Азаматтық және эксперименттік авиация үшін ұшуға дайындау қағидаларын бекіту туралы


§ 3. Ұшар алдындағы "брифинг" үлгісі бойынша ақпараттық консультациялық қызмет көрсету



жүктеу 1,15 Mb.
бет3/9
Дата10.12.2017
өлшемі1,15 Mb.
#3715
1   2   3   4   5   6   7   8   9
§ 3. Ұшар алдындағы "брифинг" үлгісі бойынша ақпараттық консультациялық қызмет көрсету
      43. Әуе кемелерінің экипаждарына ұшар алдындағы ақпараттық-консультациялық қызмет көрсету әуе кемелері экипаждарының ұшып шығуға өздігінен дайындалуын көздейді.
      44. Әуеайлақтық метеорологиялық орган пайдаланушы және экипаждың ұшу мүшелеріне метеорологиялық құжаттаманы уақтылы дайындауды қамтамасыз етеді. Метеорологиялық құжат әуеайлақтың метеорологиялық органның кеңсесінде немесе брифинг бөлмесінде әуе кемесінің экипажына (пайдаланушыға немесе оның өкіліне) беріледі. Сұрау салу бойынша ұшу экипажының мүшелеріне және (немесе) өзге қызметкерлеріне өндірістік ұшуларға байланысты консультация беріледі.
      Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 29.07.2013 № 577 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      45. Ұшар алдындағы ақпараттық-консультациялық қызмет көрсету кезінде транзиттік рейстердің экипаждары ұшар алдындағы ақпарат пакеттерімен қамтамасыз етіледі.
      46. Брифинг бойынша диспетчер мынадай функцияларды орындайды:
      1) аэронавигациялық ақпарат қызметінен ұшу ақпаратының бюллетенін, NOTAM және SNOTAM алады;
      2) ұшуларға тыйым салулар мен шектеулер туралы ақпаратты стендке уақтылы қояды;
      3) әуе кемелерінің экипаждарына аэронавигациялық жағдайға қатысы бар анықтамалық материалдарды береді;
      4) әуе кемелерінің экипаждары (пайдаланушыға немесе оның өкіліне) үшін ұшар алдындағы ақпарат пакетін тәуліктік ұшулар жоспарына сәйкес қалыптастырады, оларға: метеорологиялық құжаттама, флайт жоспарлар бланкілері, ұшу ақпаратының бюллетені, NOTAM, SNOTAM және ұшудың (ұшулардың) навигациялық жоспары кіреді береді;
      5) флайт-жоспарды (ұшу немесе ұшулар жоспарын» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 506 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларына сәйкес тиісті мекенжайларға жібереді;
      6) әуежайдың тәуліктік ұшулар жоспарының көшірмесіне ақпараттық-консультациялық қызмет көрсетуді өткізу туралы белгі жасайды;
      7) тәуліктік ұшулар жоспарына енгізілмеген рейстерге өтінімдер келіп түскен кезде олар үшін ұшар алдындағы ақпарат пакеттерін дайындайды;
      8) аэронавигациялық ақпарат қызметтерінен әуе кемелерінің экипаждарынан берілген өтінімдердің негізінде ұшу ақпаратының бюллетень дерін сұратады;
      9) метеорологиялық қамтамасыз ету органдарының қызметтеріне әуе кемелерінің экипаждарынан (пайдаланушыдан немесе оның өкілінен) берілген өтінімдердің негізінде метеорологиялық құжаттаманы дайындауға өтінім береді;
      10) әуе кемелерінің экипаждарынан флайт-жоспарды дұрыс толтыруды талап етеді.
      Ескерту. 46-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 29.07.2013 № 577 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      47. Брифинг бойынша диспетчер мыналарды:
      1) әуежайдың тәуліктік ұшу жоспарына және берілген флайт жоспарға сәйкес әуежайдан ұшып шығатын әуе кемелерінің экипаждары үшін ұшар алдындағы ақпарат пакетін уақтылы және толық ұсынуды;
      2) ұшуларға тыйым салулар мен шектеулер туралы ақпаратты уақтылы жеткізуді;
      3) брифинг бөлмесінде тұрған құжаттардың сақталуын;
      4) әуе кемелерінің экипаждарына (пайдаланушыға немесе оның өкіліне) сапалы ақпараттық-консультациялық қызмет көрсетуді қамтамасыз етуді және өзінің лауазымдық нұсқаулығының орындалуын қамтамасыз етеді және бақылайды.
      Ескерту. 47-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 29.07.2013 № 577 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      48. Аэронавигациялық ақпарат қызметтері немесе NOTAM - офистері ұшу ақпаратының бюллетендерін және әуеайлақтары мен әуе трассалары бойынша тыйым салулар мен шектеулер туралы ескертулер парақтарын тиісті түрде және дұрыс дайындауды және беруді қамтамасыз етеді және бақылайды.
      48-1. Аралық әуежайларда әуе кемелерінің экипаждарына ұшар алдындағы ақпараттық-консультативтік қызмет көрсеткен кезде ұшу алдындағы дайындық уақытын қысқарту мақсатында пайдаланушы немесе оның өкіліне метеорологиялық ақпарат пен ұшу құжаттамасын бортқа жеткізуге рұқсат береді.
      Пайдаланушы немесе оның тағайындалған өкілі әуе кемесінің экипажын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 103 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшудың негізгі қағидаларында» көзделген метеорологиялық ақпарат пен ұшу құжаттамасын толық көлемде дер кезінде қамтамасыз етуді және оны жеткізуді ұйымдастырады, оларға: флайт-жоспар, ұшар алдындағы ақпарат бюллетені, NOTAM (SNOTAM, ASHTAM) және ұшудың навигациялық жоспары кіреді.
      Ескерту. 3-параграф 48-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 29.07.2013 № 577 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
§ 3-1. Ұшу экипажы мүшелерін егер пайдаланушы осы мақсат үшiн
ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкерлердi пайдалануды алдын
ала көздесе ұшар алдында дайындаудың ерекшелігі
      Ескерту. 3-бөлім 3-1 параграфпен толықтырылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 29.07.2013 № 577 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
       48-2. Егер пайдаланушының ұшақтарында пайдалану-бақылау және ұшу - диспетчерлiк қамтамасыз ету шараларын уәкiлеттi орган бекіткен жағдайда ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкерді пайдаланумен ұшу экипажының мүшелерін ұшар алдында дайындауды жүргізіледі.
      Бұл жағдайда ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкер және әуе кемесінің командирі ұшар алдындағы дайындықтың сапасына және ұшуға басшылық жасауға жауап береді.
      48-3. Пайдаланушының ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкері мынадай функцияларды орындайды:
      1) ұшуға дайындаған кезде әуе қозғалысына қызмет көрсететін органдармен, әуеайлақтық метеорологиялық органдармен және радиотехникалық жабдықтарды және байланысты пайдалану қызметімен байланысты қамтамасыз етеді (РТЖжәнеБПҚЕҚ);
      2) ұшып шығатын әуеайлақтың әуеайлақтық метеорологиялық органымен немесе пайдаланушының метеорологиялық қамтамасыз ету органымен (бар болған жағдайда) консультация өткізеді және алдағы ұшуға қатысты метеорологиялық ақпарат алады және ұшып шығатын, қонатын және қосалқы әуеайлақтың нақты және болжамды ауа райына, ұшу бағыттары мен іргелес аудандарының ауа райына талдау жүргізеді;
      3) ұшуларды жүзеге асыру жоспарына қатысты ақпаратты пайдаланушының тиiстi бөлiмдерiне жібереді;
      4) ұшып шығатын әуеайлақтың брифинг бойынша диспетчерiнен (аэронавигациялық ақпараттар қызметі) немесе аэронавигациялық қамтамасыз ету және ұшуларды жоспарлау бойынша қызметтерді көрсететін мамандандырылған компаниялардан ұшар алдындағы ақпарат бюллетенін, NOTAM (SNOTAM, ASHTAM) хабарламасын, ұшуға салынған тыйымдар және қойылған шектеулер туралы ақпаратты алады;
      5) ұшар алдындағы ақпарат бюллетеніне, NOTAM (SNOTAM, ASHTAM) хабарламасына талдау жасайды, қосалқы әуеайлаққа кететін уақыты асырылған бағытпен (бұдан әрі - ЕДТО) қосалқы әуеайлаққа дейін 60 минуттан асатын ұзақтықпен, турбиналық қозғалтқыштары бар ұшақтардың ұшуына арналған қосалқы әуеайлақты және қауіпсіз, үнемді бағытты және ұшу бейінін таңдайды;
      6) ұшулардың қауіпсіз орындалуы үшін отынның санын есептейді;
      7) аэронавигациялық қамтамасыз ету және ұшуларды жоспарлау бойынша қызмет көрсететiн компаниялардан негізгі және қосалқы әуеайлақтар, ұшар алдындағы бюллетень, NOTAM (SNOTAM, ASHTAM) хабарламасы, ең төмен деңгейдегі жабдықтар (MEL) тiзiмдерiн, әуе кемесінің барынша ықтимал ұшу және отырғызу салмағы туралы ақпаратты, ұшу бағыттарына арналған метеорологиялық жағдай ескерілген ұшудың жұмыс жоспарын алады және өздігінен әзірлейді және осы жоспарды әуе кемесінің командиріне қарауға бередi;
