып, 15 ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылды.
«Дары Сайрама» ЖШС – 10 мың тонналық жеміс – көкөніс қайта өңдеу цехы ашылды.
«Ет өнімдері KZ» ЖШС– 3000 басқа арналған бордақылау алаңына мал басын толықтырды.
«Халал қасаб» ЖШС-нің мал сою орнының құрылысы аяқталып, құрал жабдықтары толықтырылып, толығымен іске
қосылды. Бір күндік қуаттылығы 50 ІҚМ, 50 жылқы және 200 бас уақ мал.
Қала бойынша несие ұйымдары арқылы ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында құны 902,7 млн. теңгені құрайтын 142
жоба қаржыландырылды. Атап айтқанда:
–
«Аграрлық несие Корпорациясы» АҚ арқылы 35,0 млн.теңгеге 3 жоба;
–
«АИО«Оңтүстік» ЖШС арқылы 149,7 млн. теңгеге 7 жоба;
–
«Ырыс» ШНҰ» ЖШС арқылы 718,0 млн. теңгеге 132 жоба.
Өсімдік шаруашылығының өнім көлемін ұлғайту мақсатында қалада 18 гектар жерге жылыжай салынып, 200 га жерге
тамшылатып суғару әдісі енгізілді. 14,7 га жерге жартылай қарқынды бау егу жұмыстары жүргізіліп, 55 ауыл шаруашылығы
техникалары жаңартылды.
Ауыл шаруашылық құрылымдарын қолдау мақсатында жеңілдетілген бағамен 900 тонна жанар-жағар май, 300 тонна
тыңайтқыш берілді.
Қала аумағында 27 канал бар, оның ішінде 25 коммуналдық меншіктегі каналдардың жалпы ұзындығы 198,4 шақырымды
құрайды, одан алынатын жылдық су көлемі 65,5 мың куб метр. Осы су каналдарын күтіп ұстау үшін «Шымкент сушар» МКК
құрылды.
Сонымен қатар, қала тарапынан халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесіне ауыл шаруашылық өнімдері, атап айтқанда 30 тонна
көкөністер, 30 тоннаға жуық кептірілген жемістер, 120 мыңға жуық дана жұмыртқаралар және 6 тоннаға дейін бал жөнелтілді.
Эпизоотиялық ахуал
Қаланың ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық шаралар, қаңғыбас ит-
мысықтарды аулау, кенеге қарсы өңдеу жұмыстары жүргізілді.
Шымкент қаласының аумағында эпизоотиялық іс-шараларды ұйымдастыруға облыстық бюджеттен 90,1 млн. теңге бөлініп,
жануарлар мен адамға аса қауіпті 25 түрлі ауруға қарсы диагностикалық зерттеулер мен 15 түрлі жұқпалы ауруларға қарсы
профилактикалық егу жұмыстары атқарылды. Жыл басынан диагностикалық зерттеу нәтижесінде 47 бас ірі қара мал және 36
уақ мал бруцеллезбен ауыратындығы, 4 бас уақ мал хламидиозбен ауыратындығы анықталды. Барлық ауру малдар
ветеринариялық талаптарға сәйкес санитарлық әдіспен жойылды. Сонымен қатар, қала аумағында кенеге қарсы өңдеу
жұмыстарын жүргізуге жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, 159 510 бас ірі қара мал, 253 600 бас уақ мал, 3 650,0 мың шаршы
метр орналасқан қора жайлар мен жапсарлас аумақтар, 704,7 мың шаршы метр буферлік аумақтар залалсыздандырылды.
Одан бөлек, қаңғыбас ит-мысықтарды аулап жою жұмыстарына жергілікті бюджеттен бөлінген 49,1 млн. теңгеге жыл
басынан барлығы 33 175 бас қыңғыбас ит-мысықтар ауланып, комиссия мүшелерінің қатысуымен «Беккари» шұңқырында
залалсыздандырылды.
Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау
2017 жылы қалада 75 768 кәсіпкерлік субъектілері тіркеліп, 2016 жылмен салыстырғанда 1,2 пайызға артты.
Өткен жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының аясында 100 жобаға қолдау көрсетілді. Оның ішінде:
–
банк несиелерін субсидиялау 86 жоба;
–
гранттық қаржыландыру 7 жоба;
–
өндірістік инфрақұрылымды дамыту бойынша 7 жоба.
Кәсіпкерлерді қаржылай қолдау мақсатында «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы» және «Ырыс» микрокредиттік
ұйым арқылы құны 1103,0 млн. теңгені құрайтын 121 бизнес-жоба мақұлданып, 766,1 млн. теңгеге 117 бизнес-жоба
қаржыландырылды.
Сонымен қатар, кәсіпкерлікті дамыту және ынталандыру мақсатында, 2017 жылы мемлекеттік гранттарды алуға Шымкент
қаласының кәсіпкерлік бөліміне жалпы 62 өтінім қабылданып, оның ішінде 7 жоба қолдау тапты.
Сауда қызметі
Статистикалық мәлімет бойынша 2017 жыл қорытындысымен қаладағы бөлшек сауда көлемі 329 111,7 млн. теңгені немесе
2016 жылмен салыстырғанда 6,0 пайызға артты.
Бөлшек сауда айналымының жалпы көлемінде азық-түлік тауарларының үлесі 25,4 пайыз, азық-түлік емес тауарлар – 74,6
пайыз құрады.
Қала аумағында 7 мыңнан астам сауда дүкендері, 948 қоғамдық тамақтандыру, 1 148 қызмет көрсету орындары, 33 базар
жұмыс жасайды. Аталған сауда нысандарында 30 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған.
Қалада бірінші қажетті азық-түлік өнімдеріне бағаны тұрақтандыру мақсатында әр аптаның сенбі (Қажымұқан атындағы
орталық стадион) және жексенбі күндері (Рахима Плаза сауда кешені) тұрақты түрде жәрмеңкелер ұйымдастырылуда.
Жәрмеңкеге аудан мен қалалардан 100-ге жуық кәсіпкер қатысты. Жыл басынан 152 жәрмеңке ұйымдастырылып, 277,9 мың
тонна өнім сатылды.
Жұмыс істеп тұрған сауда базарларын қайта құрылымдау және жаңарту мақсатында «Бекжан» базарын қайта құрылымдау
жұмыстары толық аяқталып, пайдалануға берілді. «Шымкент Тұлпар» базарының қайта құрылымдау жұмысының бірінші
кезеңі аяқталды.
Сонымен қатар, бөлшек сауданы дамыту және көшпелі сауда орындарын жою мақсатында сауда жасауға арнайы бөлінген
орындардың эскиз жобасы әзірленді.
Одан бөлек, жеке инвестициялар есебінен құны 700 млн.теңгені құрайтын 50 жұмыс орнымен қамтылған «Север» сауда
орталығы ашылды.
Туризм
2017 жылы туризмді дамыту мақсатында бірнеше ауқымды іс-шаралар, туристік көрмелер, жәрмеңкелер, ақпараттық турлар,
семинар тренингтер мен Тау-фестивалі ұйымдастырылып өткізілді.
«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі не әлемнің 115 елі мен 22 халықаралық ұйымы қатысты.
Халықаралық көрмені өткізу жалпы ел экономикасын дамытуға мультипликативтік оң әсер тигізіп қана қоймай, туристік
саланың жандана түсуіне, сонымен қатар, туроператорлардың қызметіне деген сұраныс арта түскенін ерекше атап өту қажет.
Ел мерейін асырған әлемдік көрме – туризм саласындағы көрсеткіштердің айтарлықтай өсуіне де оң септігізін тигізді. Оған
қаламызда орналасқан қонақ үйлер мен хостелдер саны артып, көрме аясында алыс-жақын шет елдерден келген қонақтарды
орналастыру көрсеткіштерінде өсім болды.
Көрмеге қатысқан өңір тұрғындарының саны болжаммен 150 мыңды құраса, оның ішінде 32 мыңнан астамы Шымкент
қаласына тиесілі.
Көрмеге қаладан әлеуметтік аз қамтылған отбасы балалары мен оқуда озат, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқан 1 650
оқушы жіберілді. Мектептерге қолдау көрсеткен демеушілер есебінен және ата-аналарымен бірге 2 000 оқушы саяхат жасады.
Шымкент қаласынан Көрмеге қатысушы 100 ерікті жастар ағымдағы жылдың 1 шілдесінен 5 тамызына дейін шетелдерден
келген қонақтарға қызмет көрсетті.
Одан бөлек, кәсіпкерлік және туризм саласында жеткен жетістіктері жөнінде өткен форумда 3 тілде дайындалған «VISIT
SHYMKENT» туристік журнал-каталогы, қаламыздың картасы шетелдерден келген қонақтарға таныстырылып таратылды.
Қазақтың салт дәстүрі мен ұлттық мәдениетті насихаттау мақсатында «Shymkent Plaza» сауда орталығында «Арбат» қол өнер
шеберлері туындыларының көрмесі өткізілді.
Сонымен қатар, есепті жылы «Aidana Рlaza» қонақ үйі мен мейрамханасы ашылды.
Негізгі капиталға бағытталған инвестициялар
2017 жылдың қорытындысымен негізгі капиталға бағытталған инвестициялардың көлемі 206 733,1 млн.теңгені құрап, 2016
жылмен салыстырғанда 62,3 пайызға артты. Арту себебі негізінен «ПетроКазахстанОйлПродактс» ЖШС, «Шымкент цемент»
АҚ-ы және «Аква питомник» инвестициялары есебінен өскен.
Оның ішінде республикалық бюджет есебінен инвестиция көлемі 2016 жылмен салыстырғанда 44,1 пайызға, жергілікті
бюджет есебінен 10,1 пайызға, қарыз қаражаттар есебінен 2,8 есеге, банктердің кредиттері есебінен инвестиция 5,8 пайызға
артып, меншікті қаражат есебінен инвестиция көлемі 1,2 пайызға кеміген.
Қалаға инвестиция тарту және сыртқы экономикалық байланысты дамыту мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылды:
–
Әлеуетті инвесторлар үшін 3 тілде (қазақ, орыс және ағылшын тілдері) «Invest Shymkent» ақпараттық-брошюралар
шығарылды;
–
Ташкент қаласындағы 200-ден аса кәсіпкерлердің қатысуымен Шымкент қаласында көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылды;
–
Шымкент қала әкімдігі және Белоруссиялық компания «UAB Beltechnika.lt» арасында ауыл шаруашылық техникасын
құрастыру зауытын ашу бойынша 30.09.2017 жыл меморандум түзілді;
–
Қытай компаниясы «YTO Corporation» өкілдерін Шымкент қаласына Белоруссиялық компания «UAB Beltechnika.lt»
өкілдерімен ауыл шаруашылық техникасын құрастыру мәселесі бойынша 2018 жылдың 15 қаңтарда шақыртылды.
Бюджеттің орындалуы
2017 жылғы бюджеттің жалпы кірісі 131 232,6 млн.теңгені құрады (нақты бюджетке түскені 133 787,8 млн.теңге, жоспар
101,9 пайызға орындалды), оның ішінде өзіндік кірістер 54 376,9 млн.теңгені құрады (нақты түскені 56 930,9 млн.теңге, жоспар
104,7 пайызға орындалды). Кіріс көзінің құрамында салық түсімдерінің болжам жоспары 102,0 пайызға, салықтық емес
түсімдердің болжам жоспары 109,5 пайызға, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 104,4 пайызға орындалды.
Бюджеттің шығыс бөлігі – 131 232,6 млн.теңгені құрап, оның 99,9 пайызы игерілді. Қаржының басым бөлігі білім саласына
(39,6%), тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласына (32,5%), көлік және коммуникация (9,5%), мәдениет, спорт және
туризм (4,9%), әлеуметтік салаға (4,1%) бағытталды.
Қаланың сәулет және құрылыссалалары
2017 жылы статистикалық мәлімет бойынша қаладағы орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 102 016,9 млн.теңгені
құрап, 2016 жылмен салыстырғанда 24,1 пайызға артты.
Қаланың сәулеттік келбетіне ықпал ететін ірі кешенді жобаларды іске асыру үшін қалақұрылысы кеңесі жұмыс жасайды.
Есепті жылы кеңестің 1 отырысы ұйымдастырылып, қаланың сәулеттік көркін беретін 7 жоба келісілді.
Есепті жыл ішінде қала бойынша 2 656 жеке тұрғын үй, 379 коммерциялық нысан, 178 мемлекеттік (әлеуметтік) нысан
пайдалануға берілді.
Бас жоспарды іске асыру мақсатында қала аумағындағы «Айкөл-2», «Ақжар-3», «Оңтүстік», «Оңтүстік-2», «Темірлан тас
жолы бойы», «Достық», «Қызыл су», «Тассай», «Қонаев» гулзары, «Шымкент» индустриалдық аймағы, Батыс Қытай-Батыс
Европа жолының бойы, «Құрсай-2», «Ескі қала» егжей-тегжей жоспарлау жобалары жасақталды.
Сонымен қатар, сәулет және қалақұрылысы саласында қаланың 2030 жылға дейінгі даму перспективаларын, нысандардың
орналасу схемасын, бизнес өкілдеріне қажетті мағлұмат беретін Шымкент қаласының бас жоспарының интерактивті
инвестициялық картасы дайындалуда.
Қаланы абаттандыру мақсатында Самал, Шымсая саябақтары, Қасірет мемориалы, әкімшілік-іскерлік орталығының аумағы
аббатандырылып, ашылды. Сонымен қатар, Сайрам т/а Ибрагим ата, Әбдел-Азиз баба, Қарашаш ана және Қызыра пайғамбар
кесенелерін қайта жаңартып, аумақтарын абаттандыру бойынша эскиздік жобалары дайындалды.
Есепті жылы барлық қаржыландыру көздері есебінен 402,5 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылып, көлемі 2016 жылдың
тиісті кезеңімен салыстырғанда 63,2 пайызға артты.
Қалада демографиялық өсімнің жалғасуы қаладағы тұрғын үй құрылысын қарқынды жүргізуді қажет етеді. Қазіргі таңда,
жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй кезегінде 34 мыңнан астам азамат кезекте тіркелген. Осы мақсатта, «Нұрлы жер»
мемлекеттік бағдарламасы бірнеше бағытта іске асырылуда.
Өткен жылы бюджет қаржысы есебінен 4 992 пәтерлі 64 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, 1 566 пәтерлі 18 тұрғын үй
пайдалануға берілді.
Одан бөлек, «Бәйтерек девелопмент» АҚ-ы арқылы 1 928 пәтерлі 34 үй, тұрғын үй комбинаттары арқылы 176 пәтерлі 4 үй,
496 пәтерлі 5 коммерциялық тұрғын үйлер пайдалануға берілді. Нәтижесінде, қала бойынша 4 166 пәтер немесе отбасы
баспанамен қамтамасыз етілді.
Сонымен қатар, «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» шеңберінде 21 тұрғын үйді модернизациялау
жүмыстары және 7 тұрғын үйдің сейсмикалық күшейту жұмыстары жүргізілді.
Одан бөлек, демеушілердің есебінен қаланың орталық бөлігіндегі 33 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеттері көріктендірілді.
Жер қатынастары саласы
Қалада жер қатынастары мәселелерін реттеу бойынша арнайы комиссия жұмыс жасайды. Оның құрамына қалалық мәслихат
депутаттары, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері кіреді.
2017 жылы жер комиссиясында жалпы саны 7 021 құжат қаралып, 4079 құжат келісілді, 2942 құжат бас тартылды.
Есепті жыл ішінде жер мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғаларға 9 096 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде:
–
жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту – 1145;
–
жер учаскесін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту-7265;
–
жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту-686.
Сонымен қатар, 2017 жылы қалалық бюджетке жер телімдерін сату, жалға алу, жалға алу құқығын сату бойынша барлығы 1
273,6 млн.теңге кіріс түсіп, 2016 жылмен салыстырғанда 20,4 пайызға ұлғайды. Ал аукцион арқылы көлемі 1,77 га құрайтын 5
жер учаскесін сату арқылы қала бюджетіне 51 млн.теңге кіріс түсті.
Қаланың Бас жоспарына сәйкес есепті жылы 900 жер пайдаланушылардың алаңы 585 гектарды құрайтын жер учаскелері мен
жылжымайтын мүліктері мемлекет мұқтажына қайтарылды.
Қазіргі таңда, қалада жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін жер кезегінде – 120 мыңнан астам азамат тіркелген. Алдағы
уақытта кезек ретімен «Нұрлы жер» бағдарламасына сәйкес инжнерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүйелері
тартылғаннан кейін «Бозарық-2», «Құрсай-2», «Таскен» және қаланың батыс бөлігінен аумағы 767 га құрайтын 4850 жер
учаскелерін табыстау жоспарлануда. Осы мақсатта «Бозарық-2» тұрғын алабының инжнерлік-коммуникациялық жүйелерінің
ЖСҚ әзірленуде.
Білім саласы
Қалада мемлекеттік білім беру мекемелерінің саны 229-ға жетіп, оның ішінде мектептер – 133 (оқушы саны 178,1 мың),
балабақшалар – 88 (24,7 мың бала), мектептен тыс мекемелер – 8 құрады (19,1 мың оқушы).
«ҚР Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» шеңберінде соңғы жылдары
ауқымды жұмыстар атқарылуда.
2017 жылы білім саласына 45,5 млрд.теңге қаржы бағытталып, 2016 жылмен салыстырғанда қаржы көлемі 9 пайызға артты.
Оның ішінде айлық жалақы қорына 30,8 млрд.теңге бағытталды немесе жалпыдан үлесі 67,7 пайыз.
Отбасылық жағдайы төмен балаларды әлеуметтік қолдау бағытында білім қорына 818,1 млн. теңге қаржы бөлініп, 11 414
оқушы ыстық тамақпен, 5 483 оқушы жазғы сауықтыру лагерлерінде демалыспен қамтылды, 1 650 оқушы «ЭКСПО-2017»
көрмесіне қатысты.
Жаңа оқу жылында 5 927 оқушыларға «Мектепке жол» акциясы барысында көмек көрсетілді.
Білім беру саласына жаңа технологияларды енгізу арқылы білім беру сапасын жақсарту басты басымдықтардың бірі.
Жаңа технологиялармен қамтамасыз ету мақсатында барлық білім беру мекемелері толық компьютерлендіріліп, интернет
желісіне қосылған.
Бүгінгі таңда, білім мекемелерінде интерактивті тақталар саны – 387, 47 биология, 63 физика, 59 химия және 163 лингафон
кабинеттері заманауи жабдықтармен жабдықталған.
2017 жылы мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін 10 000 парта, 1000 тақта, 382 кітап сөрелері
(стилаж) алынды;
–
31 мектептің ауласына қоршау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, қоршау мәселесі толығымен шешілді;
–
19 мектепке спорт алаңшаларының құрылысы салынып, пайдалануға берілді.
–
Барлық мектептер кеңжолақты интернет желісіне қосылып, «WI-FI» құрылғыларымен қамтамасыз етілді.
–
Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша 75 мектеп робототехника құралдарымен жабдықталды.
2017 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеуге 5059 оқушы қатысып, Шымкент қаласы бойынша орта балл 85,2 құрады (2016
жылмен салыстырғанда 2,6 балға жоғары), облыс бойынша 2-ші орынды иеленді.
Білім сапасын жақсарту бағытында ашықтықты, айқындықты қамтамасыз ете отырып, адами факторларға жол бермеу
мақсатында білім саласына электронды жүйе енгізілді.
Атап айтқанда электронды жүйе бойынша 1-ші сыныпқа 21 945 бала қабылданса, балабақшаларға 23 395 бүлдіршінге
жолдама берілді.
Сонымен қатар, 2017 жылдан бастап Шымкент қаласындағы білім беру мекемелеріне мұғалімдерді жұмысқа қабылдау
кезінде ашықтық, әділдік қағидаларын насихаттау үшін конкурс негізінде іріктеу жүргізуге арнайы жүйе құрылды.
Аталған жүйе бойынша білім беру мекемелеріндегі бос орындар thunter.shymkent.gov.kz ресми сайтына жарияланып, құжат
тапсырған үміткерлер мекеме басшысы, білім бөлімінің өкілі, ата-аналар комитетітінің мүшесі, қоғамдық ұйымның өкілі және
БАҚ өкілдерінен құрылған комиссия отырысының әңгімелесу кезеңінен «ХАЛЫҚТЫҚ КЕҢСЕ» мекемесінде өткізілуде.
Бүгінгі күнге дейін конкурстық жүйе бойынша 707 комиссия отырысы өткізіліп, 491 педагог қызметкер жұмысқа
қабылданды.
2017 жылы қалада демографиялық өсімнің жоғары болуына байланысты, оқушылар санының өсімі – заңды құбылыс.
Сондықтан, қалада білім нысандарын дамыту басты міндеттерінің бірі.
Мекемелердің ағымдағы жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 372,0 млн. теңге бағытталып, алғаш рет бөлімге
қарасты 124 мектепте жөндеу жұмыстары толығымен жүргізілді.
Сонымен қатар, 3 мектепте (№27,39,100) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толығымен аяқталды.
Білім нысандарын дамыту бағытында 2017 жылы 6 жаңа мектеп (№97 мектеп-300, Сәуле ш.а. – 1200, Достық ш.а. – 1200,
Жаңаталап т.а. – 600, Қайнар-Бұлақ с.ж. – 1200, ӘІО-1200) және 4 қосымша құрылыстар (№27 жом – 300, №34 жом – 150, №59
–
600, №104 – 300) пайдалануға тапсырылды.
Сонымен қатар, 2017 жылы 5 жаңа мектеп (Бозарық ш.а. – 900, Қызылжар т.а. – 900, Шаңырақ-600, АДЦ – 1200, Тұран –
1200), 4 қосымша ғимарат (№76 – қосалқы ғимарат, № 99 – 300 орын., №103 – 600 орын., №112 – 300 орын.) құрылыс
жұмыстары басталып, 2018 жылы жалғасын табатын болады. Нәтижесінде қалада үш ауысымда білім беретін 8 мектептің 7-нің
мәселесі толығымен шешіліп, 1 мектептің құрылысын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде.
Спорт
Дене шынықтыру және спорт саласы спорттық-бұқаралық іс-шаралар жоспарына сәйкес жұмыс жасайды.
Елбасының «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері атты» Қазақстан халқына
арнаған Жолдауына сәйкес 2020 жылға қарай Республика халқын 30 пайызға дейін бұқаралық спортқа тарту көзделген. Қазіргі
таңда Шымкент қаласында 245 мыңнан астам қала тұрғындары немесе 26 пайызы жүйелі түрде спортпен шұғылданады.
Есепті жылы салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 372 спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып, 57 мыңнан астам
адам қатысты.
Қала спортшылары 2017 жылы өткен Әлем чемпионаттары мен Кубоктарда 9 алтын, 5 күміс, 13 қола медальға ие болды.
Азия чемпионаттарында 31 алтын, 12 күміс, 13 қоланы жеңіп алса, Жабық кешендегі Азия ойындарында 1 алтын, 1 күміс, 3
қола медальге ие болды. Бүкіләлемдік Универсиадада 1 алтын, 1 күміс, 1 қола, Халықаралық жарыстардан 171 алтын, 118
күміс, 177 қола медальді еншіледі. Қазақстан Республикасы чемпионаттарында 313 алтын, 267 күміс, 303 қола медаль,
Республикалық сайыстардан 256 алтын, 202 күміс, 265 қола медаль, Республикалық спартакиадаларда 14 алтын, 31 күміс, 30
қола медальді жеңіп алды.
Қалада спорт нысандарын дамыту мақсатында қалалық №5 бокстан балалар мен жасөспірімдер спорт мектеп ғимаратының
құрылысы жүргізіліп пайдалануға берілді. Сонымен қатар, аталған спорт мектебінің бұрыңғы дене шынықтыру-сауықтыру
кешенінің күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Абай атындағы саябағында 2 дана теннис корты, сиымдылығы 100 орынға арналған мінбе, 20 орындық интернат, 48
орындық асхана ғимараттарының құрылысы жүргізілуде, 2018 жылы аяқтау жоспарлануда.
Сондай-ақ, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде «Қазығұрт» шағын ауданында спортзал құрылысы, «Жиделі»
шағын ауданында спорттық ангар құрылысы басталды.
Мәдениет және тілдерді дамыту
Есепті жылы 11 ресми мерекелік, 150-ден аса мәдени көпшілік іс-шаралар өткізіліп, барлығына 360,0 мыңнан аса қала
тұрғындары қатысты.
Мәдениет саласында 2017 жылдың 11 қазанда Сочи қаласында өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше
мемлекеттердің басшылары кеңесінде 2020 жылы «Шымкент – Тәулесіз мемлекеттер достастығының мәдени астанасы» болып
белгіленді.
Аталған іс-шараны сапалы ұйымдастыру үшін оңтүстік өңірінің өзіне тән ерекшеліктерін ескеріп, арнайы бағдарлама
әзірленді. Қазіргі таңда қаланың сәулеттік көркін реттеу, мәдениет нысандарының құрылысын жүргізу, инфрақұрылымды
жақсарту бағытында облыс әкімінің тапсырмасымен дайындық жұмыстары басталып кетті.
Сонымен қатар, туризмді дамыту мақсатында «Шымкент қалашығы» ескерткіштеріне кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстары
жүргізіліп, 2020 жылға дейін ашық аспан астындағы музей ашу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда, ЮНЕСКО-ң
Дүниежүзілік Мәдени және Табиғи Мұра тізіміне енгізуге Сайрам және «Шымкент қалашығы» номинациялық деректемесі
дайындалды.
Есепті жылы жергілікті бюджеттің қаржысы есебінен Сырдария көшесі №12 балалар кітапханасының құрылысы аяқталды.
Сонымен қатар, Жаңаталап, Сайрам, Қызылжар, Ақжар, Шапырашты елді мекендеріндегі мәдениет үйлерімен клубтарды
күрделі жөндеу үшін жобалық-сметалық құжаттары дайындалды.
Одан бөлек, Шымкент зоологиялық паркін қайта құру жұмыстарының 2-ші кезеңдегі құрылысы жүргізілді.
«ҚР тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру мақсатында
арнайы қалада тілдерді оқыту орталығы жұмыс жасайды.
2017 жылы оқыту орталығы арқылы 1 805 тіл үйренушілер біліктілігін арттырды. Нәтижесінде мемлекеттік тілді меңгерген
тұрғындар саны 90,7 пайызға, орыс тілін меңгерген 82,9 пайызға, ағылшын тілін меңгергендер саны 23,7 пайызға жетті.
Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру
2017 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша экономикалық белсенді халық саны 378,0 мың адамды құрады (өткен
жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,7 пайызға артқан), оның ішінде жұмыспен қамтылғандар – 358,0 мың адам (оның
ішінде өз бетінше жұмыспен қамтылғандар – 124,8 мың адам), жұмыссыздар – 20,0 мың адам.
Азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында қалада бір терезе қағидасы бойынша «Жұмыспен қамту орталығы» жұмыс
жасайды. 2017 жылдың басынан орталыққа жұмыс мәселесі бойынша 19 453 адам өтініш білдіріп, бүгінгі күнге 15 948 адам
жұмыспен қамтылды.
Халықты жұмыспен қамту мақсатында қалада «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-
2021 жылдарға арналған бағдарламасы» іске асырылуда.
Бағдарлама шеңберінде әлеуметтік жұмыс орындарына 1 970 адам, бос жұмыс орындарына 8 488 адам жіберілді. Кәсіби
оқытуға 4 770 адам, жастар практикасы арқылы 1736, қоғамдық жұмыстарға 1591 адам жолданып, 103 азамат шағын
несиелендіру жобасымен қамтылды.
Сонымен қатар, 689 мүмкіндігі шектеулі азаматтар жұмыспен қамтылды.
2017 жылдан бастап орталықта «Мобильдік қосымша» жұмыс істеуде. «Мобильдік қосымшаның» ерекшелігі әкімшілік
кедергісіз, орталыққа келмей-ақ, әрбір қолданушыға өзінде бар бос жұмыс орындарын енгізуге және жұмыс іздеушілерге
жұмыс орындарын тез арада табуға мүмкіндіктер береді.
Азаматтардың әлеуметтік аз қамтылған категорияларына, мүгедектерді оңалту және қарттарға лайықты қызмет көрсету іс-
шаралары жүйелі түрде атқарылуда.
«Өрлеу» жобасында тікелей әлеуметтік қаржылай көмектің орнына, жұмыспен қамту арқылы шартты ақшалай көмек
қарастырылған. «Өрлеу» жобасының мақсаты – әрбір отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін тұрақты немесе уақытша
жұмыстарға орналастыра отырып, отбасының белсенділігін арттыруға шартты ақшалай көмек беру.
Есепті кезеңде 18 252 азаматтың құжаттарын өткізіп, оларға шартты 990,0 млн.теңгеге ақшалай көмек тағайындалды.
2017 жылы табысы төмен 136 отбасына 6,3 млн.теңгеге атаулы әлеуметтік көмек, 35 006 балаға 587,8 млн.теңгеге 18 жасқа
дейінгі балаларға арналған жәрдемақы, 878 отбасына 33,3 млн.теңгеге тұрғын үй көмегі төленді.
Ішкі саясат және жастармен жұмыс жүргізу
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы:
жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын Шымкент қаласы бойынша насихаттау және
түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында 5 ақпараттық-насихаттық топ құрылып, арнайы желілік кестесі бекітілді.
Ақпараттық-насихаттық топпен елді мекендерде, жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарында, мектептерде, қала
аумағындағы кәсіпорындарда, медицина мен әлеуметтік мекемелерде 125 кездесу ұйымдастырылды, оған 13 мыңға жуық қала
тұрғын қатысты.
Сонымен қатар, Жолдауды насихаттау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында арнайы айдарлар ашылып, 157 мақала,
138 сюжеттер көрсетілді.
Қаланың орталық көшелерінде 47 дана баннер мен 4 керме ілініп, тұрғындар көп шоғырланған жерлерде ақпараттық-
насихаттық парақшалар, 2000 брошюра таратылды.
ҚР Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын насихаттау бойынша арнайы іс-
шара жоспары бекітіліп, 27 іс-шара өткізілді. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы бойынша Бұқаралық ақпарат
құралдары беттерінен арнайы айдарлар ашылып, 250 мақала жарияланды.
Көрнекі ақпарат құралдары бойынша жыл басынан 558 әлеуметтік жарнамалар орнатылды. Оның ішінде: ҚР Президентінің
Жолдауы бойынша – 51, Елбасының 5 институционалды реформасын жүзеге асыруға бағытталған 100 нақты қадам идеяларын
түсіндіру мен іске асыруға байланысты – 39, мемлекеттік бағдарламалар («Балапан», «Қол жетімді тұрғын үй», жұмыспен
қамту және т.б.) – 36, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі бойынша – 64 баннер орнатылды.
Қоғамдық саяси ахуал мен ішкі саяси тұрақтылықты сақтау бойынша қала әкімдігі жанынан құрылған өзара іс-қимыл
жөніндегі Кеңес жұмыс жасайды. Аталған Кеңестің 2 отырысы ұйымдастырылып, Шымкент қаласындағы үкіметтік емес
ұйымдардың дамуы және оларға мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдау шаралары туралы мәселелер қаралды.
Үкіметтік емес ұйымдары арқылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 12 – байқау, 53 – кездесу, 2 – конференция,
8 –
акция, 10 – семинар, 22 – дөңгелек үстел, 3 – экскурсия өткізіліп, 18 мың дана кітапша, 23 мың дана ақпараттық парақшалар
шығарылып таратылды.
Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру. Жастар саясатын жүзеге асыруда «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і жұмыс
жасайды.
Жастарды отансүйгіштікке патриоттық рухта тәрбиелеу мақсатында 120 - дан астам іс-шара өткізіліп, оның ішінде
экологиялық сенбілік акциялар, ерікті жастардан құралған «Мейірім топтары», Ұлы Отан, Ауған соғысы ардагерлерінің
қатысуымен партиоттық рухта кездесулер, жастардың діни сауаттылығын арттыру бойынша кездесу өткізілді.
Діни ахуалдың тұрақтылығын сақтау. Қалада 134 діни бірлестік пен филиалдар қызмет атқаруда.
Қала тұрғындары мен жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, кереғар діни ағымдардың зияндығын,
«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңын түсіндіру мақсатында арнайы ақпараттық түсіндірмелік топтар және
қаланың 125 мектебінде «Арнайы орталықтар» құрылған.
Құрылған топтармен жоғары және орта оқу орындарында, мектептерде, мекемелерде қала тұрғындары арасында 313 кездесу
өткізіліп, 26 мыңнан астам адам қатысты.
Қаланың инженерлік-коммуникациялық жүйелері
Ауыз суменқамтамасыз ету
2017 жылы бюджет есебінен Қызылжар, Ынтымақ, Сайрам, Алтын төбе, Тұран шағын аудандарында ауыз су құбырының
құрылысы жүргізіліп,
3 шағын ауданға (Қызылжар, Ынтымақ, Тұран) су тарту құрылыстары аяқталды. Нәтижесінде, 3 300-ден астам абонент ауыз
суға қосылып, қамту деңгейі 92,1%-дан 93%-ға артты.
Сонымен қатар, Достық шағынауданынан Сыпырған ата көшесі арқылы өтетін Темірлан тас жолына дейінгі магистралдық су
құбырының құрылысы басталып, 2018 жылы аяқтау жоспарлануда.
Электрмен қамтамасыз ету
2017 жылғы бюджет есебінен Қазығұрт, Азат, Оңтүстік, Бозарық-1,2,3, Қайтпас-1, Нұртас шағын ауданындағы электр
жүйелерінің құрылыстары жүргізіліп, 2 шағын ауданға (Азат, Қазығұрт) электр жүйелерінің құрылысы аяқталды. Нәтижесінде,
1 550 абонент электр жүйелеріне қосылып, қамту деңгейі 88,0%-дан 89,0%-ға артты.
Сонымен қатар, қаланың солтүстік бөлігін сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету үшін қуаты 220 кВ құрайтын «Бозарық»,
қуаты 110 кВ «Астана-1, 2» подстанцияларының құрылыстары жүргізіліп, 2018 жылы аяқтау жоспарлануда.
Табиғи газбен қамтамасыз ету
2017 жылы бюджет есебінен Бозарық-1,2,3, Ынтымақ-2, Жаңатұрлан, Ұлағат шағынауданына газ тарту жүйелерінің
құрылыстары жүргізіліп, 2 шағын ауданға (Бозарық-1,2,3, Ынтымақ-2) газ жүйелерін тарту құрылысы аяқталды. Нәтижесінде, 3
400-
ден астам абонент газ жүйелеріне қосылып, қамту деңгейі 90,3%– дан 91,6%-ға артты.
Сонымен қатар, Асар, Ынтымак-2, Жаңатұрлан шағын аудандарына магистралды газ құбырының құрылысы жүргізіліп,
пайдалануға берілді.
Кәріз жүйелерімен қамтамасыз ету
Қалада инженерлік жүйелерімен қамту көрсеткіштерінің ішіндегі кәрізбен қамту деңгейі төмен. Осы бағытта 2017 жылы
қаланы кәрізбен қамту жұмыстары қарқынды жүргізілді. Атап айтқанда, бюджет есебінен Самал-1, Самал-2, Қайтпас-1,
Қайтпас-2, Базарқақпа, Солтүстік-батыс, Тоғыс шағын аудандарына кәріз жүйелерінің құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 5 шағын
ауданның (Самал-1, Самал-2, Қайтпас-1, Қайтпас-2, Солтүстік-батыс) кәріз жүйелері пайдалануға берілді. Нәтижесінде, 8 800-
ден астам абонент кәріз жүйелеріне қосылып, қамту деңгейі 41,0%-дан 46,8%-ға артады деп күтілуде. Қазіргі таңда,
абоненттерді орталық кәріз жүйелеріне қосу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, Оразбаев көшесінен Росси көшесіне дейін кәріз жүйелерін тарту, Тассай ш/а Тәуке хан көшесінен Төлеметов
көшесіне дейінгі кәріз коллекторының құрылыс жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді.
Жылу жүйелерімен қамтамасыз ету
«Нұрлы жол» бағдарламасына сәйкес, қаладағы Байтұрсынов, Сапарбаев, Рысқұлов көшелері бойындағы диаметрі 525 мм
құрайтын 5,2 км магистралды жылу жүйелерін қайта құру жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.
Сондай-ақ, қаланың оңтүстік бөлігіндегі ішкі орамдық 20,7 км, солтүстік бөлігіндегі ішкі орамдық 45,2 км жылу жүйелерінде
ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді.
Қаладаға 352 бюджеттік нысан және 1 811 көпқабатты тұрғын үй орталықтандырылған жылу жүйелеріне қосылды.
Транспорт саласы
2017 жылы жергілікті бюджеттің есебінен автомобиль жолдарын жөндеуге және дамытуға 12,8 млрд.теңге бөлініп, 131
көшеде күрделі және орташа жөндеу, 12 көшеде аяқжол (тротуар) салу жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, 69,2 км жолға ағымдағы жөндеу, 136,2 км жолға шағал тас төсеу жұмыстары атқарылды.
Қаланың көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында жыл басынан 14 магистралды көшені қайта құру, 1 жаяу жүргіншілер
өткелі, 1 жол өткелі, сонымен қатар, Самал-1,2 және Бозарық, Солтүстік-батыс, Құрсай шағын аудандарындағы әлеуметтік
нысандарға баратын жол құрылыстары жүргізілді.
Одан бөлек, Арғынбеков көшесінің құрылысы (Темірлан тас жолынан Самал-3 шағын ауданына дейін), атауы жоқ көшенің
құрылыстары (Арғынбеков көшесімен Астана даңғылын жалғайтын), Астана даңғылындағы құрылыстың жалғасы жүргізілуде.
Бұл құрылыстар 2018 жылға өтпелі.
Қаланың даму концепциясы бойынша 5 жерден жолайрық (развязка) құрылысын салу жоспарланған. Оның ішінде 2017
жылы Бекжан базары аумағындағы жолайрықты құрылысы басталып, 2018 жылға өтпелі. Қалған 4 жолайрықтың жобалық-
сметалық құжаттары дайындалуда.
Есепті кезеңде жол қауіпсіздігін реттеу мақсатында 50 жерге 100 дана «Абайлаңыз балалар» ақпараттық жол белгілері, 40
жерге 68 қатардан тұратын 350 метрлік жасанды жол кедергілері, 17 жаңадан бағдаршам нысандары, 15 жерге 30 дана жарық
шамы бар белсенді жол белгілері, 10 дана ақпараттық-көрсеткіштік белгілері, 2 көшеге (Тәуке хан даңғылы және Бәйтереков
көшесі) 1 600 дана катафоттар орнатылды.
Одан бөлек, 186 бағдаршам нысандарына қызмет көрсету, 7000 жол белгілерін күтіп-ұстау, екі компонентті суық пластиктен
және акрильді бояумен жол таңбаларын сызу жұмыстары жүргізілді.
Қаланың орталық көшелеріне жаңа 93 дана заманауи үлгідегі аялдамалар орнатылды. 180 жердегі аялдамаларды сырлау және
алаңшаларын қайта құру, темір қоршауларды сырлау, Қонаев, Темірлан, Тәуке хан көшелеріндегі аялдамаларды көшіру
жұмыстары жүргізілді. Шет аймақтардағы аудандарға 15 жаңа аялдама орнатылды.
Қалада қоғамдық жолаушылар тасымалдау саласында 26 көлік компаниясы 70 бағытта, 1 090 көлік құралдары жолаушыларға
қызмет көрсетуде. Оның ішінде:
46 автобус бағытында – 718 кесте;
24 шағын автобус бағытында – 372 кесте.
Қоғамдық көлік қызметінің сапасын жақсарту мақсатында 129 рейдтік іс-шара ұйымдастырылып, келісім-шарт талаптарын
орындамаған 10 бағытпен келісім-шарт бұзылды.
Қоғамдық көлік қызметінің сапасын жақсарту мақсатында «Green Bus» компаниясы тарапынан 100 автобус алу
жоспарланып, қазіргі таңда, 30 автобус алынды.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
Қаланы жарықтандыру
Жалпы түнгі жарық шам желілерінің ұзындығы 416,4 шақырымды құрайды.
Қаланың 139 орталық көше, 8 саябақ, 32 гүлзар, жалпы саны 31 226 дана түнгі жарықтандыру шамдары күтіп ұсталынуда.
Барлығы 99 көшеде 7 353 шамдары, оның ішінде 2017 жылы 5 950 дана диодты жарықшамдары ауыстырылды.
Осы жұмыстармен қатар, 2017 жылы жаңадан 23 көшені жарықтандыру, 4 көшені қайта құру жұмыстары жүргізіліп, 2018
жылы аяқтау жоспарлануда.
Қаланы санитарлық тазалау
2017 жылы қалада ұзындығы 454 шақырым құрайтын 163 көшеде қолмен санитарлық тазалау және осы көшенің 154-і
механикалық тазалау жұмыстарымен қамтылған. 2017 жылдың қыс айында тайғанаққа қарсы 24 мың куб метр құм, 4 мың
тонна техникалық тұз қоймаға жинақталды.
Жыл басынан санитарлық тазалау жұмыстарына 1000-ға жуық жұмысшылар жұмылдырылған. Сонымен қатар, жиналған
қоқысты полигонға жеткізу, жол жиектерін жуу және т.б жұмыстарына 108 бірлік арнайы мамандандырылған техникалар
пайдаланылуда.
Қаланы абаттандыру және көгалдандыру
Қалада жыл басынан орталық көшелер мен алаңдарды көгалдандыру, шатқалдарды күтіп ұстау, Асар ш/а және Бадам өзені
жағалауын көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда:
–
орталық көшелері бойында 114 га газондар көгалдандырылды;
–
46 850 дана жаңадан егілген ағаш көшеттері күтіп ұсталынды;
–
14 528 шаршы метр жаздық гүл және 44 796 шаршы метр раушан гүлі орындарын күтіп ұстау жұмыстары жүргізілді;
–
Аэропорт бағытынан алаңы 32 мың шаршы метрден асатын 4 жерге гүлзар құру жұмыстары атқарылды;
–
Арғынбеков, Рысқұлов көшелерінің жол бөлу жолақтарына 14 250 шаршы метр жаңа газон алаңдары құрылып, суғару
жүйесі тартылды.
Биылғы жылы шатқалдарды көгалдандыру жұмыстары қолға алынып, 7 жердегі шатқалдарға 12 мыңнан аса ағаш көшеттері
отырғызылып, күтіп ұсталынуда. Шатқалдардың жалпы аумағы 124 га құрайды. Бюджет қаржысы есебінен шатқалдар
аумағына 4 жерден жер асты тік ұңғымалары қазылып, 4 арнайы темір резервуар және 18 км тамшылатып суғару құбырлары
тартылды.
Сонымен қатар, Сайрам ауылындағы «Наурыз», Мәртөбе ауылындағы «Мәртөбе», қаладағы «Металлургтер» саябақтары
қайта құрудан өтіп, аумағына жасыл желектер отырғызылды.
Одан бөлек, көпқабатты тұрғын үйлердің 25 ауласы көріктендіріліп, 2 спорт алаңшасы орнатылды.
Өзен – каналдар, ирригация жүйелерін күтіп ұстау
Жауын-шашын күндері су басудың алдын алу мақсатында арнайы іс-шаралар жоспары бекітіліп, бірқатар жұмыстар
атқаралды. Атап айтқанда:
–
қаланың орталық 10 көшенің ирригация жүйесін қайта құру жұмыстары (Әл-Фараби алаңынан Байтұрсынов көшесіне
дейінгі Иляев, Түркістан көшелері, Момышұлы, Бейбітшілік, Рысқұлбеков, Жангелдин, Қалдаяқов, Асқаров, Желтоқсан,
Қонаев-Түркістан, Тәшенев көшелері) жүргізілді;
–
Тәуке хан даңғылынан Түркістан көшесі тұсымен Қошқар ата өзеніне құятын ұзындығы 300 метр, Қонаев – Түркістан
көшесі қиылысына ұзындығы 175 метрлік арық-атыз орнатылды;
–
Қошқар ата өзенінің соңғы бөлігі 530 метрге биіктетіліп бетондалды;
–
Самал-2 ш/а Ақмаржан көшесінде қашыртқы арық бойына ұзындығы 66 метрлік биіктету жұмыстары және 1 жердегі
автомобиль көпірін алмастыру жұмыстары орындалды;
–
су алуды болдырмау мақсатында бұрынғы қорғасын зауыты арқылы өтетін Бадам өзеніндегі жер асты құбыры (Д-1м) іске
қосылып, қалпына келтіру жүргізілді. Бұл өз кезегінде жауын шашын күндері өзенге жиналған суды реттеуге мүмкіндік береді.
–
Өтегенов көшесі бойына жиналған суды айдау үшін бұрынғы істен шыққан жер астындағы ауыл шаруашылығы
құбырларын іске қосып, КХ-2 бойындағы сайға айдау жұмыстары орындалды.
Сонымен қатар, жергілікті аудан әкімдерінің ұсыныстары негізінде жауын-шашын күндері су алатын арықтарды реттеу
жұмыстарының сметалық-құжаттамалары әзірленіп, 14 жердегі тұйық ирригация жүйесін ретке келтіру жұмыстары жүргізілді.
Жергілікті полиция қызметі
2017 жылдың қорытындысы бойынша 19 914 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,3
пайызға төмендеген. Оның ішінде аса ауыр қылмыстар 19,5 пайызға, ауыр қылмыстар 14,9 пайызға төмендеген.
Қылмыстарды төмендету мақсатында құқықтық тәртіпті сақтауға және нығайтуға бағытталған кешенді іс-шаралар өткізілді.
Атап айтқанда:
–
Қоғамдық жерлерде қылмысты төмендету және криминалдық ахуалды тұрақтандыру мақсатында күнделікті талдау
жұмыстары және жедел профилактикалық іс-шаралар «Құқық тәртібі», «Танысу», «Шторм», «Қауіпсіз жол», «Автобус»
жүргізілуде;
–
Бөтеннің мүлкін ұрлау, пәтер және мал ұрлықтарының алдын алу, ашу мақсатында қылмыстар көп орын алатын аумақтар
сарапталды;
–
Учаскелік полиция инспекторлары мен криминалдық полиция қызметкерлерінің қатысуымен түнгі мобильдік топтар
құрылды.
Биылғы жылы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін
«Шымкент – қауіпсіз қала» жобасы іске асырылуда. Осы жоба бойынша Шымкент қаласы әкімдігінің жанынан үйлестіру
кеңесі құрылды. Кеңестің 3 отырысы өткізілді.
Аталған жоба шеңберінде қала аумағында қылмыстың ахуалы нашар 22 криминогендік аймақтар анықталды. Осы
аймақтарға 4 аудан бойынша полиция қызметкерлері бекітіліп, сауықтыру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.
Қазіргі таңда, қала аумағында 479 бейнебақылау камералары жұмыс атқаруда, оның ішінде 21 көше қиылыстарында
зияткерлік камералар жұмыс жасайды. Сонымен қатар, қалада 17 полиция бекеті бар. Биылғы жылы облыс әкімдігі тарапынан
10 полиция бекеті салынып, қазіргі таңда іске қосу жұмыстары жүргізілуде.
Атқарылған іс-шаралар нәтижесінде, жол көлік оқиғаларының саны 8,1 пайызға, қайтыс болғандар саны 36,1 пайызға,
жарақат алғандар саны 4,7 пайызға төмендеді.
Сыбайлас жемқорлық, құқықбұзушылыққа қарсы күрес
Жыл басынан Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық
комиссиясының 3 мәжілісі өткізіліп, тиісті мекемелерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды орындау үшін
тапсырмалар жолданды.
Сонымен қатар, қалада 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру мақсатында
жыл басынан 19 кездесу, 33 семинар, 31 акция, 67 дөңгелек үстел, 189 ашық сабақтар, 6 спорттық іс-шара өткізілді.
Жиналыстар барысында сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне жол берген көріністерді бейнелеген роликтер көрсетіліп,
ақпараттық парақшалар таратылды.
Одан бөлек, аудан әкімдіктері мен құрылымдық бөлімдерінің интернет-ресурсында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
атты арнайы тарау ашылып, тұрақты түрде жұмыс істеуде. Фейсбук парақшасында өткізілген іс-шаралар бойынша ақпараттар
тұрақты жариялануда.
2018
жылы қала әкімдігінің негізгі міндеттері
–
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция
жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы 10 басым бағытты іске асыру;
–
Индустриялық-инновациялық даму және Бизнестің жол картасы бағдарламалары шеңберінде шағын және орта
кәсіпкерлікті дамытуға ықпал жасау;
–
қалада бизнеске қолайлы жағдай жасау, әкімшілік кедергілерді азайту және бизнесті жүргізуді жеңілдету мақсатында
«Doi
ng Business» жүйесін енгізу;
–
«Шымкент қаласы – Тәуелсіз мемлекеттер достастығының мәдени астанасы» бойынша
дайындық жұмыстарын сапалы жүргізу;
–
Бас жоспарды өзектендіру жұмыстарын аяқтау;
–
«Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде жоспарланған тұрғын үйлердің құрылыс сапасын күшейту және мерзімінде іске
қосылуын қамтамасыз ету;
–
қаланың транспорт мәселесі бойынша жолдардың өткізу қабілетін және қоғамдық көлік қызметінің сапасын жақсарту;
–
Шымкент қаласының 5 жылдық Даму бағдарламасында 2018 жылға жоспарланған көрсеткіштердің орындалуына қол
жеткізу;
–
қаланың 2025 жылға дейінгі Даму концепциясын әзірлеу;
–
қала тұрғындарын толғандыратын мәселелерге мерзімінде шаралар қабылдау үшін «Ашық әкімдік» бағдарламасын іске
асыру;
–
қалалық әкімдік тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы және «қауіпсіз қала» іс-шараларын құзырлы органдармен
бірлесіп іске асыру.
Достарыңызбен бөлісу: |