5. Дозиметрлік құралдарын консервациялау
10. Дозиметрлік аспаптарды консервациялау бойынша жұмыстар істеген кезде резеңке қолғаптарын пайдалану қажет.
11. Өз жиынтығында салу жәшіктері бар аспаптарды консервациялау барысында қапшықтағы силикагелдің бір бөлігі салу жәшіктеріне, қалған бөлігі тысқа салынады. Силикагель қапшықтары тыстың әр бөлігіне (салу жәшігіне) аспапқа тимейтіндей етіп салынуы керек. Егер бұл мүмкін болмаса, аспап пен қапшықтың арасына полиэтиленді пленка салынады.
12. Қажет болған жағдайда аспаптың шығып тұрған барлық бөлшектері (салу жәшігі) тыстың жыртылып кетпеуі үшін құрғақ орама қағазбен 2 – 3 қабат оралады немесе картоннан жасалған қаптамамен қорғалады.
13. Консервациялауға әзірленген силикагелді аспаптар мен қапшықтар қалыңдығы 200 микроннан кем болмайтын политиленді пленкадан жасалған тыстарға (қапшық) салынады. Салынатын жәшіктің (аспап) көрінетін және көзбен бақылауға ыңғайлы болатын беткі қабатына консервациялау күні белгіленген индикатор қағазы ілінеді.
14. Тыстың (қапшық) ашық бетінің герметизациясы аспап салынғаннан кейін жылумен әсер ету тәсілімен жүзеге асырылады:
тыстың (қапшық) жиектері тегістеледі және қалың қағаздың бірнеше қабатымен оралған тегіс бетімен салынады;
полиэтиленді пленканың жабыстырылған ішкі жағы бензинге (уайт-спирит) батырылған шүберекпен сүртіледі.
пленканың астына және үстіне калька лентасы немесе ені 40 – 50 мм болатын кез келген жұқа қағаз салынады;
тыстың шетінен 25 мм қашықтықтан бірінші ішкі тігіс жабыстырылады. Қалдырылған тесікке шаңсорғыш (өзге де ауа шығару қондырғысы) түтігі салынады және тыстан ауа сорылады. Сору қондырғысының жұмыс жасап тұрған қозғалтқыш түтікті шығарады және тыстың тесігін жабыстырады;
егер бірінші жабыстыру тігісінен кейін тысқа ауа кірмесе, ара қашықтығы 15 мм болатын бірінші тігіске параллель етіп екінші тігісті түсіреді.
15. Жабыстыру тігістерінің мұқият, тегіс, ауаның қалмауын және пленкаларды қатпарланбауын қадағалау керек. Жабыстыру тігістерінің сапасы қыздыру элементінің температурасына және оның пленкамен қатынасының ұзақтығына байланысты. Полиэтиленді пленканы жабыстыру үшін қыздыру элементінің температурасы 150 – 160 С градус болуы қажет.
5. Консервацияланған аспаптарға
техникалық қызмет көрсету
16. Консервацияланған аспаптарды сақтау барысында әлсін - әлсін полиэтиленді тыстардың жағдайын (тесіктердің болмауын, тігістің ыдырамауын) көзбен қадағалайды және индикатор қағазының түсін бағалайды.
17. Орамдағы тыстардың герметикасы бұзылғанда, сондай-ақ орамдарда индикатор қағазының түсі (қанық жасыл қызғылт түске) өзгергенін анықтаған жағдайда аспаптар қайта консервацияланады.
18. Екі жыл сақтаудан кейін (консервациялау немесе қайта консервациялаудан кейін) мына:
аспаптары бар полиэтиленді барлық тыстарды ашу (силикагелдің ылғалдану деңгейіне қарамай);
аспаптар мен салу жәшіктерінің қорғаныс лакты беткі қабатын тексеру;
тотығу ізін алып тастау және лакты беткі қабатын қалпына келтіру;
аспаптарға техникалық сипаттама мен пайдалану жөніндегі нұсқаулық талаптарына сәйкес техникалық қызмет көрсету;
формулярды (паспортты) толтыру;
жеке дозиметрлер жиынтықтарын зарядтау;
дозиметрлік аспаптардың тығыздалуын (қажет болған жағдайда) тексеру;
ылғалданған силикагельдерді міндетті құрғаққа ауыстырумен аспаптарды қайта консервациялау жүзеге асырылады.