      8) аспаптар бойынша стандартты ұшып шығуға, шудың төмендеуін пайдалануда қабылдайтын бағыттық құралдарға, аэронавигациялық құрал-жабдықтарға, әуеайлақтық құралдар мен жабдықтарға, ӘҚҚК және байланыс қағидаларына, ұшар алдындағы бюллетеньге, NOTAM (SNOTAM, ASHTAM) хабарламасына, ұшу-қону жолағының жағдайына, iздестiру және құтқару құралдарына, сондай-ақ ұшуға ықпалын тигiзе алатын ақпарат пен ұйғарымға қатысты барлық соңғы ақпараттар мен деректерді дайындайды;
      9) егер ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіретін қауіпті жағдай орын алса рейсті кешіктіреді немесе болдырмайды;
      10) әуеайлақтық метеорологиялық органда (консультация қажет болса) метеорологиялық консультация берген кезде әуе кеменің командирімен бірге қатысады;
      11) алған метеорологиялық ақпаратты әуе кемесінiң командиріне бередi және қажет болатын бағыттарға, абсолюттi биiктiктерге және жол сызықтарына қатысты, сонымен қатар қандай қосалқы әуежайлар түрлi әуежайлар үшiн жарамды деп саналатынына қатысты консультациялар береді;
      12) оған бағытты таңдауда ықпалын тигiзетiн факторларға назар аудара отырып, дайындалған бағыттарға жасалған талдауды және ұшудың жұмыс жоспарын көрсетедi;
      13) әуе кемесінің командирі мақұлдаған ұшудың жұмыс жоспарын алады;
      14) әуе кемесінің командирі қол қойғаннан кейін ұшудың жұмыс жоспарына қол қояды;
      15) әуе кемесінің командирін осы Қағидалардың 8) тармақшасында көрсетілген ұшу бағыттарына қатысты барлық соңғы ақпараттармен, сонымен қатар метеорологиялық құжаттармен, ұшудың (ұшулардың) навигациялық жоспарымен және тыйым салынған және шектеу қойылған ұшулар туралы ақпараттармен уақтылы қамтамасыз етеді;
      16) әуе кемесінің командирі қол қойғаннан кейін ӘҚҚК ұшу жоспарын (флайт-жоспар) әзірлейді;
      17) ұшып шығатын әуеайлақтың брифинг бойынша диспетчеріне ӘҚҚК ұшу жоспарын (флайт-жоспар) береді;
      18) байланыс арналары арқылы әуе кемесінiң командирін ұшу барысында қажет болатын ұшу жоспарындағы кез-келген өзгерістерге, ұшқанда ұшулардың қауiпсiздiгіне қатысты ақпаратпен қамтамасыз етедi.
§ 4. Әуе кемесіндегі ұшар алдындағы дайындау
      49. Ұшуға дайындау кезінде, бортинженер немесе бортмеханик, экипаж құрамында болған жағдайда:
      1) әуе кемесін ұшып шығуға дайындайтын авиатехниктен техникалық жарамдылық және онда орындалған жұмыстар туралы ақпарат, кеме құжаттарын, борттық журналда наряд картасында жазбалары бар ресімделген техникалық құжаттаманы, әуе кемесінің кілтін алады;
      2) ҰПБ, әуе кемесінің осы үлгісін ұшар алдындағы дайындауды ұйымдастыру және технологиясы жөніндегі нұсқаулықта көзделген әуе кемесін ұшар алдындағы қарауды және тексеруді жүргізеді;
      3) борттық журналдың мазмұнымен және әуе кемесінің жеке ерекшеліктерімен танысады, техникалық қызмет көрсету туралы, ұшуда анықталған ақауларды және (немесе) істен шығуларды жою туралы жазбаларды тексереді;
      4) жанар-жағармай материалдарының (бұдан әрі – ЖЖМ) іс жүзіндегі құйылуын есептік құйылуымен салыстырады;
      5) жолаушылар салонының мүлігін және буфет жабдығын қабылдау туралы бортсеріктің баяндамасынан кейін борттық журналға әуе кемесін қабылдау туралы қол қояды;
      6) әуе кемесі командирінің келуі бойынша оған әуе кемесінің ұшуға дайындығы туралы баяндайды;
      7) тиеуді (жүкті, багажды, поштаны) тиеуді аяқтау бойынша авариялық және жүк люктерінің жабылуын тексереді, ұшуды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жүргізуге наряд картаға қол қояды;
      8) жолаушылар отырғаннан кейін қадалар, тығындар, тетік қысқыштар, жерге қосулар алып тасталғанына және бортта тұрғанына көз жеткізеді. Трапты алып тастауға команда береді немесе борттық трапты алып тастайды, фюзеляждың барлық есіктерін жабады, экипаж кабинасының есігін ішкі құлыпқа салады;
      9) әуе кемесінің командиріне ұшуға дайындық туралы баяндайды.
      50. Әуе кемесінің командирі әуе кемесіне келуі бойынша:
      1) бортинженерден (бортмеханиктен) немесе жердегі авиация персоналынан әуе кемесінің ұшуға дайындығы, құйылған отынның мөлшері, борттық журналда көрсетілген пайдалану ерекшеліктері туралы, сондай-ақ алдынғы ұшуда немесе ұшар алдындағы қарау уақытында анықталған ақаулар және оларды жою туралы баяндама қабылдайды;
      2) екінші пилоттан, аға бортсеріктен (бортсеріктен) орталықтандыру кестелерінің, тасымалдау құжаттарының бар болуы туралы, жолаушылардың, жүктің, багаждың, поштаның іс жүзіндегі саны, ұшу массасы және әуе кемесінің орталықтандыруы туралы баяндама қабылдайды;
      3) әуе кемесін қарауды жүргізеді және кабинадағы өзінің жұмыс орнын ҰПБ сәйкес дайындайды, экипаж мүшелерін әуе кемесінің жеке ерекшеліктерімен таныстырады;
      4) жалпы ұшар алдындағы дайындауды аяқтағаннан кейін және экипаж мүшелері жұмыс орындарына отырғаннан кейін старт алдындағы дайындауды экипаждың жұмыс технологиясына сәйкес жүргізеді;
      5) старт алдындағы дайындауды аяқтағаннан кейін "Қозғалтқыштарды іске қосуға рұқсат сұратылсын" командасын береді немесе қозғалтқышты (қозғалтқыштарды) іске қосуға рұқсат сұрайды.
      51. Екінші пилот:
      1) ҰРБ сәйкес әуе кемесін қарауды орындайды;
      2) тасымалдау құжаттарын және әуе кемесінің орталықтандыру кестесін алады;
      3) орталықтандыруды есептеу дұрыстығын тексереді;
      4) багаж үй-жайларын қарауды жүргізеді; жүкті іс жүзіндегі орналастыруды және оның бекітілуін тексереді;
      5) бортсеріктерге жолаушыларды әуе кемесінде орталықтандыру кестесіне сәйкес орналастыру тәртібі туралы нұсқау береді;
      6) тасымалдау құжаттарына және орталықтандыру кестесіне қол қояды;
      7) салондарды қарауды жүргізеді және өзінің жұмыс орнын дайындайды;
      8) ұшып көтерілу параметрлерін есептеуді нақтылайды;
      9) әуе кемесінің командиріне ұшуға дайындық туралы баяндайды.
      52. Штурман, экипаж құрамында болған жағдайда:
      1) әуе кемесін қарауды жүргізеді және өзінің жұмыс орнын ҰПБ сәйкес дайындайды;
      2) түзетілер кестесінің бар болуын және олардың орнатылған жабдыққа сәйкестігін тексереді;
      3) борттық журналда көрсетілген навигациялық және радиолокациялық жабдықтың ақауларын жоюды тексереді;
      4) жұмыс орнындағы жабдықты ҰПБ сәйкес тексереді және оны жұмысқа дайындайды;
      5) әуе кемесінің іс жүзіндегі массасы мен орталықтандыруының өзгеруі кезіндегі есептік деректерді нақтылайды;
      6) әуе кемесінің командиріне ұшуға дайындық туралы баяндайды;
      7) әуе кемесін қарауды жүргізеді және өзінің жұмыс орнын ҰПБ сәйкес дайындайды;
      8) әуе кемесінің радио және электр жабдығының ақауларын жоюды тексереді;
      9) жұмыс орнындағы жабдықты ҰПБ сәйкес ұшуға дайындайды;
      10) әуе кемесінің командиріне ұшуға дайындық туралы баяндайды.
      53. Бортсеріктер:
      1) жолаушылар салондардың жолаушыларды қабылдауға дайындығын тексереді, бөгде заттардың немесе қалдырылған заттардың жоқ болуына көз жеткізеді;
      2) тұрмыстық жабдықтың, оттегі аспаптарының, өрт сөндіргіштердің бар болуын және жай-күйін, дәретханаларда судың, химиялық сұйықтықтардың бар болуын тексереді;
      3) ұшақтың сөйлесу құрылғысының (бұдан әрі – ҰСҚ) - әуе кемесінің экипаж мүшелері арасындағы ішкі телефон байланысына, ұшқыштар экипажымен телефон байланысына арналған жабдықтың жұмысын, магнитофонның жұмысын тексереді;
      4) багаж-жүк бөлімшелерінің және асхана буфетінің жай-күйін тексереді;
      5) тұрмыстық ауысым мүкәммалын, борттық азық-түлікті және басқа жолаушыларға қызмет көрсету құралдарын, сондай-ақ жүкті, поштаны, багажды қабылдайды;
      6) салон мен дәретхананы құралдарымен толық жарақтайды, траптың орнатылуын тексереді;
      7) әуе кемесінің авариялық-құтқару жабдығын тексереді.
      54. Аға бортсерік (бортсерік) борттық журналға тұрмыстық және авариялық-құтқару жабдығын қабылдау туралы қол қояды, әуе кемесінің командиріне немесе бортинженерге жолаушыларды қабылдауға дайындық туралы баяндайды. Жолаушыларды отырғызуды аяқтау бойынша әуе кемесінің командиріне "Бортсеріктер бригадасы және жолаушылар ұшуға дайын" деп баяндайды. Әуе кемесінің командирінен ішкі сигнал беруді қолдану тәртібі туралы нұсқау алады.
      55. Әуе кемесінің командирі ұшар алдындағы дайындаудың толықтығы мен сапасын қамтамасыз етеді.
      56. Аралық әуежайда ұшар алдындағы дайындау кезінде экипаж бастапқы әуежай үшін әзірленген технологияны басшылыққа алады, бұл ретте мыналарды ескереді:
      1) экипаж мүшелерін медициналық бақылау жүргізілмейді;
      2) экипаж әуе кемесін сырттан қарауды ғана жүргізеді.
4. Әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын) дайындау
      57. Әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) әуе кемелерін қабылдауға, шығаруға және қызмет етуге дайындау Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы заңнамасына және ИКАО ұсынылған практикасы мен стандарттарына сәйкес жүргізіледі.
      58. Әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын), уақытша әуеайлақтарды, қону алаңын пайдаланудың барлық кезеңінде ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сертификаттық талаптарға сәйкестігі үшін жауапты әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын) пайдаланушы болып табылады.
      59. Әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) күнделікті ұшуларға дайындығын әуеайлақты пайдаланушының (азаматтық авиация мекемесінің) әуеайлақ қызметі қамтамасыз етеді. Әуеайлақ қызметінің міндеті ұшу алаңдарын әуе кемелерінің қауіпсіз және тұрақты ұшуын қамтамасыз ететіндей жағдайда тұрақты түрде ұстап тұру болып табылады.
      60. Әуеайлақ қызметі:
      1) ұшу алаңын соның ішінде радиомаяктық жүйелер аймақтарын ұшуларға мезгілді және сапалы дайындауды;
      2) әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) ұшу алаңы элементтерінің параметрлерін өлшеуді, тексеруді және жай-күйін бағалауды;
      3) ұшу алаңын, ұшып-қону жолағын, рульдеу және магистральді жолдарды, су бұрғыш, дренаждық жүйелерді, әуежайдың ішкі жолдарымен бекет маңы алаңдарын ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын ұйымдастыруды және жүргізуді;
      4) ұшу басшысының рұқсатымен ұшу алаңында жұмыстарды орындауды;
      5) ұшу алаңында өзге қызметтер жүргізетін жұмыстарды келісуді;
      6) техникалық қауіпсіздікті, өрт қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғау талаптарын орындауды,
      қамтамасыз етеді.
      61. Әуеайлақтың ұшуға дайындығын анықтайтын тұлғалар (жердегі ғимараттарды пайдалану бөлімінің бастығы, егер әуеайлақты қамтамасыз ету аталған бөлімнің міндетіне кіретін болса), аға (ауысым) инженері, әуеайлақ қызметінің шебері, немесе азаматтық авиация мекемесі бірінші басшысының бұйрығымен ұшу алаңын ұшуға дайындауға жауапты басқа тұлға:
      1) ұшу алаңына тұрақты түрде пайдалануға дайындығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін өткізуді қамтамасыз етеді;
      2) ұшу алаңын әуе кемелерінің ұшуларына дайындығын және жай-күйін тексереді;
      3) жөндеу және құрылыс жұмыстары, ұшу алаңындағы жөндеу және құрылыс туралы журналға дер кезінде жазып отырады;
      4) құрылыс және басқа да жұмыс түрлері аяқталғаннан кейін әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) әуе кемелерін қабылдауға, шығаруға дайындығын жеке өзі тексереді;
      5) жұмыс өндірісі және ұшу алаңының жай-күйі туралы әуеайлақтағы ӘҚҚК органына хабарлайды.
      62. Әуеайлақ қызметінің қызметкерлері кезекшілікке түскен кезде және кезекшілік кезінде:
      1) әуе кемелерінің ұшуларына ұшу алаңының дайындығын тексереді және бақылау жүргізеді;
      2) арнайы құралмен жабдықталған, арнайы бөлінген автокөлікті пайдалана отырып ЖҰҚЖ ұстасу коэфициенті мәндерін анықтайды;
      3) ұшу алаңының жай-күйі туралы журналға бақылау нәтижелерін белгілейді;
      4) ұшу алаңының жай-күйі туралы әуеайлақтағы ӘҚҚК органына хабарлайды.
      63. Жасанды жамылғылы әуеайлақты (тікұшақ айлағын) дайындауға:
      1) грунтпен кернеле күшейтіліп ЖҰҚЖ шеттеріне таяп орналасқан ұшу алаңының грунттық бөліктеріне жақын орналасқан жамылғылар бетінің жай-күйін тексеру;
      2) жасанды жамылғылардың тегістігін тексеру және бетіндегі жіберілуге болмайтын кемшіліктерді анықтау;
      3) жасанды жамылғыларды балшықтан, тастан және басқа да заттардан тазарту;
      4) ұшу алаңынан бөгде заттарды алып тастау;
      5) жарық беру өлшеміне және лак-бояу материалдарының көнеруіне байланысты жасанды жамылғылардың белгілерін көктем-жаз және күз-қыс маусымдарында жаңарту;
      6) жіктерді, жарықтарды бітеу;
      7) су жыралы-дренаждық құрылғылардың өткізу қабілетін қамтамасыз ету;
      8) ұшу алаңы грунттық бөлігінің тегістігі мен бірдей беріктігін, шөп қалыңдығының белгіленген биіктігі мен сапасын қамтамасыз ету,
      кіреді.
      64. Жасанды жамылғылар бетінің күнделікті тексеру нәтижелері бойынша олардың ұшуға жарамдылығы туралы баға беріледі, ол ұшу алаңының жай-күйі туралы журналында бекітіледі.
      65. Ұшу алаңының жай-күйі туралы журналға жазу ауысымға түсу кезінде, ұшу алаңы бетінің жай-күйі өзгергенде, ұшу алаңын әуе кемелерінің ұшуларына дайындау жұмыстары аяқталғаннан кейін жасалады.
5. Азаматтық авиацияның әуе кемелері ұшуларының тұрақтылығын қамтамасыз ету
§ 1. Жалпы ережелер
      66. Осы тарау Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшулардың тұрақтылығын қамтамасыз етудің негізгі қағидаттарын айқындайды.
      67. Осы тараудың талаптары тұрақты ұшуларды дайындауға, қамтамасыз етуге және жүзеге асыруға қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтық авиация субъектілеріне таралады.
      68. Технологиялық рәсімдерді әуе кемесін жөнелтуге дайындаудың, авиакомпания, әуежай және әуежайда әуе кемесін дайындауға әрекет етуші қызметтер аралығында келісілген, технологиялық кестесіне сәйкес орындау уақытылығы мен сапасын тікелей орындаушы қамтамасыз етеді.
      69. Әуе кемелерін жөнелтуге дайындауға қатысатын азаматтық авиация ұйымдарында жедел ауысымдар диспетчері (аға диспетчері) барлық өндірістік буындардың технологиялық рәсімдерді орындау жөніндегі қызметін әуе кемесін жөнелтуге дайындаудың технологиялық кестесіне сәйкес басқару жеделдігін және үйлестіруді қамтамасыз етеді.
      70. Әуе кемесінің командирі алынған тапсырмаға сәйкес экипажды дайындау уақытылығын және ұшуды орындауды қамтамасыз етеді.
      71. Әуе кемелерін жөнелтуге дайындауға қатысатын азаматтық авиация ұйымдарында қызмет (ауысым) басшысы қызметтің (ауысымның) технологиялық рәсімдерді әуе кемесін жөнелтуге дайындаудың технологиялық кестесіне сәйкес орындауын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
      72. Әуе кемелерін жөнелтуге дайындауға қатысатын азаматтық авиация ұйымдарында жедел ауысым басшысы:
      1) жөнелтуге дайындау, ұшуларды жердегі қамтамасыз ету кешенін жұмысқа дайындау кезінде барлық қызметтердің жедел ауысымдарының жұмысын ұйымдастыруды және үйлестіруді;
      2) кідірістердің алдын алу, кідірістер уақытын ең көп қысқарту, жолаушылар және әуе кемесін жөнелтуге дайындауға қатысатын әуежай, авиакомпаниялар үшін әуе кемелерін жөнелту кідірістерінің кері салдарларын азайту бойынша шаралар қабылдауды;
      3) кідірістер себептерін анықтау объективтігін, оларды ресімдеу мен есебін жүргізу дұрыстығын, ұшулардың тұрақтылығы бойынша есептілікті ұсынудың шынайылығы мен уақытылығын жедел сменада,
      қамтамасыз етеді.
      73. Авиакомпания өкілі әуе кемесін дайындаудың технологиялық кестесінде көзделген рәсімдерді орындау уақытылығын, әуе кемелерінің қозғалысы туралы табельге сәйкес ұсынылатын ақпараттың уақытылығын және шынайылығын қамтамасыз етеді.
      74. Әуе кемелерін жөнелтуге дайындауға қатысатын азаматтық авиация ұйымдарында диспетчерлік қызметтің басшысы ұшулардың тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша қызметтерді басқару жеделдігін, ұшулардың тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша қызметтердің өзара әрекеттесуін жетілдіру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу сапалылығын, кідірістер себептерін анықтау объективтігін, ұшулардың тұрақтылығы бойынша есеп жүргізу мен есептіліктің шынайылығын қамтамасыз етеді.
