Сот төрешілері сот этикасын бұзғаны үшін жазаланды. Ресми статистикаға сəйкес, жылдың
алғашқы тоғыз айында екі сот төрешісі сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмысы үшін
сотталды. 13 маусымда Шымкент қалалық соты Мақта-Арал аудандық сотының төрешісі
Абай Ниязбековты пара алғаны үшін соттады, оны 4,5 жылға бас бостандығынан айырып,
мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кəсіпорындарда жұмыс істеуге тыйым салды. 30
қаңтарда билік органдары Ниязбековті өз кеңсесінде 500 мың теңге (1,360 АҚШ доллары)
көлемінде пара алып жатқан жерінен ұстады.
Əскери соттар əскери қызметкерлерге қатысты қылмыстық іс қаралған кезде азаматтық
айыпталушыны жауапкершілікке тартуға өкілетті. Əскери соттар азаматтық соттар
сияқты қылмыстық кодексті пайдаланады.
Сот ісін жүргізу тəртібі
Барлық айыпталушылар кінəсіздік презумпциясын пайдаланады жəне өзіне
тағылған айыптан заңмен қорғалады. Сот талқылауы ашық түрде өтеді, бірақ
мемлекеттік құпияларды, адамның жеке өмірін немесе азаматтың жеке отбасылық
мүдделерін қорғау сияқты жағдайларда жабық түрде өтеді.
Қазылар алқасының төрешілері 10 алқаби мен бір төрешіден тұрады. Бұл құрам
кəмелетке толмағандарды сату жəне ауыр қылмыс кезінде өлімге кесу немесе өмір бойы
бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауға өкілетті. Белсенділер соттың
алқабилер, сарапшылар мен кəугерлерге көрсеткен қысымын негізге ала отырып,
алқабилердің тағылған айыпқа əділ баға бермегенін сынға алды.
Бақылаушылар алқабилерді іріктеу процесі жүйелі түрде өтпейтінін айтты. Сот
төрешілері алқабилерге қысым көрсетеді жəне бұйрықтарын орындамаған жағдайда
алқабилер құрамын оңай таратады. Заңда мұндай əрекеттер жасаған сот төрешілерін
жауапқа тарту механизмі қарастырылмаған.
Əлеуметтік жағдайы төмен айыпталушылар кеңесші мен мемлекеттік адвокат талап
етуге құқылы. Заң бойынша сотталушы кəмелет жасқа толмаған болса, ақыл-есі не дене
кемістігі болса, сот ісін жүргізу тілінде сөйлемейтін болса немесе 10 жəне одан да көп
жылға бас бостандығынан айырылатын болса, оның мүддесін адвокат қорғауға тиіс.
Алайда деректер бойынша, адвокаттар қылмыстық істердің жартысына ғана қатысады,
бұл кейде үкіметтің тиісінше не уақытында төлем бермегенімен байланысты. Сондай-
ақ заң бойынша айыпталушыларға сот процесіне қатысуға, сотта сөз айтуға, қарсы
куəгерлермен беттесуге жəне сотқа басқа куəгерлерді шақыруға болады.
Айыпталушылардың жоғары сотқа шағымдануға құқығы бар. Бақылаушылардың
пікірінше, прокурорлардың сот процестеріндегі рөлі басымырақ болған соң адвокаттар
екінші кезектегі рөл атқарады.
Ішкі жəне халықаралық құқық қорғау ұйымдары сот жүйесіндегі көптеген мəселелерді
атап өтті. Атап айтқанда, сот процедуралары мен үкіметтің дəлелдеріне қолжетімсіздік,
процесті бұзу жиілілігі, қорғаушының өтінішхаттан бас тартуы жəне сот
төрешілерінің билік органдарының айыпталушыларға кінəні зорлық-зомбылықпен
мойындатқанын тексере алмайтындығы.
Тиісті процестің жоқтығы əлі де мəселе боп қалды, əсіресе оппозиция белсенділерінің
қатысуымен өтетін жəне саяси не қаржылық заң бұзушылықтарды қарастыратын тиімді
саяси сот процестерінің болмауы қиындық тудырады.
Адам құқықтарын қорғаушылар жəне халықаралық бақылаушылар айыпталушыға қарсы
қылмыстық іс қозғау барысында жанама дəлелдердің көптігінен оған кінəсін
мойындатқан жағдайларды баса айтты. Соттар органдар айыпталушыларға кінəсін
күштеп, қысым көрсетіп мойындатқандығы туралы өтінішхаттарды көбінесе назардан тыс
қалдырады.
Саяси тұтқындар мен ұсталғандар
«Ашық Диалог» қоры саяси себептермен тұтқындалған немесе түрмеге қамалған 24
адамның тізімін жасады, ол тізімге жер кодексі белсендісі Макс Бокаев, «Қазақстанның
демократиялық таңдауы» оппозициялық тобының жетекшісі, қашқын банкир Мұхтар
Əблязов пен оған қатысы бар басқа да тұлғалар кірді. Сотталған кəсіподақ жетекшісі
Лариса Харькованың жүріп-тұруына шек қойылып, билік органдарының рұқсатынсыз өз
қаласын тастап кетуге тыйым салынды. Азаптауға қарсы ұлттық алдын алу механизмі
шеңберінде құқық қорғау ұйымдары тұтқындармен байланыса алады.
Жер кодексінің белсендісі Макс Бокаев 2016 жылы жер реформасына бейбіт түрде
наразылық білдіргені үшін бес жылға бас бостандығынан айырылды. БҰҰ-ның
заңсыз тұтқындау жөніндегі жұмыс тобы оның заңсыз тұтқындалғанын мəлімдегенмен,
оны түрмеден шығарған жоқ.
22 қазанда Алматы соты кəсіпкер Искандер Ерімбетовты авиациялық логистикалық
компаниясында бағаны заңсыз бекіткені үшін алаяқтық жасады деп айыптап, оны жеті
жылға бас бостандығынан айырды. Адам құқықтары жөніндегі бақылаушылар тергеу жəне
сот ісін жүргізу барысында орын алған көптеген заң бұзушылықтарды сынға алды, соның
ішінде қатыгездік танытты деп айыптады жəне істің саяси мүддеге негізделгенін айтты. 11
желтоқсанда БҰҰ-ның заңсыз тұтқындау жөніндегі жұмыс тобы айыпталушы бас
бостандығынан заңсыз түрде айырылғанын анықтады. Жұмыс тобы тұтқындау барысында
тұтқындау құжатының жоқтығына, айыпталушы қамауда болған кезде орын алған
процедуралық заң бұзушылықтарға жəне Ерімбетовтың қамауда болған уақытындағы
ахуалы туралы алаңдаушылық білдірді.