______________
Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтау, есепке алу , есептен шығару, кәдеге жарату қағидаларына
3-қосымша
Cақтау орнының паспорты
1. Сақтау орнының түрі
2. Сыйымдылығы _________
3. Жүктеулілігі _________
4. Салынған жылы 20___ж.
5. Ішкі габарит өлшемдері:
ұзындығы ______ м.
ені ______ м.
биіктігі ______ м.
6. Жалпы ауданы ______ м.кв.
7. Пайдалы ауданы ______ м.кв.
8. Құрылыс материалы
қабырғасы _________________
едені __________________
шатыры __________________
тірегі __________________
төсеніші __________________
9. Жылыту ________________
10. Желдеткіш _______________
11. Жарықтануы ________ тоқ көзі
Жалпы пайдаланылатын қуат _____квт.
12. Ток көзімен қоректендірілетін (көтеру механизмдері, желдеткіштер, станоктар, жылытқыштар және т.б.) электрқозғалтқыштардың жалпы қуаты
13. 1 кв. М еденге түсетін күш _______кг.
Ескертпе:
1. Паспорт фанерден жасалады және қара түске боялады. Мәтіні ақ майлы бояумен жазылады, ал қалған деректер бормен жазылады.
2. Сақтау орнының жүктелуі туралы деректер әр айдың бірінші күні көрсетіледі.
_________________
Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтау, есепке алу , есептен шығару, кәдеге жарату қағидаларына
4-қосымша
Сақтау орнындағы ауа температурасы мен ылғалдылығын тіркейтін
журнал
Күні
|
Параметрлерді өлшеу уақыты
|
Құрғақ термометр температурасы 0С
|
Ылғалды термометр температурасы 0С
|
Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы
0С
|
Өлшем жасаған адамның қолы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
__________________________
Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтау, есепке алу , есептен шығару, кәдеге жарату қағидаларына
5-қосымша
Қойманы (сақтау орнын) тексеретін лауазымды тұлғалардың жазба
кітабы
Күні
|
Тексеретін тұлғаның лауазымы, тегі және аты-жөні,
|
Тексеру нәтижелері және аталған кемшіліктер
|
Тексеретін тұлғаның қолы
|
Кемшіліктерді жою мерзімі
|
Қойма (сақтау орны) меңгерушісінің кемшіліктерді жойғаны туралы белгі
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
_______________
Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтау, есепке алу , есептен шығару, кәдеге жарату қағидаларына
6-қосымша
Ұзақ және ағымдағы үшін дайындау жылдар бойынша азаматтық қорғаныс мүлкін есепке алу кітабы
№
|
Жазу күні
|
Мүлік атауы
|
Партия нөмері
|
Өлшем бірлігі
|
Саны
|
Шығарылған жылы
|
Қоймаға түскен жылы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
________________________
Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтау,
есепке алу , есептен шығару,
кәдеге жарату қағидаларына
7-қосымша
Жабық қоймалар (сақтау орнындары) үшін өрт сөндірудің бастапқы
құралдар санын анықтайтын
кесте
№
|
РХБҚ қоры дайындаған материал
|
Қорғалатын аудан
І.м
|
|
|
ОУ-5 қол өрт сөндіргіштері
|
Көбікті өрт сөндіргіштер
|
2 л. хладонды өрт сөндіргіштер
|
ОП-5 және ұнтақты өрт сөндіргіштер
|
Сыйымдылығы 0.5, 1 немесе 3 м. куб. болатын құмды жәшік, күрек
|
Өлшемі 1х1, 2х 1,5, 2х2 м. киіз, киіз бұйымдары, асбест
|
Сыйымдылығы 0,2 м. куб кем емес
|
|
Резеңкетехникалық, металл
|
400
|
|
2
|
|
2
|
1
|
-
|
1*
|
|
Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтар
|
200
|
|
4
|
4
|
2
|
1
|
-
|
-
|
|
Химиялық заттар және реактивтер
|
200
|
2
|
|
|
2
|
1
|
1
|
-
|
|
Сілтілік және сілтілік жер металлдары
|
200
|
|
|
|
4**
|
2
|
2
|
-
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Ескертпе:
1. Барлық сақтау орындары кішігірім жануларды, сондай-ақ өрттерді оқшаулау және жою үшін пайдаланылатын өрт сөндіргіштермен, өрт керек-жарақтармен (суға арналған бөшке, өрт шелектері, асбест мата, құмды жәшік, өрт сөндіру қорғаныстары мен стендтер) және өрт сөндіру құрал-саймандарымен (багралар, сүймендер, балталар, күректер, тор кесетін қайшы және т.б.) қамтамасыз етілген.
