3. Есепке алу
Параграф 1. Азаматтық қорғаныс мүлкін есепке алу
116. Ұзақ мерзімді сақтауда тұрған азаматтық қорғаныс мүлкі бойынша есепке алу және есептілік, оның қайта бағалануы қойма иелігінде тұрған Азаматтық қорғаныс бастықтары, кәсіпорындар (ұйымдар) нысындар бойынша және белгіленген мерзімде жүзеге асырады.
117. Қоймада азаматтық қорғаныс мүлкінің бар-жоғын есепке алу карточкалар бойынша жүргізіледі. Мүлікті жұмсау, салу, шығару, алмастыру, жаңарту немесе есептен шығару жөніндегі операциялар олардың жасалған күні кіріс-шығыс құжаттарының негізінде жүргізіледі.
118. Бухгалтерлік және қоймалық есепке алуды сәйкестіру жылына екі рет – 1 шілде мен 1 қаңтарда жүргізіледі. Сәйкестендіру актілерінде ауытқушылықтар белгіленеді және оларды жою бойынша шаралар қабылданады.
Параграф 2. Азаматтық қорғау мүлкін сақтау,
жаңарту, алмастыру және есепке алу
бойынша функциялар
119. Кәсіпорындар (ұйымдар) басшылары, Азаматтық қорғаныс бастықтарына:
ұдайы мүлікке мұқтаждық пен онымен қамтамасыз етілуін, оның сапалық жай-күйі мен жинақталуын білу;
жинақталу жоспарын уақытылы және толық орындауға шара қолдану;
қолданыстағы нұсқаулықтар мен директивтерге сәйкес азаматтық қорғаныс мүлкін қоймаларға орналастыру және сақтауды ұйымдастыру;
Азаматтық қорғаныс мүлкін беру тәртібін (кестесін) және мерзімдерін белгілейді;
Азаматтық қорғаныс мүлкін күзетуді ұйымдастыру;
тиісті актілерде нәтижелерін көрсете отырып жылына бір рет азаматтық қорғаныс мүлкінің барлық түрлерінің бар-жоқтығына, жинақталуы мен техникалық жай-күйіне, сақтау мен есепке алу шарттарына толық тексеру ұйымдастыру, анықталған кемшіліктерді жоюға шаралар қолдану;
қоймалар үй-жайларын жөндеуге, құрал-жабдықтар мен мүкәммал сатып алуға қаржы қаражатын, жаңарту, алмастыру, сондай-ақ АҚМ зертханалық сынақ, тексеру және жөндеу бойынша іс-шараларды жоспарлау;
Азаматтық қорғаныс мүлкінің жетіспеушіліктері, жоғалу және бұзылуы анықталған жағдайда кінәлі тұлғаларды, мүліктің бұзылуы немесе жоғалуы себептерін анықтау үшін дереу әкімшілік тексеру тағайындау және оны тез арада толықтыруға шаралар қабылдау;
Азаматтық қорғаныс мүлкінің ұзақ мерзімді сақтау қоймалары жұмысшыларының құқықтары мен функционалдық міндеттерін анықтау;
жүк арту-жүк түсіру механизациясы жүйесін жетілдіру ұсынылады.