      75. Әуе кемелерін жөнелтуге дайындауға қатысатын әуежайлардың, авиакомпаниялардың және басқа ұйымдардың басшылары осы Қағиданың 5-тарауының орындалуын қамтамасыз етеді.
      76. Ұшулардың тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі функциялар азаматтық авиация ұйымының тиісті ережелерінде және лауазымдық нұсқаулықтарында бекітіледі.
§ 2. Ұшулардың тұрақтылығын бағалау
      77. Қазақстан Республикасында азаматтық авиацияның әуе кемелері ұшуларының тұрақтылығы рейстерді жөнелтудің тұрақтылығы бойынша бағаланады.
      78. Егер әуе кемесінің орнынан қозғалуы (әуе кемесінің турағынан) буксирленуі немесе әуе кемесінің өз қуатымен рульденуі кестеде (ұшу жоспарында) көрсетілген уақыттан кешікпей жүргізілген жағдайда рейсті жөнелту тұрақты болып есептеледі.
      79. Жөнелту кезінде рульдеуді қамтамасыз етуге уақыт бойынша белгіленген аралықтар әуе кемелерінің барлық үлгілері үшін - 15 минут.
      80. Кестеде (ұшу жоспарында) көрсетілген рейсті жөнелту уақыты жолаушыларға және азаматтық авиация ұйымдарының диспетчерлік қызметтері үшін бірыңғай болып табылады.
      81. Әуе кемелері жөнелтулерінің тұрақтылығы, тұрақты жөнелтілген рейстердің кестеде көзделген рейстердің жөнелтулерінің жалпы санына қатынасы ретінде, пайыздармен анықталады.
§ 3. Ұшулар тұрақтылығының есебін жүргізу қағидаттары
      82. Әуе кемелерін жөнелту тұрақтылығы және рейстерді орындау тұрақтылығы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен кесте бойынша орындалатын рейстер бойынша есептеледі.
      83. Кестеде көзделмеген әуе кемелері әуежайларға қонған кезде оларды осы әуежайлардан жөнелту тұрақтылығы ескерілмейді.
      84. Әуе кемелерін жөнелтуді кідірту осы Қағидаға 3-қосымшада көрсетілген Ұшулар тұрақтылығын бұзушылықтар себептерінің сыныптағышына (кодтағышына) сәйкес, әуе кемелерін жөнелтуге дайындауға қатысатын әуежайға, авиакомпанияға және басқа ұйымдарға жатады.
      85. Рейс:
      1) коммерциялық жүктелудің жоқ болуынан рейсті болдырмау;
      2) коммерциялық жүктелудің жоқ болуынан немесе минимумнен төмен метеожағдайларға байланысты әуе кемесінің аралық әуежайдан ұшып өтуі кезінде,
      жоспарланғандар санынан алып тасталады.
      86. Әуе кемесін ауыстырған кезде жөнелту тұрақтылығы кестеге (ұшулар жоспарына) сәйкес ескеріледі.
      87. Егер әуе кемесінің жөнелтуі есептегі уақыттан кешігіп жүргізілсе, бірақ маршрут бойынша қону нүктесіне әуе кемесі кестеде бекітілген уақыт бойынша келген жағдайда рейстің орындалуы тұрақты болып есептеледі.
      88. Әуе кемесін сыйымдылығы аз екі немесе бірнеше әуе кемелерімен ауыстырған кезде бірінші әуе кемесін жөнелту кестеге (ұшулар жоспарына) сәйкес ескеріледі, ал келесі әуе кемелерін жөнелту флайт жоспарлар бойынша ескеріледі.
      89. Екі әуе кемесін сыйымдылығы үлкен бір кемемен ауыстырған кезде жөнелту тұрақтылығы бірінші әуе кемесін жөнелту кестесіне сәйкес ескеріледі, екіншісін жөнелту коммерциялық жүктелудің жоқ болуынан жоспардан алып тасталады.
      90. Әуе кемесінің ұшып шығуын келесі тәулікке ауыстырған кезде оны жөнелту тұрақтылығы әуе кемесін кесте (ұшулар жоспары) бойынша бастапқы жөнелту көзделген тәуліктегі кестеге (ұшулар жоспарына) сәйкес ескеріледі. Оны кідіртудің ұзақтығы бірінші көзделген жөнелту мерзімінде дейінгі кестеде (ұшулар жоспарында) көрсетілген уақыттан келесі тәулікте ескеріледі және іс жүзіндегі жөнелту уақыты бойынша нақтыланады.
      91. Әуе кемесін жөнелтуді әрбір кідірту бойынша осы Қағидаға 4-қосымшада көрсетілген, ұшулар тұрақтылығын бұзушылықтар себебін анықтаған кезде негізгі құжат болып табылатын әуе кемесін жөнелту кідірісіне акті жасалады.
      92. Олардың кінәсі бойынша рейсті жөнелту кідірісі болған жағдайда, әуежай, авиакомпания, және әуежайдағы басқа да қызметтер өкілдерімен кідірістер актілері визаландырылады.
      93. Әуежайда авиакомпания өкілі болмаған жағдайда, авиакомпаниялардың кінәсі бойынша кідірістер актілеріне экипаж мүшесі виза қояды, актінің көшірмесі талап бойынша авиакомпанияға беріледі.
      94. Ауарайы жағдайлары бойынша кідіріс актілеріне нақты себептерді көрсете отырып жасалады. Метеожағдайлар бойынша жаппай кідірістер кезінде барлық кідірістерге бір актіні жасауға рұқсат беріледі.
      95. Әуе кемесінің кеш келуінен кідірістерге актілер жасалмайды, кідірістер журналда ескеріледі. Әуе кемесінің кеш келуінің себептері ұшып шығу туралы алынған хабарлар немесе экипаждың баяндамасы бойынша анықталады. Әуе кемесінің кестеде (ұшулар жоспарына) белгіленген уақыттан кеш келуі кеш келу деп есептеледі.
      96. Әуе кемелерін жөнелтулерді кідірту актілерін әуежайдың диспетчерлік қызметі, азаматтық авиация кәсіпорнының немесе ұйымының өндірістік-диспетчерлік қызметі - ӨДҚ, немесе әуеайлақтық-диспетчерлік қызметі - ӘДҚ осындай оқиға болғаннан кейін жасайды.
      Әуежай қызметінің (ауысымының) басшысы тартылған қызметтер мен ұйымдардың өкілдерімен бірге кідіріс себептерін тексеруді ұйымдастырады және жүргізеді.
      97. Әуе кемелерін жөнелтулерді кідірту актілері 2 данада жасалады, оларға қатысатын тараптардың өкілдері виза қоюлары тиіс. Кідіріс актісі қуыным ұсыну үшін құжаттық негіз болып табылады.
      98. Кідірістер себептері және кінәлі тарап осы Қағидаға 3-қосымшада көрсетілген ұшулар тұрақтылығын бұзушылықтар себептерінің сыныптағышына (кодтағышына) сәйкес айқындалады.
      99. Егер жөнелтуді кідірту бірнеше себеп бойынша болса, онда актіде кідірістің әрбір себебі бойынша іс жүзіндегі уақыт көрсетіледі.
      100. Әуе кемелерін жөнелтулерді кідіртудің есебін жүргізу тәуліктік ұшулар жоспарына, ұшулар тұрақтылығын бұзушылықтардың күнделікті есеп журналында немесе электрондық түрде жүргізіледі.
§ 4. Ұшулардың тұрақтылығы бойынша есептер жасау
      101. Ұшулардың тұрақтылығы бойынша есептілікті жүргізу:
      1) авиакомпанияларда ұшулардың қамтамасыз ету қызметіне немесе авиакомпанияның өз шешімі бойынша басқа қызметке;
      2) әуежайларда әуежайдың өндірістік диспетчерлік қызметіне жүктеледі.
      Есептілік талдау түрінде ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдыққа және жылына осы Қағидаға 5-қосымшада көрсетілген үлгі бойынша жүргізіледі.
      102. Ұшулардың тұрақтылығы бойынша ресми есептілік құжаттар:
      авиакомпанияның (Қазақстан Республикасында тіркелген) кестені орындау туралы есебі және оған түсіндірме жазба;
      Қазақстан Республикасы әуежайының әуе кемесінің тиесілігіне тәуелсіз жөнелтулердің тұрақтылығы туралы есебі,
      есептер нысандары болып табылады.
      103. Есептердің негізінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының авиакомпаниялары және әуежайлары бойынша ұшулар тұрақтылығының жай-күйіне жылдық талдау жасайды.
§ 5. Ұшулардың тұрақтылығы бойынша құжаттама
      104. Азаматтық авиация ұйымдарында және кәсіпорындарында (авиакомпанияларда, әуежайларда, жердегі қызмет көрсету ұйымында) ұшулардың тұрақтылығы бойынша келесі құжаттар жүргізіледі:
      1) тәуліктік ұшулар жоспары;
      2) рейсті жөнелтуді кідірту актісі.
      105. Тәуліктік ұшулар жоспарының нысандарын және жүргізу (толтыру) тәртібін азаматтық авиация ұйымдары ішкі регламенттерді және нормативтерді ескеріп, автоматталған деректерді өңдеу жүйелерінің техникалық мүмкіндіктерін негізге ала отырып, өздігінен әзірлейді.
Азаматтық және эксперименттік  
авиация үшін ұшуға дайындау   
қағидаларына           
1-қосымша             
жүктеу 1,15 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау