Сабақ жоспары 8- сынып
Сабақтың тақырыбы: Электр лампасын тізбектей жалғау.
Сабақтың мақсаты:. Оқушыларға электр лампасын тізбектей жалғауды үйрету
Сабақтың міндеті:
Білімділік: : Оқушыларға электр аспаптармен жұмыс істеуді, электр тізбегін құрастыруды үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрістерін дамыту, қиялдарын шыңдау, есте сақтау, жылдамдық, шапшандық қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды электротехникаға деген қызығушылығын тудыру, эстетикалық тәрбие беру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Жұмыс үстінде ұқыптылыққа үйрету.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ..
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, түртіп алу әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: Электр ажыратқыш,электр аша, электр патрон,бұрауыш,қысқыш. .
Пәнаралық байланыс: Физика
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
ІІІ. Сарамандық жұмыс
ІҮ. Сабақты бекіту
ІҮ. Сабақты қорытындылау
V.Үйге тапсырма
І.Ұйымдастыру кезеңі.
1.Оқушылармен амандасу.
2.Оқушыларды түгелдеу.
3.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ.Жаңа сабақты түсіндіру
Адамның өмірінде қолданылып жүрген энергияның ең ыңғайлысы және арзаны электр энергиясы болып табылады.Өндірісте қолданылатын көптеген машиналар, аппараттар, қондырғылар, механизмдер электр энергиясының күшімен жұмыс істейді.
Ток көзі мен электр тұтынушыны өткізгішпен қосу арқылы электр тізбегі алынады. Тізбек қосылған кезде онымен ток жүреді,ал егер оны кез келген жерден үзіп тастаса,
ток тізбек арқылы жүрмейді.Демек токты жүргізу үшін тізбекті қосу керек, ал оны тоқтату үшін тізбекті үзу керек. Тізбекті қосып , үзу үшін арнайы электр ажыратқыштар қолданылады.
Ең қарапайым электр тізбегі төрт элементтен тұрады: ток көзі, ажыратқыш ,электр өткізгіш және қабылдағыш.
Қарапайым тізбекті түсіну өте оңай.Дегенмен тұрмыста кездесетін электр тізбектері күрделі болып келеді. Мысалы, мектептің оқу шеберханасындағы бірнеше электр шамы, электр моторы, электр жабдықтары тағы басқалар бір-бірімен электр тізбегі арқылыжалғасады. Мұндай тізбектің суретін салу қиын.Сондықтан оларды суретпен емес, шартты белгілермен белгілейді.
Шартты белгілермен көрсетілген жүйелерді электр схемасы деп атайды.
Электрден зақымданудан сақтану үшін мынадай қорғаныш жабдықтар қажет: резеңке қолғап, резеңке аяқ киім,резеңке кілемше, қорғауыш штангілер т.б.
Электр монтаждау жұмыстарын орындауда қолданылатын металл аспаптардың (қысқыш, кемпірауыз, бұрауыш т.б.) саптарына резеңке түтік кигізіледі.
Патрондар электр шамдарын электр тізбегіне қосу үшін қажет.Олардың төбеге,қабырғаға бекітілетін және асып қойылатын бірнеше түрі бар. Патрондардың корпусы ток өткізбей – тін материалдардан әзірленеді.Оның ішкі бөлігінде екі түйіспелі бұрауышы болады, ол металл пластинкаларға бекітіледі.
Патрондардың құрылысымен танысу үшін мынадай іс –амалдарды орындайды:
1.Электр патронының корпусынан қақпағын ажыратып алыңдар,оның фарфордан жасалған өзегін шығарыңдар.
2.Өзектің құрылысымен танысып, оның түйіспелерін, түйіспе бұрауыштарын табыңдар.
3.Сымдарды жалғайтын жерлерді біліп алыңдар.
4.Өзекті орнына қайта бекітіп,қақпағын жабыңдар.
5.Патрон қақпағын бекітіңдер.
Электр ажыратқыштары электр тізбегін қосу мен ажырату үшін қажет.Электр ажыратқыштарын монтаждап үйрену үшін мынадай іс –амалдарды орындайды:
1.Ажыратқыштардың қақпақтарын алыңдар, ол үшін бекітіп тұрған бұрауыштарын босатасыңдар.
2.Түйіспелі механиздердің құрылысымен танысыңдар:түйіспелі бұрауышты, мойнағын, сымдардың жалғанатын жерлерін мұқият қараңдар.
3. «Қосу», «ажырату» қалпын анықтаңдар.
4. Қақпақты орнына қойып, бұрауыштарды орнына бекітіңдер.
Электр аша арқылы токтың тұтынушысы мен тізбегі қосылады.Электр ашалардың бөлшектенетін және бөлшектенбейтін түрлері болады.
Бөлшектенетін электр ашаларды монтаждап үйрену үшін мынадай іс-амалдарды орындайды:
1.Электр ашаның корпусындағы бекіткіш бұрауышты шығарыңдар да,корпусты екі бөлікке бөліңдер.
2.Электр ашаның ішкі құрлысымен танысыңдар:түйіспе ашаны,қысқыш планканы, түйіс- пелібұрауышты табыңдар.
3.Сымдардың жалғанатын жерлеріне назар аудар.
4.Электр ашаны қайта жинап,бұрауышпен бекітіңдер.
Электр аспаптармен жұмыс істегенде, көптеген материалдарды пайдаланамыз. Олармен жұмыс істеу үшін арнайы аспаптар қолданылады.
Электр материалдарының қатарына электр сымы, түтікшелер, оқшаулауыш таспа, бау тағы басқа жататын болса, аспаптардың қатарына тістеуік, монтер пышағы, қысқаш, жұмыр қысқыш, бұрауыш тағы басқа жатады. Электр сымдарының ішкі қабаты мыс пен алюминийден, сыртқы қабаты ток өткізбейтін оқшаулауыштан жасалады.
Электр бауы иілгіш оқшаулауыш әзірленіп, тұрмыстық электр жабдықтары мен ток көзін жалғастырады. Ол екі немесе одан да көп ток өткізгіштен ( бір - бірінен оқшауланған ) тұрады. Сымдардың бәрі бір түтіктің ішінде орналасады. Оқшаулауыш таспалар мен түтіктер электр сымдарының жалғанған жерін оқшаулап тұрады.
Сымдарды кесу үшін тістеуікті қолданады. Оның сабы міндетті түрде оқшаулауышпен қапталады. Монтердің пышағы сымнан оқшаклауышты алып тастау үшін қажет. Пышақтың сабы пластмассадан немесе ағаштан жасалады. Қысқыштар электр сымдарын майыстыру немесе бұрау үшін қажет. Бұрауыштың көмегімен электр жабдықтарын құрастырады. Оның сабы да ағаштан немесе пластмассадан жасалған.
Электр тізбегін құрастыру негізінен екі амалдан тұрады:сымды ұштау және оны электр арматурасына жалғау.
Сымдарды ұштап жалғаудың ең қарапайым түрі ілмектеу арқылы жасалады. Ол былай орындалады:
1.Оқшауланатын сым бөлігін сызғышпен өлшеп алады. Сымды немесе бауды тақта үстіне қойып,белгіленген жерден бастап оның оқшаулауышын монтер пышағымен кесіп алады. Пышақ жүзін өзіңнен кері қарай ұста.
2.Оқшаулауышты сымнан ажырату үшін арнайы құрылғыны пайдалан.
3.Сымның қалған ұшын қысқашпен қыс.
4.Сақина мен оқшаулауыштың арасын оқшаулауыш таспамен орап таста.
Электрден зақымданудан сақтану
Электрден зақымданудан сақтану үшін мынадай қорғаныш жабдықтар қажет: резеңке қолғап, резеңке аяқ киім, резеңке кілемше, қорғауыш штангілер тағы басқалар.
Электр монтаждау жұмыстарын орындауда қолданылатын металл аспаптардың (байтесе, қысқыш, кемпірауыз т.б) саптарына резеңке түтік кигізіледі.
1.Ұқыпты, тәртіпті, өте сақ болып, ауызша және жазбаша нұсқауларды бұлжытпай орындау қажет.
2.Жұмыс орныңды мұғалімнің рұқсатынсыз тастап кетпе.
3.Электр аспаптарын ,жабдықтарды тәртіппен жайғастыр.
4.Тапсырманы орындауда қажетсіз заттарды жұмыс орныңда ұстама.
5.Ток көздерін мұғалімнің рұқсатынсыз қоспа.
6.Электр тізбектерін құрастырғанда, жөндегенде, ток көзі ажырап тұруы керек.
7.Электр тогы көзінде, электр қондырғысының басқа бөліктерінде кернеудің бар-жоғын бақылау үшін, арнайы бақылау шамын немесе кернеу көрсеткіш аспапты пайдаланамыз.
8.Кернеу түсіп тұрған электр құралдарының бұзылған жерін байқасаңдар, оларды дереу ток көзінен ағытыңдар да, ол жайлы мұғалімге айтыңдар.
ІІІ.Сарамандық жұмыс
Қажетті материалдар, құрал – жабдықтар:
- бұрауыш,
- қысқыш,
- монтер пышағы,
- сызғыш,
- оқшаулауыш таспа,
- электр сымы,
- электр патрон,
- электр ашасы,
- электр ажыратқыш.
Жұмыс тәртібі:
І. Арнайы киімдерді кию.
ІІ. Қауіпсіздік ережелерімен танысу.
ІІІ. Оқушыларды топтарға бөлу.
ІҮ. Оқушыларға құрал-саймандардың қызметімен таныстыру.
Ү. Оқушыларға тапсырма беру.
1.Сызғышпен өлшеп, сымды ұштау.
2.Ұшталған сымды патронға жалғау.
3.Ұшталған сымды электр ашаға жалғау.
4.Патрондарды тізбектей жалғау.
5.Жалғанған жерлерді оқшаулауыш таспамен орау.
6.Патронға шамды бұрау.
Жұмыс соңында:
1.Құрал-жабдықтарды жинау.
2.Жұмыс орнын ретке келтіру.
ІҮ. Сабақты бекіту.
Электр лампасын жалғаудың неше түрі бар?
Электрден зақымданудан сақтанудың ережелері қандай?
Ү. Сабақты қорытындылау.
ҮІ.Үйге тапсырма
Өтілген жаңа сабақтан түсінік айту.
№266 мектеп-лицей
Электр лампасын тізбектей жалғау
Күні:
Сыныбы:
Пән мұғалімі: Жубаназаров Ерлан
Әйтеке би кенті.
Достарыңызбен бөлісу: |