120. Азаматтық қорғаныс қызметтері (бөлімдері) бастықтарына:
ұзақ мерзімге сақтауға арналған азаматтық қорғаныс мүлкін толықтыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
барлық қоймалар бойынша азаматтық қорғаныс мүлкін жаңарту және алмастырудың жиынтық жоспарларын жасау, сондай-ақ осы жоспарлар бойынша өтінімдер беру;
тиісті актілерде нәтижелерін көрсете отырып жылына бір рет азаматтық қорғаныс мүлкінің барлық түрлерінің бар-жоқтығына, жинақталуы мен техникалық жай-күйіне, сақтау мен есепке алу шарттарына таңдамалы тексеру өткізу, анықталған кемшіліктерді жоюға шаралар қолдану;
азаматтық қорғаныс мүлкін мақсаты мен берудің кезектілігіне сәйкес қоймаларда азаматтық қорғаныс мүлкін орналастыру тәртібін айқындау;
кепілдендірілген мерзімге сәйкес азаматтық қорғаныс мүлкін жаңарту;
зертханалық сынақтар, дәл бөліктеу және аспаптарды консервациялау үшін азаматтық қорғаныс мүлкін іріктеуді жоспарлау және жүргізу;
азаматтық қорғаныс мүлкін қоймалардан беру тәртібін (кестесін) және мерзімдерін жоспарлау;
қоймалар жұмысшыларын өз міндеттерін орындауға даярлауды жоспарлау және өткізу;
азаматтық қорғаныс мүлкіне техникалық қызмет көрсету және қайта консервациялау бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға, сондай-ақ мүліктің сақталуын қамтамасыз ететін басқа да жұмыстарды жүргізуге қоймалар (сақтау орындары) меңгерушілеріне көмек көрсету,
ұзақ мерзімге сақталатын азаматтық қорғаныс мүлкін сақтау және күтіп ұстаудың озық тәжірибелерін жүйелі түрде енгізу ұсынылады.
121. Ұзақ мерзімге сақталатын азаматтық қорғаныс мүлкі қоймасының меңгерушісі азаматтық қорғаныс мүлкін сақтау, күтіп ұстау, жинау, жаңарту, жөндеу және қоймалық есепке алу мәселелері бойынша практикалық қызметінде тиісті қызметтер (бөлімдер) бастықтарының нұсқауларын орындайды.
122. Қойма меңгерушісіне:
осы Басшылық құжатын және басқа да басшылыққа алынатын құжаттарды, ұзақ мерзімге сақталатын азаматтық қорғаныс мүлкінің барлық түрлерін сақтаудың тәртібін, шарттарын және кепілді мерзімдерін білу;
өз қызметінде осы Қағидаларды және басқа басшылыққа алынатын құжаттарды басшылыққа алу, ұзақ мерзімге сақталатын азаматтық қорғаныс мүлкінің барлық түрлерін сақтаудың тәртібін, шарттарын және кепілді мерзімдерін сақтау;
сақталатын азаматтық қорғаныс мүлкінің жиынтығын білу, оның жекелеген түрлерін бірге сақтау тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ жиынтыққа кіретін жеке заттарды білу;
азаматтық қорғаныс мүлкінің әрбір түрін сақтауға қабылдауға қойылатын техникалық талаптарды білу;
азаматтық қорғаныс мүлкіне техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру, оның сапасын таңдамалы немесе толық бақылау жасау;
қойма үй-жайларының, құрал-жабдықтың, мүкәммал мен өртке қарсы құралдардың дұрыс жұмыс істеуін қадағалау, қойма шаруашылығында анықталған бұзушылықтарды тез арада жою;
сақтау орны меңгерушілерінің (қоймашылар) қызметінің жұмысына басшылық ету;
ай сайын кемінде бір рет ұзақ мерзімге сақталатын азаматтық қорғаныс мүлкіне тексеруді жүргізу;
қойманың сақтау орнына тексеруші адамдарды тек кәсіпорынның (ұйымның) басшысының, Азаматтық қорғаныс бастығының рұқсатымен ғана кіргізу;
азаматтық қорғаныс мүлкін қоймада орналастыру (жиынтығы, партиялары бойынша) жоспары және бекітілген кестеге сәйкес беру схемасының болуы;
қойма жұмысын жоспарлау;
қойманың барлық жұмысшыларының қойма жұмысы бойынша өз лауазымдық міндеттемелерін, нұсқаулықтар мен нұсқауларын орындауын қамтамасыз ету және бөгде адамдардан сақталатын азаматтық қорғаныс мүлкінің номенклатурасы мен санын қатаң құпиялылықта ұстау;
азаматтық қорғаныс мүлкінің жай-күйі, соның ішінде қойманың, жолдардың өртке қарсы жай-күйі және кемшіліктерді жою бойынша қабылданған шаралар туралы күн сайын ұйымның (кәсіпорынның) басшысына баяндау ұсынылады.
123. Сақтау орнының меңгерушісі болып материалдық-жауапты тұлға тағайындалады, ол сақтауда тұрған мүліктің бар-жоғы мен сапалы жай-күйіне, сақтау орны мен оның маңайындағы аумақтық өртке қарсы қауіпсіздік шараларының сақталуына, сондай-ақ өрт сөндіру мен басқа да мүкәммалдың жай-күйіне, сақтау орнындағы қауіпсіздік техникасы қағидаларының орындалуына жауап береді.
Сақтау орны меңгерушісіне (қоймашыға):
осы Қағидаларды басшылыққа алу;
сақталатын азаматтық қорғаныс мүлкінің жиынтығын білу, оның жекелеген түрлерін бірге сақтау тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ жиынтыққа кіретін жеке заттарды білу;
қойма меңгерушісінің нұсқауы бойынша тиісті есепке алу құжаттарын ресімдеумен сақтау орнына азаматтық қорғаныс мүлкін қабылдау және беру;
ұзақ мерзімге сақталатын азаматтық қорғаныс мүлкін қоймалық есепке алуды жүргізу;
азаматтық қорғаныс мүлкін сақтауға арналған жағдайларды ұстап тұру (ауа температурасы мен ылғалдығы);
қолда бар жабдықтың, құрал-саймандардың және өртке қарсы мүкәммалдың бар-жоғын және дұрыс жұмыс істеуін қадағалау;
қатар-қатар қойылған азаматтық қорғаныс мүлкіне апта сайын тексеруді өткізу және сақтау орнында тиісті тәртіп пен тазалықты ұстап тұру;
қойманың азаматтық қорғаныс мүлкін орналастыру жоспарының үзіндісінің және оны беру схемасының болуы;
сақтау орнындағы азаматтық қорғаныс мүлкінің номенклатурасы мен санын жария етпеу ұсынылады.
Параграф 3. Қоймалардағы жұмыс кезіндегі қауіпсіздік техникасының негізгі қағидалары
124. Сақталатын азаматтық қорғаныс мүлкінің номенклатурасы, сақтау шарттарын есепке ала отырып, ұйымның басшысы бекітетін қауіпсіздік шаралары жөніндегі нұсқаулық әзірленеді. Нұсқаулықтың бірінші данасы қауіпсіздік шаралары жөніндегі нұсқама журналына салынады, екіншісі – құжаттама тақтасына (сақтау орнындағы көзге түсетін жерде, жұмыс алаңында және т.б.) ілінеді.
Қауіпсіздік пен еңбекті қорғау шаралары бойынша көрнекі үгіт-насихат (плакаттар, ескертетін жазбалар) кең пайдаланылады.
125. Сақтау орнының бастығы әзірленген нұсқаулық бойынша қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша қол қойғыза отырып жұмысшыларға ұдайы нұсқама өткізіп тұрады. Қосалқы жұмысшылар қауіпсіздік шаралары бойынша нұсқаулықтарды білуіне сынақ тапсырғаннан кейін ғана жұмысқа жіберіледі.
126. Жәшік ыдысындағы жүкті арту-түсіру жұмыстары қолғаппен және арнайы киіммен жүргізіледі. Жәшіктерді қолмен тасу бір жұмысшыға рұқсат етілетін салмақ бойынша жүк нормалары шегінде жүргізіледі. Жәшіктер кейбіреулерінің бұрыштары шықпайтындай, қатар-қатар қойылады.
Мыналар:
жәшіктерді өту орындарына қою, фанерадан жасалған жәшіктерге міну;
трап астына тұру, көліктегі жүк қозғалысын қадағалаусыз қалдыру;
регенеративті патрондары бар іске қосу брикеттерін бір орамаға арту рұқсат етілмейді.
127. Регенеративті патрондары, іске қосу брикеттерін және оттегіні қосымша беретін брикеттерді жою бойынша барлық жұмыстар қорғаныш костюмдері, резеңке қолғаптар, резеңке етіктер және қорғаныш көз әйнегімен, регенеративті затты теріге түсуіне жол бермей жүргізіледі.
Регенеративті патрондары, іске қосу брикеттерінің және оттегіні қосымша беретін брикеттердің футлярларын бояу немесе толық бояу бойынша жұмыстарды жүргізу кезінде бояудың патрон (брикет) ішіне түсуіне жол бермеу керек, өйткені бұл тұтануға алып келуі мүмкін.
128. Механизация құрылдарымен жұмыстар орындау кезінде қауіпсіздік шаралары жөніндегі арнайы талаптар көзделеді, олар әзірленетін нұсқаулықтарға қосылады.
129. Тіркемемен жұмыс істеу кезінде оның жүк платформасының, доңғалақтарының және бекітілетін бөлшектерінің жай-күйі, тұтқаларындағы сақтандырғыш қапсырмаларының дұрыстығы тексеріледі.
130. Қатар-қатар қойғыштармен жұмыс істеу алдында жүкті көтеру мен түсіру механизімінің дұрыстығы тексеріледі. Басты назар жүкті тежегішпен ұстау сенімділігіне аударылады. Жүкті өздігімен түсірер кезінде көтергіш механизм тұтқасының соққысынан қауіптену керек.
131. Рольгангті монтаждау кезінде жүк өзінің салмағының әсерінен немесе аса күш жұмсамай қозғалуы үшін тіреуіштерді берік және түзу орнату, жолдардың иілуін анықтау, жүктің салмағы мен тасымалдаудың қашықтығын ескеру керек; рольгангтардағы жүк тең орналастырылады.
132. Транспортерларды монтаждау (орнату) кезінде еңкею бұрышы жол берілетін шекті межеден жоғары қойылмайды. Транспортер алдын ала жүксіз дұрыс монтаждалғанына тексеріледі.
133. Барлық жағдайда да жүктермен жұмыс істеу үшін тиісті механизмдерді пайдалану қажет. Механизация құралдарын пайдаланатын тұлғаларға қолданылатын механизмдердің құрылғысын, оларды пайдалану қағидаларын жақсы білу керек және жұмыс алдында олардың дұрыстығын тексеру қажет.
134. Әрбір сақтау орнына арналған қауіпсіздік техникасының қағидалары оның жұмысының, сақталатын құралдардың, үй-жайдың құрылғысы мен құрал-жабдықтарының көлемі мен сипатының ескерілуімен, сондай-ақ жүк арту-түсіру жұмыстарын механизациялау құралдарының болуымен нақтыланады және таралады.
Параграф 4. Азаматтық қорғаныс мүлкін биологиялық
зақымдалудан қорғау
135. Кеміргіштер, жәндіктердің кейбір түрлері, сондай-ақ микроағзалар (көгерген зеңдер мен бактериялар) биологиялық зиянкестер болып табылады.
136. Азаматтық қорғаныс мүлкін биологиялық зақымданудан сақтандыру үшін мына профилактикалық іс-шараларды жүйелі түрде өткізу ұсынылады:
биологиялық зиянкестер зақымдаған өнімдерді сақтауға қоюды (салу) болдырмау мақсатында сақтауға келіп түскен өнімдерді тыңғылықты тексеру;
биологиялық зиянкестер сақталатын өнімдерге кіруі мүмкін саңылауларға бекіткіштер, қақпақтар, бітегіштер және басқа да қорғау құралдарын орнату;
стеллаждар бағандарына қорғау күнқағарларын (төменгі жиегі мен еденге дейінгі арақашықтық кемінде 30 см.);
желдету және сақтау орны арқылы өтетін суқұбыры мен басқа да құбырлар жанындағы саңылауларды сым тормен және мөлшері 3 мм артық есем ұяшықтармен жабу;
едендегі, қабырғалардағы, қақпалар мен жылыту жүйесінің құдықтарындағы барлық жарықшақтарды цементпен немесе ұсақталған әйнекті балшықпен сылау, есік пен қақпа жақтауларын темірмен қаптау, есік қуысының табалдырығына биіктігі 35-40 см. темір орнату;
сақтау орнын ұдайы жинау, бос ыдыс пен қоқыстарды уақытылы жою;
сақтау орнын ұдайы желдету;
биологиялық зиянкестердің таралу ошақтары болып табылатын жертөлелер мен әрең қол жететін жерлерді кезеңмен тазалап тұру; сақтау орнында биологиялық зиянкестерді иісімен үркітетін иіс шығаратын заттарды орналастыру;
ағаш өнімдерді (ыдыс, орама мен т.б.) әзірлеу үшін құрғақ материал мен боялған дайын өнімдерді қолдану;
сақтау орнын сыртын периметр бойынша биологиялық зиянкестерді иісімен үркітетін химиялық заттармен өңдеу;
аумақтағы ағаш қалдықтарын, құрғақ шөпті, түскен жапырақ қоқысын жүйелі түрде жинау.
Иіс шығаратын заттар сақтау орнының еденінде қарамай немесе қарамай смоласы бар ыдысты қою, нафталин өнімдерін себу, сақтау орнының сөрелері мен қабырғаларына нафталин бар қаптарды ілу арқылы қолданылады.
Параграф 5. Кеміргіштерден қорғау
137. Кеміргіштер берзент, былғары, қағаз, ағаш, резеңке мен полиэтиленді материалдардан жасалған өнімдерді, сымдардың оқшаулағыштарын зақымдайды.
138. Кеміргіштердің пайда болғандығының белгісі қабырғадағы, едендердегі, жәшіктердегі саңылаулар өнімдердегі тән зақымдаулар, саңғырық, іздер болып табылады.
139. Сақтау орындарын кеміргіштерден қорғау мына тәсілдермен:
кеміргіштердің сақтау орындарына, ыдыстар мен өнімдерге кіруін болдырмайтын профилактикалық шараларды қолданумен;
механикалық, химиялық немесе бактериалды тәсілдерді қолданумен кеміргіштерді үркіту немесе құрту бойынша жұмыстар жүргізумен жүзеге асырылады.
140. Мына тәсілдерді қолдана отырып кеміргіштерден қорғанудың кешенді әдістерін өткізген жөн:
кеміргіштерден механикалық тәсілмен қорғануға сақтау орнының сыртқы қабырғаларында ұстағыш шұңқырларды орнату, кеміргіштер болатын жерлерге қақпандар, тұзақтар орнату жатады;
Кеміргіштермен күресудің химиялық тәсілдеріне у салынған жемді қолдану жатады. Кеміргіштермен күресу үшін ең кең таралған улыхимикаттар: күшәлақышқылды натрий, крысид, көмірқышқыл барий, фторлы натрий, әктас, фосфорлы ұн болып табылады.
140. Улы заттарды қолдану кезінде мына қауіпсіздік талаптарын сақтау:
қорғану құралдарсыз жұмыс істеуге болмайды, ерітінділерді шыны ыдыста дайындау, жұмыстан кейін ыдысты залалсыздандыру;
іс-шараларды аяқтағаннан кейін улау орындарын мұқият тазалау, қалған жемді жою керек.
141. Кеміргіштерден химиялық және бактериялық тәсілдермен қорғану бойынша жұмыстарды өткізу үшін шарт негізінде санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары тартылады.
Параграф 6. Зиянкес жәндіктерден қорғау
142. Зиянкес жәндіктер теріден, тоқыма, былғары, ағаш және басқа материалдардан жасалған өнімдерді зақымдайды.
143. Зиянкес жәндіктерге тері немесе тон күйесі, көйлек күйесі, шарықшы қоңызы, ұзын мұртты қоңыз, қабық құрты қоңызы, сона және т.б. жатады.
144. Оралған ыдыс пен арнайы жабдықта тіпті кішкене саңылау мен қуыстың болуы зиянкес жәндіктердің кіруіне және олардың өнім ішінде ұя салуына ықпал етеді.
145. Зиянкес жәндіктерді жою үшін арнайы гидропульттерден немесе аэрозоль генераторының газ ағынынан зарарсыздандырғыш ерітінділерді шашу арқылы үй-жайды зарарсыздандыру (дезинсекция) тәсілі қолданылады.
146. Зарарсыздандырғыш ерітінді ретінде керосинді ерітінді немесе немесе темекі тұнбасы қолданылуы мүмкін.
147. Керосин ерітіндісі мына тәсілмен дайындалады: жасыл сабының 80 г. 6.6 л. Қайнаған суға ерітіледі, ерітінді көбікке айналдырылады, одан кейін оған 8 л. керосин құйылады, осылай алынған ерітінді 150 л. жылы суға араластырылады.
148. Зарарсыздандыру өткізу кезінде сақтау орнында азаматтық қорғаныс мүлкіне зарарсыздандыру ерітіндісінің тамып кетуінен қорғау шаралары қабылданады.
149. Өнімдердің ағаш бөліктерінің зақымдалуы (құрт жеуі) анықталған кезде зақымдалған жерлерден бояуды өшіріп, оны бірнеше рет антисептикпен сүртіп, сылап және өнімді толық немесе ішінара бояу керек.
Параграф 7. Микробиологиялық зақымданудан қорғау
150. Микроағзалар, негізінен көгерген бактериялар мен зеңдер тоқыма мен полимерлі материалдардан жасалған өнімдерді, лакпен сырланған жабындарды, опиткалық аспаптарды, ағаштан жасалған өнімдерді, сондай-ақ әртүрлі материалдардың тотығу процессін тездетеді.
151. Микроағзалардың дамуының сыртқы белгісі өнім сырты көгеруі немесе әртүрлі түсті шырыштың пайда болуы болып табылады.
152. Азаматтық қорғаныс мүлкінің биологиялық зақымдануының алдын алу мақсатында анықталған көгеру немесе шырышты формалиннің 5% ерітіндісіне салынған шүберекпен сүрту керек, өнімді ұдайы құрғатып және микроағзалардың дамуына ықпал ететін жағдайларды (аса жоғары дымқылдық, температура) болдырмау бойынша шараларды қабылдап отыру қажет.
153. Оптикалық аспаптардың сыртын ұдайы этил спиртімен сүрту керек. Ағаш конструкциялар мен сақтау орнының бөлшектері, ыдыстар мен орамаларды құрғатып және зарарсыздандырғыш құралдармен (антисептикпен) сүрту керек.
Параграф 8. Жеке қорғану құралдарын беру
154. Соғыс және бейбіт уақытында жеке қорғану құралдарын беруді ұйымдастыру мен тәртібі орталық, жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдар әзірлейтін жоспарлармен белгіленеді.
155. Жоспарларды Азаматтық қорғаныстың тиісті бастықтары бекітеді.
Жоспарларда жеке қорғану құралдарын беру, мерзімдер, саны мен объектілер бойынша тарату кезегі белгіленеді, қоймалардан әкету және беру пункттеріне жеткізуге, беруді, өлшемін сәйкестендіруді және газқағарларды тексеруді, ЖҚҚ тасымалдау үшін көлікпен қамтамасыз ету және жүк арту мен жүк түсіру командаларын бөлуді ұйымдастыруға жауапты тұлғалар айқындалады.
4. Азаматтық қорғау мүлкін есептен шығару
156. Пайдалануда немесе сақтауда тұрған азаматтық қорғаныс мүлкін сақтаудың шекті мерзімі өтуі бойынша, сондай-ақ мемлекеттік стандарттар немесе техникалық шарттармен белгіленген нормативтік көрсеткіштерден ауытқуы анықталған кезде есептен шығаруға жатады.
157. Комиссия осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес мекеме немесе ұйымның бірінші басшысының бұйрығымен құрылады.
158. Азаматтық қорғаныс мүлкін есептен шығару техникалық (сапалық) жай-күйінің актісіне (осы Қағидаларға 19-қосымша) және нормативтік көрсеткіштерден ауытқуының болуы туралы зертханалық қорытындыға сәйкес жүзеге асыралады.
159. Азаматтық қорғаныс мүлкін есептен шығару кезінде комиссия осы Қағидаларға 20-қосымшаға сәйкес есептен шығару актісін жасайды.
160. Сақтаудың шекті мерзімі өтуі бойынша азаматтық қорғаныс мүлкін есептен шығару зертханалық сынақтар өткізусіз, сақтаудың шекті мерзімі өтуін растайтын құжаттардың (паспорт, журнал) негізінде жүргізіледі (осы Қағидаларға 16-қосымша).
161. Азаматтық қорғаныс мүлкін қорғаныш және пайдалану сипаттарын тексеру мақсатында оған зертханалық сынақ жүргізуді азаматтық қорғаныс мүлкіне тексеру жүргізуге аккредиттелген уәкілетті ұйымдар мен кәсіпорындар жүзеге асырады.
162. Пайдаланылатын азаматтық қорғаныс мүлкінің техникалық жай-күйін анықтау үшін оларды әрбір қолданғаннан кейін қарау, өлшеу және тексеру жүргізіледі, тозу дәрежесі белгіленеді. Бар ақаулықтары есептен шығаруға себеп болып табылады.
163. Мекеме, ұйым басшысының шешімі бойынша азаматтық қорғаныс мүлкін оқу процесінде пайдалану үшін білім беру мекемелеріне берілуі мүмкін.
5. Азаматтық қорғаныс мүлкін кәдеге жарату тәртібі
164. Азаматтық қорғаныс мүлкін есептен шығару актісінің негізінде осы Қағидаларға 21-қосымшаға сәйкес азаматтық қорғаныс мүлкін кәдеге жарату актісі жасалады.
165. Азаматтық қорғаныс мүлкін кәдеге жаратуды уәкілетті ұйым жүргізеді, ол Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексіне сәйкес қосалқы бөлшектерді (компоненттерді) кәдеге жарату әдістері мен тәсілдерін өздігімен таңдайды.
166. Кәдеге жаратуға арналған полигондарда (қоймаларда) кәдеге жарату үшін азаматтық қорғаныс мүлкінің қосалқы бөлшектерін (компоненттерін) қайта өңдеу немесе одан әрі пайдалануға дейін уақытша сақтау көзделеді.
_______________
Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтау, есепке алу, есептен шығару, кәдеге жарату қағидаларына
1-қосымша
Қоймаларға арналған үлгілік кестелер мен көрсеткіштер (атау)
Машина тұрағы
Техника қабылдау алаңы
Шылым шегу орны
Өрт сөндіру суқоймасы
Өрт сөндіру құралдарын сақтау орны
Өртке қарсы жағдайға жауапты
Т.А.Ә___________________
Ескертпе жазулар:
Кіруге рұқсат жоқ!
Шылым шегуге болмайды!
Назар аударыңыз! Өрт болған жағдайда мына телефонға ________ қоңырау шалыңыз.
Сақтау орнынан шыққан уақытта сыртқы шаппа қосқыштарды өшір!
_________________________
Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтау, есепке алу , есептен шығару, кәдеге жарату қағидаларына
2-қосымша
Дозиметрлік аспаптарды консервациялау және қайта консервациялау
1. Аспаптарды консервациялауға дайындау
1. Консервациялау алдында аспаптар мен қондырғылар техникалық сипаттамалар мен пайдалану жөніндегі нұсқаулықтар талаптарына сәйкес мерзімді техникалық қызмет көрсетуден өтеді.
2. Құралдарды консервациялауға дайындау барысында оларды шаңнан, кірден және ескі майлаудан мұқият тазартылады. Ылғалды, шаңды және кірді кетіру жұмсақ шүберекпен сүртіледі, қиын қол жетімді орындар щетка көмегімен тазартылады. Бөлшектердің барлық майлаулары (тұтқа, бекіту винттері құлыптар, карабиндер, және т.б.) бензинге немесе уайт-спиритке батырылған шүберекпен сүртіледі. Су және басқа да сұйықтықтарды пайдалануға рұқсат етілмейді.
3. Аспаптар мен қондырғылар тыстарына салынбас бұрын салынатын жәшіктерімен бірге оларды 24 сағат ішінде температурасы +15 0С төмен емес және ауа ылғалдылығы 65% жоғары емес үй-жайларда ұстау жолымен кептіріледі.
2. Силикагельді дайындау
4. Аспаптарды консервациялау кезінде ылғалдылығы 2%-дан кем емес ұсақ кеуекті түйіршікті ҰІС (ұсақ кеуекті ірі силикагель) немесе ҰШС (ұсақ кеуекті шихталы силикагель) маркалы силикагельдер қолданылады.
5. Силикагельді полиэтиленді тыстарға салмас бұрын оны кептіргіш шкафтарда немесе арнаулы кептіргіштерде кептіреді. Бұл үшін силикагельді қалыңдығы 5 см аспайтын тартпаларға салынады және 200-2500С температурада әлсін араластырып отырып, 3-5 сағат кептіреді. Кепкен силикагелдің ылғалдылығы 2%-дан аспау керек.
Ескертпе: 350 0С-дан асқан температурада силикагель бұзылады және ылғалды сору қабілеттілігі жойылады. Силикагель бірнеше рет регенерацияға жіберіледі (20 ретке дейін), бұл жағдайда оның ылғал сору қасиеті жойылмайды.
6. Тыстарға салу үшін силикагель өлшемі 120-да 200мм баумен тартылатын мақта-матадан жасалған қапшықтарға артық, кем 20 г 200 г-нан салынады. Өлшеп орау өлшеу құралдарымен жүзеге асырылады. Силикагель ылғалмен қанықпауы үшін оны өлшеу аспаптармен тыстарға салу алдында және тысты соңғы дәнекерлеу жүргізіледі. Қапшықтарға салынған силикагельді ашық ауада 30 минут артық ұстауға болмайды. Силикагель салынған қапшықтардың ұзақ сақталуын қамтамасыз ету үшін оларды герметикалық ыдысқа салады.
3. Индикатор қағазын дайындау
7. Индикатор қағазы диаметрі 10 см әдеттегі сүзгі қағазына 3 тамшы индикатор ерітіндісін тамызумен әзірленеді.
8. Индикатор ерітіндісін дайындау үшін 100 мл дистиллденген суға 25 г хлорлы кобальт, 1 г хлорлы аммоний және 2,5 г мыс купоросын ерітеді, содан кейін ерітіндіні қайнауға дейін қыздырады.
9. Құрғақ индикатор қағазы салыстырмалы ауа ылғалдылығы 50 – 55% болғанда қанық жасыл түске ие болады, ылғалданған уақытта ашық қызыл түске боялады. Тыстарға қанық жасыл түсі бар құрғақ индикатор қағазы салынады.
Достарыңызбен бөлісу: |