2. Бастапқы өрт сөндіру құралдарының қажетті саны сақтау орнының әр үй-жайы үшін есептелуі қажет.
3. Бастапқы өрт сөндірудің түрі мен санын анықтау кезінде жанғыш заттардың физикалық-химиялық және өртке қауіпті қасиетін, олардың өрт сөндіру заттарына қатынасын, сондай-ақ сақтау орыны алаңының, ашық алаңның көлемін ескеру керек.
4. Автоматты стационарлы өрт сөндіру құралдарымен жабдықталған үй-жай өрт сөндірудің бастапқы құралдарымен есеп айырысу санынан 50% есебімен қамтамасыз етілуі қажет.
5. Қымбат бұйымдар шоғырландырылған орындарда өрт сөндіру құралдарының саны көбірек болуы мүмкін.
6. * жазғы уақытқа белгіленеді ** ұнтақты өрт сөндіру құралдары болмаған жағдайда көмірқышқылды қолданылады.
_______________
Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтау,есепке алу , есептен шығару,
кәдеге жарату қағидаларына
8-қосымша
Стеллаждар конструкциясы және оларды сақтау орнының
үй-жайларында орналастыру
Каркасты шахта түріндегі стеллаждар (металлды және аралас) РХБҚ құралдарын тұғырық және пакеттерге оралған түрінде сақтауға аса ыңғайлы болып табылады. Секция тереңдігі (шахта) 800 еседен кем емес немесе 1000 мм (тұғырық ені) болуы қажет.
Бағыттаушы секция (шахталар) ені 1230 мм құрайды (1200 мм. – тұғырық көлденең қиығы, 30 мм. – тұғырық және бағыттаушы арасындағы саңылау).
Стеллаж сөрелі жеңілдетілген конструкциясы ағаш және металды жиналмалы болады. Мұндай сөрелер мүліктерді буылған түрде немесе тұтыну ыдыстарында сақтауға арналған. Стеллаждардың габариттік өлшемдері мен конструкциялары (сөре саны, ара қашықтығы бойынша) үй-жайдың өлшеміне және осы стеллаждарда сақталатын бұйымдар түріне байланысты болады. Мұндай стеллаждар 2-3 қабатты болуы мүмкін. Стеллаж ұзындығы 300 см., биіктігі 340 см. Стеллаждың бекітілуі әр 100 см сайын биіктік бойынша стеллаждың негізі есебінен жасалған. Стеллаждың негізі 25 см биіктікте, стеллаждың жоғарғы бөлігі 15 см құрайды. Стеллаж ені 100 см.
Жеке бұйымдарды сақтау үшін еденнен 25 – 30 см биіктікте болатын тақтайдан жасалған едендік стеллаждардан әзірленеді. Олар конструкцияның қарапайымдылығымен, жеңіл жинақтау, бөлшектеумен және олардың өлшемдерінің өзгеруімен ерекшеленеді. Ұзындығы 300 см. (100 см.-ден 3 секция, биіктігі 25 см және ені 100 см.).
_________________
Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтау,есепке алу , есептен шығару,
кәдеге жарату қағидаларына
9-қосымша
Cтеллаждық таңбалар
Стеллаж N _____________
Есепке алу карточкасы N _____________
Мүліктің атауы _______________
Шығарылған күні ____________________
Партия нөмірі ____________________
Жарамдылық мерзімі ____________________
Жаңарту мерзімі ____________________
Сақтауға жауапты тұлғаның қолы _______________________
Келесі беті
Cапаны тексеру және консервациялау
Тексеру күні
|
Тексеріс жүргізген
тұлғаның қолы
|
Консервациялау жүргізген күні
|
Консервациялау жүргізген
тұлғаның қолы
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |