Қазақстан қауіпсіздігі қҰрылымының


Қазіргі кезеңдегі сыртқы қауіпсіздіктің параметрлері



жүктеу 1,42 Mb.
бет2/6
Дата25.11.2017
өлшемі1,42 Mb.
#1784
1   2   3   4   5   6

1.1 Қазіргі кезеңдегі сыртқы қауіпсіздіктің параметрлері
«XX ғасыр, адамзат тарихының басқа кезеңдерімен салыстырғанда, барлық біздің планетамызды қозғалысқа келтірген уақиғаларға бай кезең болды. Екі дүниежүзілік соғыстар, отаршылдық жүйенің күйреуі және Азия мен Африкада жаңа мемлекеттердің пайда болуы, «бірінші социалистік мемлекеттің және дүниежүзілік социалистік жүйенің пайда болуы жәнеде жүзжылдық соңында оның ыдырауы, экономиканың қарқынды дамуы, планетарлық ғаламдану мемлекеттердің жеке топтарының интеграциялық бірлесулері өткен жүз жылдықты анықтады...»1

Кеңес Одағы ыдырағаннан соң жаңа тәуелсіз Мемлекеттер алдында, оның ішінде, бұрынғы республикалар ішінде ең соңғысы болып – 1991 жылдың 16 желтоқсанында – өзінің тәуелсіздігі туралы жариялаған, Қазақстан Республикасы алдында, ондаған жылдармен қалыптасқан экономикалық, ізгіліктік байланыстарды сақтаумен ұлттық мемлекеттілікті қалыптастыру және нығайту, қоғамдық өмірді түбірлі қайта құрудың іргетастық проблемалары тұрды.

Халықаралық құқықтың дербес субъектісі ретіндегі өзінің болмысының бірінші күндерінен бастап, Қазақстан Республикасы тұтас халықаралық қауіпсіздікті нығайту бойынша дүниежүзілік қоғамдастық салған күштерге және жалпы дүниежүзілік қатынастар жүйесінде өзіне лайықты орынды қамтамасыз етуге белсенді кірісті, бұл ұлттық қауіпсіздіктің өздік стратегиясын әзірлеу қажеттігіне әкелді.

«Адамзаттың өркениетті дамуының барлық тарихи тәжірибесі, мемлекеттің қарқынды және тұрақты өсуі жүзеге асатын шеңбердегі барлық қажетті жағдайлардың ең бастапқысы оның ұлттарының қауіпсіздігі мен мемлекеттігінің сақталуы болып табылатынын куәлендіреді. Еркіндік пен тәуелсіздікті жеңіп алу аз, оны ұстап тұру, нығайту және өзіміздің ұрпақтарымызға беруіміз керек. Келешек ұрпақ біздің ұрпақтарымыз жеңе алмаған қиыншылықтар мен проблемаларды және оларға жеткен жеңілдіктерді бізге кешіреді. Бірақ, егер біз мемлекеттігімізді жоғалтатын болсақ, тәуелсіздіктің стратегиялық негіздерінен, өзіміздің жеріміз бен ресурстарымыздан еркімізбен безетін болсақ, онда бізге ешқандайда кешірімділік жоқ...»2

Кеңес Одағы Қазақстанды сыртқы қауіптер мен ішкі тұрақсыздықтардан қорғады. Бірақ тәуелсіздікті алғаннан соң бұл қорғаушылық өздігінен ешқандай кепілдік бере алмады. Қазақстан жетекшілері мен басқа орталық-азиялық республикасының жетекшілеріне бұрын болып көрмеген дұшпандық қоршаумен кездесуге тура келді. Сыртқы саясат тұрғысынан қарағанда, негізгі қауіптер Қытайдың империялық әрекеттеріне, Ауғанстаннан келетін анархияның таралуына және оңтүстіктегі радикал исламның экспортталуына байланысты.

«Қазақстанның тәуелсіз даму кезеңі бірінші кезекте саяси дербестігінің қалыптасуымен, мойындаудың құқықтық негізімен және Достастық бойынша жаңа көрші – серіктестерменде, бұрынғы шетелдік мемлекеттерменде, халықаралық саясаттық және қаржылық ұйымдарменде мемлекет аралық қатынастарды рәсімдеумен анықталады…. »1

Қазақстан жалпы дүниежүзілік қатынастың келешектегі жүйесінде лайықты орынды өзіне қамтамасыз етуі үшін, елдің мүддесіне ішкіде, сыртқыда сипаттағы проблемалармен келетін нұқсанды барынша болдырмауға бағытталған әрекеттің стратегиясын әзірлеуі керек. Мұндай стратегия келешекті анықтауға және мүмкіндікті апаттарға қарсы сақтандыратын шараларды қабылдауға көмектеседі.

«Қатаң сызылған ұлттық қауіпсіздік концепциясы мен оларды қамтамасыздандыру шараларының болмауы республикадағы ішкі саяси тұрақтылыққа нұқсан келтіруі мүмкін, өйткені бұл фактор кейбір саяси күштер үшін өздерінің жалпы ұлттық емес мүдделерге қол жеткізу мақсатында қолданылады. Одан өзге, мұндай текті құжатты әзірлеу міндеті елдегі жүргізіліп жатқан реформалардың тиімділігін жоғарылату тым қажеттілігімен және Қазақстан Республикасының әлуетті құрылымдарының қызметтеріндегі жетімсіздіктермен байланысты...»2

Соңғы жылдар ішінде Қазақстанда дербес қауіпсіздік туралы анықталған бір көріністер құралды. Олар біздің жас мемлекетіміздің тәуелсіздігін сақтау проблемаларымен тығыз байланысты. Қауіпсіздік туралы көріністің мәліметтері сыртқы және ішкі саясатты жүзеге асыру барысында әзірленген принциптерге сүйенеді. Бұлар келесі принциптер: ішкі саясатта – этникалық және әлеуметтік тұрақтылықты сақтау, экономикалық реформаларды жүргізу, президенттіктің мемлекеттік билігі мен режимін нығайту; сыртқы саясатта – ғаламдық державалар арасындағы баланстану, Достастық шеңберіндегі ұжымдық қорғаныс, азиялық қауіпсіздікті беріктендіру, Орталық Азияның интеграциясы мен еуразиялық идея.

1991 жылдың аяғында және 1992 жылдың басында Қазақстан өзінің бірінші бастапқы, қауіпсіздіктің сынамалы доктринасын белгіледі: екіжақты келісімдерді ТМД механизмдерінен сырт жүргізу, бірақ сонымен бірге Достастық институттарының дамуының жақтаушысы болып қалу. Қазақстанның жетекшілері үш мақсатты анықтады:

1) Ресей Федерациясымен ерекше қатынасты сақтау,

2) орталық – азиялық одақ құруға ұмтылу;

3) ТМД шеңберіндегі қауіпсіздік саласында кеңейген келісімге қол қою.

Одан өзге, Қазақстан мен Өзбекстан Орталық – азия регионының қауіпсіздігі туралы ұқсас көрініске ие болды. Назарбаевтың, Ресей Федерациясы бас болатын ұжымдық қауіпсіздік жүйесіне байланған, Орталық – азия одағы туралы идеясы, нақты іске асырыла алатын еді. Мамыр айының ортасында, 1992 ж. ТМД бірқатар мемлекеттерінің басшылары Ташкентте кездесті. Ельцин мен Назарбаев ұжымдық қауіпсіздік туралы Шартқа қол қойылуы үшін көп күш жұмсады. 15 мамыр 1992 ж. Ресей Федерациясы, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Армения ұжымдық қауіпсіздік туралы Шартқа қол қойды.1

Ұжымдық қауіпсіздік туралы бұл Келісім қатысушы – мемлекеттерге басқа альянстарға кіруге немесе өзара немесе үшінші жақтармен топтасуға тиым салады. Бұл бөлім Ресейдің Орталық Азиядағы жайғасымы үшін ерекше маңызды болды. Бұл бірде-бір шетелдік державаның ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт әрекетте болған кезде, әскери келісім негізінде регионға кіре алмайтынын көрсетті. Сонымен қатар біріккен қорғаныс туралы шартта қарастырылды, оған сәйкес барлық қатысушылар біріне жасалынған шабуылды бәріне жасаған шабуылдай қарастырады. Бұл келісімнің нәтижесінде Ресей Федерациясы Қазақстанның басқа державалармен одақ құруының орнына, оны қорғау міндеттемесін алды.

«1994 жылы сәуірде күшіне енген, Ұжымдық қауіпсіздік туралы Келісім әскери құрылыс аясындағы ынтымақтастықты жөнге салуға әсер етуші инструмент ретінде ғана емес, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін маңызды фактор ретінде, егемендікті қорғау мен қатысушы-мемлекеттердің территориялық тұтастығында өзінің тағайындалуын ақтады, ол ұлттық қарулы күштердің әскери және ұйымдастыруға қатысты нығаюына, АҚҚ біріккен жүйесін сақтауға, ТМД-ға кірмейтін мемлекеттермен шекараларды бірігіп қорғау аймағындағы өзара әрекеттер мен ынтымақтастықтың реттелуіне ықпал етті...»2

«Мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі елдің ұлттық мүдделерін нақты потенциалдық қауіптерден қорғану күйін көрсетеді.

Сыртқы қауіпсіздік – Қазақстан Республикасының нақты және потенциалды қауіптерден және шетелдік мемлекеттер, ұйымдар мен азаматтар тарапынан болатын озбырлықтан қорғану күйі...»3

Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі деп, конституциялық құрылысты сақтауды, мемлекеттің егемендігін, тәуелсіздігі мен территориялық тұтастығын, ішкі және сыртқы қатерден қауіпсіздендіруді, әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саясаттық құрылымдардың тұрақты жұмыс істеуі мен дамуын, билік пен басқарудың институттарының мемлекеттік құрылуын: бейбітшілік пен келісуді, негізгі құқықтар мен еркіндікті қорғауды, құндылық, қоғам және мемлекет мүдделерін есепке алумен өмірлік маңызы бар тұтынуларды қамтамасыз ететін, халықаралық және қоғамдық қатынастардың жүйесі қабылданады.

Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі осы саладағы саясаттың жалпы міндеттері мен басымдылығын қамтитын және қауіпсіздік мақсатына жету арқылы жүзеге асатын стратегияға сүйенеді. Бұл мақсаттар қатердің нақты көздерін айқындайды және сәйкестендіреді, оларды жою механизмдерін анықтайды және қауіпсіздік жүйесіне негізделеді. Қазақстан Республикасының қауіпсіздік жүйесі – бұл республика қауіпсіздігінің ішкі және сыртқы қатерлерден тәжірибе жүзінде іске асырылуын қамтамасыз ететін, мемлекеттік институттар мен саясаттық құралдардың жиынтығы.

Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің стратегиясы қауіпсіздіктің объектілері мен субъектілерін қорғауға бағытталған.

Қауіпсіздіктің негізгі объектілеріне жататындар:

Мемлекет – оның конституциялық құрылысы, егемендік және территориалдық тұтастық;

қоғам – оның материалдық және рухани құндылығы;

тұлға – оның құқығы мен еркіндігі.

Ұлттық қауіпсіздіктің стратегиясы Қазақстан Республикасының өте маңызды мүдделерінің сақталуынан шығады.

Тұрақты тіршіліктік маңызды мүдделерге жататындар:


  • республиканың тәуелсіздігі мен мемлекеттік тұтастығының сақталуы;

  • халықаралық құқық принциптерінде басқа елдермен қатынасты дамыту;

  • Қазақстан Республикасының мүдделерін сақтай отырып халықаралық қатынастарда тайталастықты болдырмау;

  • басқа мемлекеттермен арада пайда болған қарама-қарсылықтарды шешу үшін әскери күштерді қолдануды болдырмау, ұжымдық қауіпсіздік пен ұлттық күштер негізінде шабуылдарды тойтару қабілеттілігін қолдау;

  • азаматтық бейбітшілік пен келісімді сақтау,

  • Республиканың экономикасының дамуын тұрақтандыруды қамтамасыз ету және ғылыми – техникалық потенциалды жоғарылату;

  • азаматтардың саясаттық еркіндігін қамтамасыздандыру үшін және олардың құқығын сақтау үшін демократиялық институттарды дамыту;

  • Қазақстан Республикасының азаматтарының шетелдерде болуы кезіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  • Қоғамның тіршілік әрекетінде дұрыс экологиялық жағдайларды ұстану.

Біріншіден. Қатерлерге қарсы тұру осы қатерлердің сипаты мен масштабына адекватты болуы керек; өз уақытында және ескерпелі.

Екіншіден. Қатерлерді болдырмау және бейтараптандыру бойынша алдын-ала шараларды қабылдау мүмкіндігін қамтамасыздандыру.

Үшіншіден. Регионалдық және жалпы ұлттық қауіпсіздік ішіндегі мүдделердің үйлесімді ұштасуы. Қазақстан қауіпсіздігінің мүддесі тұтастай және оның жеке региондарында органикалық бірлікте шешіледі, бір-біріне нұқсан келтірмей. Осындай бірлікті қамтамасыз ететін механизм қажет.

Төртіншіден. Қазақстан қауіпсіздігі жүйесінің қауіпсіздіктің халықаралық регионалдық (жалпы еуропалық, азиялық-тынық мұхиттық және басқалары) және ғаламдану жүйелерімен, сонымен қатар басқа елдердің, әсіресе көрші елдердің, қауіпсіздіктің ұлттық жүйелерімен тоқайласуы.

Ерекше орынды ТМД және ынтымақтастық елдерінің ұжымдық қауіпсіздігі жүйесі алуы керек – экономикада, саясатта, мәдениет аясында, қорғаныс саласында. «Өзіміздің тәуелсіздігімізді және территориялық тұтастығымызды қамтамасыз ету үшін біз күшті мемлекет болуымыз керек және көрші мемлекеттермен сенімді және достықты қатынасты ұстануымыз керек. Сондықтан біз біздің жақын және тарихи достықтағы көршіміз Ресеймен сенімді және тең құқықты қатынастарымызды дамытамыз және нығайтамыз. Тура осындай сенімділік және тату көршілік қатынасты, өзара тиімді негізде, ҚХР–менде дамытамыз. Қазақстан гегемонизмге қарсы, көрші елдермен достасуға бағытталған Қытай саясатын қолдайды... Біздің орталық – азиялық мемлекеттермен байланысымыз және интеграциялық процестеріміз күшейе түседі...»1



Бесіншіден. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеттерін шешу үшін тартылатын барлық күштер мен құралдарды рационалды және тиімді пайдалану.

Алтыншыдан. Қазақстанның әскери – саясаттық қауіпсіздігін кепілді қамтамасыз ету.

Саясат аясында Қазақстан Республикасының сыртқы қауіпсіздігін анықтайтын қатерлердің негізгі шарттары мен факторлары:



  • Қазақстан Республикасының тұтастығын шайқау, оның ішінде этностар аралық және конфессионалдық қайшылықтарды қолдану жолымен;

  • Қазақстан Республикасына территориалдық талап қойылуы;

  • ТМД – дағы интеграциялық процестердің тұқыртылуы;

  • шектес елдердегі мемлекеттік құрылымның тұрақсыз болуы;

  • шектес мемлекеттердегі қарулы жанжалдар, азаматтық және этнос аралық соқтығысулар және соның салдарынан болатын миграциялық процестер;

  • Қазақстан Республикасының халықаралық жағдайына және беделіне, қауіпсіздігіне қатынасы бар өзекті халықаралық проблемаларды шешуде және халықаралық ұйымдар қызметінде Қазақстан Республикасыныңролінің тарылуы. «Біз түсінеміз, Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне барлық мүмкіндікті потенциалдық қатерлер қазіргі кезде және таяу келешектеде орын алмайды, жәнеде мемлекеттің территориалдық тұтастығына тікелей әскери басып кіру мен қатер болмайды. Ресейдіңде, Қытайдыңда, Батыс пен мұсылман елдерініңде бізге шапқыншылық жасауға себептері жоқ екені айдай анық. Және бұл салыстырмалы айтылған тыныштық пен тұрақтылықтың ара қашықтығы Қазақстанның экономикалық потенциалын тиімді беріктендіру үшін қолданылуы керек, соның негізінде біз ұлттық қауіпсіздіктің сенімді жүйесін құра аламыз...»1

Экономикалық салады:

  • Қазақстан Республикасының экономикалық дербестігін әлсірету, оның технологиялық және өнеркәсіптік потенциалын аздыру, дүниежүзілік экономикадағы отын-шикізат мамандандыруды бекітіп тастау;

  • Қазақстан Республикасының бірқатар шетелдік рыноктарда қатысуын шектеу, сонымен қатар оны олардан ығыстырып шығару;

  • Қазақстан Республикасының алдыңғы қатарлы технологияға жетуіне шектеулер қою;

  • Қазақстан Республикасынан тысқа бақыланбайтын капиталды және жеке стратегиялық маңызды шикізаттық тауарларды әкету;

  • Қазақстан Республикасының қаржылық-экономикалық және саудалық реттеудің халықаралық механизміне толық құқықты қатысуына кедегі келтіру;

  • Қазақстан Республикасының бұрынғы одақтық республикалармен сауда – экономикалық қатынасының реттелінбеуі.

Әскери салада:

  • жергілікті соғыстар мен қарулы жанжалдардың болып жатырған және потенциалды ошақтары, бәрінен бұрын Қазақстан шекарасына тікелей жақын аумақтарда, немесе республикадағы жағдайға ықпал ете алу қабілеті бар жанжалдар;

  • жаппай жою қаруларының ядролық және басқада түрлерін тарату, оларды жеткізу құралдары және әскери өндірістің ең жаңа технологиялары мен оларды жеке елдердің өзінің әскери және саясаттық мақсаттарын жүзеге асыру үшін қолдануға тырысуымен ұштастырылуы;

  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасының қорғануының тұтастық жүйесінің бұзылуы және режимнің анықсыздығы;

  • Қазақстан Республикасымен шекаралас бірқатар мемлекеттердің жаппай жою құралдарының ядролық және басқа түрлерінің болуы;

  • қаруды күштерді шектеу және қысқарту, басқа елдермен қарулы күштерді сапалық және сандық түрде арттыру саласындағы халықаралық шарттардың бұзылуы нәтижесінде стратегиялық тұрақтылықтың бүліну мүмкіндігі.

Экология саласында:

Бәрінен бұрын – Қазақстан Республикасы территориясына техногендік сипаттағы қауіп және белгілі бір мемлекеттердегі экологиялық апаттар салдарынан пайда болатын қауіптер.



Сонымен, Қазақстанның қауіпсіздік проблемалары үшін тынышсыздануы мемлекеттік сипатқа ие болды деп қорытындылауға болады. Ол өзінің қауіпсіздігіне келетін ықпал мен олардың халықаралық маңызын түсінуімен байланысты.

Бүгінгі күннің болмысын талдау, Қазақстанның қолайлы сыртқы саясаттық жағдайда екені туралы айтуға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасы барлық ядролық қарулы державалардан қауіпсіздік кепілдігін алды, 1992 жылғы Ташкенттік Шарт негізінде әскери – саясаттық блоктың қатысушысы болып табылады, еуропалық және азиялық елдермен өзінің қатынасын белсенді түрде дамытуда. Қазақстанның қазіргі әскери саясатының басымдылығы оның халықаралық міндеттемелерімен, ядросыз мемлекет статусымен және геосаясаттық жағдайымен анықталуы керек.

«Біз қандайда болмасын жанжалдың кез – келген әскери шешіміне қатаң қарсыласы болуымыз керек және «көп айғайдан бір байбай» принципін уағыздағанымыз жөн. Ұлттық мүдделерді қорғауды және жақын және алдағы келешектегі күштердің тепе – теңдігін қамтамасыз ететін біздің ең жақсы құралымыз интеграциялық саясат болуы керек, бірінші кезекте – Қазақстанның, Қырғызстанның және Өзбекстанның арасындағы орталық – азиялық одақтың беріктенуі мен дамуы, басқа мемлекеттердің ісіне араласпау, актілер мен келісімдерге басым жағдай жасау, қарама – қайшылықты болдырмау.

Дүниежүзі қарулы жанжалдардың барлық пайдасыздығын түсінгеніне шын ниетімізбен сенсек дағы, ақылға сүйенген держава басқа мемлекеттердің уәделеріне ғана емес, сонымен қатар өзінің елінің қуатына да сенеді...»1


1.2 Тәуелсіздік алумен Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерінің анықталуы
«Қазіргі дүние бұрынғы социалистік лагердің қирауымен байланысты қатерлі түрленуді бастан өткізуде. Биполярлық дүние, қарама – қарсы векторлар бойынша өркендеген, екі Социалдық жүйенің арасындағы бөлінудің артуына әкелетін процестердің әртүрлі бағыттылығымен қатерлі. Екі жүйенің қарама – қайшылықты аясының кеңеюі шарттасатын процестер өрісін тарылтты, бүкіл дүниежүзіндегі қауіпсіздікті қатерге қойды...

Қазіргі этапта дүниежүзі жаңа проблемаларға кезікті. Ең өзектісі – жауапкершіліктің ғалами жүйесінің қалыптасуы арқылы бейбітшілікті сақтап қалу, бұл халықаралық тәртіптің сәйкестікті принциптерін болжайды және әзірлейді...»1

Қазақстанның ұлттық мүддесін анықтаудағы күрделілік, осы қоғамның ең жоғарғы бағалылығының кепілі ретіндегі, Қазақстанның ұлттық – мемлекеттік мүдделерінің мемлекеттілік идеясымен тығыз байланыстылығынан тұрады. Мұндай көзқараста өміршеңдік, мемлекетті сақтау оны қамтамасыз ететін кез – келген құралды заңдастыратын басымдылықты мақсат ретінде мойындалады.

«Басқа Мемлекеттермен халықаралық қатынасқа кірген Қазақстан, өзінің сыртқы саясаттық бағытын ұлттық идея негізінде және жеке ұлттық мүдделері негізінде құруы керек. Ұлттық идея біздің полиэтникалық қоғамымыздың бағалылығын көрсетеді, жәнеде соған сүйене отырып, Қазақстан өзінің ұлттық мүдделерін қорғауы керек... »2

Қазақстанның ұлттық мүддесі ұғымына мемлекеттің территориялық тұтастығын сақтау бойынша, басқару мен саясаттық тәуелсіздіктің негізгі институттары бойынша шаралар кешені кіреді. Одан өзге, ұлттық мүдде қызметтің басқада салаларын қозғайды: Қазақстан азаматтарының шетелдердегі өмірі мен меншіктерін қорғау, аномалдық экономикаға қатынасы бойынша протекционисттік саясат, қазақстандық тауарлардың шетелдік рынокка шығуын қамтамасыз ету, мемлекеттің мәртебесін қолдау және тіршілік пен мәдениеттің опциондық түрін қорғау.

«Геосаясаттық орналасуымен, қуаттылығымен және халықаралық қатынастағы ықпалымен байланысты, Қазақстанның басты ұлттық мүдделерінің қатарына мемлекеттік тұтастық пен сыртқы және ішкі қатерлерден қауіпсіздікті қамтамасыздандыру жатады...»3

Қазақстанның спецификалық (өзіндік) мүдделері мемлекет жетекшісінің саясатында өз тұлғасын табады жәнеде үлкен дәрежеде идеологиялық пен бағалылық белгісін көрсетеді, жеңіл өзгереді және жағдайға бейімделеді.

«Халықаралық аренадағы біздің еліміздің табысын біз шынындада оның жетекшісінің жеке тұлғасымен байланыстырамыз, ол Конституцияға сәйкес сыртқы саясаттың негізгі бағыттарын анықтайды және Қазақстанды халықаралық қатынастарда көрсетеді...»4

Қазақстанда әлеуметтік сілкініс пен қиын реформалар кезеңдеріндегі салыстырмалы тұрақтылықтың ресурстары президент Н.Назарбаевтың қатаң билігі мен қатты ішкі саясатының арқасында орнады. Сыртқы саясатта, әсіресе қауіпсіздік мәселелерінде, Н.Назарбаев мейлінше сәтті жолды таңдап алды: Достастықтың құрылымын беріктендіру және сонымен бірге Ресеймен ерекше байланыстарды тұрақтандыру, Вашингтонда өзін өте жоғары дәрежеде көрсету және Орта және Таяу Шығыста өте күткен қонақ болу. Одан өзге, Н.Назарбаев Қытаймен арадағы салқын қатынасты жұмсарта білді және Азиядағы ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құрудың бастамашысы болды.

Әрине, «Қазақстанның ұлттық мүдделерін жүзеге асырудың шарты болып халықаралық құқықты, бағалылықтың жалпы қабылданған жүйесін және әртүрлі халықаралық проблемаларды шешуге қатысуды сақтау жоспарында дүниежүзілік қоғамдастықта мемлекеттің мәртебесі мен сенімділігін сақтау болып табылады...»1

Заманымыздың ғалами проблемалары, сөзсіз, Қазақстанға да қатысты болады, ол өзінің геосаясаттық жағдайынан және «даму таңбасының» деңгейінен шыға отырып, барлық адамзаттың күнделікті проблемаларынан туатын ұлттық қауіпсіздіктің қатеріне жауап береді.

«Ғалами сипаттамасы бар, Қазақстан ұлттық қауіпсіздігінің басты сыртқы қатері болып үшінші дүниежүзілік соғыстың қатері табылады. Бірақ «екі социал – саясаттық және экономикалық жүйенің қарсылығы ССРО-ның ыдырауымен өзінің текетірестігін жоғалтсада, көптеген жергілікті сипаттағы әскери жанжалдар ядролық державалардыда өзіне тартумен ірі масштабтағы соғысқа айналып кету қауіпі туды...»2. Араларындағы қатынасты жоғары достықты деп атау қиынға түсетін, екі ірі ядролық қарулы державаға тікелей жақын орналасқан Қазақстан үшін, үшінші дүниежүзілік соғыстың қатері бағытты сипатты еді. Қарудың ең жаңа түрлерін қолданумен жүргізілетін, ірі масштабты әскери жанжалдың басталған жағдайында, Қазақстанның барлық территориясы түгелімен соғысу әрекетінің театрына айналады. Мұндай текте өтетін ұрыс Қазақстан үшін зор апаттық сипатта болады.

Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне зор қатер туғызатын, қатарына Жапония жататын батыс елдерінің топтары мен қалған дүние арасындағы даму деңгейіндегі бөлінудің кеңею процесі болып табылады. «Шығыс пен Батыстың, Солтүстік пен Оңтүстіктің қарсы тұруы дүниежүзілік дамудың беталысы болып қалады, өйткені Шығыс пен Оңтүстік елдері дүниежүзілік шаруашылық құрылымында өнеркәсіптік, ауыл шаруашылықтық және шикізаттық аумақты құрайды...»3

Дамыған елдердің Қазақстан территориясына өндірістің экологиялық зиянды және энергосыйымдылықты салаларын орналастыруы, толғантпай қоймайды, өйткені ол республиканың ұлттық мүдделеріне тікелей залал әкеледі.

Ғалами сипаттағы басқа қатерлер таяу және алысты келешектердегі адам өмірінің әрекетін қамтамасыз ететін проблемалармен байланысты. Осындай қауіптердің бірі, қайтадан жанданбайтын энергия көздері ресурстарының құлдырауымен байланысты, энергетикалық тоқырау болып табылады. «Қазақстан іс жүзінде қайта пайда болатын энергия көздерін қолданбайды (күннің, желдің геотермальді және өзендердің гидроэнергиясы), ал мұнайды, газды және көмірді энергия көздері ретінде ойсыз қолдану жабық тиімділікті дамуға және шикізаттық ресурстардың жоғалуына әкеледі...»1

Өмір сүретін жақсы ортаны қалыптастырумен байланысты проблемаларды шешпейінше, Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыздандыру мүмкін емес.

«Ғалами сипаттағы сыртқы қатерлер Қазақстанның ұлттық мүддесін тікелей қозғамауы мүмкін, дегенмен бүкіл дүниежүзінде ортадан ұмтылтын бетбұрыстардың арту жағдайындағы олардың болуына немқұрайлы қарау, сөзсіз республиканың ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету қабілеттілігіне өзінің әсерін тигізеді».2

Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне ықтималды әскери қатер оның геосаясаттық орналасуымен байланысты. Ол әскери, материалдық және жұмылдырылған күштері бар мемлекеттер шеңберінде орналасқан. Одан өзге, Қазақстан екі ірі ядролы державалармен – Қытаймен және Ресеймен шекаралас. Орталық Азия регионында мемлекеттер арасында бұрыннан келе жатқан қарама – қайшылықтар бар (Қазақстан – Өзбекстан, Қырғызстан - Өзбекстан, Өзбекстан – Тәжікстан), олар қарулы жанжалдарға соқтыруы мүмкін, яғни, қазіргі шекаралар шегіне шығарады. «Қазақстанның қауіпсіздігіне сөзсіз әскери қатер туғызатын, бұл Тәжікстан мен Ауғанстандағы жағдайлар. Бұл екі елде азаматтық соғысымен қамтылған, ол оларды Орталық Азиядағы соғыс ошағына айналдырып отыр. Ауғанстандағы жанжал ТМД елдері территориясына өту қауіпі бар, сөйтіп жергілікті жанжалдан регионалдыққа айнала алады...»3. Мұсылман әлемі Қазақстанның исламдануынан үмітін үзбейді, жәнеде оның жетекшілерін Батыс пен Солтүстікке бағдар жасаудан бас тартуға шақырады.

Әскери қатынасы бойынша өте ірі, тіпті қауіпті деп айтуға болатын, Қазақстанның көршісі болып Қытай Халық Республикасы табылады. Қазақстанмен шекарада тактикалық ядролық қарудың алғы пункттерін және жылдам әрекеттегі бөлімшелерді, осы соғыстарды жүргізуге дайындалған және ең алдыңғы технологиялы қарулармен жасақталған армияны орналастыра отырып, Қытай Қазақстанның ядролық қару бар ел статусынан бас тартуын және қазақстандық армияның ұрысқа дайындығының төменгі деңгейін қолдана алады.

Қазақстанның Ресей мен және Орталық Азия елдерімен екі жақты жасалған шарттарының болуы региондағы халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылықтың кепілі болуы керек.

«Қытай Қазақстанның бірден – бір ықтималды әскери қарсыласы, ал екіншісі – Ресей. Құрылуының бастаушысы Қазақстан болған, Орталық – Азиялық одақ Ресейдің регионға түсіретін ықпалына қарсы салмағы болып табылады. Ресей, өз кезегінде, Тәжікстанды Орталық Азияның бұрынғы кеңестік республикаларындағы өзінің әскери қатысуының форпосты ретінде қолданады... »1

Әскери қауіптердің және олардың әскери қатерлерге өсу мүмкіндігінің болуын мойындауға негізделген, әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолдарын нақты бағалауды ұстану керек. Қазақстан Республикасы тікелей әскери соқтығысудың адекватты қауіптерін, өзінің қорғану күштерінің үйлесуіне ұмтылуы керек.

Республика шекарасына жақын орналасқан ірі масштабты әскери топтардың, үлкен жұмылдыру мүмкіндіктерінің және Орталық – азиялық мемлекеттерді қоршайтын елдердің ірі әскери потенциалының болуы, Батыс пен мұсылмандық Шығыстың арасындағы қарама-қайшылықтың артуы, Азия – тынықмұхит регионындағы Қытай гегемониясының қарқындауы, оның салдарынан экономикалық және әскери модернизациялануы, тығыз орналасу проблемасы түсінде ядролық – космостық потенциалдың өсуі және жаңа өмірлік кеңістіктердің қажеттілігі, Қазақстанның келешекте үлкен проблемалармен түйісуіне әкеледі.

«Қазақстанмен тікелей шекаралас елдердің геосаясаттық мүдделерінің қақтығысуы оның территориясын бөлу сынамасына әкеледі. Мемлекеттің тұтастықты сақтай отырып, ары қарай өту үшін, Қазақстан экономикалық реформаны қарқынды өткізіп, мүмкіндікті агрессияға тойтарыс беруге қабілетті мамандандырылған Қарулы Күштерді құру мақсатында әскери потенциалды арттыруы керек...»

Ресеймен құрылған әскери одақ Қазақстанның территориалдық тұтастығы мен егемендігін сақтаудың кепілдігі болып табылады. АҚШ-та Орталық Азиядағы тұрақтылықтың кепілдігі бола алмайды, өйткені осы регионда пайда болу қауіпі бар ірі масштабтағы әскери жанжалға араласпайды, ықтималды әскери жанжалдарды ескермегенде Қазақстанның қатысуымен үш топқа шартты бөлуге болады: а) қылмыстық, б) жергілікті, в) ғалами.

Қылмысты сипаттағы әскери жанжалға Қазақстанды тарту қауіпі республика территориясын есіртілер мен қарулар өткінші тасымалдау кезінде өткізу бекеті ретінде қолданумен байланысты, Сонымен қатар есірткі мен қаруды Қазақстанның өзінде өткізумен байланысты. «Қылмысты сипаттағы әскери жанжалдар, әншейінде, регион шеңберінен шықпайды және сондықтан осы регионға кіретін елдердің ұлттық қауіпсіздігіне едәуір қатер туғызады. Мұндай текті жанжалдар, Қазақстанның егемендігіне қатер келтірместен, ішкі саясаттық жағдайды тұрақсыздандырады және әлеуметтік қарама – қайшылықтарды туғызады. Қазақстанда мемлекеттік шенеуніктермен және құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен жемқорлық күшейген жағдайларда қылмыстық сипаттағы әскери жанжалдар өте қауіпті сипаттамада болады».1

Қазақстанның қатысуымен жергілікті сипаттағы әскери жанжалдар ықтималдығы жеткілікті жоғары. Қазақстанның шекаралық аудандарына бола Ресеймен, Өзбекстанмен және Қытаймен жанжалдар тууы мүмкіндікті. Бұл жанжалдар регионның шекарасынан ары шыға қоймас, дегенмен олардың болуы ірі масштабтағы жанжалдардың басталуына себеп болуы мүмкін.

Одан өзге, Қазақстан исламдық фундаментализмді тарату жолына түсуі мүмкін. Егер өркениеттіліктің тоғысуы жүретін болса, онда Қазақстан территориясы шытынау орынында қалады

«Қазақстанда сыртқы агрессияны ұстауға және тойтарыс беруге қабілетті Қарулы Күштер жоқ. Күрделі геосаясаттық жағдайда және ықтималды әскери қарсыластың болуы кезінде Қазақстанда жақсы дайындалған және қаруланған армияның болмауы, оның өзінің егемендігі мен тәуелсіздігін, өзінің мүдделерін қорғап қалу қабілеттілігін сенімсіз етіп көрсетеді...»2. Қазақстанға әскери қауіпсіздіктің осындай қолайсыз жағдайынан шығу жолды өзінің іздеуі қажет. Осылай жинақталған проблемалардың шешіміне жол табатын басты кілт – әскери реформаны жүргізу.

Сонымен, келесідей қорытынды жасауға болады, Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігінің геостратегиялық қатерлерінің басты көзі болып табылатындар: республиканың өзінің геосаясаттық орналасуы және өзінің дербес ұлттық мүдделерін қамтамасыздандыруға бағытталған, басқа мемлекеттердің әрекеттері.

Оның геосаясаттық орналасуынан шығатын, Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігінің геостратегиялық қатерлері, ең алдымен, Қазақстан екі ірі ядролы державалардың – Қытай және Ресейдің арасында орналасыуымен байланысты.

Әскери қатынастары бойынша екі қуатты мемлекеттермен, бір – біріне қарсылық туа қалған жағдайда, Қазақстанның барлық территориясы түгелімен соғысу әрекетінің театры ретінде қарастырылады.

«Азия – тынықмұхит регионы мен Еуропа арасында байланыстырушы буын болып табылатын, Қазақстанның ыңғайлы орналасуы және бай стратегиялық ресурстарының болуы, республиканы көптеген мемлекеттердің белсенді саясатының объектісіне айналдырады, яғни, олардың мүдделерінің тоқайласуына әкеледі және Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне қатер туғызады...»

Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігінің геостратегиялық қатерлерінің негізгі, таяу келешектегі, пайда болу көздері болып, қамтамасыз етілуі Қазақстанның мемлекеттік егемендігі мен территориялық тұтастығына нұқсан келтіретін, ұлттық мүдделерге негізделген мемлекеттер әрекеті табылады.

Бұл факторлардың барлығында ескеру керек, егер біреуі ескерілмесе бұл Қазақстан үшін саясаттықта, экономикалықта тұрғадан ірі шығындарға соқтырады. Сонымен бірге күшті жақтарды өз жағдайында әдісін біліп реттеу және қолдану Қазақстанға бірқатар пайда келтіреді. «Қазақстанның сыртқы саясаттық бағыты ТМД – ның және бұрынғы кеңестік кеңістіктегі басқада саяси бірлестіктердің өмірсіздігін, халықаралық қатынастар жүйесіне діни және мәдениет-тіл факторларының ықпалының күшеюін, регионалдық байланыстарды барлық деңгейлерде беріктендіруді ескерумен жүргізілуі керек...»1

Қазақстанның сыртқы саясатында ең басты басымдылық болып Орталық Азия регионы бойынша өзінің көршілерімен жан – жақты қатынасты дамыту табылуы керек. Регион ішіндегі байланысты жетілдіру ғана Қазақстанға Ресейден, республиканың егемендігі мен тәуелсіздігі үшін қауіпсіз қашықтыққа алшақтауға мүмкіндік береді. «Қазақ халқы мен Орталық Азия халықтарының (ең алдымен қырғыз және өзбек халқының) этностық мәдениеті мен тілдік жалпылығы регионның елдері арасындағы кейбір қарама – қайшылықты жеңуге мүмкіндік береді...»1

ТМД елдерімен өзара тиімді ынтымақтастықты дамытута, ең өзекті мәселе, бұрынғы кеңестік кеңістіктегі интеграцияның жаңа қарқынын тудыруға әсер ететін, экономикалық негіз болып табылады. Ынтымақтастықтың тереңдеуі тұрғысынан қарағанда, келешекті деп Ресейдің Достастықтың егеменді және тәуелсіз мемлекеттеріне өзінің еркін байлағысы келетіндігі болып табылады. Қазақстанға, сыртқы саясаттық курсты жүргізуде өзінің дербестігін толық немесе бөлікті жоғалтуы қауіпі болатын, саясаттық одақтарға және бірлестіктерге мүше болып кіру тиімсіз.

Германияны қоспағанда, біріккен Еуропа елдері Қазақстанмен экономикалық байланыстан өзге байланыстарды дамытуға қызықпайды. Сондықтан Германияның Қазақстанмен тығыз ынтымақтастықты байланысқысы келетін тілегін, бәрінен бұрын, Орталық Азия регионында республиканың жайғасымын беріктендіру мақсатында қолдану керек.

Таяу Шығыс пен Парсы шығанағы елдері Қазақстанды шикі мұнайды алу және экспорттау аймағындағы өзінің бәсекелесі ретінде қарастырады және бұл жағдай әрине екіжақты қатынастардың сипаттары мен деңгейіне өзінің ықпалын көрсетеді. Осы регионның елдері мен Қазақстанның арасындағы жақындасу діни көзқараста жүруі сенгісіз, егер исламның қазақтардың көп бөлігі үшін соншалықты шешуші роль атқармайтынын ескерсек.

Оңтүстік – Шығыс Азияның елдерімен, қатынасы ХХІ ғасырда осы регионда атқаратын ролін ескере отырып құрылуы керек. Қазақстан, қол жеткен екі жақты және көп тарапты келісімдерге сүйене отырып, Қытаймен тату көршілік қатынасты қолдауы қажет, Жапониямен, Кореямен және басқа елдермен байланыстарын дамытуы керек, республиканың Оңтүстік – Шығыс Азия регионының саяси, экономикалық, әскери ұйымдарына енуіне ұмтылуы керек.

Қазақстанға Азиядағы өзара әрекеттер мен сенімділік шаралары бойынша Мәжілісті шақыру бойынша күшті дамытуы керек, бұл бір жағынан, қауіпсіздіктің континентальдық жүйесін құру туралы бірінші қадамдары болады, ал екінші жағынан – Қазақстанның өзінің Орталық – азиялық региондағы жетекші ретіндегі жайғасымын күшейтеді.

Мәскеу қаласында 1994 жылдың сәуір айында, ММУ өткен дәрісте президент Н.Назарбаевпен жарияланған Еуразиялық одақтың концепциясы, еуразиялық көпірдің ресми қазақстандық доктринасының логикалық жалғасы болды. Қазақстан Президенті дүниежүзінің барлық елдерімен тең құқықты байланысты, саясаттық және экономикалық серіктестер тек қана нақты мүдделер мен жалпы тағдарларының сәйкестігімен таңдалуын қолдады; басқа сөзбен айтқанда , ол еуразиялық дуализмді қолдады.


жүктеу 1,42 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау